Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студенттерге_Иммунологиялы_реакциялар_аз._2015-16_жыл.rtf
Скачиваний:
202
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
290.93 Кб
Скачать

Кбр (комплемент байланыстыру реакциясы) (рск)

Жүргізу қадамдары

1

КБР -реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты.

Қажетті жабдықтарды толығымен атау

2

КБР негізгі екі кезеңмен жүргізіледі:

I –этап 1-пробирка: (тәжірибелік) антиген және антидене өзара байланысып комплементті қосып алады (байланыстырады). 2 - (Бақылау Антиген) және 3 - (Бақылау Сарысу ) пробиркаларда байланысу болмайды, себебі олар бақылау пробиркалары болып табылады да оларда қосылатын заттардың бірі болмайды (оларда антиген немесе антидене жоқ).

3

II – этап комплемент қандай жағдайда екенін (байланысты ма, әлде бос қалды ма) анықтау үшін гемолитикалық жүйені (гемолитикалық сарысу + қойдың эритроциті).қосамыз.

4

Реакция оң нәтижелі болған жағдайда тәжірибелік пробиркаларда гемолиз болмайды, себебі бос комплемент жоқ. Бақылау пробиркаларында гемолиз болады, өйткені бос комплементтің қатысуымен гемолитикалық сарысу эритроциттерді гемолиздейді.

5

Реакция теріс нәтижелі болса, барлық пробиркаларда гемолиз болады. Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

Күл (дифтерия) бактериясының токсигенділігін анықтау.

Жүргізу қадамдары

1

Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты.

Қажетті жабдықтарды толығымен атау. Токсигенді бактериялар- бұлар экзотоксин бөлетін бактериялар.Токсигенділікті анықтау үшін агардағы диффузия тәсілін қолданамыз.

2

Петри табақшадағы қоректік ортаның дәл ортасына алдын-ала дифтерияға қарсы антитоксиндік сарысу сіңірілген сорғыш қағазды қоямыз.

3

Сорғыш қағаздың екі жағына науқастан алынған дақылды шамалы қашықтықта ілмекпен түйіндақ тәрізді себінді жасаймыз. Табақшаларды термостатқа 24 сағатқа 370С-қа қояды.

4

1 тәуліктен кейін нәтижесін байқайды:

Экзотоксин мен антитоксит қосылған жерінде преципитация сызығы (немесе мұртша) пайда болады (егер сыналатын штамдар токсин түзетін болса). Токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясы болады.

5

Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.

Полиомиелит вирусының типін анықтау үшін қолданылатын түсті реакция

Жүргізу қадамдары

1

Түсті реакция - тіндік дақылдың жасушаларының өсіп-өнуі кезінде метаболизм үрдісінің нәтижесінде қышқыл өнімдер бөлініп, қоректік ортаның pH – ының өзгертуіне негізделген. Оны қоректік ортаның құрамындағы индикатор фенол-қызылының түсінің өзгеруіне қарай анықтайды. Қышқыл ортада фенолрот өзгеріп, орта сары түске боялады. Тіндік дақылдың жасушаларын вирус зақымдаған жағдайда (метаболизм тоқтағандықтан) ортаның түсі қызыл болады (өзгермейді).

Қажетті жабдықтарды толығымен атау.

2

Тіндік дақылдың жасушалары бар 3 пробиркаға 0,25 мл-ден вирусы бар материал енгіземіз.

3

Әр пробиркаға 0.25 мл-ден тиісті полиомиелит вирусының типтеріне (I,II.III) сәйкес cарысуды құйып шығамыз.

4

Бетіне 0,6 мл-ден вазелин майын құямыз. Термостатта 48-72 сағат (37°С) инкубациялаймыз.

5

Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.