Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Камин. Радиатор. Электр конвектор

Сумен және бумен жылыту жүйелерінің негізгі элементтерінің бірі – жылыту аспаптары. Жылыту аспаптарына жылутехникалық талап қойылады: аспап қабырғасының бірлік ауданы арқылы бөлмеге жылу тасымалдағыштан неғұрлым көп мөлшерде жылу ағынын алып беруі қажет. Сонымен қатар, аспаптар механикалық төзімді, тасымалдауға ыңғайлы, су және бу өтпейтін болуы керек. Бөлмелерге қойылатын аспаптарға түрлі талаптар қойылады.

Жылыту аспаптарының әр түрлері болады: радиаторлар, электор конвекторы, панельдер, қырлы құбырлар, тегіс құбырлы аспаптар, калориферлер.

Радиаторлар – кең қолданылатын жылыту аспаптары болып табылады. Олар шойыннан, алюминийден бөлек секциялар ретінде дайындалады. Радиатордың әр секциясы бір-біріне ниппель арқылы қосылады, бөлмеге орналастыратын жылыту аспабының жылулық ауданына байланысты.

Конвекторлар – қырланған құбырдан және қаптамадан тұратын конвективті (75% артық жылу конвекциямен беріледі) аспаптар.

Жылыту аспабының түрі ғимарат пен бөлмелерге қарай таңдалады. Жылыту жүйелерінің жылыту аспаптары сыртқы қабырға тұсына, көбінесе терезе астына орнатылады, себебі, терезеден келетін суық ауа ағындарына тосқауыл болады.

Электр конвекторы – жылу изоляциясы бар ғимараттарда ауаны табиғи конвекция жолымен жылытуға арналған қыздырғыш электр құралы. Оны қалалардағы пәтерде, жылытылған саяжайда не ауылдық үйлерде қолданады. Ол ішінде қыздырғыш элемент – электрлік кедергісі жоғары спираль сым орнатылған, ауа соратын әрі шығаратын саңылауы бар жалпақ металл қорапша түрінде болады. Спираль сым – изоляторға бекітілген ашық немесе электр изоляциялық толтырғышы бар болат құбырға престелген, жабық. Электр конвекторын электр желісіне қосқанда спираль қызып айналасындағы ауаны жылытады, жылынған ауа конвектордың жоғарғы саңылауынан сыртқа шығады. Оның орнына конвектордың төменгі бөлігінен салқын ауа келіп тұрады. Конвектордың қорабы қыздырғыш элементтің қызуын қоршаған ортаға таратады да, жылу берудің конвективтік мөлшерін көбейтеді, әрі ауа ағынын молайтады.

Сөздік:

жылыту жүйесі – система отопления жылытқыш – конвектор

бумен жылыту – паровое отопление жылуескіш – калорифер

сумен жылыту – водяное отопление терезе асты – подоконный

терезе жақтауы – оконный переплет қаптама – кожух; обделка

жылу тасымалдағыш – теплоноситель артық жылу – избыточное тепло

сыртқы қабырға – наружная стена жылулық ағын – тепловой поток

ауа ағындары – воздушный поток қырлы құбыр – ребристый труба

ауамен жылыту – воздушное отопление

142-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Радиатор, қырлы құбырлар, электр конвекторы, төзімді, сыртқы қабырға, ауа, терезе асты, жылыту аспаптары, қоршаған орта, ауданы, сумен жылыту.

143-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай іріктеп, сәйкестендіріңіздер.

1. бумен а) аспаптары

2. механикалық ә) өтпейтін

3. жылу б) құбырлар

4. сыртқы в) тасымалдағыш

5. су г) ағыны

6. жылыту ғ) талап

7. жылутехникалық д) ауа

8. қырлы е) конвекторы

9. электр ж) қабырға

10. салқын з) төзімді

144-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Жылыту аспаптарына қандай жылутеникалық талаптар қойылады? 2. Аспаптар қандай болу керек? 3. Жылыту аспатарына нелер жатады? 4. Радиаторлар дегеніміз не? 5. Конвекторлар қандай аспаптар? 6. Жылыту аспаптарын көбінесе бөлменің қай жерлеріне орналастырады? 7. Электр конвекторы қандай құрал? 8. Электр конвекторларын қандай жерлерде қолданады? 9. Спираль сым деген не?

145-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Электр жылыту (электроотопление) – жылыту үшін электр қыздырмалы құралдарды қолдану.

Инженерлік жүйелердің жер асты құрылыстары (подземные сооружения инженерных систем) – жылулық қораптар, өтпелі және жартылай өтпелі арналар, коллекторлар мен құдықтар.

Ауа құбыры (воздуховод) – ауа алмастыру, ауамен жылыту, ауаны шартқа сәйкестендіру жүйелерінде қолданылатын ауаны ауыстыруға, сондай-ақ технологиялық мақсатпен ауаны тасымалдауға арналған құбыр.

Тік құбыр (стояк) – су (газ) үлестіру аспаптарына және өрт сөндіру шүмектеріне тармақтар арқылы су (не газ) беру немесе санитарлық аспаптардан алып кетуші құбырлар арқылы келетін сарқынды суларды әкету үшін, барлық қабаттар арқылы өтетін тұрғын және өндірістік үймереттің ішіндегі тік құбыр.

Сусіңгіштік (водопроницаемость) – материалдың қысым әсерімен суды өткізу қасиеті.

146-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, не туралы ақпарат берілгенін мазмұндап айтып беріңіздер.

  • КЕРЕК ДЕРЕК!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]