Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студенттерге_Иммунологиялы_реакциялар_аз._2015-16_жыл.rtf
Скачиваний:
202
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
290.93 Кб
Скачать

Тұмау вирусының типін анықтау үшін қолданылатын (гемагглютинациялық тежеу) реакция гатр - ртга

Жүргізу қадамдары

1

Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты. Тұмау вирусының типін анықтау үшін қолданылатын (гемагглютинациялық тежеу) реакция ГАТР - РТГА -толығымен түсінік беру

Қажетті жабдықтарды толығымен атау

2

Пластмассалы планшеттің 5 ойшығына 0,25 мл-ден құрамында вирусы бар материал құйылады, ойшықтардың әр қайсысына тұмау вирусына қарсы типтік А0; А1; А2; В; С сарысулар қосылады

3

Содан кейін әрбір ойшыққа 0,5 мл-ден 1% тауық эритроциттерінің жүзгінін қосады. Планшетті 1 сағат уақыт бөлме температурада ұстайды.

4

Тұмау вирусы «түйме» тәріздес тұнба пайда болған сарысу типіне жатады.

5

Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз

Жгар (жанама гемагглютинация реакциясы) (рнга)

Жүргізу қадамдары

1

ЖГАР -реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты.

Антиденені анықтау мақсатында қойылатын ЖГАР –толығымен түсінік беру

Қажетті жабдықтарды толығымен атау

2

Полистиролды планшеттің ойшықтарының қатарына (5) 0,5 мл-ден физиологиялық ерітінді құйып шығады. Содан кейін 1-ші ойшыққа 1:25 есе сұйытылған 0,5 мл зерттелетін сарысу құйады да, одан кейін ойшықтан ойшыққа 0,5мл-ден ауыстырып екі еселенген сұйытулар жасалынады. 1:50 ден 1:800 ге дейінгі сұйылту жасаймыз.

3

Осындай сұйылтылған сарысуға 0,1мл эритроцитарлық диагностикум қосылады.

Реакцияға 2 бақылау қойылады:

  1. АБ-антигенді бақылау (қолшатыр) – физиологиялық ерітінді +антиген.

  2. СБ-сарысуды бақылау(түйме) - физиологиялық ерітінді +сарысу

  3. Планшетті 370С температурада 2 сағатқа термостатқа қояды.

4

Егер реакция оң болса ойшықтарда «қолшатырына» тәріздес тұнба түзіледі, терісте «түймеге» ұқсас тұнба түзіледі.

5

Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

Сақиналы преципитация реакциясы.

Жүргізу қадамдары

1

Сақиналы преципитация реакциясы - қойылу мақсаты анықтамасы

Преципитация дегеніміз – құрамында антиден бар (преципитин) иммундық сарысумен әсер еткенде ерітіндіден антигендердің (преципитогеннің) тұнбаға түсуі құбылысы.

Қажетті жабдықтарды толығымен жинап алу.

2

Преципитациялық пробиркаға преципитациялаушы сарысу құяды, содан кейін пробирка қабырғасымен сызаттан ағызып преципитиноген құяды.

3

Реакция нәтижесі оң болғанда екі сұйықтық шекарасында күңгірт сақина (преципитат) пайда болады. Осыған байланысты бұл реакцияны сақиналы преципитация деп аталады.

4

Қойылатын шарт – міндетті түрде антиген және антидене мөлдір болу керек. Олай болмаса реакция нәтижесі айқын болмайды.

5

Реакция жоғары сезімталдығымен және арнайлығымен сипатталады.

Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.