Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

13. Туризм дамуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.

Туризм дамуының табиғи алғышарттары

Шаруашылықтың саласы ретінде туризм кен өндіру, орман шаруашылығы, балық пен ауыл шаруашылығы сияқты, ресурстарға тәуелді.Аумақты пайдалануы бойынша туризм тек ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының артында орналасады. Рекреацияның жерге деген қажеті тұрғын үй құрылысына қажетті территориясынан үш есе, ал табиғи саябақтар, қорықтар мен қорықшалардың жер қажетін есептесек, 6-7 есе артық. Рекреациялық мамандандырылу деңгейіне қарай рекреация үшін аумақтарды пайдаланудың үш түрі бар:

1) Рекреациясы жоғары аумақтар – саябақтар, жағажайлар және көпшілік демалыс аймақтары. Мұнда басқа жер пайдаланушылар жоқ немесе олардың әсері шамалы.

2) Рекреациясы орташа аумақтар – бір уақытта экологиялық және өндірістік функцияларды атқаратын жерлер (қала маңында отырғызылған ағаштар, эрозияға қарсы егілген ормандар және т. б.).

3) Рекреацияға пайдасы шамалы аумақтар.

Жерді бөлудің ең көп кездесетін нұсқасы – екінші нұсқа.

Демалыс орындарын іздестіргенде табиғи ресурстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Ландшафтың ерекшелігі мен климаты, өсімдік пен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі, спортпен шұғылдануға, аңшылықпен және балық аулаумен айналасуға табиғаттың мүмкіншілігі ескерілуі қажет. Рекреациялық іс-әрекеттің түрлері аумақтағы табиғи ресурстардың әртүрлілігіне байланысты.

Ірі туристік кешеннің қалыптасуында немесе жеке бір туристік объектінің салынуында елдің (ауданның) географиялық орны маңызды рөл атқарады.Яғни теңізге, тауға, орманға неме-се маңызды көлік жолдарына жақын болуы өз әсерін тигізеді.

Жер бедері табиғи ортаның маңызды элементі болып саналады, себебі жер бедерінің әртүрлілігі ландшафтың құндылығын көтереді.Таулы жерлердің климаттық және ландшафтық ерекшеліктері психофизиологиялық регенерация (қалпына келтіру) жағынан өте маңызды, белсенді және пассивті демалыс үшін өте қолайлы. Белсенді тау туризмнің қасиеттері: ортаның жылдам ауысуы, формалардың контрасты, симметрия мен асимметрия, ландшафтың динамикалық және статикалық сипаттары,шыңға шығу және тамаша көріністер. Қысты күні таудың климаттық-орографиялық қасиеттері шаңғы туризмін дамытуға мүмкіндік туғызады.Табиғи ортаның екінші бір маңызды элементі – климат. Мезоклиматтың жалпы сипаттамасымен бірге, рекреациялық мақсатта аумақты бағалауында топоклиматтық, тіпті микроклиматтық ерекшеліктерді анықтау өте маңызды болады.Гидрологиялық ерекшеліктері, бір жағынан, спорт түрлерін дамытуға, таза ауада суға түсуге, балық аулаумен айналысуға мүмкіндік береді, екіншіден, ландшафт көркемділігі жағынан туризм үшін өте маңызды. Рекреациялық қажетіне пайдаланатын гидрогеологиялық шарттары мынадай: таза ағын сулар мен суаттардың болуы, табиғи жағажайлар немесе жүзу бассейндерін қалыптастыруға жарайтын жердің болуы, судың жайлы температурасы мен ағыс жылдамдығы, спорт түрлерін дамытуға жарайтын әртүрлі сулардың болуы. Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туризмнің дамуына көптеген факторлар әсерін тигізді, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық факторлар маңызды рөл атқарды. Әлеуметтік-экономикалық факторларға мемлекеттің әлеуметтік саясаты; жұмыстан бос уақыт; халықтың ауқаты; урбандану үрдісі; білім мен мәдениеттің дамуы және т. б. жатады. Қазіргі туризмнің дамуына мемлекеттің әлеуметтік саясаты, ең алдымен жұмыс уақыты, төлемі өтілетін демалыс жөніндегі жарғылары және демалыс жөніндегі шешімдері үлкен әсер тигізеді.ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған бос уақыттың көбеюі туристік қозғалысқа ең үлкен ықпал жасайды. Жыл бойындағы жұмыс уақытының қысқаруымен бірге бүкіл өмір бойындағы жұмыс істеген

жылдарының көлемі де азаяды. Мұның себебі – мектепте жалпы міндетті білім беру мерзімінің өсуі және зейнеткерлік заңнаманың жетілдірілуі.Төлемі өтелетін жылғы демалыс та өте маңызды. Еңбек демалыстары 60-шы жылдарының өзінде екі аптадан кем болмаған, кейбір елдерде тіпті үш-төрт аптаға жеткен.

Жұмысты ұйымдастыру бойынша Халықаралық конвенциясы 1970 жылы жылдық демалыс мерзімі үш аптадан кем болмау керек екенін мойындады.Кейбір елдерде демалыс мерзімі тез өсті, мысалы, КСРО-да 1958 жылы оның ұзақтығы 18,5 күн болса, 1968 жылы 21-ге дейін өсті. АҚШ-да дәл соғыс алдында өнеркәсіп еңбек-шілерінің тек 46% еңбек демалысына қолы

жеткен, 40-50-ші жылдары 80%, қазір – 95%. Мереке күндерінің туризмі мен күнделікті демалыс дамуында күн мен апта ішіндегі жұмыс сағаттарының көлемі маңызды. Бұрынғы КСРО-да жұмыс аптасы бес күндік болған жағдайда жұрттың көпшілігінде 112 демалыс пен мереке күн-дері болған, ал жылғы еңбек демалысын есептегенде – 130-136 күн (кейбір қызметкерлер үшін 148-160 күн) немесе жылдағы күндер есебінің 35-42%. Дамыған елдерде, сонымен қатар, үй жұмысына жұмсалатын уақыттың қысқаруына байланысты еркін

уақыт мөлшері де өскен.Бос уақыттың көбеюіне ағартудың, білім берудің және міндетті оқудың дамуы да әсер етеді. Көптеген елдерде жастардың үлкен бөлігінің (17-19 жасар мектеп оқушылары немесе 21-25 жасар студенттер) бос уақыты көп,олар оны туристік саяхаттар мен апта сайынғы демалысқа жұмсайды. Соғыстан кейінгі зейнеткерлік заңнаманың жетілдірілуі мен өмір жасының ұзаруына байланысты қарт адамдар (жасы 60-тан асқан) туристік саяхаттарға белсене қатыса бастады. Мысалы, Францияда 1961 жылы 60-64 жасар француздардың 29,9% туристік қозғалысқа қатысса, 1969 жылы бұлкөрсеткіш 32,5% дейін өст

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]