Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы.ыты мемлекет.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
39.25 Кб
Скачать

Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі

Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады. Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады. Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалармен негізделеді.  Мемлекеттік мәжбүрлеуді  қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.  Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны. Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады. Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.

Қорытынды

Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша , ең адал мемлекеттіке жатады.” Заңның күші жоқ жерде- Аристотелъдің айтуы бойынша –мемлекеттік құрылым нысаны жоқ”.Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.

    Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды  туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.

    Федолизмыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи  тұрғысынан  сол кездегі прогрессивті оқымыстылар  Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі  тәжірбенің негізінде , саяасттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттң нұсқасын салуды көздеді.

    Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуінде  деп  білді. Мемлекеттің  нысаны  туралы  мәселені  көтергенде, республика  нысанына  мейірі  түсті, себебі  тек  республика  нысаны  ғана, көп  жағдайда  теңдік  пен  бостандықтың  талаптарына  сай  келетін. Бұдан  мемлекетті – көптеген  отбасыларды  және өзіне  қарағандарды  құқықтық  басқару  деп  анықтады. Мемлекеттің  мақсаты, тек  құқық  пен  бостандықты  қамтамасыз  ету  деп  білді.

   Мемлекеттің  дамуы  -  мемлекет  қоғамдық  еңбек  бөлінісінің,  жеке  мменшіктің  пайда  болуы   нәтижесінде   алғашқы  қауымдық  құрылыс  тапқа  бөлінуінің  туындысы. Мемлекет  жария  үкіметтің  пайда   болуы  мен  іс- әрекетінің  нәтижесі   ретінде  қалыптасатын, қоғам  өмірін  ұйымдастырудың  нысаны  мен  оның  негізгі    салаларын  басшылық  ететін, қажетті  жағдайларда  мемлекеттің  күшқуатына  үйренетін  басқару  жүиесі.

   Құқықтық мемлекет  - жеке адам мен қоғам мүдесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем денгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т.б.

Құқықтық  мемлекет  құқық  пен  занның  арасындағы  этатистік  мемлекетке  тән  мұндай  үлкен  қарама – қарсылықты  білмейді. Онда  мемлекеттік  органдардың  барлық  нормативтік  актілері  өзінің  мазмұны  және  бағыттылығы, қабылдау  және  рәсімдеу  процедурасы, іске  қосу  ерекшеліктері, қолдану  сипаты, тәртіп  бұзушылықтың  жүзеге  асырылуы  мен  қорғау  жөнінен  құқықтың  жоғары  критерийлеріне  сай  келеді. Заң  құқықтық  принциптердің  жүйелігіне  негізделеді, одан  қалмайды. Мемлекеттік  органдардың  құқыққа  қарсы  нормативті  актілер  қабылдап, оның  жұмыс  істеуі  іс  жүзінде  мүмкін  емес  нәрсе. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]