Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫ ЖМЫС ДПТЕРІ. АУ.docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
1.98 Mб
Скачать

Электрлік емес шамаларды өлшеу

Жұмыстың мақсаты: температура мен қысымды электрлік емес өлшеуде тәжірибелік шеберлікті жинақтау.

Жұмысқа дайындық

1. Кедергі термотүрлендіргіштің жұмыс принципін оқып үйреніңдер.

2. Термоэлектрлік түрлендіргіштің (термопараның) жұмыс принципін оқып үйреніңдер.

3. MPXV7002PV қысым датчигінің құрылысын оқып үйреніңдер.

1. Температураны өлшеу.

Жұмысты орындау кезінде А15 (394.2) электр қыздырғышы пайдаланылады. Блоққа температураны өлшеу-регуляторы бар қыздырғыш орналастырылған. Зерттелетін датчик қыздырғыштың алдыңғы панелінің тесігіне орналастырылады және мультимердің көмегімен оның шығысындағы кернеу мен кедергі өлшенеді.

1.1. ТС125-50М.В2.60 кедергі термотүрлендіргішінің температуралық сипаттамаларын анықтау.

1.1.1. Тізбекті жинаңдар (14.1-сурет). РС5000 мультиметрі термотүрлендіргіштің кедергісін өлшейді.

14.1-сурет. Кедергіні термотүрлендіргіштің және термоэлектрлік түрлендіргіштің электрлік қосылыс сұлбасы

- Зерттелетін датчикті қыздырғыштың тесігіне орналастырыңдар.

- Өздерің өлшегілерің келетін датчик сигналдарының температурасының мәндерін таңдаңдар, қыздырғыштың инерциялығына байланысты 100°С дейінгі температуралар диапазонында 5…7 нүктеден айпайтындай етіп таңдау тиімді, бастапқы мәні – бөлме температурасы.

- Температура регулятордың автоматты режимді қорегін қосқанда электр қыздырғыштың температурасы өшіріліп тұрады. Талап етілген температураны қойыңдар. Температура регулятордың автоматты режимінің регуляторын қосыңдар. Қыздырғыш қыза бастайды (K1 және RS индикаторлардың жарықдиоды қосылған).

- 100°С температураны беріңдер және температура регуляторының автоматты режимін қосыңдар («rUn», «РАБОТА режимі», RS индикаторы қосылған). Берілген температураның орнықталуын күте тұрыңдар және температура регуляторының автоматты режимін қосыңдар («StoP», «СТОП» режимі, RS индикаторы қосылған).

- Қыздырғыш температурасының төмендеуі бойынша датчиктің (кедергінің) шығыстық сигналын 100…30°С диапазонда температураның бірнеше мәндерінде өлшеңдер. Датчиктің салқындау уақыты жуық шамамен 15…30 мин.

- Өлшеу нәтижелерін 14.1-кестеге енгізіңдер.

14.1-кесте.

t, °С

R, Ом

Tқыз., °С

γсал , %

- ТС125-50М.В2.60 кедергі термотүрлендіргішін сынау қорытындысы бойынша электр қыздырғышқа орналастырылған датчиктің өлшеу қателігін анықтаңдар.

Бұл үшін ТС125-50М.В2.60 кедергісінің әрбір өлшенген мәндері үшін оған датчик температурасының келесі қатынас бойынша сәйкестігін есептеңдер:

, (*)

мұндағы - t температура кезіндегі датчиктің кедергісі;Ом -t=0°С температура кезіндегі датчиктің номиналды кедергісі; - мыстың кедергісінің температуралық коэффициенті.

- ТС125-50М.В2.60 датчигінің кедергісі бойынша есептелген және электр қыздырғышта орналасқан датчиктің көрсетуінен анықталған температуралардың мәндерін салыстырыңдар. Электр қыздырғышта орналасқан датчиктің қателігін анықтаңдар. Есептелген мәндерді 14.1-кестеге енгізіңдер.

- Өлшеу нәтижелері бойынша датчиктің кедергісінің температурадан тәуелділік графигін тұрғызыңдар.

1.2. ТПК225-010.80 (14.1-сурет) термоэлектрлік түрлендіргіштің температуралық сипаттамаларын анықтау. РС5000 мультиметрі (блок 534) термопардың кернеуін өлшейді (тұрақты кернеудің «мВ» шектігі).

- Қыздырғыштың тесігінде зерттелетін датчикті орналастырыңдар.

- Өздерің өлшегілерің келетін датчиктердің сигналдарын өлшеу кезінде температураның мәндерін таңдап алыңдар, қыздырғыштың инерциялығына байланысты 100°С дейінгі температуралар диапазонында 5...7 нүктелерді таңдап алған тиімді, бастапқы мәні ретінде бөлме темпеатурасын алады.

- Температура регуляторының автоматты режимді қорегін қосқан кезде электр қыздырғыш сөніп тұрады. Талап етілген (қажет) температураны қойыңдар. Температура регуляторының автоматты режимін қосыңдар. Қыздырғыш қыза бастайды (K1 және RS индикаторларының жарық диодтары қосылған).

- 100°С температураны беріңдер және температура регуляторының автоматты режимін қосыңдар («rUn», «РАБОТА» режимі, RS индикаторы қосылған). Берілген температура орныққанға дейін күтіңдер және регулятордың автоматты режимін өшіріңдер («Stoр», «СТОП» режимі, RS индикаторы өшірілген).

- Қыздырғыштың төмендеуі бойынша 100…30°С диапазонда температураның бірнеше мәндерінде датчиктің шығыстық сигналын (кернеуін) өлшеңдер. Датчиктің салқындау уақыты шамамен 15...30 мин. Өлшеу нәтижелерін 14.2-кестеге енгізіңдер.

14.2-кесте.

t, °С

Е, В