Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

1.9 Курстың саясаты және тәртібі

Курстың саясаты мен тәртібі оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негіздеуі қажет. Студенттер өз уақытысында өзіндік жұмысын орындап, оқытушыға тапсырып отыруы керек.

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Тақырып атаулары

Академиялық сағат саны

Тәжірибелік

сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

1

Сәулет өнері

3

3

3

2

Республикадағы құрылыс ісі

3

3

3

3

Тұрғын үй салудың жобасы

3

3

3

4

Құрылыс машиналары

3

3

3

5

Құрылыстық инженерлік жүйелер

3

3

3

6

Ауа үрлеу және салқындау жүйелері

3

3

3

7

Ғимараттардың қосалқы жұмыстары

3

3

3

8

Әрлеу жұмыстары

3

3

3

9

Құрылыс материалдары

3

3

3

10

Металл материалдары, оларды қолдану

3

3

3

11

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

3

3

3

12

Үлкен парасат иелері

3

3

3

13

Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай

3

3

3

14

Қоғамдық ғимараттардың архитектурасы

3

3

3

15

Балуан Шолақ атындағы спорт кешені

3

3

3

Барлығы: 135 сағат

45

45

45

1-апта. 1-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Мәтінмен танысып, сәулет өнері жайлы білетіндеріңізді өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

С ә у л е т ө н е р і

* * * * *

А р х и т е к т у р а

Архитектура (латынша archi – tectura, грек.architekton – құрылысшы), сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Өзінің атқаратын қызметіне қарай архитектура негізгі үш түрге бөлінеді: көлемдік ғимараттар құрылысының архитектурасы (тұрғын үй, театр, мектеп, дүкен); қаланы көріктендіру немесе жасыл-желек архитектурасы ((бақ-парк, фонтандар); қала құрылысының архитектурасы, яғни қала салу өнері (жаңа қалалар салу, ескі аудандарын жаңарту).

Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып саналған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Миллиондаған халқы бар қаланы да, шағын тұрғыны бар ауылды да салу оңай емес. Бұл салада архитекторға тек қана сәулетші болу аз, ол социология мен гигиенаны, экономика мен экологияны, транспорт пен қала шаруасын білуі керек. Жеке ғимараттардан ансамбль құру мәселесі, қаланың қайталанбас кескін-келбетін жасауға тырысу, ескі құрылыс пен жаңа құрылыстың үйлесімді шешімін табу асқан шеберлікті керек етеді.

Архитектор гректің «архитектон» деген сөзінен алынған. Алғашқы мағынасы құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді. Ал Даль – архитектор деген терминге «ғалым-құрылысшы», «суретші-құрылысшы» деген анықтама береді.

Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша, сәулеттік шығармаларда бұлжымайтын үш қасиет болу керек: беріктік, қолайлылық және әдемілік. Беріктік – инженерлік есепке, қолайлылық – тұрмысты білуге байланысты болса, әдемілік – сәулетшінің талант-талғамынан туады.

Бүгінгі күннің сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Электроника, эскалатор мен лифттер, сантехникалық бұйымдар, ауа тартқыш тетіктерсіз бір де бір ірі құрылыс салынбайды. Алдыңғы қатарлы технологияны өнердің әдемілік шарттарымен ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек.

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, тал шыбықтардан және балшықтан салды. Су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгірлер мен дольмендер пайда болды. Менгірлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді.

Сөздік:

тұрғын үйлер – жилые дома беріктік – прочнось

жабдық – оборудование әдемілік – красота

адамзат – человечество салу – строить

шеберлік –мастерство бейне – образ

құрылысты жобалау – проектирование строительства

қоғамдық ғимарат – общественное сооружение

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сәулет өнері дегеніміз не? 2. Сәулет өнері атқаратын қызметіне қарай қаншаға бөлінеді? 3. Сәулет өнерінің туындылары нені қалыптастырады? 4. Сәулетші болу үшін нені білу керек? 5. Витрувийдің айтуынша, сәулеттік шығармалар қандай қасиетті керек етеді? 6. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты? 7. Ірі тастардан қаланған қандай монументті құрылыстарды білесіңдер?

3-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріндегі қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңыздар.

Құрылысшы, сәулет өнері, тұрғын үй, дүкен, қоғамдық ғимараттар, ғалым-құрылысшы, оңай жұмыс емес, жаңа үй, шеңбер жасау, үйдің іргетасы, бөлменің қабырғасы, сарайдың төбесі, үй жиһаздары, қаһарман қалалар, көне шаһар.

4-тапсырма. Төменде берілген сөздерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ғимарат, үй, қала, мектеп, құрылысшы, сәулетші, аудан, кешен, ауыл, көлік, шығарма, жабдық, бұйым, тетік, тас, құрылыс, төбе, шатыр, дольмен, қабырға.

5-тапсырма. Төменде берілген есім сөздерді жіктеңіздер.

Инженер, маман, мүсінші, құрылысшы, сәулетші, кескіндемеші, жұмысшы, суретші, жинақтаушы, шебер, ісмер, зергер.

Ү л г і : Жекеше түрде: Көпше түрде:

I жақ Мен инженермін I жақ Біз инженерміз

II жақ Сен инженерсің II жақ Сендер инженерсіңдер

Сіз инженерсіз Сіздер инженерсіздер

III жақ Ол инженер III жақ Олар инженерлер

6-тапсырма. Жаңылтпашты жатқа айтыңыздар.

Дән – дәулет, Сән – сәулет,

Дәулет – дән. Сәулет – сән.

7-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Сәулет объектісі – сәулет жобасы негізінде құрылған үймерет, ғимарат, үймереттер мен ғимараттар кешені, олардың бейнесі (көрінісі), жайластырушылық, көрініс не бақпарк өнерінің объектілері.

Сәулет жобасы – жобалауда суретші қатысуы қажет объектілердің құрылысына құжаттамалар жасау үшін қажетті көлемде объектіге әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, инженерлік, техникалық, өртке қарсы сақтық, санитарлық-тазалық, экологиялық, сәулет-көркемдік және басқа да талаптарды кешенді есепке алатын сәулет шешімдері бар құрылыс және қала құрылысы құжаттамасының сәулет бөлімі.

8-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап, мағынасын есте сақтаңыздар.

Сәулет – үнсіз музыка. Өнер сыры – өрнекте.

(И.Гете) (Ғ.Мүсірепов)

Архитектура әндер мен аңыздар үнсіз қалып, жер бетінен жойылған халық туралы ештеңе де айтпайтын кездерде де тарих шежіресін жырлап тұрады.

(Н.В.Гоголь)

Ғимарат салғанда адамның тұруына ыңғайлығын әдемілікке ұштастыра білген суретші – мақтауға тұратын сәулетші.

(Д.Бернини)

Әдістемелік ұсыныс: Сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігі мен оның басқа салалармен тығыз байланысы жөнінде мәлімет беру.

Әдебиет: Нег.: 5 [4-10]; Қос.: 19 [27-29]

Бақылау сұрақтары:

1. Сәулет өнері дегеніміз не?

2. Сәулетші болу үшін нені білу керек?

3. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты?

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

9-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, Қазақстан жеріндегі кәсіптік мүсін өнерінің пайда болуы жайлы мәліметтерді меңгеріп, мазмұндаңыздар.

М ү с і н ө н е р і

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Бұл – латын тілінде «шекимін, қашаймын» деген сөз. Мүсін туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік және аумақтық) құралады. Мүсін қатты немесе пластикалық материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарларды) бейнелейді. Мүсіннің тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символикалық және аллегориялық фигуралар, анималистік мүсіндер.

Мүсін мазмұнына қарай: а) монументті-сәндік, қондырғылы немесе ә) шағын формадағы мүсін болып екіге бөлінеді. Мүсіннің өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку т.б. болып келеді. Мүсін негізінен екі түрге бөлінеді: жұмыс (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру). Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады.

Монумент мүсіндерге мемориал құрылыстар кіреді. Бұл латынның «мемориалист» – «ескерткіш» деген сөзінен шыққан. Қазақстан жерінде көне ескерткіштер палеолит дәуірінде пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениетке жауынгер-жасақтарды, кейде балалы ананы бейнелейтін балбалдар (тастан қашалған бейнелер) жатады. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Орта ғасырға жататын қорымдардағы тас-мүсіндердің («Қойтас», «құлпытас» т.б) бетіне көбінесе көгеріс пен геометриялық өрнектер салынып безендірілген. Қазақстан жеріндегі кәсіптік мүсіннің пайда болуы 3 мың жылдан асады. Тас мүсіндер тарихта болған адамдарды еске түсіру үшін жасалған жеке кісінің бейнесі (балбал) ретінде қашалды. Мүсін өнерінің бұл түрі түркі қағандығы мен оғыз заманы өнерінде кең қанат жайды.

Қазақстан жерінде 6-8-ғасырларда түркілердің үстемдік етуімен бірге төрт бұрышты тас тақталармен қоршалған, болмаса үйілген қабірлердің үстінен тастан немесе ағаштан жасалған, бетін шығысқа қаратқан адам тәріздес мүсін орнату дәстүрі туды.

Шағын формадағы мүсіннің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланысты болғанмен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Мемориал ескерткіштерде мүсін шығармалар – статуялар мен рельефтер сәулет өнерімен терең қабысып жатыр. Сондықтан кейде оларды мүсін-сәулет ансамбльдері деп те атайды.

Ескерткіштер мен мемориал ансамбльдерде азаматтық, патриоттық ойлар мен сезімдер өз кескінін табады. Монумент мүсіндерге сондай-ақ саябақтарды, жекелеген үйлерді безендіретін туындылар да қосылады. Ол – сәндік монумент мүсіндер деп аталады.

Сөздік:

ойып безендіру, әсемдеу – инкрустация ескерткіш – памятник

кең қанат жайды – распространился қашау – долото

қондырғы, орнату – установка көне дәуірде – в древней эпохе

мүсін туындылары – скульптурные произведения

10-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мүсін өнеріне не жатады? 2. Мазмұнына қарай мүсін қаншаға бөлінеді? 3. Мүсіннің қандай өңдеу тәсілдері бар? 4. Тас мүсіндер не үшін қашалады? 5. Көне ескерткіштер қашан пайда болды? 6. Мүсін орнату дәстүрі қашан пайда болды?

11-тапсырма. Сөйлемдерді мәтіннің мазмұнына қарай өзгертіп жазыңыздар.

1. Мүсін өнері латынның – «ою» деген сөзі.

2. Мүсін «жүннен» жасалады.

3. Мүсіннің өңдеу тәсілдері: тасымалдау, жинақтау, әрлеу.

4. Қазақстан жерінде кәсіптік мүсін болған емес.

5. Мүсін шығармалары тіл өнерімен терең қабысып жатыр.

12-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есімдерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Алаша хан кесенесі – сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған тарихи ескерткіш.

13-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне тәуелдік жалғауын жалғап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Кәсіп, байлық, сұлулық, жасақ, батырлық, ерлік, азаматтық, кітап, көлік, шаттық, ризық, мектеп, академик, суреткерлік, әдемілік, беріктік, қолайлылық.

14-тапсырма. Көптік жалғауында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жалғану тәртібін түсіндіріңіздер.

Мемориал құрылыстар – белгілі бір елдің тарихы мен қалаларының айтулы мерзіміне (даталарына), халықтың соғыс кезіндегі және бейбіт еңбек ерліктеріне арналып салынған архитектуралық құрылыстар, сәулет-мүсінді ескерткіштер ансамблі. Мемориал құрылыстар бір немесе бірнеше адамның есімін мәңгілік есте сақтау үшін де салынады. Пішімі мен композициялық құрылымына қарай ежелгі мемориал құрылыстар қорғандардан, шикі кірпіштен қаланған, күйдірілген кірпіштен өрілген және табиғи тастардан қиып орнатқан кешендерден тұрады.

15-тапсырма. Қазақстанның жеті кереметінің бірі – «Алтын адам». Оның мүсінінің сәулет өнерінде алатын орны туралы ойларыңызды айтыңыздар.

16-тапсырма. Қазақстандағы салынған сәулет-мүсінді ірі-ірі мемориал құрылыстарын атап шығыңыздар.

17-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, буын түрлерін ажыратыңыздар.

Қаһарман қала

Ұлы Отан соғысы жүріп жатты. Жау Ленинград қаласын қоршауға алды. Қоршау тоғыз жүз күнге созылды. Қала жауға берілмеді. Қаһарлы соғыстың қиындығын жеңді. Ол Қаһармен қала атанды.

Қаһарман қалалардың қандай мемориалдық құрылыстарын білесіңдер?

Әдістемелік ұсыныс: Архитектуралық шағын формалардан тұратын мемориалдық құрылыстар кешендерін сипаттау.

Әдебиет: Нег.: 5 [4-7]; Қос.: 19 [30-32]

Бақылау сұрақтары:

1. Мүсін өнеріне не жатады?

2. Мазмұнына қарай мүсін қаншаға бөлінеді?

3. Мүсін орнату дәстүрі қашан пайда болды?

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ

18-тапсырма. Мәтінмен танысып, бейнелеу өнерінің салалары туралы өз білетіндеріңізді қосып, толықтырып, мазмұндаңыздар.

Н а т ю р м о р т

Натюрморт – бейнелеу өнерінің (негізінен қондырғылы кескіндеменің) бір саласы. Бұл – француз тілінде «өлі табиғат» деген сөз. Адамды, қоршаған заттарды бейнелейтін суретті натюрморт дейді. Яғни, натюрмортта бір құрылымға топтастырылған жансыз заттар (оған: гүл, жеміс, ет, балық, күнделікті тұтынатын заттар т.б.), кейде тірі организмдер де (оған: аң, құс, құрт-құмысқа, адам еңбегі мен шығармашылық қызметінің атрибуттары) бейнеленеді.

Осындай заттар қожасының өмірі, талғамы, үйреншікті әдеттері жайында көп сыр аңғарта алады. Түрлі-түсті маталар, ыдыс-аяқ, гүлдер, жеміс-жидектер, теңіз байлығы мен түз құстары сияқты әр қилы көріністер үйлесімі қоршаған ортаның байлығы мен сұлулығын дәріптеп қана қоймай, біздің көңілімізді не мұңға, не шаттыққа бөлейді.

Қай заманның суретшілері де графика, мүсін, бейнелеу өнерінде талай-талай натюрморттар қалдырған. Солардың ішінде 17-ғасырдағы фламанд, голланд суретшілері Ф. Снейдерс, В.Хедтердің натюрморттары айрықша орын алады. Өз шығармаларында олар табиғаттың адамға сыйлайтын мол ризығын, адам қолынан шыққан бұйымдардың сұлулығын бейнелейді.

Қазақстанда натюрморт жанры ұзақ уақыт бойы суретшілердің назарынан тыс қалып келді. Тек 1940-50 жылдардан бастап А.М. Черкасскийдің («Сирень», 1955), А.Ғ. Ғалымбаеваның («Дастархан», 1959; «Алма», 1965); кейінірек Г.М.Ысмайылованың («Таушымылдық», 1963; «Қымыз», 1966); Э.Н.Бабад («Кактус», 1965) шығармаларынан орын ала бастады.

Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбір түрлерін белгілі суретші А.Ғалымбаева өзінің «Дастархан» атты натюрмортында әсерлі берген. Мұндағы күрең бауырсақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақпақ қант пен үгіліп кеткелі тұрған кеудірлек нан, дастархан шетіндегі торғын сүлгі, бұлардың тұсындағы аяққап оюындай бір-бірімен жараса астасып ел байлығының, қазақ дастарханының бір көрінісін тартымды бейнелей түскен. Демек, күн сайын көріп жүрген қарапайым бұйымдар біздің көз алдымызда бұрын-соңды байқалмай келген ерекше жарастық тауып тоғысқан.

Қазіргі кезде натюрморт Қазақстан бейнелеу өнерінде дамыған жанрдың қатарына қосылды. Осы саладағы қылқалам шеберлерін атап өтсек, оларға графиктерден: Е.С. Бейсембинова («Анар бейнеленген натюрморт», 1978; «Капуста», 1980); Б.П. Пак («Натюрморт», 1983); кескіндемешілерден: Т.Т.Тоғысбаев («Қызыл фондағы натюрморт», 1973); С.А. Айтбаев («Кітаптар», 1966); Е.П. Қарасұлов («Лимон бейнеленген натюрморт», 1960) т.б.

Сөздік:

талғампаз – изысканность сұлулық – красота

дәріптеу – возвеличить үйлесім – гармония

көрініс – вид, облик, панорама талғам – вкус

бейнелеу өнері – изобразительное искусство

19-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Натюрморт дегеніміз не? 2. Натюрмортта не бейнеленеді? 3. Әр қилы көріністер, заттар біздің көңілімізді неге бөлейді? 4. ХҮП ғасырдағы қай суретшілердің натюрморттары айрықша орын алады? 5. Өз шығармаларында олар нелерді бейнелейді? 6. Натюрморт жанры Қазақстанда қалай дамыды? 7. Суретші А.Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюрмортында не бейнелеген?

20-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді табыңыздар.

21-тапсырма. Танымал суретшінің салған натюрморты негізінде сын есімдерді қатыстырып, шағын мәтін құрастырыңыздар.

22-тапсырма. Төмендегі берілген сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыздар.

1. Сурет салу дегеніміз не? 2. Акварель бояуы дегеніміз не? 3. Көркемсурет дегеніміз не? 4. Безендіру көркемсуреті туралы не білесіз ? 5. Түс үйлесімі жөнінде не білесіз? 6. Жанр дегеніміз не ? 7. Монументті көркемсурет туралы не білесіз ? 8. Пейзаж дегеніміз не? 9. Жарық-көлеңке дегеніміз не ? 10. Түс гаммасы дегеніміз не ? 11. Майлы бояу не үшін пайдаланылады?

23-тапсырма. Мәтіннен ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөз тіркестерін тауып, олардың ережесін түсіндіріңіздер.

Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақта қайсыбір түстердің рәміздік(символдық) мәні бар: көк түс – аспанның рәмізі, қызыл түс – оттың, күн көзінің рәмізі, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың рәмізі, сары түс – ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның рәмізі, қара түс – жер рәмізі, жасыл түс – жастықтың, көктемнің рәмізі. Затты осы түстердің бірімен бояғанда оған белгілі бір мән беріледі. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты рәміздік мәні де болған. Демек,бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттық өзіне тән талғамы мен татымы болған.

24-тапсырма. Мәтіннен шылауларды табыңыздар.

«Мүйіз» өрнектерінің негізі қойдың, арқардың, бұғының мүйіздерін мегзеуден шыққан. Қазақ оюшылары мүйіз өрнегінің сан қилы мәнерлерін құбылта неше алуан әдемі де мазмұнды композиция жасайды. Осындай мүйіз тектес өрнектер тізбегі Ғылым академиясы үйінің ішкі тіректерінің төбемен жалғасқан жеріне, яғни жоғарғы басына салынған.

«Қандай өрнек болса да, ол адам ойының жемісі ғой. Олай болса, сюжетсіз, мағынасыз ой бола ма? Өрнек те, сурет те белгілі бір ойдан туады. Осыған байланысты шебер де әр түрлі қырымен танылады.

25-тапсырма. Мәтіндегі зат есімдерге сұрақтар қойып, олардың астын сызыңыздар.

Қазақ жері тарихи ескерткіштерге бай. Соның ішінде «Таңбалы тас суреттері» де Қазақстанның жеті кереметінің бірі болып саналады. Мысалы, Алтайдағы жартас суреттерінде қос үшбұрыш іспетті таңбаларға қосымша доға сызықша қосылып тауешкі кескінін бейнелегендей таңбалар кездеседі. Ал Қошқар, Алай, Ыстықкөл ескерткіштері арасында кездесетін екі ұшы имек таңба семантикалық тұрғыдан «арқар мүйіз» идеясымен байланысты болса керек.

26-тапсырма. Ғибрат сөздердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Таза өнердің иесі жомарт келеді. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.

(Сайф Сараи) (Абай Құнанбаев)

Жігіттер, өнер үйрен заманыңда, Осынша өнер тауып асқан-адам

Денсаулық, әлің келген аманыңда. Әлемнің қиын сырын ашар-адам.

(Ақансері Қорамсаұлы) (Ш. Құдайбердиев)

Дүниеде түрлі өнер көп, Өнерсіздің өнбегі жоқ.

өнерді тапқан шебер көп. (Ж. Баласағұн)

(Сәбит Дөнентаев)

Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді.

(М. Әуезов)

Қандай болмасын өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – бұл өнер мәселелерін ақылмен білу және тану қабілеттілігін меңгеру болып табылады.

(әл-Фараби)

Әдістемелік ұсыныс: Бейнелеу өнерінің бір саласы – натюрморт. Натюрморт жанрынан із қалдырған Қазақстан суретшілерінің шығармаларынан алатын әсерге көңіл аудару.

Әдебиет: Нег.: 5 [4-7]; Қос.: 15

Бақылау сұрақтары:

1. Натюрморт дегеніміз не?

2. Натюрмортта не бейнеленеді?

6. Натюрморт жанры Қазақстанда қалай дамыды?

2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

27-тапсырма. Қазақстандағы құрылыс ісі тарихын өздеріңіз білетін деректермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Республикадағы құрылыс ісі

* * * * * *

Қазақстандағы құрылыс ісі

Қазақстандағы құрылыс ісі жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Алғашқы адамдар әуелі үңгірлерді мекендеді. Үңгірі жоқтар жазық далаларда сайлардың, өзен-көлдердің жарқабақтарындағы ықтасындарды пайдаланды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер тұрақтары шағын топ болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыс аңшыларының, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құраған адамдардың тіршілік жайын сипаттады. Бірте-бірте жеркепелер салуды үйренді. Ол үшін жерді тайыздау қазып, үстіне ұзын сырықтар тастаған. Сырықтарға тіреулер қойып, үйдің төбесін бұтақ, қамыс, шөп-шаламмен жапқан, сосын шым топырақпен бастырған. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің іздері сақталып қалды. Мысалы: Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары.

Мұнан 5 мың жылдай бұрын адамдар металды қолдана бастады. Оның үй салуды жақсартуға пайдасы тиді. Тұрақты мекендерде қыстақ салуға мүмкіндік туды. Олардың қабырғалары көбіне бөренелерден тұрғызылды, төбесіне сырықтар тасталып, төбелері жабылды. Негізгі от жағылатын бөлмені айнала қоршаған шаруашылық бөлмелер салынатын. Бәрі сыртынан таспен қоршалып, топырақпен көмілді. Сыртынан қарағанда киіз үйге ұқсады. Мұның өзі киіз үйлердің пайда болуына негіз болды. Қазақстан аймағында киіз үй б.з.б. ҮП ғасырдан бері қарай кеңінен пайдаланылды. Ол мал шаруашылығымен айналысқан көшпелілердің негізгі баспанасына айналды.

Қола дәуірінде қарапайым құрылыс техникалары пайда болып, сәулет өнері дами бастайды. Б.з.б. ІҮ ғасырда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ оның алуан түрлері – цилиндрлі, сопақ, кеспек тәрізді типтері кеңінен қолданылды. Бірқатар зерттеушілер мұны әлемдік сәулет өнерінде алғашқы салынған күмбездер қатарына қосады. Осы кезеңдерде Қазақстандағы қала салу дәстүрі өркендеп, кейін еліміздің көшпенді тұрғындарының сәулет өнері мен құрылыс техникасы дами түсуіне әсер етеді.

Орта ғасырларда шикі кірпіш сәулет өнері қанат жайды. Қала-қорғандар көбейіп, шағын қалалардың сырты соқпа балшықтан немесе шикі кірпіштен соғылған қорғандармен қоршалды. Ертедегі бұл дәуірде отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар цитадельдерге айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Қалалардың экономикалық маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Цитадель, шахристан, рабаттан тұратын қала «мәуеранахерлік үлгідегі қала» атағына ие болды. Еліміздің көптеген қалалары осы үлгі бойынша ғасырлар бойы дамыды.

Сөздік:

шикі (күйдірілмеген) кірпіш – безобжиговый кирпич

балшық-ғаныш ерітіндісі – глино-гипсовый раствор

соқпа өңдеу – ударная обработка

балшық-топырақ – глинозем

тошала, қойма – клеть қорған – замок

кесене – мавзолей бекініс – острог

сопақ – овальный қамал – замок

28-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Алғашқы адамдар қай жерлерді мекендеді? 2. Жеркепелер салу үшін қандай жұмыстар атқарылды? 3. Үй салуға ненің пайдасы тиді? 4. Қыстақ салу үшін қандай жұмыстар атқарылды? 5. Б.з.б. ІҮ ғасырда құрылыста қандай тәсілдер кеңінен қолданыла бастады? 6. Орта ғасырларда шағын қалалардың сырты қандай қорғандармен қоршалды? 7. Бекініс-үйлер қашан, қалай пайда болды? 8. Орта Азияда қандай қалалар салынды?

29-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін тауып, сын есімнің шырай түрлеріне келтіріп, мамандыққа қатысты сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ұзын, қатты, ауыр, тар, қиын, жақын, биік, жоғары, үлкен, жаңа, жуан.

Ү л г і : Ұзын – қысқа. Параллелепипедтің ұзындығы енінен ұзындау болады. Құрылысшылар ұп-ұзын бөренелерді қоймаға қойды.

30-тапсырма. Мәтіннен өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың түрлерін (жедел, бұрынғы) ажыратыңыздар.

31-тапсырма. Өз тараптарыңыздан кестені толтырыңыздар.

жай шырай

салыстырмалы

күшейтпелі шырай

асырмалы шырай

Қызыл

қызылырақ, қызылдау

қып-қызыл

өте қызыл, тым қызыл

Жасыл

Биік

Ауыр

Қысқа

Үлкен

32-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Н.Я. Бичурин нақты деректер келтіре отырып, Оғыз – есімі тарихтан жақсы мәлім Туманның үлкен ұлы Мөде деп біледі. Ал, Мөде белгілі адам. Ол б.з.б. 209 – 174 жылдары өмір сүрген. Бұл кезде табғаш (Қытай) елдері ғұндарға бағынып, оларға алым-салық төлеп тұрған. Олар ғұндардан қорғану үшін өздерінің «ұлы қорғанын» осы кезде салған. Алайда бес мың шақырымға созылған бұл биік қорған Мөденің жақсы қаруланған қалың жасағына бөгет бола алған жоқ.

Сөйтіп, Оғыз қаған – ғұндардың әміршісі Мөденің әдеби бейнесі деген болжам бар.

33-тапсырма. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыздар.

  1. Жаңылтпашты 2. Жұмбақтың жауабын

жатқа айтыңыздар. табыңыздар.

Шалшық – Қара таспын, қап-қарамын,

Балшық, Үй жылытып,

Балшық – үлкен жұмыс атқарамын.

Балшықтан ал шық. (Таскөмір)

34-тапсырма. Қазақстанның жеті кереметінің бірі – киіз үй тақырыбы бойынша өзара ой бөлісіп, талқылаңыздар.

Қазақстандағы ойдағыдай дамып келе жатқан сәулеттік құрылыс ісі моңғол шапқыншылығының кесапаты салдарынан жермен-жексен болды. Сән-салтанаты мол сәулеттік құрылыстар бүлінді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, сәулеттік құрылыс жүйелері ХШ ғасырдың соңғы ширегінен бастап ХІҮ ғасырларда қайта жаңдана бастайды. Орта ғасырдың соңғы кезеңінде қазақ даласында кесене сәулетшілігі жаңа бір деңгейге көтерілді, әсіресе қабір үстіне салынатын бейіттердің құрылысына ерекше мән берілді, әрі оны көшпенділердің баспанасы – киіз үйге ұқсатып салуға деген ұмтылыс болды.

Киіз үйдің сәулет өнерінің дамуы тарихындағы алатын орны ерекше. «Қазақтың әлемдік өркениетке қосқан үш нәрсесі бар. Соның бірі – киіз үй ...»

(Ғ.Мүсірепов)

35-тапсырма. Төмендегі сөздердің түсініктемесін меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Тошала ( шошала) сайман, азық-түлік қоятын, төбесін дөңгелектеп жауып, шошақтап шығарған балшық, яки тас үй.

Зембілтопырақ, тас сияқты ауыр заттарды салып екі кісілеп көтеруге арналған жабдық.

Керіш топырақтан, құмнан бірігіп құралған тас.

Лашық уақытша үй, баспана, үйшік.

Ақ керіш ақ топырақ, онымен үй ағартады.

Қапас – темірден, ағаштен, шыбықтан тоқылған үйшік.

Цитадель – қамал, қалалардың алғашқы ұйтқысы.

Шахристан – абыз-ақсүйектер қалашығы.

Тасболат – күйдірген кірпіш.

Күрке баспана, лашық.

Рабат қолөнершілер қалашығы.

Әдістемелік ұсыныс: Көшпенді тұрғындардың баспанасы мен кесене сәулетшілігінің және Қазақстандағы қала салу дәстүрінің өркендеуінің маңызына тоқталу.

Әдебиет: Нег.: 1; Қос.: 19 [11-25]

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы құрылыс ісінің дамуы қай кезден бастау алады?

2. Орта Азияда қандай қалалар салынды?

3. Бекініс-үйлер қашан, қалай пайда болды?

2-апта. 5-тәжірибелік сабақ

36-тапсырма. Құрылыстағы тас қалау түрлерінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]