Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Сұрақ-жауап

– Есік және терезе блоктары нысандарға қандай күйде келіп түседі?

– Дайын күйінде, боялған, шыныланған, бүтін немесе жарма тоспаларымен

келіп түседі.

– Есіктерді пайдаланудың басқа құрылымдарға қарағанда ерекшелігі неде?

– Қозғалмалы күйде болады.

– Есіктерді жөндеуге қандай жұмыстар жатады?

– Есіктердің майысуын түзету, металл бұрыштарды және жұқа тақтайларды

қағу арқылы қатайту; жылу оқшаулағыш қою; шұңқырларды, сынықтарды,

басқа да ақауларды кетіріп отыру.

– Қалқанды есіктердің құрамы нелерден тұрады?

– Брустармен немесе майда қуыстықпен толтырылған, екі жағынан да шпонмен

немесе қатты ағаш талшықты плиталармен, не фанермен қапталынған

рамадан тұрады.

167-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Білеушелер (брусья) – ені мен қалыңдығы 100 мм асатын материал. Өңделуіне байланысты білеушелер төрт қанатты және екі қанатты болады.

Беларқа (ригель) – тақта, жүгіртпе, аралық, қабырға және т.б. үшін тірек болып ғимараттың қаңқасындағы көлденең элемент.

Қабық (оболочка) – құрылымның басқа өлшемдерімен салыстырғанда өзара аралығы (қабықтың қалыңдығы) аз екі қисық сызықты бетпен шектелген кеңістіктік құрылым.

Ағаш талшықты тақта (АТТ) (древесноволокнистая плита (ДВП)) – ұсақтануымен, тақтаның қалыптасуымен, суға төзімді эмульсиясымен жұтылған, ағаш талшығы талшықты массаның арнайы өңдеуімен және олардың жылу өңдеуімен бет түріндегі ірі өлшемді бұйым.

Әдістемелік ұсыныс: Есік орнату жұмыстары бойынша қосымша мәлімет беру, конспект дайындау.

Әдебиет: Нег.: 7 [32-38]

Бақылау сұрақтары:

1. Есік тоспалары немен сырланады?

2. Қалқанды есіктердің құрамы нелерден тұрады?

3. Есіктің қандай түрлерін білесіздер?

8-апта. 22-тәжірибелік сабақ

168-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, сылақ жұмыстары және олардың атауларын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ә р л е у ж ұ м ы с т а р ы

Ғимараттар мен үймереттерді жөндеудің соңғы кезеңіне ішкі әрлеу жұмыстары жатады. Олардың міндеті салынып біткен ғимараттарға әдемі аяқталған түр беру. Әрлеу жабулары түзілістерді дымқылдану, коррозия, механикалық бүлдіру әсерлерінен қорғайды. Бөлмелердің акустикалық қасиеттерін, олардың инсоляциясын, ауа алмасуын беруі мүмкін. Әрлеу жұмыстары технологиялық белгілері бойынша сылақ, қаптау, майлау, түсқағаз, әйнек және еден жұмыстарына бөлінеді.

Қаптау және сылақ жұмыстарын тек, терезе мен есік блоктары орнатылып, таза еденнің астындағы негіз орнатылған соң, су және жылу, ішкі санитарлық-техникалық жүйенің тексерісі орындалып және салуы біткен соң, жабық электржелілеріне арналған салмалы бөлшектер орнатылғаннан кейін бастайды.

Сылақ – құрылыс түзілістерін әдемілейтін, әрлеу және қорғау қабаты болып табылады.

Суыққа тез әсер ететін ішкі беттерді (терезе жақтаулары және т.б.) суық түскенге дейін сылайды.

Кәдімгі сылақ – астыңғы негіздің ақауларын жасыруға жасалады. Бүрку – жабу мен әрленетін беттің тұтасуын қамтамасыз ететін, қалыңдығы 5 мм болатын бірінші қабаты. Бүрку беті тегістелмейді, кедір-бұдырлы болып қалады. Грунт – жабудың қажетті қалындығын жасайтын екінші қабаты. Жамылғы – әрленетін бетті бояуға дайындайтын сылақ жабуының үшінші қабаты. Қабаттың қалыңдығы 2 мм болу керек, себебі бұл қабат кейде механикалық ысқылауға ұшырайды. Жоғары сапалы сылақ жалпы қалыңдығы 20 мм-ге дейін ерітіндінің үш-төрт қабаты – бүрку, грунттың бір немесе бірнеше қабаты және жамылғыдан тұрады. Сәндік сылақ кәдімгі сылақтан жамылғы қабатының құрамымен және өңдеу тәсілімен ерекшеленеді. Арнайы сылақ жылылықты қорғау, дыбысты сіңіру, рентген сәулесінен қорғау, су айыруды орындау үшін қондырылады.

Сграффито сылағы деп грунтқа тырнап салынған сәндік түсті сылақты, силуэттік суретті айтады. Сграффито сылағының ең маңызды компоненттері – әк қамыры, таза кварц құмы, пигменттер, цемент. Сграффитоны трафарет-үлгі бойынша созымды сылақ ерітіндісін қондырумен де орындауға болады.

Тас сылағы тас шабатын құралмен сәндік қабатының қатқан цемент тасын өңдеумен жасалады. Әрлеу қабаты екі мезгілде орындалады. Бірінші суланған грунтқа бүрку арқылы, содан кейін қатқан соң жамылғы қабаты қондырылады. Қалыңдығы 30-40 мм болу керек.

Сылақты гранит және мәрмәрден істелгендей етіп мынандай жүйелілікпен орындайды: дайындалған бетке 2-3 мм қабатпен консистенциясы қаймақ тәрізді цемент ерітіндісін қондырады, оның үстіне сәндік қабаты жасалады. Ірілігі 2-5 мм үгінді гранит немесе мәрмәр қолданылады. 2-3 күннен кейін 5-10 %-дық тұз қышқылы ерітіндісімен өңдейді.

Сөздік:

әрлеу жұмыстары – отделочная работа тас сылағы – каменная штукатурка

тотығуға беріктік – коррозиестойкость әк ерітіндісі – известковый раствор

әрлеу жабыны – отделочное покрытие сграффито сылағы – сылақ-өрнек

салмалы бөлшек – закладная деталь кедір-бұдырлы – шереховатость

дыбысты сіңіру – звукопоглощение қаптау – обмуровка; облицовка

сылақ жұмыстары – штукатурная работа бет – поверхность; лицевой

сәндік сылақ – декоративная штукатурка жамылғы – накрывка

кәдімгі сылақ – обыкновенная штукатурка

таза кварц құмы – чистый кварцевый песок

майлау құралдары – малярный инструмент

жоғары сапалы сылақ – высококачественная поверхность

169-тапсырма. Берілген сөздердің антонимін тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. соңғы – 4. астыңғы –

3. ішкі – 2. кедір-бұдырлы –

5. тез –

170-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Ішкі әрлеу жұмыстары -------------------------------------------------------------

2. Сылақ дегеніміз ---------------------------------------------------------------------

3. Кәдімгі сылақ ------------------------------------------------------------------------

4. Арнайы сылақ -----------------------------------------------------------------------

5. Сграффито сылағы деп ------------------------------------------------------------

171-тапсырма. Сөздердің синонимдерін тауып аударыңыздар, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Сөздер

Синоним

Аударма

Мысалдар (сөз тіркестері)

1

Қорғау

2

Астыңғы

3

дымқылдану

4

Сіңіру

5

Тез

172-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар. Жауаптардың дұрыс нұсқасын көрсетіңіздер.

1. ... ... жылылықты қорғау, дыбысты сіңіру, рентген сәулесінен қорғау, су айыруды орындау үшін қолданылады.

А) тас сылағы С) арнайы сылақ

В) кәдімгі сылақ Д) сграффито сылағы

2. Ғимараттар мен үймереттерді жөндеудің соңғы кезеңіне ... ... ... жатады.

А) еден төсеу жұмыстары С) су құбырларын орнату

В) ішкі әрлеу жұмыстары Д) ыстық сумен қамту

3. ... ... түзілістерді дымқылдану, коррозия, механикалық бүлдіру әсерлерінен қорғайды.

А) терезе блоктары С) әрлеу жұмыстары

В) есік тоспалары Д) су құбырлары

173-тапсырма. Термин сөздерді тіліндегі аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары

Орыс тіліндегі аудармасы

  1. екі қабатты сылақ

  2. екі жақтаулы есік

  3. екі қабатты бояу

  4. екі аралық рама

  5. екі құбырлы жүйе

а) двухпролетная рама

ә) двухслойная окраска

б) двухтрубная система

в) двухпольная дверь

г) двухслойная штукатурка

174-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ішкі әрлеу жұмыстары дегеніміз не? 2. Әрлеу жұмыстары қандай түрлерге бөлінеді? 3. Қаптау және сылақ жұмыстарын қай кезде бастайды? 4. Сылақ жұмысы дегеніміз не? 5. Кәдімгі сылақ деген қандай сылақ? 6. Бүрку, грунт, жамылғы қабаттары қандай қызмет атқарады? 7. Жоғары сапалы сылақ қандай қабаттардан тұрады? 8. Арнайы сылақ қандай мақсатта жасалады? 9. Сграффито сылағы дегеніміз не? 10. Тас сылағы қалай жүргізіледі? 11. Сәндік сылақтың басқалардан ерекшелігі неде?

175-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Әк (известь) – бор және басқа карбонатты жыныстан өңдеуімен алынатын тұтқырғыш зат әк. Сөндірілген (ұнтақ) және сөндірілмеген (қызулы) әк болады.

Қысқы тас қалау (кладка зимняя) – сыртқы ауаның температурасы теріс кезде аязға қарсы қоспалары бар ерітінділер немесе қатыру тәсілін қолданып тас құрылымдарын тұрғызу.

Әрлеу ерітіндісі (растворы отделочные) – түрлі-түсті сәндіктер мен кәдімгі сылақ үшін ерітінді бөлінеді.

Сылақ станциялары (штукатурные станции) – ерітіндіні қабылдау, оны сақтау, қажетті жеткізудің араластыруы, жұмыс орнына тасымалдау және өңделген бетке түсіру үшін қолданады.

Әдістемелік ұсыныс: Ғимарат жайларды жөндеудің соңғы кезеңіне жататын ішкі әрлеу жұмыстарымен танысу. Ақтау, сырлау, бояу жұмыстарының ерекшеліктеріне назар аудару.

Әдебиет: Нег.: 1 [46-48]

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі әрлеу жұмыстары дегеніміз не?

2. Кәдімгі сылақ деген қандай сылақ?

3. Жоғары сапалы сылақ қандай қабаттардан тұрады?

8-апта. 23-тәжірибелік сабақ

176-тапсырма. Тұсқағазды жабыстыру жұмыстары туралы мәліметпен танысып, мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Т ұ с қ а ғ а з ж а б ы с т ы р у

Тұсқағаз – біркелкі немесе түрлі-түсті фонға бояу болмаса бедерлі баспа тәсілімен салынған алуан түрлі өрнегі бар қағаз текті әрлеу материалы.

Жапсырма тұсқағаздың кейбір түрлері (мысалы, жуылатын) ылғалға төзімді болады, оларды дымқыл шүберекпен сүрткенде беті бүлінбейді. Пленка қабаты бар тұсқағаздар суға және кір алғыш ерітінділерге мейлінше төзімді келеді.

Тұсқағаздар оралған күйінде ені 500, 600 және 750 мм етіп шығарылады. Орамалардың ұзындығы 7,0; 10,5; 12,0 және 18,0 м. Тұрғын үйге жапсыруға қанша қағаз кететінін білу үшін бір орамадағы қағазды үйдің төбесінен еніне дейін неше рет жапсыруға жететінін есептеп шығару керек. Бұдан соң қарапайым тәсілмен тұсқағаз жапсырылатын қабырғалардың жалпы ұзындығын есептей отырып, қажетті орама санын анықтауға болады.

Тұсқағаз желімделетін бөлменің температурасы 5 С-тан төмен болмауы тиіс. Қабырғалардың беті біркелкі тегіс және мейлінше құрғақ болған жағдайда ғана жапсыру жұмысы жүргізіледі. Ылғалдылығы жоғары бөлмелерге (ванна, душ) тұсқағаз қолданылмайды. Тұсқағаз жапсыруды барлық майлау жұмыстары (еденді сырлаудан басқа) аяқталған соң бастаған жөн. Сылақ жағылған қабырғаларды абразив материалымен (тегістеуші тас, тегістегіш тері) немесе пемзамен бетін тегістей отырып тазалайды.

Ағаштан қиып салынған үйдің қабырғаларына тұсқағаз үй әбден кепкен соң, кемінде бір жылдан кейін барып жапсырылады. Бөренелер арасындағы ойыққа үш бұрышты тақтай-сына қағып, ал олардың жіктеріне 2-3 қабат қағаз қиындысын жапсырып тегістейді. Саңылауларды сондай-ақ әк ерітінділерімен де бітеуге болады, бірақ әкті әбден кептіру керек. Ағаш қабырғаларды көбіне картонмен қаптайды. Шегелердің басына майлы бояу жағып, картон парақтардың түйіскен тұстарына қағаз жапсырып, бетін сылап тастайды. Фанера қағылған жерлерін немесе жіктерін сылақпен бекітіп, кепкеннен кейін пемзамен тегістеу керек. Шегелердің басын фанераға немесе сылаққа «сіңіре» кіргізіп, бетін сылап тастайды. Қағаз жапсырар алдында қабырғалардың плинтустар мен жақтаулардың арасындағы қуыстарды мұқият бітеу керек.

Тұсқағаз үшін әдетте газет қағазы пайдаланылады. Ол үшін әр қағаз параққа клейстер (крахмалдан, ұннан жасалған желім) жағып, жиектерін қиыстыра немесе саңылау қалмайтындай етіп жапсырады. Желімделген парақтарды таза шүберекпен немесе қыл щеткамен қағаздың бетінде бүршіктер, қыртыстар болмайтындай және тұтас жабысатындай етіп жазады.

Плинтустар мен жақтаулардың жиегіне келетін, сондай-ақ карниздердің астына кіретін бұрыштары мен жолақ тұстарына алдымен мұқият клейстер жағады. 4-5 сағаттан кейін, қағаз астары кепкен бойда, оны қайта тексеріп, бұдыр және шығыңқы тұстарын пемзамен тегістеу керек.

Клейстер жағылған жалпақ тұсқағаздарды қабырғаға жоғары жағынан бастап жапсырады. Тұсқағаз жапсырылған тұсты желден, артық ылғал мен шақырайған күн көзінен сақтау керек.

Сөздік:

жуылатын тұсқағаздар – моющиеся обои жақпа, бітеуіш – замазка

біркелкі түрлі-түсті – равномерно-цветная жиек, ернеу – кромка

тұсқағаз қайшысы – обойные ножницы тегістегіш – гладилка

түкті тұсқағаздар – ворсовые обои тұсқағаз – обои

тегістеу – выравнивание; затирка бөрене – бревно

ылғалға төзімді – влагостойкая кеуектас – пемза

жапсыру, желімдеу – склейка орама – рулон

еденкемер, ернеулік – плинтус желім – клей

177-тапсырма. Берілген етістіктерге -ма/ме; -ба/бе; -па/пе қосымшаларын жалғап, болымсыз етістіктер жасаңыздар.

Желімдейді, сырланады, бекітеді, жапсырады, қаптайды, қолданады, кеседі, бүлінеді, тегістейді, құрғатады.

178-тапсырма. Мәтіннен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың жасалу жолын түсіндіріңіздер.

179-тапсырма. «Тұсқағаз» сөзімен бірнеше сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і : Сапалы тұсқағаз. Тұсқағазды ауыстыру.

180-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тұсқағаз дегеніміз қандай материал? 2. Қандай тұсқағаздар ылғалға төзімді келеді? 3. Тұсқағаз орамаларының ұзындығы қанша метр болады? 4. Бір бөлмеге қанша тұсқағаз жұмсалатынын қалай есептейді? 5. Тұсқағазды қандай бөлмелерге жабыстыруға болмайды? 6. Тұсқағаз жабыстырылатын бөлмеге қандай талаптар қойылады? 7. Сылақ жүргізілген және тегіс емес қабырғаларды немен қалай тазалайды? 8. Ағаш қабырғаларды немен қаптайды? 9. Саңылауларды қалай бітейді? 10. Фанера қағылған жерлер мен жіктерді немен бекітіп тегістейді? 11. Тұсқағаз қалай жапсырылады?

181-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Тұсқағаз жұмыстары (обойные работы)қабырлар мен төбелер беттеріне тұсқағаз не басқа оралма материалдар жапсыру бойынша жұмыстар. Тұсқағаз жұмыстарының технологиялық үрдісі беттерді дайындаудан және оларды желімдеуден тұрады.

Желім (клей) – жоғары адгезиялық қабілетке ие синтетикалық зат.

Қаптау (обделка) – жер асты ғимараттарының орнын бекітетін және олардың ішкі беттерін құрайтын тұрақты құрылым.

Әдістемелік ұсыныс: Тұсқағаз жабыстырудың негізгі ережелерін нақты білу үшін, салалық әдебиеттерді оқу, материалды меңгеру.

Әдебиет: Нег.: 7 [34-38]

Бақылау сұрақтары:

1. Тұсқағаз қалай жапсырылады?

2. Бір бөлмеге қанша тұсқағаз жұмсалатынын қалай есептейді?

3. Тұсқағаз жабыстырылатын бөлмеге қандай талаптар қойылады?

8-апта. 24-тәжірибелік сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

9-апта. 25-тәжірибелік сабақ

182-тапсырма. Құрылыс саласында кең түрде қолданылатын тас материалдары туралы мәтінмен мұқият танысып, сабақ барысында талқылаңыздар.

Қ ұ р ы л ы с м а т е р и а л д а р ы

* * * * *

Т а б и ғ и т а с м а т е р и а л д а р ы

Табиғи тас материалдары деп тау жыныстарын механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау және тағы басқа тәсілдер) арқылы алынатын плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және жалпақ тастар, жол жиек тастары, щебен, ұсақталған құм сияқты т.б. өнімдерді айтады.

Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын төмендегінше үлкен екі топқа жіктеуге болады:

1. Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар: үйлерді және ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді, басқа да көптеген инженерлік құрылыстарды қаптауға, жол және гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын көтеруге, өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, басқыш алабын құрамдауға, құрылыс ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б. көптеген мақсаттар үшін пайдаланады.

2. Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару үшін (керамика, шыны, минералдық байланыстырушылар, т.б.) шикізат ретінде қолданылатын минералдық жыныстар. Жасанды материалдарын алу процесінде табиғи тау жыныстарының құрамы, физикалық-механикалық қасиеттері өзгеріске толық ұшырайды.

Тау тас материалдарын өндіру технологиясының ерекшелігіне байланысты үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Жекелеген қабырға тасы – арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тау сілемінен кесіліп алынатын геометриялық дұрыс пішінді бұйымдар.

2. Қаптаушы немесе әсемдеуші тас бұйымдары – алдын ала тас сілемінен кесіліп алынған тас блоктарын тіліп, сонан кейін түрлі тәсілмен фактураланатын плиталар, үйлерді және ғимараттарды өңдеуге жарамды бұйымдар.

3. Руда емес материалдар – ұсақталған тас (щебень, қиыршық тас, құм).

Құрылыста әрбір табиғи тастан жасалған материалдар мен бұйымдарға қойылатын нақтылы техникалық талаптар бекітілген. Мысалы, үйлердің іргесін көтеру үшін, арнаулы табиғи жыныстан жасалған кесек пішінді (бут) тас, тілінген және шағылған тастар қолданады. Ал қабырғасын қалау үшін ізбес тастарынан доломиттерден, құмдық тастан, жанартаулық туфтан, т.б. жыныстардан жасалынған плиталар, блоктар жарамды.

Үйлер мен ғимараттардың сыртын қаптау үшін атмосфераның және аяздың әсеріне тұрақтылығы жоғары келетін тастардан (граниттен, сиениттен, диориттен, габбродан, кварциттен, андезиттен, базальттен) жасалынып тиісті тәсілмен өңделген плиталар және профильделінген бұйымдар қолданады. Іш жағын өңдеу үшін тиісті көрнекілігі, мықтылығы бар тау жыныстарынан (мрамордан, кеуекті ізбес тастарынан, оларды ракушечник, травертин деп те атайды, туфтан) жасалынған плиталарды қолданады.

Сөздік:

тау жыныстары – горная порода жару – расколоть, рубить

жалпақ тастар – плоское камень қиыршықтас – щебень

ұсақталған тас – дробленный камень ұсақтау – дробить

жол жиек тастары – дорожный бордюр шикізат – сырье

жасанды материал – искусственный материал тілу – пилить

механикалық өңдеу – механическая обработка

қаптағыш материалдар – облицовочные материалы

жекелеген қабырға тасы – отдельный стеновой камень

табиғи тас материалдары – природный каменные материалы

183-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Табиғи тас материалдары, шикізат, ұсақталған тас, техникалық талап, жасанды материалдар, керамика, қаптау, қабырға тасы, инженерлік құрылыстар, іргетас, өңдеу, тау жынысы, әсемдеуші тас бұйымдары.

184-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Табиғи тас материалдары дегеніміз не? 2. Табиғи тас материалдары қандай топтарға бөлінеді? 3. Жекелеген қабырға тасы деп нені айтады? 4. Қаптаушы және әсемдеуші тас бұйымдарына нелер жатады? 5. Руда емес материалдарды атаңыздар? 6. Құрылыста табиғи тастан жасалған материалдарға қандай техникалық талаптар қойылады?

185-тапсырма. Мәтіннен есімше тұлғалы сөздерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп беріңіздер.

186-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Тау жынысы (горная порода) – геологиялық үрдістің өнімі болып табылатын және жер қыртысында өздік денелер пайда болатын белгіленген құрамы мен құрылымының аз немесе көп табиғи минералды агрегат.

Қиыршықтас (щебень) – 3-70 мм-ден дәннің ірілігімен тау жыныстарының қатты уатқыш өнімі. Қиыршықтасты даярлау үшін атқылау, шөгінді, метаморфты жыныс және малтатас.

Шу (шум) – денсаулық үшін зиянды немесе басқа қатынаста қауіпті болатын немесе есту қабілетінен айырылуды тудыру мүмкін кез келген шу.

187-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына құрастырылған сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]