Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнжұмыстық және концептуалдық анықтамалары.

«Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиетте XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады.«Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour – саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралында континентке баратын ағылшын жастарының

саяхатын атау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарға танымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсаттағы саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда әр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай уақытты өткізіп жүретіндерді турист деп атады.Ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлининститутының журналында «Archіv für Fremdenverkehr» (1930-1931)мақаласының алғы сөзінде шыққан.Туризм өте кең түсінік, әдебиет беттерінде туризмнің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға

арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдісапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызды. КСРО-да 1952-ші жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол ел халқының өмірімен және мәдениетімен танысу, әлеуметтік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» – деді.

Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы) берді: «туризм –бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты,сапары, жорық жасап демалуы». П.Г. Олдак туризмнің тар және кең мағынасындағы анықтамасын береді: біріншісі – «демалысты саяхат жасап жүргізу», екіншісі – «тұратын орнын немесе жұмыс орнын ауыстыру мақсатында көшіп кетумен байланысы жоқ, демалыс, емдеу, ғылыми, іскерлік және мәдениеттік кездесулерге қатысу мақсаттарындағы саяхаттар».ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтырып, «туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық,құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» – деп анықтама берді. Осындай анықтама толық болып табылады, және қазір де жиі қолданылады.Туризм географиясы аясына еңбегі сіңіп, атағы шыққан В.С. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай

негізгі түсініктер беріледі:а) демография мен халық географиясы және заң ғылымы зерттейтін халық қозғалысының ерекше түрі;ә) экономика саласы, экономика мен экономикалық география айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттерін өтейтін салалардың біреуі;б) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерінен

тыс жерде бос уақытты өткізу түрі.Сөйтіп, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс бола тұра, туризм халық шаруашылығының әртүрлі салалары мамандарын қызықтырады,олардың әрқайсысы туризмді өз қажеттілігіне байланысты және өз пікірінше қарастырады.Халықаралық туристік академиясының (Монте-Карло) баспаларында«туризм» ұ .ымы «рахаттану, демалыс немесе емделу үшін жаяу түрде немесе көлік қолданып жасалатын саяхаттар» деп түсіндіріледі, және де аталған саяхатты туризм деп атаудың негізгі шарты – оның мақсатын еркін түрде таңдау және табыс іздеу мен туристік аумақта отырып қалу мақсаттары болмау керек. Көптеген энциклопедиялық басылымдарда туризм көңілкөтеру (ойын-сауық), танымдық (өлкетану, ғылы-ми, т.с.с.), демалыс, емделу,діни мақсаттарында жасалатын саяхат деп түсіндіріледі, және де ол табыс табу немесе мекендеу орнын ауыстыруымен байланысты болмауы керек.«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында (2001)«туризм» ұғымының қате анықтамасы берілген: «жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ түнеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхаттары». Қарап отырсақ, бұл «туризм» анықтамасы емес, «туристік сапар немесе саяхат»анықтамасы.Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм деп «адамдардың табыс табумақсатынсыз күнделікті тұратын орнынан тыс жерде саяхат пен қысқа мерзімде болуы нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жиынтығын» түсінеді. Осындай жиынтық туристің жолға шыққан мезетінен(кейде тіпті оған дейін) басталып пайда болады, барған жерінде жалғаса береді және үйіне қайтып келгеннен кейін аяқталады.Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біразөзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсініканықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді.Ең алғашқы «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист»ұ .ымыныңанықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының(РТҰХО) жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халық-аралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963),туризм бойынша парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага,1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория және тәжірибе жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетті.Халықаралық туризм мен саяхаттар бойынша БҰҰ конференциясында(Рим, 1963) «туристер» ұғымына ел жерінде бір тәуліктен ұзақ уақыт болатын тұлғаларды жатқызды, және де олардың түрткілері (мотивтері) демалыс, емделу, танымдық мақсаттағы саяхаттар немесе іскерлік не жанұялық кездесулер болып түсінілген.1937 жылы «халықаралық туризм» ұғымы, ал 1953 жылы «халықаралық келуші» ұғымы енгізілді. Қазіргі кезде 1991 жылы Оттавада өткен туристік статистика бойынша халықара-лық конференциясында қабылданған анықтамалар қолданылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]