Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫ ЖМЫС ДПТЕРІ. АУ.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
1.98 Mб
Скачать

Айнымалы ток тізбектерінің энергетикалық сипаттамаларын өлшеу

Жұмыстың мақсаты: активті, активті-индуктивті, активті-сыйымдылықты жүктемелері бар синусоидалы ток тізбегінде толық және реактивті қуаттарды, қуат коэффициентін анықтау бойынша тәжірибелік шеберлікті жинақтау.

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Активті жүктеме кезінде энергетикалық сипаттамаларды өлшеу. Сұлбаны жинаңдар (11.1, а-сурет). , (330 Ом резисторы, блок А7).

1.1. Арнайы формалы генератордың жұмыс режимін анықтаңдар:

- минималды шығыстық кернеуді қойыңдар;

- «Амплитуда» тұтқасын сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін бұраңдар;

- шығыстық кернеудің жиілігін 450…550 Гц («Частота» тұтқасы).

- «Форма» ауыстырып қосқышымен синусоидалы шығыстық кернеуді қойыңдар;

- синусоидалы кернеудің жиілігін 250±10 Гц алыңдар.

1.2. А3 блогының MY60 мультиметрінің өлшеу шектігінің ауыстырып қосқышын айнымалы кернеудің 20 В өлшеу шектігіне қойыңдар.

1.3. А2 блогының РС5000 мультиметрінің өлшеу шектігінің ауыстырып қосқышын айнымалы токтың «мА» өлшеу шектігіне қойыңдар.

1.4. А10 ваттметрінің өлшеу шектіктерінің ауыстырып қосқыштарын «5 В» және «0,04 А» қойыңдар.

а)

б)

в)

11.1-сурет. Синусоидалы ток тізбегінің энергетикалық сипаттамаларын өлшеу үшін электрлік қосылыс сұлбасы

1.5. 330 Ом айнымалы резистордың (блок А7) тұтқасын тірелгенге дейін сағат тілімен бағыттс етіп бұрыңдар, яғни максималды кедергіні алыңдар.

1.6. Бір фазалы қорек көзінде G1 қорғаныстық ажырату құрылғысы мен автоматты ажыртқышты қосыңдар.

1.7. Кернеу генераторларының А1 блогының, А10 ваттметрінің, А2 және А3 мультиметрлер блогының «СЕТЬ» ажыратып қосқышын және мультиметрлер қорегінің ажыратып қосқыштарын қосыңдар.

1.8. Арнайы формалы А1 кернеу генераторының реттеу тұтқасымен («Амплитуда 0…10 В») шығыстық кернеудің мәнін қойыңдар В. Ваттметрде асқын жүктеменің жоқ екендігін тексеріңдер (асқын жүктеме болмағанда «U>» индикаторы (қызыл жарықдиоды) жанбайды).

1.9. 330 Ом резистордың кедергісін реттеу тұтқасының көмегімен 11.1-кестеде көрсетілген («Берілген мәндер») дипазондарында токтың І мәнін біртіндеп анықтаңдар. Өлшенген токтың мәндерін 11.1-кестедегі «Өлшенген мәндер» бағанына жазыңдар.

1.10. Токтың әрбір мәнінде ваттметрмен ьізбектің қуатын өлшеңдер, өлшеу нәтижелерін 11.1-кестеге енгізіңдер.

1.11. Әрбір өлшеу үшін толық және реактивті, қуат коэффициентінкелесі формулалармен есептеңдер:

, ,,

мұндағы - ваттметрдің көрсетуі;- вольтметрмен өлшенген кернеу (А3 блогының мультиметрі);- А2 блогының мультиметрімен өлшенген ток.

Есептеу қорытындысын 11.1-кестеге енгізіңдер.

2. Активті-индуктивті жүктеме үшін өлшеуді қайталаңдар (11.1, б-сурет), бұл үшін А7 блогының 330 Ом резисторы мен А8 блогының 47 мГн индуктивті орауышты тізбектей жалғаңдар.

Өлшеу және есептеу нәтижелерін 11.1-кестеге енгізіңдер.

3. Активті-сыйымдылықты жүктеме үшін өлшеуді қайталаңдар (11.1, в-сурет), бұл үшін А7 блогының 330 Ом резистор мен А8 блогының паралель жалғанған 4,7; 3,3 и 2,2 мкФ үш конденсаторды тізбектей жалғаңдар.

Өлшеу және есептеу нәтижелерін 11.1-кестеге енгізіңдер.

11.1-кесте.

Жүктеме сипаты

Ток , мА

Ваттметр-дің көрсетуі , мВт

Толық қуат , мВА

Реактивті қуат , мВАр

Қуат коэффициенті

Берілген мәндер

Өлшенген мәндер

Активті

40-2

20±2

Активті-индуктивті

40-2

20±2

Активті-сыйымды-лықты

40-2

20±2

4. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар._______________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

12-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС