Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы.ыты мемлекет.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
39.25 Кб
Скачать

Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары

Құқықты мемлекет - бұл  адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.І Құқықтық мемлекеттің мәнін  қарастыруда оның негізгі  екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады: 1) мазмұнды  жағы - адам  мен  азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын  мейлінше толық  көлемде  қамтамасыз  етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан  көрінеді; 2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді. Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады: - билікті  заңсыз  пайдалануды болдырмау  мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу; - заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай   отырып   қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес; - мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі; - қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі; - азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.

Биліктің тармақтарға  бөлінуі  құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде

Биліктің тармақтарға  бөлінуі  құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот   (бұзылған құқықтарды  қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]