Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Тұрғын үй қабырғаларын тұрғызу, шатыр салу

Құрылыс ісін өркендетуге тұрғын үй салудың маңызы аса зор. Құрылыс ісінің шыға бастаған кезінде қолдануға ең оңай материалдар балшық пен ағаш болды не солардың аралас құрамы еді. Олар көбінесе тұрғын үй салуға қолданылды. Балшық пен ағаштан үй салу өңдеуі қиын соғатын тастан оңай болды, оның үстіне тиісті өңдейтін құралдардың жоқ болуы да тасты кеңінен қолдануға қиыншылық тудырды, сондықтан тас құрылыстар біраз кеш шықты, онда да тастан тек табыну орындарын салу өте табиғи нәрсе болды. Ал балшық пен ағаш тұрғын үй салуда негізгі материалдар болды, алайда металл құралдар болмаған неолит дәуірінде ағашты тас құралдармен ыңғайлап өңдеу өте қиын еді. Сондықтан құрылыста ағаш тек табиғи түрде немесе өрескел өңделген қалпында пайдаланылады.

Тұрғын үйлердің сырты алуан түрлі конструкциядан жасалуы мүмкін. Ол үшін көбінесе ағаштан жасалған даяр панельді пайдаланады. Панель дегеніміз сырты тақтайлармен немесе басқалай материалдармен қапталған қырлы ағаш – брустардан (білеу) тұратын қаңқа болып табылады. Даяр элементтерін құрастырып мұндай қабырғаны тұрғызу құрылыс ісін әлдеқайда тездетіп, жұмысты оңайлатады. Қабырғалардың аралығына суық өткізбейтіндей етіп, минералды мақта және басқа сусымайтын материал салады. Сыртқы қабырғаны тұтастай құю әдісін пайдалануға да болады. Қабырға сырты сүргіленген тақтайлармен қапталады. Ағаш қабырғаның сыртына кірпіш қалауға болады, бұл жағдайда оны қаптаудың керегі жоқ. Үйдің сыртқы қабырғасы бөренеден, төрт қырлы ағашпен, кірпішпен көмкерілуі мүмкін. Мұндай қабырғаларды тұрғызу арнаулы мамандықты қажет етеді. Алайда бұл секілді конструкциялардың көлемділігі мен көрнектілігі шағын тұрғын үй үшін лайықты бола бермейді. Олардың шатыры бірыңғай көлбеу, итарқа немесе түйетайлы ебін жасауы мүмкін. Үй шатырының көлбеулігін жергілікті климат жағдайларын (атмосфералық жауын-шашынның мөлшері мен жиілігін) ескере отырып жасайды. Үй неғұрлым солтүстік жақта болса, оның шатыры соғұрлым тік болуы тиіс.

Шатыр жұмыстары төбе жабындарын жасағанда орындалады, олар жабынның немесе үймереттер мен ғимараттар төбесінің қоршау бөлігі болады. Төбе жабындары жауын-шашыннан, күннің нұрынан және суық әсерінен қорғау қызметін атқарады. Сондықтан төбе жабындысы су өткізбейтін, суға, аязға төзімді, жел өткізбейтін, ыстыққа төзімді және берік болуы керек.

Шатыр жұмыстарын орындау технологиясы көбінесе қолданылатын материалдар түрімен анықталады. Жабын жасау үшін оралмалы, мастикалы, асбестцементті, болат, қыш тақтайшалы (черепицалы), синтетикалық және басқа материалдар қолданылады.

Шиферді, черепицаны, асбоцемент тақталарын, қаңылтырды итарқаға қағылатын кереге көзге орналастырады.

Сөздік:

кереге көз, төбе торы – подрешетки жабын, төбе жабын – покрытие

саңылаусыз қабырға – глухая стена ағаш білеу – брус деревянный

итарқа шатыр – двускатная крыша шатыр, жабын – кровля

кірпіш қалау – кирпичная кладка төбе еңісі – скат кровли

арқалық қабырға – стенки балки көлбеу – наклонная

тұтас панель – сплошная панель қабырға – стена

қаңқаны толтыру қабырғасы – стена заполнения каркаса

дыбыс сіңіргіш жабын – покрытие звукопоглащающее

шпунтты жабынқыш – шпунтовая черепица

құрылыс бұйымы – строительное изделие

түйетайлы шатыр – односкатная крыш

65-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тұрғын үйлер салуға нелер көбірек қолданылды? 2. Тас құрылыстардың кеш шығуы неліктен? 3. Құрылыста ағаш қалай пайдаланылды? 4. Панель дегеніміз не? 5. Үйдің сыртқы қабырғасы немен көмкерілуі мүмкін? 6. Шатыр жұмыстары қашан орындалады?

66-тапсырма. Терминдерге берілген түсіктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Қабырғалар сыртқы кеңістіктен немесе бөлмелерді бір-бірінен бөлуге арналған ғимараттардың конструктивті элементтері. Құрылымы бойынша қабырғалар панельдік, блоктық, кірпіштік болып бөлінеді.

Бөренелер жоғарғы шетінің диаметрі 14 см-ден кем болмайтын және ұзындығы 4,9 м болатын дің кескіні. Құрылыста қылқан жапырақ текті бөренелермен қатар, жалпақ жапырақ текті бөренелер қолданылады. Қылқан жапырақ тектілерден бұл мақсаттар үшін жиірек қарағай, шырша, бал қарағай қолданылады; Жалпақ жапырақтылардан – қайың, емен, көк терек, қандыағаш; Бөренелерді балка, ферм тіреуіштер, төсегіштер үшін және жер қуыстарын бекіту үшін қолданады.

Бугель – жарылудан қорғайтын ағаштың діңіне кигізілетін болатты сақина.

Құрылыс бұйымы құрылысқа дайын түрінде жеткізілетін зауытта жасалған элемент.

Мастика толтырғыш пен қоспалардан, байланыстырғыш полимерден тұратын желімдеуші материал.

Ағаш шеберлік жұмыстар ағашты ұқыпты өңдеу мен бұйымдар әзірлеу (жиһаздар, есіктер, терезелер). Ағаштың жұмсақ тұқымдарынан (шыршалар, қарағайлар) өндірілген ағаш шеберлігі жұмыстары ақ ағаш, ал қатты тұқымдарынан (емен, шамшат т.б.) алынғандарды қызыл ағаш деп атайды.

67-тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, олардың астын сызыңыздар.

Ағаш шеберлері балта, пышқы, сүргі, бұрғы, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдары да болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, шамшат, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі(безі), жөке, тал, арша, жаңғақ ағашы, майқарағай сияқтыларды пайдаланады.

68-тапсырма. Қолөнерде қолданылатын ағаш атауларын дәптерлеріңізге жазып, жаттап алыңыздар.

арша – можжевельник

қара ағаш – берест қарағай – сосна

самырсын – пихта үйеңкі – клен

шынар – чинара мойыл – терн

қайың – береза шамшат – бук

ши – кустарник тал – ива

шыбық – ива емен – дуб

69-тапсырма. Ағаш шеберлері пайдаланатын аспаптардың түсіндірмесін біліп алыңыздар.

Пышқы – ағаш кесетін ара темір (пышақ, пышқы, пішу, пішін, пішен сөздерінің бәрінің түбірі піш – кес сөзінен шыққан).

Сүргі – илеген терінің етін көшіріп, құрыс-тұрысын жазу үшін ағаштан, темірден жасаған қырғы құрал.

Қысқы – бір нәрсені қатты ұстап тұратын құрал.

Бұрғы – ұшы өткір, бұрандалы тескіш; бұрғылап тесетін темір құрал.

Тез – үйшілердің ағашты түзетіп немесе иіп қалыптайтын білдегі.

Қашау – ағашты, тасты, темірді тесетін құрал.

70-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қанша жуан болса да, Бұтақсыз ағаш июге жақсы,

Жалғыз ағаш үй болмас. Бұтақсыз сөз түюге жақсы.

Қисық ағашты тез түзетер,

Қисық сызықты көз түзер.

71-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Карниз – горизонтальный выступ на стене, поддерживающий крышу здания и защищающий стены от стекающей воды.

Опалубка – форма, в которую укладывают бетон при возведении фундамента. Изготавливается из дерева.

Скат – сторона крыши.

Әдістемелік ұсыныс: Тұрғын үй қабырғаларын тұрғызу мен шатыр салу жұмыстары туралы қосымша мәтін құрастырып келу.

Әдебиет: Нег.: 7 [18-23]; Нег.: 2

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрғын үйлер салуға нелер көбірек қолданылды?

2. Құрылыста ағаш қалай пайдаланылды?

3. Шатыр жұмыстары қашан орындалады?

4-апта. 10-тәжірибелік сабақ

72-тапсырма. Мәтінмен танысып, құрылыс машиналарының атқаратын қызметін жан-жақты қамтып, мазмұндаңыздар.

Қ ұ р ы л ы с м а ш и н а л а р ы

Машиналар өздерінің атқаратын қызметіне байланысты энергетикалық, технологиялық, басқарушы, логикалық болып бөлінеді. Энергетикалық машиналар энергия өндіру (генератор) немесе оларды түрлендіру үшін қолданылады. Технологиялық машиналар әртүрлі пайдалы жұмыс атқарып, технологиялық процестерді орындайды. Оларға ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен, құрылыс және басқа өндірістерде пайдаланылатын машиналар жатады. Логикалық машиналарға – электронды есептеуіш машиналар жатады.

Құрылыс машиналары – әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер т.б. жатады.

Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары жер қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тастағыш, гидромеханикалық машиналар жатады.

Таптауыш машиналар топырақ т.б. жер қыртыстарынан нығыздау жұмыстарын атқарады. Салмағы 100 тонналық қарапайым таптауыш машина қалыңдығы 40-50см, ал салмағы 12 т. Дірілдемелі таптауыш машина қалыңдығы 80-120см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады.

Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсегіш т.б,. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады.

Сөздік:

мұнаралы – башенный бұрғылау – бурение

шөміш (ожау) – ковш доңғалақ – колесо

73-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Құрылыс машиналары не үшін қажет?

2. Құрылыс машиналарының түрлерін атаңыздар?

3. Құрылыс машиналары қандай қызмет атқарады?

74-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін құрастырыңыздар.

Құрылыс жұмыстары, құрал-жабдық, құрылыс машиналары, доңғалақты кран, топырақ таптауыш, жер қазғыш машиналар, тастақ қабаттарды бұзу, көтергіш кран, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, өңдеуіш машиналар.

75-тапсырма. Берілген машиналардың қызметін кестеге толтырыңыздар.

Машиналардың атаулары

Атқаратын қызметі

Жүк көтергіш кран

Бетон араластырғыш

Шынжыр табанды экскаватор

Жол құрылыс машинасы

Жүк тиегіш

76-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есімдерді беріп жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Етістікті сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

77-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Дрель – ручная машина с электрическим, пневматическим или ручным приводом для сверления отверствий.

Обвязка – горизонтальная часть деревянных каркасных стен. Нижняя обвязка сужит основанием каркаса.

78-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Бұрғылау – таулы өндіру процесі цилиндрлік түр арқылы (ұңғымалар, сыбызғылар, шахталық) тау жыныстарын қирату жолымен оларды өндіруден алып тастау.

Құрылыстағы автомобиль көлігі құрылыс жүктерін тасымалдауға кең қолданылатын негізгі көліктің түрі. Оның құрылыс алаңшаларына материалдар, құрылымдар, жабдықтар жеткізіп берушілер арасындағы байланыстырып тұратын түйіні болады.

Автоерітінді тасушы құрылыс объектілеріне ерітінді-бетон тораптарынан әр түрлі консистенциялы құрылыс ерітінділерін тасымалдау, қозғау және тиісті мөлшермен беруге арналған арнайы көлік құралы. Өзімен ерітіндіні араластыру үшін гидравликалық қалақты қозғаушысы бар жүк машинасының рамасына орнатылған цистернаны көрсетеді.

Автоцемент тасушы мамандырылған көлік құралы; арнайы автопойыздарға жатады және сүрлем типті қоймалар мен бункерлерден пневматикалық тиеуші және тұтынушы қоймаларына тікелей құбыр бойымен пневматикалық өздігінен жүк түсірушісі бар негізгі қоймалар мен цемент зауыттарынан герметикалы резервуарда цемент тасымалдау үшін арналған.

Асфальт төсеуші – асфальтбетоннан және битум минералды қоспалардан жасалған жол жабуларын жасауға арналған доңғалақты не жыланбауыр табанды өзі жүретін арнайы машина, төселетін материалдарды таратады және тегістеп жаяды.

Көлік құралдарын таңдау – тасымалдау қашықтығына, жол тармақтарының болуына және күйіне, тасымалдау мерзіміне, құнына, жүктер түріне және оларды сақтау талаптарына, сондай-ақ арту-түсіру тәсілдеріне байланысты өндіріледі. Жүктерді тасымалдаудың тиімді тәсілдерін таңдау мүмкін вариантарды техника-экономикалық салыстыру арқылы өндіріледі.

79-тапсырма. Жұмбақты шешіңіздер.

Иығына ол шығып, Күндіз қазып, түн қазып,

Тұмсығынан шаншылып, Берсін талай ін қазып.

(Бұрғы)

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыс машиналарының түрлерімен және олардың атқаратын қызметімен танысу.

Әдебиеттер: Нег.: 4; Қос.: 21 [9-10]

Бақылау сұрақтары:

1. Құрылыс машиналарының түрлерін атаңыздар?

2. Құрылыс машиналары қандай қызмет атқарады?

4-апта. 11-тәжірибелік сабақ

80-тапсырма. Көтергіш крандардың маңызы, қызметі және жинақтау крандарының түрлерімен мұқият танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

К ө т е р г і ш к р а н

Түзілістерді жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерден немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриялық кешенді процесі.

Түзілістерді жинақтау – жай процесс және операциялардан тұратын кешенді процесс болып ажыратылады, ол өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі. Жинақтау процесіне мыналар жатады: ілу, көтеру, орнына қою, түзілісті дәлдеу және уақытша бекіту;

Құрылыс түзілістерін жинақтауда кешенді процесті құратын барлық жұмыстарды орындау үшін пайдаланылатын машиналарға үлкен мән беріледі.

Жинақтау крандары мынадай негізгі топтарға бөлінеді: стационарлы, өздігінен жүретін жебелі, мұнаралы, төрттағанды және арнайы.

Стационарлы жинақтау машиналарына жинақтау жебелері, жинақтау діңгектер, шеврлер, діңгекті-жебелі крандар жатады. Өздігінен жүретін жебелі крандар өзінің жылжымалылығы арқасында жинақтау және арту-түсіру жұмыстарында кең қолданылады. Мұнаралы крандар арнайы рельс жолы бойымен жүреді. Төрттағанды крандар зәулім биіктігі 60 м дейін тұрғын және өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау үшін кең қолданылады.

Жаңа үй бой көтеріп келеді делік. Онда көптеген машиналар жұмыс істейді. Сол машиналардың ішіндегі ең бастысы – көтергіш кран. Оның айқыш-ұйқыш болып құрсауланған болат мұнарасы көкке бойлап, алыстан көрінеді. Кран ауыр бетон плиталарды, бетон арқалықтарды, кірпішті, цемент сылақты жерден көтеріп алып, өзінің ұзын қол секілді жебесімен құрылысшыларға апарып береді. Күн өткен сайын үйдің бой көтеруімен бірге кран да «өсе» түседі: оның мұнарасын жоғары қарай ұзартып отырады.

Мұнараның жоғарғы жағындағы кабинада краншы адам болады. Ол кран механизмдерін байыппен басқарып отырады. Двигательдердің бірін іске қосқанда – ауыр плита жайлап қана жоғары көтеріле бастайды. Екіншісін іске қосқанда – кранның жебесі бұрылып, плитаны қойылатын орнына апарады.

Көтергіш крандар көптеген ауыр жұмыстарды істейді. Бір жерде үлкен ағашты бір орыннан екінші орынға көшіріп отырғызу, басқа бір жерде қазылған орға жуан құбырларды көтеріп салу керек болғанда автомашинаға орнатылған көтергіш крандар пайдаланылады.

Сөздік:

жинақтау аймағы – монтажная зона мойын, мойнақ – шейка

көтеру жебесі – стрела подъема ұңғыма – скважина

жебе тәрізді арка – арка стрельчатого очертания

81-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Түзілістерді жинақтау дегеніміз не? 2. Жинақтау процесіне нелер жатады? 3. Құрылыс түзілістерін жинақтауда қандай машиналарға мән беріледі? 4. Жинақтау крандары қандай топтарға бөлінеді? 5. Өздігінен жүретін жебелі крандар қашан қолданылады? 6. Көтергіш кран қандай қызмет атқарады?

82-тапсырма. Кранның қызметіне берілген өлеңді жаттап алыңыздар.

Бар ғой менің краным, Терезені көтерем,

Кранымды бұраймын. Керегені көтерем,

Ілгегіне іліп ап, Үй тұрғызып болған соң,

Жүк көтеріп тұрамын. Неменені көтерем?

83-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін табыңыздар.

Қыл кеңірдек батыр, Бұрасаңыз құлағын,

Үй көтеріп жатыр. ағызады бұлағын.

(Су краны)

84-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Кран ілмегінің құлашыкранның техникалық сипаттамасының көрсеткіші, кранның айналма платформасының айналу өсі мен жүк ілмегінің құрсау центрінен өтетін тік өстің аралығындағы қашықтық.

Ілмектер – жүк көтергіш құрылғының ілмегіне көтерілетін жүкті ілу үшін қолданылады.

Скрепер – жер қыртысын қырнап үйетін немесе тегістеп жаймалайтын жер қазғыш-тасымалдауыш өзі жүретін немесе тіркемелі жер-көлікті машина. Оның төменгі бөлімінде пышақ пен пневмадоңғалақта жабдықталған ожауы бар.

Тасымалдауыш топырақты бір жағына үздіксіз әкетіп тұратын ұзын лента.

85-тапсырма. Төмендегі көмекші етістіктерді негізгі етістіктерге тіркестіріп, олармен мамандыққа қатысты сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Қолындағы тасы ауыр болған соң, байқамай тастап жіберді. Ол жерге құлап түсті. Дүкеннен бір қап цементті алып шықты.

Жібер, түс, шық, қой, қал, өт, кел, кет, ал, бер.

86-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырып, оны рөлге бөліп мазмұндаңыздар.

Болашақ үйдің іргетасын қалау үшін ең алдымен экскаваторлар үлкен шұңқыр қазады. Ал іргетас үй қабырғасының негізі, тірегі болып табылады. Онсыз үй тұрғызу қиын. Өйткені бос жер үй қабырғасының салмағынан отыруы мүмкін, ондайда үй қисайып, құлап қалады. Сондықтан шұңқырға темір-бетон қалың плиталар, яғни іргетас қаланады. Іргетас дайын болғаннан кейін оның үстіне үйдің қабырғалары тұрғызылады. Терезесі немесе тіпті самалдығы бар дайын үй қабырғасын зауыттан тікелей жүк машинасымен алып келеді. Бұл қабырғаларды құрастырушыларды монтаждаушылар дейді. Көтергіш кран темір-бетон плиталарды іліп алып, қажетті жеріне апарып қояды, ал құрастырушылар оларды бір-бірімен қиюластырып бекітеді. Осылайша үй бөлмелері пайда болады. Оның төбесі, яғни, қабат аралығы тұтас дайын плитамен жабылып отырады. Үй баспалдағын, жуынатын бөлмені, шатыр бұғатын, күнқағарды қалақшаға дейін көтергіш кранмен автотіркемелерден абайлап көтеріп алады да, керекті жеріне құрастырады. Монтажшы-құрастырушыдан кейін әрлеушілер келеді. Олар үйдің төбесін, есіктер мен терезелерді сырлайды, қабырғаларға тұсқағаз жапсырып, еденге паркет төсейді.

Үй салу да, орасан зор машинаны құрастырғандай, күрделі шаруа. Үй салған кезде аса жаңа материалдар: болат, тұтас темір-бетон, пластмасса, алюминий қолданылады. Үйдің қабырғасымен жылытқыш жүйесінің ыстық және суық судың, газ бен канализацияның құбырлары, электр, телефон, радио желілері жүреді.

Сөздік:

тірек – опора

самалдық – балкон

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыста пайдаланылатын жинақтау крандарын, олардың қолданылу ерекшеліктерін атап шығу.

Әдебиет: Нег.: 4 [16-22]; Нег.: 8

Бақылау сұрақтары:

1. Өздігінен жүретін жебелі крандар қашан қолданылады?

2. Көтергіш кран қандай қызмет атқарады?

4-апта. 12-тәжірибелік сабақ

87-тапсырма. Құрылыс машиналары туралы берілген мәліметті оқып, меңгеріңіздер. Олардың атқаратын қызметін, ерекшеліктерін түсіндіріп, мәтінді мазмұндаңыздар.

Ж е р қ а з ғ ы ш м а ш и н а

Экскаватор – негізінен жер қазғыш машина. Тракторға орнатылған кішкене экскаваторлар да бар. Олар кәдімгі шұңқыр мен орды қазады. Үлкендігі үш қабатты үйдей алып экскаватор да болады. Оның мойын жағы ұзын – жуан, ұзындығы 100 метрлік темір құбыр, оған ожау іліп қойған. Осындай ұзын мойын арқылы жүк машиналарынсыз-ақ экскаватор топырақты бірден ожауымен алысқа тастай алады. Экскаватор ожауының үлкендігі сонша, оған автомобиль де сыйып кетеді. Бұл – адымдауыш экскаватор. Ол алға қарай екі үлкен шаңғысын созып жіберіп, оларға таянып, жерден көтеріледі – сонда ол екі метрдей алға жылжиды. Содан соң шаңғыларын тағы да ілгері жылжытып, екінші қадам басады.

Экскаваторлардың жер қазуы да әр түрлі. Кейбіреулерінің ожауы сапталған күрек сияқты, темір арқалыққа бекітілген. Оларды осылайша экскаватор-күрек деп атайды. Екінші біреулерінің ожауы болат арқанға бекітілген. Ожауды жерге түсіріп, онымен топырақ жинап алу үшін болат арқанмен тартады. Мұндай экскаватор драглайн деп аталады. Адымдауыш экскаватор да осылайша жасалған.

Көп ожаулы, роторлы экскаваторлар да бар. Олардың ожауы үлкен доңғалаққа бекітілген. Доңғалақ айналғанда, ожау кезек-кезегімен топырақты салып алып, тасымалдауышқа төгеді.

Үлкен құрылыстарға басқа машина қажет. Үлкен ожауды тракторға тіркейді де, онымен топырақты көсеп алу үшін тартады. Ожауы топыраққа толған кезде сәл ғана жоғары көтеріліп, трактормен тіркеме сияқты қажетті жерге тасиды. Мұндай машинаны скрепер деп атайды.

Каналдар мен су электр станциясын салу кезінде каналдың түбін тереңдету немесе плотина орнату қажет болғанда жер сорғыш снаряд деп аталатын машиналарды жиі қолданады. Снаряд үлкен баржа сияқты суда қалқып жүреді, ал оның көтергіш кранына ұқсас мойны су түбіне түсіріледі. Мойын ұшындағы қопсытқыш топырақты кеміре отырып шыр айналады. Осыдан шыққан сұйық лайды – насос құбыр бойымен 3-4 км-ге айдап шығарады. Бұл өте қолайлы: жер сорғыш снаряд ілгері қозғалады да, оның артында өзен пайда болады. Ал сыртқа шығарылған топырақ та босқа жатпайды: артық су қайтадан өзенге құйылғаннан кейін қажетті жерде бөген жасалып шығады.

Сөздік:

тасымалдауыш – транспортер арқалық – балка

темір құбыр – железная труба күрек – лопата

көсеу – шуровка арқан – канат

88-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Экскаваторлар нені қазады? 2. Оның үлкендігі қандай? 3. Оның ожауының үлкендігі қандай? 4. Драглайнның қызметі қандай? 5. Скрепердің қызметі қандай? 6. Жер сорғыш снарядтың қызметі қандай?

89-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді табыңыздар.

90-тапсырма. Үстеулерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ерте, кешке, жоғары, төмен, осында, алға, артқа, әдейі, зорға, босқа, әрең, тез, дереу, жылдам, сонша, бүгін, ілгері.

91-тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңыздар.

Топырақты асаймын,

Тау да, сай да жасаймын.

92-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің қайсысы хабарлы, қайсысы бұйрықты сөйлем екенін ажыратып, түсіндіріңіздер.

1. Ол есік алдында тұр. – Сен есік алдында тұр.

2. Ол орындық (-қа,-та) отыр. – Сен орындық (-та,-қа) отыр.

3. Көбей дала (-да,-ға) жүр. – Сен дала (-ға,-да) жүр.

4. Ідіріс диван (-ға,-да) жатыр. – Сен диван (-да,-ға) жат.

93-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Обрешетка – укрепляемые по стропилам доски или брусья, необходимые для настила кровли.

Рубероид – пропитанный особым составом картон. Применяется как кровельный и гидроизоляционный материал.

94-тапсырма. Сөйлемдерден одағайларды тауып, олардың басқа сөз таптарынан ерекшелігін атаңыздар.

– Әттеген-ай деді ол таңдайын қағып. Қане! Келіңдер! Іске кірісейік.

– Міне! Көрдіңдер ме, айтқаным осы еді.

– Япырау, жастық деген қандай қызық? Япырау, қайда сол күндер?

– Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба?

– Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар!

– Апырай, ата қонысым еді.

– Уф-ф! – деп күрсінді Кенжебек.

– Иә, иә! – деп, шу етті студенттер.

– Е, жақсы боп қалды.

95-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып, жазыңыздар.

1. ...... оқуға түстім! 2. ...... неткен әсем ғимарат! 3. ...... жоба жасап үлгірмедім! 4. ...... құлап түстім ғой. 5. ...... , күңкілдеме!

Керекті сөздер: ойбай, қап, паһ,паһ, алақай, жә.

Әдістемелік ұсыныс: Жер қазғыш машина бөлшектерінің қызметін сипаттау.

Әдебиет: Нег.: 4 [16-22]; Нег.: 8

Бақылау сұрақтары:

1. Жер қазғыш машиналардың қызметі қандай?

2. Экскаваторлар нені қазады?

5-апта. 13-тәжірибелік сабақ

96-тапсырма. Мәтінде берілген құрылыстық инженерлік жүйелер туралы мәліметпен танысып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]