Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Математика 1,2,3,4 тосан

.docx
Скачиваний:
699
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
5.65 Mб
Скачать

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

2 санына көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

1) Білімділігі: Санды 2-ге көбейту және бөлудегі білімдерін пысықтауға,көбейту кестесін жатқа білудегі білім деңгейлерін тексеру, алған біліктіліктерін тиянақтау.

2) Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ойын,ой-өрісін дамыту. Тапқырлыққа,ізденімпаздылыққа,алғырлыққа,ұқыптылыққа баулу. Пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыруда шапшаңдыққа дамыту.

3) Тәрбиелігі: «Салауаттылық -өмір салты» бағытының мағынасын ашу. СПИД-ке нашақорлыққа,темекі мен алкоголга қарсы іс-шаралардың бір саласы спорт өнеріне оқушыларды үндеу. Дені сау,тәні таза,ақыл-есі дұрыс ХХІ ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтыңәдісі: Түсіндіру,ойландыру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дене шынықтыру.

Көрнекіліктер: Спорт ойындары(аққала соғу, шагамен сырғанау, шаңғы тебу,коньки тебу,хоккей, мәнерлеп сырғанау) суреттері,мақал-мәтелдер,жұмбақтар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау

Санды 2-ге көбейту және бөлу.

2 . 2 = 2+2 2 .2 = 4 4 : 2 =2

3 . 2 = 3+3 3 . 2 = 6 6 : 2 = 3

2 = 4 +4 4 . 2 = 8 8 : 2 =4

5 .2 = 5+5 5 . 2 =10 10 : 2 =5

-Суреттермен жұмыс:

1-тапсырма: «Аққала соғу» 2-мысал

І денесі ІІ )денесі ІІІ денесі

а) Шарты: әШарты: б) шарты:

дәптер- 5 тг 1 дәптер — ? тг дәптер – 5 тг

2 дәптер — ? тг 2 дәптер – 10 тг дәптер с аны – 10 тг

Шешуі: 5 . 2 =10 Шешуі: 10 : 2 =5 Шешуі: 10 : 5 = 2

Ж: 10 тг Ж: 5 тг Ж: 2 дәптер

ІY. шелегі Y. мұрны,көзі Y.қолдары

а) Шарты: ә) Шарты: б) шарты:

қызғалдақ – 5 Қ — ?2 есе көпҚ – 5 2 есе көп

сарғалдақ — ? 2 есе көп С – 10 С — 10

шешуі: 5 .2 =10 Шешуі: 10 : 2 = 5 Шешуі: 10 : 5 =2

Ж: 10 сарғалдақ Ж: 5 қызғалдақ Ж: 2 есе көп

Өлең оқу:

Қатар-қатар тізімді үй,

Алақай,айқай, күлкі ылғи

Күлді бірге аққала

Ерінбесең, бар, қара!

Ойнап жүріп көп бала,

Салып қойды аққала.

Мақал: «Спорт-жігер, спорт бірлік»

2-тапсырма. «Шанамен сырғанау» 3-мысал

А) І ІІ ІІІ ІY

2.2 = 4 3.2 = 6 4.2 =8 5.2 = 10

20.2 = 40 30.2= 60 40.2 = 80 50 . 2 = 100

200.2 =400 300.2 = 600 400 .2 = 800 500 . 2 = 1000

Ә) Y YІ YІІ Y ІІІ

2 . 3 = 6 2 . 4 = 8 2 . 2 = 4 2 . 5 = 10

2 . 30 = 60 2 . 40 = 80 2 . 20 = 40 2 . 50 = 100

2 . 300 = 600 2 . 400 = 800 2 . 200 = 400 2 . 500 = 1000

Өлең оқу

Аппақ, аппақ,дала,

Аппақ,ауыл,қала

Жапалақтап ақша қар

Жау берсін, жауа

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа.

Шана теуіп ойнаймыз

Қыстың күні тамаша.

Мақал: «Шынықсаң-шымыр болсасың»

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

3 – тапсырма «Шаңғы тебу» 4-мысал

І ІІ ІІІ ІY

6 : 2 = 3 8 : 2 = 4 4 : 2 = 2 10 : 2 = 5

60 : 2 = 30 80 : 2 = 40 40 : 2= 20 100 : 2 = 50

600 : 2 = 300 800 : 2 =400 400 : 2 = 200 1000 : 2 = 500

6 : 3 = 2 8 : 4 = 2 40 : 4 = 10 10 : 5 = 2

Өлең оқу

Зулайды,зырқырап

Маңдайдан тер бұрқырап

Шаңғым асар шаршамай

Бір қыраттан бір қырат.

Мақал:

«Дене қимылы – дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең»

4 – тапсырма: «Коньки тебу» 6-мысал

10-ға дейінгі сандардың ішінен

А) 2-ге бөлінетін сандарды ата

Ә) 2-ге бөлінбейтін сандарды ата

Өлең оқу:

Тағып алып коньки біз

Кешке мұзда қалқимыз

Қызған сайын денеміз

Қиғаш-қиғаш тебеміз.

Мақал: «Ішпеген,шылым шекпеген,

Жасайды жылдар көптеген»

5-тапсырма: «Хоккей» ойыны 7-мысал (Өз беттерімен жұмыс)

1, 2, 3, 4, 5 ,8, 12, 15 сандарын пайдаланып, көбейту және бөлу амалдарымен байланысты тура теңдіктер құрастыр.

1 . 2 = 3 12 : 4 = 3

3 . 4 = 12 15 : 5 = 3

5 . 4 = 20 8 : 4 = 1

8 . 5 = 40 2 : 2 = 1

Сергіту сәті

Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәрімізтұратынкөңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Өлең оқу:

Хоккей, хоккей

Мұз айдынның

Қызығығой қыстай бір

Құлап барып жатып та,

Таяғыңды ұстай біл!

Алыстан да соқмейлі

Басылмайды мұз үстінде ерегес

Хоккей, хоккей

Қорқақтардыңқолы емес!

Жұмбақ: Түтіні кермек,

Жалқауға ермек. (Темекі)

6-тапсырма: Логикалық ойлау есептері

«Мұз айдынында мәнерлеп сырғанау»

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Зинат 5 қабатта, ал Ғайни сол үйде, Зинаттан екі есе биік қабатта тұрады. Ғайни қай қабатта тұрады.

Сәуле 16 үйрек балапанын және одан 2 есе аз қаз балапанын өсірді. Сәуле неше қаз балапанын өсірді?

Әжейәрқайсысына 2 кг 3 дорба ұн сатып алды. Ол барлығы неше кг ұн сатып алды?

Өлең оқу:

Сырғанайды екеуі,

Мұз айдынға кеп бірге

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге

Жұлдызы боп бар елдің,

Тұрар биік әманда

Чемпионы әлемнің

Болар күніәлі алда.

Ақыл сөз: ХХІ ғасыр індеті –СПИД –ке жол жоқ!

Y. Қорытынды:

Балалар , біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшаң , епті, білімді екенімізді ойын барысында көрдік. Мақалдарды түсіне отырып, денеміз сау,шымыр болып өсу үшін немен шұғылдануымыз керек?

 Спортпен.

БҮҮ кестесі

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

2 –нің көбейту,бөлу кестесі

Спорт түрлері, есеп құрастыру ауызша есептеу, дәлелдеу.

Қалдықпен бөлу

(артылып қалау)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманы орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

3 санына көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

1. Мазмұнына байланысты: 3-ке көбейту және бөлу кестесін жатқа меңгерту. 3 есе артық, 3 есе кем ұғымдарына қатысты есептер шығарту. 2. Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру. Ойларын дамытатын логикалық тапсырмалар арқылы ой шапшаңдығын дамыту. 3. Топпен жұмыс: Оқушыларды топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа баулу. Көрнекілігі: Көбейту және бөлу кестесі; тірек сызбалар. дидактикалық материалдар. Сабақ түрі: Жаңа білім меңгерту. Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, білім беруді ізгілендіру әдісі Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, Еңбек.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Терең ғылым сананың, Тегі деп ой саламын Маңыз беріп оқимын, Есептану сабағын.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау

а) Есіңе сақта! 3*3=3*2+3 3*3=9 9: 3=3 4*3=3*3+3 4*3=12 12: 3=4 5*3=4*3+3 5*3=15 15: 3=5 6*3=5*3+3 6*3=18 18: 3=6 Түсіндіру: 3-ке 3-ті көбейту үшін, 3-ті өзінің алдындағы 2-ге көбейтіп, оған 3-ті қосу деген сөз., яғни 3*3-тің көбейтіндісі 9-ға тең, ал 9 бен 3-тің бөліндісі 3-ке тең. Себебі көбейту және бөлу өзара кері амал. Ә) Топтық жұмыс: Үш жұртыңды ата? 1. Өз жұртың 2. Нағашы жұртың 3. Қайын жұрт А тобы: Өз жұрты деп кімдерді айтамыз? А) 3*3=9 30*3=90 4*3=12 40*3=120 5*3=15 50*3=150 6*3=18 60*3=180 Б тобы: Нағашы жұрт кімнің туысқаны? Ә) 3*4=12 3*40=120 3*5=15 3*50=150 3*3=9 3*30=90 3*6=18 3*60=180 Б тобы: Қайын жұр деп кімдерді айтады? 9: 3 ------- 12: 3 ---------- 15: 3 -------- 18: 3 90: 3 -------- 120: 3 --------- 150: 3 --------- 180: 3 9: 3 -------- 12: 4 --------- 15: 5 --------- 18: 6 Б) Топ сайыс: «Киіз үй құрастыру» А тобы:

Киіз үй фабрикасы аптасына 4 киіз үй жасайды. Фабрика 3 аптада неше киіз үй жасайды? Әр аптада - 4 к/ү Шешуі: 4*3=12 3 аптада -? Жауабы: 12 киіз үй Ә тобы:

Бәйгеге 3 шаруашылық 12 сәйгүлік қосты. Егер әр шаруашылықтың бәйгеге қосқан сәйгүліктерінің саны бірдей болса, онда бәйгеге әр шаруашылық неше сәйгүлік қосқан? 3 ш/қ - 12с Әр ш/к. сәйгүлік саны - бірдей Әр ш/қ -? Сәйг. қосты Шешуі: 12: 3=4 Жауабы: Әр ш/қ - 4 сәйгүлік қосты. Б тобы:

19 кітапты балалар үш - үштен бөліп алды. Неше бала кітап алды? Неше кітап артық қалды? Барлығы - 19 кітап Бөліп алды - үш - үштен Кітап алды -? Бала Артық қалды -? кітап Шешуі: 19: 3=6 (қ1) Жауабы: 6 бала кітап алды, 1 кітап артық қалды. Ой толғаныс: Шығармашылық тапсырмалар: Амал таңбалары мен жақшаларды тауып жаз: 3...... 3..... 3..... 3=4 --------------- 3..... 3..... 3..... 3 =0 Шешуі: (3*3)+3: 3=4 ------------ (3*3): 3 - 3=0

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

4 санына көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

а) білімділік: Оқушыларды 4 - ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру. Көбейту және бөлу арифметикалық амалдардың мәнін ашу. Санды 4 - ке көбейту кестесін құрастыру, 4 - ке бөлу кестесін құрастыру ұстанымын үйрету. ә) тәрбиелік: Берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. б) дамытушылық: Сабақ барысында ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын қалыптастыру, математика сабағына қызығуын дамыту. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Саяхат сабақ (топпен жұмыс) Сабақтың әдісі: ойындар, логикалық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар Көрнекілігі: суреттер, көбейту кестесі, фигуралар, оқулық, сызба кестелер Пәнаралық байланыс: сурет, дүниетану, еңбек, ана тілі

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен – Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау

№3 - тапсырма 5, 6, 12, 14, 24, 8, 9 сандарының ішінен: 2 санына, 3 санына бөлінетін сандарды жаз. 6: 2=3 --------------- 6: 3= 2 12: 2= 6 --------------- 12: 3= 4 14: 2= 7 --------------- 24: 3= 8 8: 2= 4 --------------- 9: 3= 3 24: 2= 12 ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: 1. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. 2. Сандарды, амалдарды, теңдікті пайдаланып, өрнек құрастыру арқылы топтың атын шығару. Мұғалім: - Біз орман ішін аралап жүріп келеміз. Бұл не ғажап! Орман мүлде өзгерген. Жаздағы жап - жасыл түсі сұп - сұр болған. Аяқ астына қарай қалсаң, жерге сары кілем төселген сияқты. Сары кілем деп отырғаны не балалар? - Жапырақтардың түсуі. - Біздің сыныпта да жапырақтар түсуде. Жел соқты да жапырақтар ұшып кетті. (Балалардың партасының үстіне сандар жазылған жапырақтар түседі) Бірақ бұл ерекше жапырақтар. Оларға өрнектердің мәндері жазылған. Мәні сендердің жапырақтарыңда жазылған өрнектерді табыңдар.

Қызығушылықты ояту

Тапсырмалар: І топ ------------ ІІтоп 3*3 ------------- 4*3 6*2 ------------- 18: 3 27: 3 ------------ 3*7 24: 3 ------------ 16: 2 (Балалар тақтаға шығып, өздеріндегі жапырақтарды тиісті өрнектің қасына бекітеді) Жаңа сабақты меңгерту:

№1 - тапсырма Теңдіктің оң жақ және сол жақтарын салыстыр. Неге алдыңғы өрнектің мәніне қарағанда келесі өрнектің мәні 4 - ке артық? 4*4=4+4+4+4 4*5=4+4+4+4+4 4*6=4+4+4+4+4+4 .............................. №2 - тапсырма 4 - ке көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндір. 4 - ке көбейту кестесін толықтыр. 4*4=16 ------------- 5*4=4*5 -------------- 5*4=20 4*5=20 ------------- 6*4=4*6 -------------- 6*4=24 4*6=24 ------------- 7*4=4*7 ------------- 7*4=28 .......... 8*4=4*8........

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

4 - ті көбейту кестесі 9*4=4*9 4 - ке көбейту кестесі №3 - тапсырма 4 - ке бөлу кестесін құрғанда неге 4 - ке көбейту кестесін пайдалануға болады? 16: 4= 4, ----- себебі 4*4 =16 ---------- 4 - ке көбейту кестесі: 20: 4= 5, ----- себебі 5*4= 20 ------------ 16: 4 =4 ................... 20: 4= 5 ................... 24: 4= 6 ................... 28: 4= 7 ................... 32: 4= 8 ................... 36: 4= 9 Жаңа сабақты меңгергенін тексеру: - Орман ішін аралап біраз жүрген соң әп - әдемі тиін көрінді. Ол өзі отырған ағаштың бұтақтарына саңырауқұлақтарды іліп жатыр. Тиін уақытын босқа өткізіп отырған жоқ. Ол қызу еңбек үстінде. Біз де тиінге көмектесейікші. Ол үшін №4, 5 - тапсырмаларды орындауымыз керек. №4 - тапсырма Бос орынға тиісті сандарды қой: №5 - тапсырма Бос орынға тиісті сандарды қой: - Біз тапсырмаларды дұрыс орындай отырып, тиінге саңырауқұлақтар жинап бердік. Ол бізге алғысын білдіріп жатыр. Орман ішін одан әрі аралап көрейік. Дөңестеу бір жерден үп - үлкен апан көрінеді. апанның айналасында қарайып шіріген жапырақтар мен таза топырақ жатыр. Бір кезде әлгі апаннан бір аю шыға келді. Ол да қысқа дайындалып жүр. Апанын тазартып, ұйықтайтын жеріне таза жапырақ төсеп жүр. Аюға көмектесеміз бе? Онда №6, 7 тапсырмаларды орындайық. Жаңа сабақты бекіту: №6 - тапсырма Кестені толтыр: Көбейткіш -------------------- 4 ------- 4 ------- 4 ----- 4 ------- 4 ------- 4 Көбейткіш -------------------- 2 ------- 4 ------- 6 ----- 5 ------- 3 ------- 8 Көбейтіндінің мәні

Сергіту сәті

Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәрімізтұратынкөңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

№7 - тапсырманы ауызша орындау. - Жарайсыңдар, балалар! Аю сендерге алғысын білдіріп жатыр. Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Мына зытып келе жатқан не екен? - Қоян. - Балалар, қоянның да бізге өтініші бар екен. Яғни, ол бізден қырыққабат жинап көмектесуімізді сұрап отыр. Ол үшін №8, 9 тапсырмаларды орындауымыз керек екен. №8 - тапсырма: Теңдеулерді шеш: а*4= 16 х: 4= 6 4*с= 24 36: х= 4 №9 - тапсырманы ауызша орындату. 1. Р= (4+4)*2= 16см 2. Р =24, 32, 28см тең шаршылардың қабырғасының ұзындығын тап. 24: 4= 6см 32: 4= 8см 28: 4= 7см - Мінеки, балалар тапсырмаларды дұрыс орындай отырып, қоянға да көмектестік. Ол да бізге риза. Шығармашылық тапсырма: №10 - тапсырма 22см - 6см =16см 16см: 2= 8см

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Кестелік көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту. Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа,тапқырлыққа,қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету,Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

I.Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып тазалығына қарау

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Сәлем бердік сіздерге

Басты иіп бәріміз

б) Психологиялық дайындық.

Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде Математиканы оқимыз

Миымызға тоқимыз

-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!

Математика-Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен.Яғни математиканы білсек барлығын да білеміз екенбіз.

II. Актуализация

Амалдар тәртібін анықта және есепте. (120+300):7=60

720:8+200=290

(370+30):5=80

(500-20):60=8

360:60+840=846

370+150:5=400

7•(700-650)=350

560:8•3=210

50•6+630:9=370 2.

Тірек білімдерін белсендіру.

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады? 2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ. -Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? Осы айда қандай атаулы күн бар?

- Біз қай елде тұрамыз?

- Еліміздің тәуелсіздігінің неше жылдығын атап өттік?

- 23 қандай сан? - Отан, туған ел, ел рәміздері, Астана қаласы жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?

( Балалар әдебиеттік оқудан жаттаған өлеңдерін айтып шығады). - Егеменді еліміздің жарқын болашағы сендерсіңдер. Балалар, бүгін біз сендермен тәуелсіз еліміздің гүлденген «Абай»ауылына жүйрік аттармен саяхатқа шығамыз.

- Абай Құнанбаев кім?

- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

- «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз 5 жақсы қасиет және 5 жаман қасиет туралы айтқан.

- 5 қандай сан? - Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

1.Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

2.Оқушыларды «Бозжорға», «Құлагер» деген екі топқа бөлу. Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды екі топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз!

Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілерімен бағаланып отырады.

1.«Көкпар» ойыны. Ауызша есепте.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым соған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан

1.«Бозжорға»тобы

2.«Құлагер» тобы

6•20 5•20 7•100 3•100 8•20 2•20 9•100 0•100 0•20 9•20 5•100 4•100 2. «Асық ату» ойыны. Қай сан орнында жоқ?

Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

  1. «Бозжорға» тобы 2

  2. .«Құлагер» тобы

9 • □ = 540

1000 - □ =630

□ : 7 = 90

□ : 90 = 7

380+□ = 540

7 • □ = 630

810 : □ = 90

700 : □ = 7

90 • □ = 540

□ • 90 = 630

10 • □ = 90

210 : □ = 7 3.

«Теңге ілу» ойыны. Амалдарды орында

Ал, достарым, келіңдер, Біріңе-бірің еріңдер Біліміңді тексеріп, Амалды орындап көріңдер Екі топқа бірдей тапсырма:

45- (5•2) 9•(3+6) 50: (7+3) 63: (4+3) 24: (4+4) 48: (6+2) 4.

«Қыз қуу» ойыны. Теңдеулерді шеш.

Көп білетін оқушы Тақта алдына келеді Теңдеулердің шешімін дұрыс тауып береді

Екі топ теңделеулерді орындайды.

(1ұл, 1 қыз тақтада орындайды)

Теңдеулерді шеш:

100-х=30

250-х=50

48:с=6

81:с=9

а•5=10

а• 9=72 5.

«Аударыспақ» ойыны. Есеп шығару

Қане тәртіп сақтайық

Тез есептеп аттайық

Алға қадам басқанда

Батылдықпен аттайық

«Бозжорға» тобы «Құлагер»тобы

Ыдыста 60кг кәмпит болды. 4 қорап тұз үшін 120тг төленді. 9оқушының әрқайсысына 5 Осындай 8 қорап тұз үшін қанша кәмпиттен берілді.Ыдыста неше ақша төлеу керек? кәмпит қалды?

Сергіту сәті.

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады)

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) Жақсы! (алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! (алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма? (айналады) Жақсы! (алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді)

6. «Бәйге» ойыны Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.

«Бозжорға» тобы

1. 5ондықты 3есе арттыр

2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан

3. 6ондықтан 2 есе артық сан

4. 1дм-де неше см бар?

5. 30 бен 50-дің қосындысы

Логикалық тапсырмалар

1 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?

2. Бір сағатта неше минут бар?

3.Бір аптада неше күн бар?

4.Бір жылда неше ай бар?

5.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үй тапсырмасы

Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау жұмысы №1

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың өткен сабақта алған білім,білік дағдыларын қалыптастыру. Ой белсенділігін дамыту. Сауаттылыққа тәрбиелеу. Тапсырмаларды қатесіз дұрыс орындап үйрену.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау

Үй жұмысы туралы түсінікті қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту

Көбейту кестесін сұрау

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

І нұсқа 1. Есепте: 12 × 5=                                         126 : 2 = 36 ×3 =                                         207 : 3= 654 - (256-25 : 5)= 418 - (170+90: 30)=

2. Есепті  шығар: Кітапта екі әңгіме бар. Біріншісі 12 бетке, ал екіншісі 3 есе артық бетке жазылған. Кітаптағы екі әңгіме барлығы неше бетке жазылған ?

3. Салыстыр: 640:8 * 560:8                              1сағ 10 мин* 80 мин 31 × 3 * 32 × 3                            2м 3дм * 203см

4. Ұзындығы 6см, ені 2см тік төртбұрыштың  ауданы мен периметрін тап.

5. Теңдеуді шеш : х×6 =54+6                                                х : 400= 20:10 ІІ нұсқа 1.Есепте: 24 : 4 =                                       528 :4= 10 : 2=                                         639 :3= 323 × 3 - 640 = 400 : 2 : 5+ 314=

2. Есепті шығар: 10 қара көжекке 3 сәбізден , ал 10 ақ көжекке 5 сәбізден берілді. Көжектерге барлығы неше сәбіз берілді?

3. Салыстыр: 50 ×3 * 51 × 3                              30дм 2см * 302см

(90+6):3 * 90:3+6 : 2                   3сағ 15 мин * 180мин

4. Ұзындығы 4см шаршының ауданын тап.

5. Теңдеуді шеш: 12 ×х =148-28                                    54: х =9

Сергіту сәті

Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәрімізтұратынкөңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

1. Көбейтуді орында:

45 × 50 =

380 × 24

473 × 30 =

32 × 46 =

2. Бөлуді орында:

450 : 50 =

360 : 80 =

483 : 3 =

138 : 46 =

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.