Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Патшалык Ресей Казакстанды жаулап алуынын басталуы.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Қазақстан кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасу тұсында (1920-1939 жж.)

  • Қазақстандағы «Жаңа экономикалық саясат».

  • Қазақстандағы индустрияландыру саясаты және оның қайшылықтары.

  • Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

  • Қоғамдық-саяси өмір.

1. Қазақстандағы «Жаңа экономикалық саясат»

1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады, Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды.

Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.

Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920-1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.

Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі «Сібірдегі артық астықты алу туралы» декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай 1921 жылдың тамыз айларына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РСФСР көлемінде 423 млн. пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді. Тапсырманың 26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық алынды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық жәңе тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы, Мад шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды. Бұған қоса ет салығы, тағы басқа да «төтенше» салықтар қосылды. Осы «төтенше» салықтардың қолайсыздығы туралы кеңестердің бірінші Семей губерниялық съезінде уез халқының атынан сөз сөйлеген Ә.Бөкейханов салғырт мөлшері өте жоғары екендігін айта келе: «Біз қырғыздар, алдағы уақытта бізге дұрыс қарауларыңызды өтінеміз, бізге осы жылы болғандай бізде болмайтын нәрселерді, тауық жұмыртқа, сабын секілді заттарды тапсыруды жүктемесеңіздер екен» - деп өтініш жасады.

Азық-түлік саясаты әскери-революциялық әдістерді қолдану арқылы күштеп жүргізілді. Мысалы: Павлодар азық-түлік басқармасы (упродком) 1920 жылы желтоқсан айынан 1921 жылдың ақпан айы аралығында әскери трибуналдың көмегімен шамамен 160 дейін тұтқындау мен 70-80 тәркілеуді іске асырған. ҚАКСР ХКК-нің ұйымдастырушылық-инструкторлық бөлімінің баяндамасында (1920 ж. 1 желтоқсаннан 1921 ж. 1 наурызға дейінгі аралықта); «Павлодар шаруалары қарсылық көрсетті, сондықтан упродком оларға қарсы ең қатаң жазалау шараларын қолдануды ұсынады, яғни тұтқындаудан тәркілеуге дейінгі шаралар күшімен ғана азық-түлік салғыртының 40%-ін орындауды ұйғарды» деп көрсетілген. Сол кездегі ақпарға қарағанда, Бөкей губерниясы да азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия бөлімдері мен азық-түлік отрядтары тарапынан ойранға ұшыраған.

1921 жылы өлкедегі астықтың жалпы түсімі соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 3 есеге төмендеді. Түркістан республикасына қарайтын оңтүстік аудандарда азық-түлік жағдайы мүлде қиындады. Түркістанға Сібірден, Солтүстік Кавказдан, Ресейден тасылатын астық соғыс жылдарындағы ауыр жағдай мен темір жол транспортының жүйесіз жұмысы кесірінен мүлдем доғарылды. Өлкенің өз ішінде астық даярлау ісін тәртіпке келтіру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесіз аяқталды.

Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында — 100 мың адам, Оралда — 400 мың, Семей губерниясында — 500 мың, Орынборда - 445, Ақтөбеде — 360 мың адам ашықты. Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық аштан қырыла бастады. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тура келді. «Әулиеатада шіри бастаған өліктерді жинап алуға мүрша жок,»- делінген Түріқатком атына жолданған жеделхатғардың (телеграмма) бірінде. Ал енді ҚАКСР-ң әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариатының берген мәліметінде (1921 ж. мамыр): «Ақмола уезінің шаруашылығы толық күйреуде. Қазақ халқы тек ашығып қана жатқан жоқ, шетінен қырылып жатыр және кейінгі уақытта Қытай территориясына мүлде қоныс аударуда, енді олардың қайтып келулері екіталай», — делінген. 1920 ж. 20 сәуірде Ақмола упродкомының атына мынадай мазмұнда хат келген: «Шу мен Ақтау болыстары қырғыздарының жағдайы өте нашар, қыста тақыршылық салдарынан мал қырылды. 300—500 малы болған шаруалардың қолында тек 100 басқа дейін ғана малы қалды. Қырғыз халқы көмекке мұқтаж. Халықтың бір бөлігі сүзек пен аштықтан қырылып қалды. Қазақтар 165 мыңнан 100 мыңға дейін кеміді». Осы секілді мәліметтер басқа жерлерден де келіп жатты. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.

Қазақ қоғамын жайлаған аштықты Орталық Кеңес үкіметі мойындамады. Республиканың кейбір басшылары мен орыс жұртшылығы негізінен өлкенің көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл аштықты «кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған зобалаң» ретінде бағалады. Қазақтардың қырғынға ұшырауын қуаттаған кейбір жергілікті басшылар жағдайды тіптен шиеленістіріп жіберді. Мысалы, Түркістан Орталық Атқару комитетінің мәжілісінде осы мәселелерге өзінің көзқарасын айтқан партия басшыларының бірі, өзін «Түркістандық Ленин» атандырған Н.Тоболин: «... қырғыздыр экономикалық жағынан әлжуаз, марксистердің көзқарасы бойынша бәрібір қырылуы ықтимал. Сондықтан да төңкеріс үшін (қажетті) қаржыны аштықпен күреске шығындағаннан гөрі... майдандарды қолдауға жұмсаған маңызды», — деп мәлімдеген болатын.

Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етеді. Түріқатқару комитеті Т. Рысқұловтың талап-тілектеріне тоқтап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күрес ісін тікелей басқару мақсатында ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады, оның төрағасы болып Т.Рысқұлов тағайындалады. Бұл ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне ұшырайды. Осыған байланысты Т.Рысқұлов: «Қазір ашаршылыққа жаны ауырмайтындар мен аштықтың ауыртпалығы иығына түспегендердің бәрі ашыққандарға көмек көрсететін орган құрдық деп ойлайды, бұл органның ашаршылық әбден шегіне жеткен кезде құрылғанын біреуі айтпайды. Сіздерге айтарым: аштарға адамдардың қалдығы деп қарамаңыздар, тек сонда ғана ашаршылыққа қарсы тұра аламыз» - деген еді. Т.Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін «дені дұрыс құбылыс емес» дейді. Үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті толып жатқан «экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз» дейді. Өткір пікір таластардан кейін, яғни Т. Рысқұловтың аса зор еңбегінің арқасында Түріқатқару комитеті мен ХКК-і бұл Орталық комиссия қорына құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылып, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады. Т.Рысқұловтың орасан зор көңіл бөлген мәселесі — жас ұрпақты аштықтан аман алып қалу болды. Оның тікелей басшылығымен республиканың ашыққан, ауруға шалдыққан, қорғансыз жетім балалары үшін мемлекеттің арнайы қамқорлығында болатын балалар үйлерін ұйымдастыру туралы уақытша ереже даярланады. Бұл жұмысқа Орталық комиссияның барлық уездік және қалалық бөлімшелері тартылып, әрбір ірі елді мекендерде, қоғамдық тамақтандыру орындарында аш және ауру балалар үшін баспаналар босатып беріледі. Барлық мүмкін болған дәрігерлік көмек пен азык-түліктің құнарлы бөлігі ең алдымен балалар үйіне жеткізіліп отырады.

Т.Рысқұловтың талап етуімен Жер шаруашылығы халық комиссариаты аштарды жұмысқа орналастыру туралы ұсыныс білдіреді. Ескі жер суландыру жүйелерін жөндеуден өткізу және жаңадан салу жұмыстарына 3 ай бойы 137 520 адамды тарту көзделеді. Оларға осы уақыт аралығында 78187 пұт үн, 6951 пүт күріш, 13913 пұт ет бөлінеді. Атқарылар жұмыс көлемі 15 812 000 сом мөлшерінде белгіленеді.

Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.

Қазақ орталық атқару комитеті (ҚОАК) аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылды. Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды. Мұндай комиссиялар губерния және уез деңгейінде де құрылды. Батыс Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, ҚазАКСР ОАК-і ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, қартоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты. Семей губерниялық съезінің (6-12 тамыз 1921 ж.) Шешімі бойынша губернияаралық көмек мөлшері 100 қойдан біреу, 101-200 аралығында — екеу, 300-ден артық болса - алты Қой болып белгіленді. Сонымен қатар ҚОАК-ті аштық мәселесін Орталық үкімет алдына қою үшін өзінің өкілі етіп

Киселевті Мәскеуге жібереді. Ол осы тапсырманың орындалуы жөнінде 1921 жылы 23 тамызда ҚОАК-нің отырысында баяндама жасайды. Киселевтың айтуы бойынша Орталық үкімет 25 адамнан тұратын комиссия құрған, бірақ ол аштық туралы оның дәлелдерін қабылдамаған. Өлке халқының мұндай нәубетті бұрын-соңды басынан көшпегендігі Орталық үкіметті ойландырмады да. Мұндай жағдай Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған саясатқа еш күмән келтірмей, оны толық дұрыс деп есептегендігінің айғағы еді.

Өлкенің аштыққа ұшыраған аудандарына Халықаралық ұйым - Америқандық көмек ұйымы (АРА) тарапынан көмек көрсетілді. Халықаралық бұл ұйым Батыс Қазақстанда көпшілікке арнап тамақ ішетін асханалар және тамақ тарату пункттерін ашып, көптеген балаларды аштық өлімінен аман алып қалды.

Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары шаруалардың кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына әкелді. Көктем -жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Большевиктерсіз Кеңестер үшін!», «Ерікті саудаға жол берілсін», - деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге ұласты. Әскери бөлімдерде де толқулар басталды. 1920 жылы маусым айында Өскемен уезіндегі 530-шы жаяу әскер полкінде көтеріліс бұрқ етті. Осы айдың аяғында Павлодар мен Семейдің халқы көтеріліске шықты, оны есауыл Шишкин басқарды. Көтерілісшілер ірі станциялар — Лебяжье, Яшымевск т.б. басып алды. Шілде айында көтерілісшілер қатары 16 мын адамға жетті. 1920 ж. жазында Қостанай, Петропавл уездерінде және Батыс Қазақстанда азамат соғысында 22-ші дивизия командирі болған А.Сапожковтың басшылық етуімен ашық түрдегі көтерілістер кең қанат жайды.

1921 жылы қаңтарда Есіл мен Петропавлда, ақпанда Көкшетау уезіндегі Белогорск болысында, Атбасар мен Ақмола уездерінде көтерілістер болды. Шығыс Қазақстанда С.Тоқарев бастаған шаруалар мен қазақтар көтеріліс Қазақстанда 1921 жылдың аяғына дейін табанды күрес жүргізді.

1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі болған Кронштатта матростар көтеріліске шықты Олар билік партияға емес, халыққа берілсін деген ұран тастады. Бұл негізінен партияның жүргізіп отырған саясатына қарсы шығу еді. Кроиштаттықтар негізінен Ресей селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген, шаруалар еді. Олар дзамат соғысының аяқталуына байланысты армияны таратуды, шаруаларға жер мен онда өндірілген өнімді пайдалануга бостандық беруді, ақаіаның тұрактылығын қамтамасыз етуді және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап етті. Бірақ көтерілісшілердің бұл талаптары партия басшылығы тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады.

Бұл көтерілістердің бәрі ұйымдасуы және қару-жарақпен қамтамасыз етілуі өте төменгі дәрежеде болғандықтан Қызьм Армия әскерлерімен талқандалды. Қазақстлндағы көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, олардың 932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бәрін «контрреволюциялық баскөтерулер» деп бағалады.

Алайда большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясатының мүлде жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді. Бұл жөнінде алғаш рет Троцкий 1920 жылы ақпанда БК(б)П Орталық Комитеті саяси бюросының алдында мәселе көтерді. Ол азық-түлік салғыртын азық-түліктің белгіленген мөлшеріне ғана негізделген салықпен алмастыру керсктігін айтты. Бұл ұсыныстың негізгі арқауы ақылға қонымды экономикалық қатынасқа, яғни нарықтық қатынасқа өту идеясы еді. Бірақ бұл ұсынысқа В.И.Ленин меи саяси бюроның үш мүшесі қарсы шықты. Ұсынылған идея Большевиктік принциптерге қарама-қайшы деп айыпталып, Ұсақ буржуазиялық капитализмге қайта оралу көзқарасы Ретінде әшкереленді. Троцкийдің ұсынысынан кейін бір жылдан соң, 1921 ж. ақпанда партияның ішінде елдегі экономикалық саясат жөніндегі пікірталас қайта өрбіді.

Партияның X съезі (8 наурыз, 1921ж.) көтерілісшілерді айыптады. Ленин съезд ашылған күні сөйлеген сөзінде сауда бостандығының елде Кронштадттағыдай ақгвардияшылыққа, Капитализмнің жеңісіне, яғни оның толық қайта қалпына келуіне әкелетінін атап көрсетті.

Алайда съезд жұмысының барысында большевиктер Өз көзқарастарын өзгертуге мәжбүр болды. Егерде съезд басталған кезде олар сауда бостандығына қарсы болса, съеэдің соңына қарай сауда бостандығын және капитализм бостандығын пролетариаттың саяси билігіне балта шаппайтындай белгілі бір мөлшерде беруге болады деп шешті.

Сөйтіп, съезд шаруашылық мүлдені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни соғыс коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Бұл саясаттың негізгі талаптарына 20 наурыз күнгі съезд отырысында өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, келесі күні БОАК Саяси бюросының редақыиясымен ресми түрде декрет болып қабылданды.

Партияның X съезінде қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?

Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкты қалдырып, жеке қапиталды өндіріске ендіруге рұхсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларына жалға беріледі (концессия, аренда). Сауда бостандығы жүзеге асырылады, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұхсат беріледі. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналуға тиіс болды. Сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы керек болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат беріледі. Еңбекке деген міндеткерлік пен еңбек армиялары жойылады. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болады. Елдегі ақша жүйесін нығайту қажет болды. Ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді.

Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы — азық-түлік салғыртын, азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының өндірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен айдалану құқығына ие болды. Бұл өндірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі олар енді өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды.

Енді осы жаңа экономикалық саясаттың қазақ өлкесінде ендірілу әдістері мен жолдарын қарастырып көрейік. РСФСР ХКК-нің арнайы декреті бойынша бірыңғай азық-түлік салығы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарға да ендірілді. Қазақстан ауылы мен деревнясында жаңа экономикалық саясаттың алғашқы азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның себебі ЖЭС өндірілген жылы да партия, кеңес және азық-түлік органдары азық-түлік салғырты саясатын жалғастырды да, ол бойынша дайындалған өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек және Қорғаныс кеңесінің тапсырмасын орындаумен айнылысты. Мысалы көшпелі мал шаруашылығы аудандарында алғашқы бірыңғай азық-түлік салығы 131,9% көлемінде орындалды. Бұл әрине соғыс коммунизм саясатының әрі қарай жалғасуы болды.

Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен, Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады. Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы бақыламақ болды. 1921 жылы 7-ші сәуірде мемлекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика – зауыттық өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді. Бірақ бұл мәселені жүзеге асыру өте қиын болды. Оның себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған товар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе алмады. Оның Үстіне мемлекеттік товар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді, яғни сауда бостандығына кедергі келтірді. Мұндай жағдай халықтың жаңадан өндірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін тудырды.

Жалпы алғанда Қазақстандағы алғашқы азық-түлік салығы 55%-ке ғана орындалды. Жиналған азық-түлік өнімдегі республиканың тек аштыққа ұшыраған губернияларына ғана емес, сонымен қатар Поволжьеге, Башқұртстанға және елдің өнеркәсіп орталықтарына жіберілді. 1922 ж. қаңтар айында ғана Семей губерниясынан 225 вагон азық-түлік әкетілді оның 170-І — Мәскеуге, ал қалғандары - Саратов, Қазан, Самара қалаларына жіберілді.

Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік салығы саясатының кең өндірілуі барысында жойыла бастады. Жаңа бірыңғай салық жүйесінің принциптері негізінен шаруалардың мүлдесіне сай болды. Бұл принциптер ұсақ товар өндірушінің материалдық құштарлығын қамтамасыз етуге және оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін арттыруға мүмкіндік берді. Осыған орай жүргізілген үгіт насихат жұмыстары нәтижесінде республикадағы саяси жағдай біршама тұрақтанды. 1922 жылы жергілікті Кеңес органдарына қайта сайлау науқаны кезінде ауылдық-селолық тұрғындардың әлеуметтік-саяси белсенділігі бұрынғыға қарағанда біршама жоғарырақ болғаны осының айғағы. Алайда қайта сайланған болыстық және уездік кеңестердің 60%-ке жуығының құрамы бірқатар губернияларда коммунистер мен комсомолдарға берілді. Бұл большевиктердің саяси билік жүйесіндегі таптық және идеологиялық артықшылықтан айырылғысы келмегенінің көрінісі еді.

Жаңа экономикалық саясаттың негізінде ендірілген салықтың тұрақтылығы шарулар қожалықтарының күш алуына жағдай жасады. Соның нәтижесінде салық мөлшері жеке қожалықтар үшін біртіндеп азая бастады. 1924-25 жылдары бірыңғай салық мөлшері шаруа қожалықтарында өндірілген товарлы өнімнің 1/8 бөлшегін құраса, 1927-1928 жылдары —1/13 бөлшегін ғана құрады.

Кеңес үкіметі бірыңғай салық жүйесіне де өзінің таптык көзқарасы тұрғысынан келді. Салық науқанын жүргізу барысында салықтық жеңілдіктер беру шарасы одан әрі жүзеге асырылды. Сөйтіп арнайы жеңіл салық тәртібі ең алдымен кедей және әлсіз шаруашылықтарға берілуге тиіс деп есептелді. Кеңес үкіметінің кедей шаруашылықтарды көтеруге бағытталған салық жүйесіндегі жеңілдіктері, басқа да әлеуметтік-экономикалық шаралары шаруа қожалықтарын орташаландыруға бағытталған шаралар болды.

Ал енді кеңес үкіметінің қазақ шаруа қожалықтарына жасаған жеңілдіктерінің өзіндік себептері болды. 1924-1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан ҚазАКСР-ң бүкіл шаруашылығының 32,7%-і босатылса, 1925-26 жылдары — 33,8% босатылған еді. Әсіресе 1924-1925 жылдары мал өсіруші шаруашылықтың 72%-ке жуығын алым-салықтан босатты. Алайда бұл шаралар шын мәнінде кеңес үкіметінің өзінің таптық көзқарасын тиянақтылауға бағытталған шаралардан туындаған жоқ еді. Керісінше, амалсыздан іске асыруға мәжбүр болған шаралар болды. Оған Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы қиын жағдай, яғни көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтағы мал басының өте азаюы, соның нәтижесінде қазақ қоғамының экономикалық дағдарысқа ұшырауы негізгі себеп болды. Осыған орай большевиктер көшпелі мал шаруашылығын тиімсіз шаруашылық түрі деп есептеп, қазақ қоғамын да егіншілікке көшіру мақсатын көздеді. Осы мақсатқа жетудің бір жолы салық жеңілдіктерін беру арқылы қазақ қоғамын отырықшылыққа бейімдеу болды. РСФСР ХКК-ті мен ОАК-і 1924 жылы 17 сәуірде «ҚазАСР-нің көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларын жерге орналастыру және отырықшыландыру туралы» қаулы қабылдады. Ол қаулы бойынша отырықшылыққа көшкен қазақ шаруашылықтары 5 жыл мерзімге салықтан босатылатын болды. Қазақстанда 1925-1926 жылдардың өзінде-ақ жерге орналастырылуына орай 29272 шаруашылық салықтан жеңілдік алды.

Кеңес үкіметі жаңа экономикалық саясат аясында ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мақсатын көздеген ауылшаруашылық несие қоғамын құрды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерзімдерге жеңілдіктерге негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді. 1924-25 жылдары республикаға кооперативтер мен коммуналар несиеге сатып алған 415 трактор әкелінді.

Революция мен азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы мейілінше күшейіп кеткен еді. ЖЭС-тің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде өндірілген салықтың натуралды түрін партияның XII съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумей алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді. Осы жылы ақпан айында кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. Осы жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына — Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20-23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.

Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясына қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясатының нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган - Жер комитегі құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-ның Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған, Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан, қазақтарға қайтарылды. Осы жылдың 19 сәуірінде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал қазақ әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс бойында 177 мың, Орал өзенінің сол жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтарып алды.

1922 жылы 26 тамызда федералды жер комитеті мен БОАК-ті «Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы» заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды.

Осы негізгі заңнан соң 30 қазан 1922 жылы Ресей территориясын түгел қамтыған «Жер кодексі» қабылданды. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие болды. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отырықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы мүлде жермен қамтамасыз етілмеді.

Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы келгенмен, алайда жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Алайда бұл белгіленген шараларды Қазақстан аумағында жүзеге асыру өте қиын болды. Себебі патша үкіметі кезінде жерге орналасқан басқа ұлт өкілдері ол жерден айырылғысы келмеді, үлкен қарсылық көрсетті. Оның үстіне олар өз иеліктеріндегі жердің межеленбеуін, яғни шеқараларының айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып алды.

Ал оңтүстік аймақтарда жер мәселесін шешу тіпті қиын болды. Бұл аймақтағы қоныс аударушылардың үлкен қарсылық көрсетуіне байланысты жергілікті үкімет органдары күш қолдануға мәжбүр болды. Алайда қазақ жерлерін қайтару шараларын жүзеге асыруда бұрмалаушылықтарға жол берілді. Бұл аймақта тіпті отарлаушы-құлақтарға барлық қоныс аударушыларды жатқызып, кейбір орыс деревнялары мен қазақ хуторларын түгел үдере көшіртуге дейін жол берілді. Мысалы Түркістанда 151 орыс шаруаларының деревнялары, 175 қазақ хуторлары күшпен таратылды. Түркістан өлкесінен Ресейге 8084 қожалық көшірілді. Бұл шаралар қоныс аударушылар мен жергілікті халық арасындағы ұлтаралық қатынасты шиеленістірді.

Жетісу және Сырдария облыстарында 1916 жылғы көтерілісті басып-жаншу кезінде тартып алынып, игерілген 250 мың десятина жер өз иелеріне қайтарылды. 12,8 мың десятина жерлер иелері табылмағандықтан кедейлерге бөлініп берілді. Алайда осындай шараларға қарамастан жер-су реформасына байланысты қабылданған бұл декреттердің шешімдерін жүзеге асыру мүлде селқос, немқұрайды түрде болды, кей жерлерде тіпті орындалмады да. Себебі Жер комитеттерінде бұрынғы көш-қон басқармасының чиновниктері қызмет етті де, олар реформаның тез жүзеге асуына мүлдделі болмады. Сонымен бірге Декреттердің шешімдерін анықтайтын бағдарламалар жергілікті жерлерге өте кеш келді тіпті олардың өзінде түрлі қарама-қайшылықтар болды.

ЖЭС-тің жүзеге асырылуы барысында Кеңес үкіметі Орта Азияда ұлттық-территориялық межелеу ісін де жүзеге асырды. Мәскеу Орталық Азиядағы Түркістан Кеңестік автономиясын (құрамында Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан территориялары және Сырдария мен Жетісу облыстары бар) ұлттық автономияларға бөлшектеп басқару саясатын ұстанды. Бірнеше ұлттардың біртұтас автономия құрып тұруын большевиктер Орталық үшін аса қауіпті деп есептеді. Осыған байланысты ұлттардың өзін-өзі басқаруы туралы ұранды желеу етіп, ұлттық-территориялық межелеуді жүзеге асырды.

Осы межелеу барысында Оңтүстік Қазақстан ҚазАКСР-нің құрамына енді. Бұл шараның нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас Қазақ республикасының құрамына жинақтау аяқталды. Бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының құрамындағы қазақ уездері Қазақстанға берілді. Қазақ АКСР-нің территориясы 1/3 бөлікке ұлғайды. Территория көлемі 2,7 млн. квадрат километрге жетті, халық саны 5 млн. 230 мың болды. Қазақтар барлық халықтың 61,3 процентін (1926 жылы санақ бойынша) құрады. Алайда осы ұлттық-территориялық межелеу барысында Кеңес үкіметі тағы да жергілікті ұлт мүддесінен орыс ұлтының мүддесін жоғары қойды. Қазақ АКСР-нің астанасы болған Орынбор қаласы және оның аймағындағы біршама территориялар РСФСР құрамына берілді. Қазақ республикасының астанасы Ақмешітке (Қызылорда) көшірілді. Ал оңтүстіктегі Ташкент қаласы мен оның маңындағы қазақтар орналасқан уездерді халықтың талабын ескермей, Өзбекстан республикасынын құрамына қосты.

Осы жүргізілген шаралар жер және жерге орналастыру мәселесін шешуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы жекелеген шаруа қожалықтарының щаруашылықтарын өркендетуге ынталандырды. ЖЭС енгізілгеннен кейінгі 3-4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясы дағдарыстан шыға бастады. Мысалы: 1925 ж. егістік жердің көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн. пұтты құрады. 1925 ж. мал саны 1922 ж. салыстырғанда екі есе өссе, 1925-1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып отырды.

Қазақстанның өнеркәсібі саласында да едәуір өзгерістер болды. Қазақстан халық шаруашылығы орталық кеңесі (ВСНХ) сегіз (Балық, Тері, Илецктұз, Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеул, Спирт) трестерді және сантонин зауыты мен Қарғалы шұға комбинатын біріктірді. Губерниялық кеңестің құзырына жергілікті деңгейдегі өндірістер бағынды. Олардың көбі арендаға берілді. Сонымен бірге Қазақстанның көптеген өндіріс орындарын одақтың қорғанысына қажетті, оның мүддесін дүниежүзілік рынокта қорғайды деген желеумен бүкіл одақтық деңгейдегі трестерге біріктірді. ҚазАКСР-де одақтық деңгейдегі Ембімұнай, Алтайполиметал, Атбасцветмет сияқты трестер құрылды. Олар республика бюджетіне белгілі мөлшерде ғана қаржы бөліп тұрды. Ал қалған табыстардың бәрі орталықтың иелігінде болды. Мұндай жоғарғы дәрежеде өндірістерді орталықтандыру саясаты кейін де үстем болды. Сөйтіп кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге біріктіру сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан экономикасының ұзақ мерізімге шикізаттық сипатын айқындады.

ЖЭС аясындағы Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің кең етек жайғанын көрсетеді. Елдің шаруашылық жүйесі нарықтық экономика қатынасына біртіндеп енді. Өлкенің экономикасы айқындалған көпуқаадты сипатқа ие бола бастады, яғни әртүрлі меншік формаларының қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. Меншіктің әртүрлі формаларының қатар қалыптасуы олардың арасындағы бәсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бір толықтыруы халық шаруашылығының алға даму бағытын айқындады.

Большевиктер таптық мүлдені қорғау принциптеріне ажырамаса да, жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді. Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпуқаадты ұдайы өндірісті кредит, салық жүйелері арқылы ғана реттеп отырды. Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді.

Алайда ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперацияның ЖЭС жағдайындағы жаңа рөлін анықтағанына қарамастан, оны реттеп отыруға мемлекет мүддесі болды, соның нәтижесінде мемлекет ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол өте төмен болды.

Ұзақ әлеуметтік даму барысында қалыптасқан дәстүрлі товарлы шаруашылық мемлекет тарапынан өндірілген мұндай реттеуші бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті. Ұсақ товар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді.

Мұндай жағдай «Соғыс коммунизм» саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін жандандырды. Экономикалык даму жүйесіне әкімішілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және Кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпуқаадты ұдайы өндірістік жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни ЖЭС тоқтатылды.