Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студенттерге_Иммунологиялы_реакциялар_аз._2015-16_жыл.rtf
Скачиваний:
202
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
290.93 Кб
Скачать

Иммунды ферментті талдау (ифт-ифа)

Жүргізу қадамдары

1

Қойылу мақсаты.

Қажетті жабдықтарды толығымен атау.

ИФТ әр түрлі антигендерге қарсы антиденелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл реакцияны қою үшін полистиролды планшеттің ойшықтарына спецификалық антигенді адсорбциялаймыз. Үстіне науқас қан сарысуын ергіземіз

2

Спецификалық антиген арнайы полистерол планшет ойықшаларына адсорбцияланады. Сынақталатын адамның сарысуымен бірге 30 минутқа инкубацияланады. 30 минутқа инкубацияланады.

3

Байланыспаған иммундыглобулиндерді шайып тастайды.

4

Байланысқан иммундыглобулиндерді алдын ала пероксидаза ферментімен өңделген антиглобулиндік сарысумен анықтайды.

5

Субстрат (сутектің пероксиді) және индикатор (диамин бензидин) қосады, олар боялу деңгейіне қарай ферменттік белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді. Боялу деңгейін (дәрежесін) визуалды немесе спектрофотометрдің көмегімен бағалауға болады. Боялу қарқындылығы (дәрежесі) антигенге байланысқан антиденеге пропорционалды. Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

Ифр (иммундыфлюоресцентті реакция) төте. (риф-прямая )

Жүргізу қадамдары

1

Қойылу мақсаты.

Қажетті жабдықтарды толығымен атау.

Төте әдіс кезінде құрамында зерттелетін микроорганизм (АГ) бар препарат дайындалады.

2

Сұйық фиксатормен (ацетон) бекітіледі (фиксацияланады).

3

Спецификалық люминесцентті сарысумен өңдейді.

Артық сарысуды шайып тастайды.

4

Препаратты құрғатып, люменисцентті микроскопта қарайды. Реакция оң нәтижелі болса антиген жарқырап көрінеді.

5

Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

Птр (полимеразалық тізбектеу реакциясы) (- пцр)

Жүргізу қадамдары

1

Қойылу мақсаты.

Қажетті жабдықтарды толығымен атау.

ПТР – бұл молекулалақ – биологиялық диагноз қоюдың әдісі.

2

Зертелуге тиісті ДНҚ пробиркаға жинақтайды және қыздырады. Бұл кезде ДНҚ-ң комплементарлы тізбекшелері бір-бірінен ажырайды. Бұл кезең ДНҚ-ң денатурациялануы деп аталады

3

.Пайда болған бір тізбекті ДНҚ-на праймерлерді қосады.Бұл кезең – қосылыс түзу («отжиг») деп аталады

4

Полимераза ферменті ДНҚ-ң комплементарлы тізбектерін құрастыра бастайды. Бұл кезең – «элонгация» (созылдыру) деп аталады. Әдетте 30 цикл жүреді, ол қоздырғыштың ДНҚ учаскесінің 2і° көшірмесін алуға мүмкіндік береді.

5

Реакция механизмін түсіндіріңіз