Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Патшалык Ресей Казакстанды жаулап алуынын басталуы.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Ұлы жүз қазақтарының қоқандықтарға қарсы Қаратай, Арынғазы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай күрделі болды. Мұнда Орта Азиялық үш мемлекет - Хиуа, Бұқара және Қоқанның мүлделері қақтағысқа түсті. XIX ғасырдың басына қарай күшейген Қоқан хандығы, енді Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды көздейді. Оның негізгі себебі: өзінің қазынасын толықтыру, мал шаруашылағын дамыту, сонымен қатар, Ресей мен Қытайды байланыстыратын Орта Азиядағы керуен жолдарына бақылау орнату және мұсылман халықтары тұратын территорияны иелену еді.

1810 жылы Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған уақыттан бастап 1865 жылы Ресей империясының қол астына әткенге дейін қоқандықтар Ұлы жүз территориясында әкімшілік қадағалау жүргізіп Ақмешіт, Жаңа-Қорған, Күміс-Қорған, Шым-Қорған, Шолақ, Созақ және т.б. бекіністерді салды. Бұл кезеңде Хиуа мен Бұхара Қоқанға қарағанда әлсіздеу болды да онымен тайталасқа түсе алмады.

Қоқан хандығының қол астына Ұлы жүздің Көп рулары: Бестамғалы (35 мың үй), Сыйқым (5 мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жаныс (7 мың үй) қарады.

Жоғарғы әкімшілік билік Ташкент әкімінде (наместник) болды. Оның екі көмекшісі: 1). Сарқар (мырзабасшы) салық жинаумен және азаматтық істермен, 2). батыр басшы (әскери басшы) әскери іс және көшпенділер мәселесімен айналысты. Билерге артықшылықтар беріліп салықтан босатылды, олардың кейбіреулері «датқа» лауазымын алды. Бұқара халыктың негізгі бөлігі «зекет» салығын (шариғат бойынша мүліктің 1/4 бөлігі) тәлеп тұрды. Қоқан бекіністерінің тәңірегінде тұратын қазақтар бекіністердің жәндеу және кеңейту жұмыстарына тартылып, әскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуі қажет болды. Сонымен қатар, қазақтар әскери міндеткерліктер атқарып, олар қарсылық көрсеткендерді тыныштандыру жорықтарына да қатыстырылып отырды.

Қоқандықтардың қазақтарға түрлі салықтар салуы қарапайым адамдарға үлкен ауыртпалық түсіріп, ішкі әлеуметтік қайшылықтарды тереңдетіп, халық ішінде кедейлердің көбеюіне әкеліп соқты.

Қоқандықтар билік жүргізген тұстағы ауыр жағдайлар елдің есінде қатты сақталып қалды. Ол туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақтардың арасында «өзірейіл барда жаным бар деме, қоқандақтар барда малым бар деме» - деген мөтел пайда болды»,- деп көрсетеді. Қазақ халқы қоқан билігіне қарсы наразылықтар көрсетіп отырды. 1810 ж. Ташкент әңірінде тұратан қазақтар салық төлеуден бас тартты. Қоқан ханы Әлімбек қарсылық көрсеткендерді тыныштандыруға және Сайрам, Ташкент, Түркістанды бағындыру үшін 12 мың әскер жіберді. Қоқандықтардың қолына түскен тәңіректегі қазақтар тонаушылыққа ұшырады. Қоқандықтар Түркістанды басып алуы кезінде оның билеушісі Тоқай Төре Бұхараға қашуға мәжбүр болды. Бұхараның өмірі Тоқай Төреге Бұхарадағы соғысқа жарайтын қазақтардан жасақ жинап алуға рұқсат берді. Жасақ жинап жарақтанған Тоқай Төре алдымен Соаққа бекініп, одан кейін Түркістанды қоршауға алды. Оған қарсы қоқандықтар Ташкенттен 300 жауынгермен Базар бахадүрді аттандырды. Олар жолда Тоқай Төреге көмек көрсеткен 1000 отбасынан тұратын қазақ ауылына шабуыл жасап, ауылды тонап, Көп пайда түсіріп, адамдарын тұтқындап алып кетті. Түнде Тоқай Төре Созақты тастап қашуға мәжбүр болды. Одан кейін қазақтардың қарсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай Төре уақытша Бұхараны паналады, ал кейін ол Бұхара өмірінің балалары билікке таласқан тұста әлтірілді.

1821 ж. Тентек Төренің бастауымен қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтеріліс болды. Кетерілісшілердің саны 12 000 дейін жетті. Олар Сайрам, Шымкент, Әулие-Ата қалаларын алып, бірнеше бекіністі қоршады. Көтеріліске Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулие-Ата тәңірегін мекендеген қазақтар қатысты. Көтерілісшілерге қарсы Абұл-Қалым-Аталық басқарған әскер жіберілді. Тентек Төре әскерін екіге бөлді. Бір бөлігі Тентек Төренің басшылығымен Сайрамда, ал екіншісі Шымкентте бекінді. Ұзаққа созылған қоршаудан кейін көтерілісшілер қаруын тастауға мәжбүр болды. Тентек Төре жеңілісті мойындап, қоқандықтарға «баж» немесе «жол» салығын, «зекет» төлеуге және Қоқанға баласын сыйлықтармен жіберуге келісім берді.

Ұлы жүз қазақтарының 1810-1820 жылдардағы қоқандықтарға қарсы күресте жеңілуінің негізгі себептері: қоқандықтардың әскери басымдығы, көтерілісшілердің арасында ауызбірліктің болмауы, Бұхара өмірінің көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетекшілерінің беделінің төмен болуында еді. Дегенмен де, бұл ұлы жүз қазақтарының өз еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында қоқан үстемдігіне қарсы шыққан ұлт-азаттық күресі болатын.

1822-1842 жж. Қоқан хандығының тағына Омар ханның кіші баласы Мадалы хан (Мұхамед Әли) отырды, оның тұсында жекеленген облыстар мен Ташкенті өз алдына билеген Күшбегілердің ролі күшейді.

Ұлы жүздің басып алынған территориясының бір бөлігі және Сырдария бойындағы қазақтар Ташкенттегі қазақтар Ташкент Күшбегіне жылына 20 мың алтын ақша телеп тұруға міндетті болды. Салық төлеушілерді қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Одан кейінгі жылдары қоқан билеушілерінің өзара қырқыстары Ұлы жүз қазақтарының одан әрі зардап шегіп, кедейлене түсуіне әкеліп соқты. Құдияр хан (1845-1875 ж.ж) тұсында қазақтар ғана емес, Қоқан хандыңының жергілікті диқандары да қанауға түсті.

1797 жылғы Есім ханның әлімінен кейін Кіші жүздің бір сұлтанының Қаратай сұлтанды хан сайлау жәніңдегі ұсынысына қарамастан және оның ел арасындағы беделінен сескенген патша әкімшілігі Айшуақты хан тағына отырғызады. Бұл шешімге келіспеген Қаратай халық арасыңда ханды сайлау туралы үгіт жүргізе бастайды. 1805 жылы ЖанТөрені хан сайлағанға дейін патша әкімшілігімен бейбіт қатынас ұстады.

1806 жылы Қобда өзенінің жағасында болған сьезд Ресей әкімшілігінің шешіміне қарамастан Қаратай сұлтанды хан сайлайды. Осылайша Қаратайдың ЖанТөреге қарсы күресі біртіндеп Ресей үкіметіне қарай бағытталады. Күрес барысында Қаратай транзиттік сауда жолдарының бөрін өзіне қаратып Ресейдің Орта Азиямен саудасын шектейді. Герценберг пен Бородиннің жазалау экспедициясына қарамастан Қаратайдың жанына топтасқаң Кіші жүз жасақтары Төменгі Орал шептеріне жорықтар жасайды. Қаратай 1809 жылы ЖанТөре ханды әлтіргеннен кейін 1812 жылға дейін Хиуада жасырынуға мәжбүр болады.

ЖанТөренің әлімінен кейін Ресей Айшуақтың ұлы Шерғазыны хандыққа бекітеді. Ресей әкімшілігінің оңдай шешіміне риза болмаған Қаратай өзінің қарулы қарсылығын 1816 жылы Орданың Батыс бөлігіне басқарушы-сұлтан болып тағайындалғанға дейін жалғастырады. Транзиттік сауда мәселесі алаңдатқан Ресей Қаратаймен осыңдай келісімге барған еді.

1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді. 1815 жылы Арынғазының әкесі Әбілғазы хан алғанда ол 30 жасқа толады. Оған дейін Кіші жүздің иеліктерінде қайраткерлік танытқан Арынғазы ел арасында біршама бедел жинаған болатын. 1816 жылы ел ішінде тәртіп орнату мақсатында старшыңдардың билігін шектеп, сұлтандардың өз білгендіктерін істеуін тоқтатқан еді. Сондай-ақ, ол билер соты мен молдалардың да әкілеттілігін шектеді. Арынғазының ел арасында беделінің әсуіне байланысты старшындардың Көпшілігі оны Кіші жүзге хандыққа бекітуді сұрап патша әкімшілігіне әтініш білдіреді. Арынғазы болса, хиуалықтардың үстемдігін біржола жойып, сонымен қатар бір хандық құруды жоспарлайды. Бір хандық қана құру Ресейдің келісімінсіз мүмкін емес-ті. Сондықтан, сейрек жақандасуды ойлаған Арынғазы Орынбор генерал- губернаторы Эссен мен Шеқаралық комиссия тәрағасы А. Веселийцкидің қолдауына сүйене отырып, патшадан қолдау көресетуді сұрау үшін 1821 жылы санк – Петербургке аттанады. Бірақ оның үміті ақталмайды. Бұхар мен Хиуа хандықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырамыз деген желеумен патша әкімшілігі оны шақырып тұтқындап, Қалугаға жер аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс болады. Осылайша қазақ халқының ірі мемлекет қайраткерінің өмірі де, қызметі де тоқтатылған еді.

ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары патшалық Ресейге қарсы Саржан Қасымұлы мен Жоламан Тленшіұлы бастаған көтерілістер болды.

ХІХ ғасырдың 20 жылдары патшалық Ресей жаңа бекіністер салу үшін қазақтарды тағы да өз жерлерерінен ығыстыра бастады. Кіші жүздің табын руы мекендеген суы мол, жайылымдық жері кең Жаңа – Елек ауданын орыс шенеуніктері тартып алды. Оған қарсы Жоламан Тіленшіұлы Табын руын бастап көтеріліске шықты.

Жаңа – Елек шебі 29 бекіністен тұрады. Орал, Елек, Берденкі және Құрат өзенінің бойындағы аудандардың ең жақсы деген 7 мың десятина жеріне Ресей үкіметі Орынбор және Орал орыс – қазақтары мен шаруаларын орналастыра бастады. Жоламан батыр алғашында жер мәселесін бейбіт түрде шешуге тырысты. Ол Орбордың әскери губарнаторы Эссенге 1822 жылы 6 тамызда және 1823 жылы 3 қыркүйекте хат жазып, онда 1810 жылға дейін қазақтар бұл жерлерді ешқандай кедергісіз еркін пайдаланғанын, Ресей Елек өзенінің бойын алғаннан кейін форпостар салып және Кіші жүз қазақтарына бұл жерлерді пайдалануға тйым салғаннан соң жағдайдың қиындай түскендігін ескертеді. Сонымен қатар губернатордан әскери бекіністерді алып тастауын, «Санк - Петербурттегі біздің елшілерді қайтарып, Сібірге жер аударылып Орынбор түрмесінде жатқан қазақ Түленбай Құндықовты өз тұтқынында жатқан есуал Падуровқа айырбастап босатуды талап етеді. Бұл хаттар жауапсыз қалды, ал Орынбор Шеқаралық комиссиясы Жоламанға келесі келісімдерді Шерғазы хан арқылы жүргізуі керектігін айтады. Бұл жағдай Жоламан Тіленшіұлын қанағаттандырмады, сондықтан ол қарулы көтеріліске шықты. Келісіндерді Шерғазы хан арқылы жүргізуі керектігін айтады. Бұл жағдай Жоламан тіленшіұлын қанағаттандырмады, совдықган ол қарулы көтеріліске шықты. Жоламанның отряды шеқара заставаларына, аға сұлтандардың қыстаулары мен әскери бекіністерге шабуылдар жасады. Жазалаушы отрядтардың батыр мен оның жауынгерлерінің соңына түсуі сәтсіз болды. Жоламан батырға патша әкімшілігінің қолдауына сүйеніп жазалаушы отрядтың барлық операцияларына бірге қатысып, белсенділік көрсеткен Шерғазы ханның жасағына да қарсы күрес жүргізуіне тура келді.

1835 ж. Жаңа-Елек шебінің Ор және Троицк аралығындағы барлық жерлерінен айрылған Жағалбайлы, Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ руларының қазақтары қатысқан тұста көтеріліс кең қанат жайды. Өз жерлерінен айрылған қазақтар шеқаралық аймақтарда көшіп-қонуына тура келді және ол үшін салық төлеуге мәжбүр болды. Қазақтардың қарсылықтары аға сұлтандардың ауылдарына, керуен жолдарына, бекіністерге жиі шабуылдар түрінде көрініс тапты.

1838 ж. ортасында Елек қалашығынан Ор және Троицк бекінісіне дейінгі шеқаралық шеп маңында көшіп-қонып жүрген қазақтар көтеріліске тартылып, Көпшілігі Торғай мен Ырғыз өзендерінің бойындағы аудандарға көше бастады. Көтерілісті басуға және көшіп кеткендерді қайтаруға патша үкіметі Ордан полковник Мансуровтың, Орынбордан полковник Падуров, Елек жақтан полковник Гекке басқарған үш отряд жіберді. Бірақ бұл үш отрядтың да әрекеті сәттіз аяқталды.

Жоламан батыр Орал қазақ әскерінің генерал-майоры Бородинге: «Мен сұраған жерлерді қайтарып берсендер дос боламыз, егер берілмесе жау боламыз»,- деп хат жазды. Осылайша, Жоламан батыр XIX ғасырдың 20-30 жылдары патша үкіметі тартып алған Кіші жүз қазақтарының жерлерін қайтаруға бағытталған қарсы көтеріліске жетекшілік жасады және Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс шыққан тұста Кіші жүз қазақтарын Кенесарыға қосылып өз тәуелсіздігі мен еркіндігі жолында күреске шығуға шақырды.

1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» енуі, одан кейін ол заңды түсіндіру үшін жүргізілген үгіт, 1824 ж. Қарқаралы уезіне полковник Броневскийдің экспедициясының келуі - сұлтан Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістің шығуына түрткі болды. 1824 ж. 8 ақпанда сұлтандар мен билердің белсенді қатысуымен бірінші Қарқаралы приқазы, одан соң Көкшетау приқазы құрылды. 1824-1836 жылдары Қарқаралы және Көкшетау уездерінің көтеріліске шыққан елін Кенесары Қасымұлының ағасы Саржан сұлтан басқарды. Саржан Қасымұлы приқаздарды жоюды, қазақ жерлерінен әкетуді, қазақтарға бұрынғы еркіндігін қайтаруды талап етті. Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты - патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару, Қазақ хандығын қайта жаңғыртуға ұмтылыс болды. 1825-1826 оған Қаракесек, Жағалбайлы, Шора болыстарының Қожан, Тал, Айдабол, Байдәулет руларының қазақтары қосылды.

1826 ж. тамызда Саржан Қасымұлы өз отрядымен Қарқаралы приқазына жорық жасады. Бірақ жүзбасы Қарбышевтің басқаруымен дер кезінде келген отряд приқаздың талқандалуына жол бермеді. Нашар қаруланған көтерілісшілердің шегінуіне тура келді. Саржан Қасымұлының біраз әріптестері қолға түсті.

1832 жылдың басында ол Ресейге сенімді қызмет етіп отырған Қарқаралы уезіндегі билердің ауылына бауырлары Есенгелді және Ержанмен бірге шабуыл жасады. Саржаңды ұстауға жүзбасы Потаниннің отряды жіберілді. Сұлу-Көл сайының маңында шайқас болып, Потаниннің отрядының шыдамаған Саржанның отряды шегінді. Бұл Саржанды осы 1832 ж. патша үкіметіне қарсы бірге үшін Ташкент күшбегіне одақ құруға итермеледі. Батыс - Сібір генерал-губернаторы Вельяминов бірнеше отряд жіберіп бұл қарсылықты басып тастады. Бірақ Саржан күресті тоқтатпады. 1833 ж. шағын отрядымен Ресей билігіне қарасты билер мен сұлтандардың ауылдарына, сауда керуендеріне, бекеттерге шабуыл жасап тұрды. Ұлы жүз қазақтарының күштерін және Сырдария бойындағы, Ташкент күшбегіне бағынышты қазақтарды өз жағына тартып Ресейге қарсы күреске біріктіруге тырысты. 1836 ж. Ташкент күшібегі бұл туралы біліп қойып өзімен келіссөз жүргізуге келі Саржан, Есенгелді, Ержан Қасымұлдарын және 20 сарбазымен қоса әлтірді. Ресей патшалығының Саржан Қасымұлының әлімінен кейін даладағы толқулар басыла үміті ақталмады.

1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған жүздерінің басым Көпшілігі қатысқан ұлт-азаттық күресі болды.