Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студенттерге_Иммунологиялы_реакциялар_аз._2015-16_жыл.rtf
Скачиваний:
202
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
290.93 Кб
Скачать

Болжам агглютинация реакциясы.

Жүргізу қадамдары

1

Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты.

Қажетті жабдықтарды таңдап алу:

1.1. заттық әйнекше.

1.2. 1:20 қатынасына сұйытылған агглютинацияланатын диагностикалық сарысу.

    1. физиологиялық ертінді.

    2. қиғаш агардағы таза дақыл.

    3. бактериологиялық ілмек.

    4. от көзі (спиртовка).

    5. заттық әйнекшелер қойылатын тұғыр (подставка).

    6. дәкелі салфетка

    7. пастер түтікшесі

Заттық әйнекшені салфеткамен сүрту.

2

Әйнекшенің бір шетіне бақылау үшін физиологиялық ертінді тамызу. Әйнекшенің екінші шетіне 1:20 қатынасына сұйытылған агглютинацияланатын диагностикалық сарысуды тамызу.

3

Бактериологиялық ілмекті әр зерттеу материалын алар алдында өңдеу.

4

Әр бір тамшыға өңделген бактериологиялық ілмекпен бактериялық гомогенді жүзгін пайда болғанша микроб дақылының шамалы мөлшерін араластыру.

5

Егер реакция оң болса бірнеше минуттан кейін тәжірибелік тамшыда бактериялар бір-бірімен жабысып түйіршіктену басталады, оны әйнекшені шамалы шайқап жылдамдатуға болады. Бақылау тамшы біркелкі лайланған күйінде қалады.

Нәтижесін қорытындылаңыз.

Гар (гемагглютинация реакциясы)

Жүргізу қадамдары

1

Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты.

Қажетті жабдықтарды толығымен атау

2

ГАР – ы ойшықтары бар арнайы пластмасс планшеттерде қойылады.

3

планшеттің 6 ойшығына 1:10 – нан 1:320 – ға дейін вирусты сұйылтамыз. 7-ойшықша бақылау эритроцит.

4

Барлық ойшықтарға 0,5 мл-ден 1% тауық эритроциттерінің жүзгінін (взвесь) құямыз. Планшетті бөлме температурсында 30 минутқа қалдырамыз.

5

Реакция нәтижесін 30 минуттан кейін оқимыз. Бақылау ойшығында эритроциттер айналасы тегіс «түйме» тәріздес тұнба түзеді. Реакция оң нәтижелі болған жағдайда ойшықтардың түбінде айналасы бұдырланған «қол шатырына» ұқсас тұнба пайда болады. Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз

Антиденелерді табу үшін қолданылатын( гемагглютинациялық тежеу) реакция гатр-ртга

Жүргізу қадамдары

1

Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты.

Бұл реакция науқастың қан сарысуындағы антиденелерді анықтау үшін қолданылады. Қажетті жабдықтарды толығымен атау

2

Планшетканың ойшықтарында науқастан алынған қан сарысуын 1:10 – нан 1:320- ға дейін сұйылтады.

3

Ойшықтардың бәріне 0,25 мл-ден сол ауруға сәйкес типтік вирустық диагностикум қосады. Содан кейін оларға 0,5 мл-ден 1%-ды тауық эритроциттерінің жүзгінің (взвесь) қосады.

Үш бақылау қойылады:

1. Сарысуды бақылау (CБ) – сарысу + эритроциттер

2. Вирусты бақылау (ВБ)- вирус + эритроциттер

3. Эритроцитті бақылау (ЭБ) – физ.ерітінді + эритроциттер

Бөлме температурада 45 мин. ұстағаннан кейін реакция нәтижесін тіркейді.

3

Егер реакция оң болса тиісті титріне сай тәжірибелік ойшықтарда (антиденелердің мөлшері жеткенше дейінгі) «түйме» тәріздес тұнба түзіледі.

ВБ – айнала шеті бұдыр (қолшатырына ұқсас) тұнба,

ЭБ - «түйме» тәріздес (айналасы тегіс) тұнба, СБ – «түйме» тәріздес (айналасы тегіс) тұнба пайда болады.

4

5

Нәтижелерін талдап, тұжырым жасаңыз. Реакция механизмін түсіндіріңіз.