Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Архитектор м. Меңдіқұлов

Малбағар Меңдіқұлов – кеңес одағының архитекторы, бұрынғы ҚазКСР-інің еңбек сіңірген архитекторы, архитектура кандидаты, Кеңес одағы Құрылыс және архитектура академиясының корреспондент мүшесі, Коммунистік партияның мүшесі болған.

Ол 1909 жылы 10 қарашада қазіргі Орынбор облысындағы Қарабұтақ деген жерде дүниеге келген.

М.Меңдіқұлов 1936 жылы Ташкенттегі Орта Азия индустрия (кейінгі политех.) институтының архитектура факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1937-41 жылдар аралығы мен 1945-47 жылдар аралығында ол Ташкентте қызмет етті.

1953-62 жылдар аралығында ол ҚазКСР Ғылым академиясының Архитектура, құрылыс материалдары институтының директоры қызметін атқарды, сонымен қатар ҚазССР министрлік кеңесінің жанындағы архитектура істері басқармасының бастығы қызметін және Кеңес одағы Құрылыс және архитектура академиясы қазақ филиалының жетекшісі қызметін атқарды.

1964-71 жылдар аралығында Алматы қаласының бас архитектуры қызметін атқарды.

М.Меңдіқұлов 1971-80 жылдар аралығында Қазақ политехникалық институтында архитектура тарихы кафедрасының меңгерушісі болды, 1976 жылдан профессор атанды.

Оның архитектура саласындағы басты еңбектері: Ташкенттегі газет-журнал комбинатының үйі (басқалармен бірігіп), Ташкент каналының Ангрен дюкері, Алматыдағы шарап зауытының үйі мен Неке сарайы (өзгелермен бірге), М.О. Әуезов пен Жамбыл ескеткіштері.

М.Меңдіқұлов Қызыл ту, 1-және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендері, Қызыл жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендері және медальдармен наградталған.

М.Меңдіқұловтың жарыққа шыққан шығармалары:

1. Батыс Үстірт пен Маңғыстау түбегіндегі архитектуралық ескерткіштер. Алма-Ата, 1956 ж.

2. Қазақстанның сәулет өнері. Алма-Ата, 1959 ж (авторлық бірлестікте).

3. Қайта жаңғырған Сарыарқа. Алма-Ата, 1967.

М.Меңдіқұлов 1986 жылы 17 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

Сөздік:

еңбек сіңірген – заслуженный

кафедра меңгерушісі – заведующий кафедрой

жарыққа шыққан шығармалары – произведения, вышедшие в свет

280-тапсырма. Мәтін негізінде сұхбаттасыңыздар.

281-тапсырма. Ғибрат сөздердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар.

Мәдениет дегеніміз – адам баласының ақыл-ойы, жігері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі – зор қоғамдық сипат.

(Әлкей Марғұлан)

...Тарихи-мәдени белгілер ұлы Отанның бір қырын танытар айнасы.

(Әлкей Марғұлан)

Мәдениет пен өнер ісінің сан алуан сәулетті түрін көп уақыт сақтап, келесі заманға мирас етіп отыруға болады.

(Әлкей Марғұлан)

Мәдениет тарихын білмей тұрып, мәдениетті адам болу мүмкін емес.

(М. Горький)

Мәдениет халықтың ең үлкен рухани азығы. Бұл салаға көрінген көк атты келе бермейді, халыққа мәдени қызмет көрсететін маманның өзі мәдениет пен білімді кемел игерген адам болуға тиіс.

(Ілияс Омаров)

Мәдениет көтеру үшін мәдениет тарихын, адамзаттың барлық мәдени мұрасын білу керек.

(М. Калинин)

Адамның мәдениеттілігінің, ой-өрісінің кеңдігінің, жан дүниесінің ләззатшыл нәзіктігінің бірден-бір белгісі – көркем әдебиетті қол үзбей оқи білуі. (Евней Букетов)

282-тапсырма. Мәтіннен тұрлаулы мүшелерді табыңыздар.

Қазақ даласының шетінде бекіністер, бекеттер салу ХІХ ғасырдың отызыншы жылдарында белсенді түрде жүргізілді. Ол әуелі әскери-ғылыми, барлау экспедицияларын жүргізуден басталды. Қазақтарға бекініс шептерінен өтуге тыйым салынды. Империяның отарлау саясаты жүзеге асырған шаралардың бірі – қазақтардың көшіп-қону ауқымын тарылту болды.

Верный бекінісінің әкімшілік-қоғамдық орталығы ХІХ ғасырдың 80 жылдарының орта шенінде қазіргі 28 гвардияшы-панфиловшылар паркі жағында (бұрынғы қала бағы) салынды. Бақтың айналасында неғұрлым ірі ғимараттар: губернатор үйі, офицерлер жиналысы үйі, қоғамдық жиналыс ғимараты, гимназия орналасты. Тастан тұрғызылған көптеген құрылыстар 1887 жылғы жер сілкінісінен қираған. Ескі Алматының алғашқы сәулетшісі А.П.Зенков (1863-1936) болды.

283-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердегі есімше тұлғалы етістіктердің астын сызыңыздар.

  1. Толған ел – тарихын таспен жазады, 2. Көрмес түйені де көрмес.

Тозған ел – тарихын жаспен жазады.

* * * * *

3. Қатардан ассаң да, 4. Біз ғылымды сатып,

халықтан аспақ жоқ. мал іздемек емеспіз.

* * * * *

5. Нәрсенің сыртына қызықпа, 6. Атасынан ақыл алса,

асылы ішінде болар. тентек ұл да жөнделер.

284-тапсырма. Мәтінге тақырып қойып, ондағы анықтауыштарды табыңыздар.

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Алматы – мәдениет пен өнер, білімнің орталығы. Қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып саналатын опера және балет театрының үйі, Республика сарайы, Әуезов атындағы театр, Орталық мұражай, Ғылым академиясының бас ғимараты сияқты т.б. ғимараттар бар. Медеу спорт кешені – бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100-ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театр, концерт және кинозалдар бар.

Республика тәуелсіздігінің бесігі – алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.

285-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]