Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

21. Туризм индустриясы туралы түсінік.

Қандай да болсын экономикалық іс-әрекет белгілі орнымен, уақытымен,

технологиясымен, тауарлар мен қызметтер көлемі және түрлерімен, олардың

сатылуымен сипатталады. Тауарлар мен қызметтер өндірісі адам

қажеттіліктеріне, біз қарастырып тұрған жағдайда – туризм қажеттіліктеріне

сәйкес болуы керек.

Туристік қызмет көрсетудің күрделі жүйесін басқа осы дәрежедегі

жүйелермен бірге халық шаруашылығының супержүйесіне кіретін жүйе

ретінде қарастыру керек. «Халық шаруашылық» жүйесі туристік

қажеттіліктер мен төлемге қабілетті сұранысты қалыптастырады, туризм

индустриясының мақсаттық бағытталуын, іс-әрекетінің қаржылық,

материалдық-техникалық, еңбек, нормативтік-құқықтық қамтамасыздануын

басқарады, басқа теңдес жүйелермен байланыстырады.

Алдында біз рекреациялық сала мен туризм индустриясы ұғымдарының

қатынасын қарастырдық. Енді туризм индустриясы ұғымын тәптіштеп

қарастырайық.

«Турист» энциклопедиясында (М., 1973) «туризм индустриясы» туралы

мынадай анықтама берілген: бұл – материалдық-техникалық базалардың

құрылуын, туристік рекреациялық ресурстарды игеру мен пайдалануын,

туристік тауарлар мен қызметтерді айырбасталуы мен қолданылуын

материалдық және материалдық емес сфера өнімдерінің өндірісін

қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.

Туризм индустриясының мекемелері мен кәсіпорындары шартты түрде үш

топқа бөлінеді:

1) демалыс орындары мен маршруттардағы туристік-экскурсиялық қызмет

көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаторийлер, кемпингтер;

саяхат және экскурсия бюролары; туристік-экскурсиялық тасымалдауға

арналған арнайы көлік; туристерді сауықтыру, емдеу қызметтерімен,

сонымен қатар сувенирлермен және басқа туристік тауарлармен қамтамасыз

ететін демалу орындары мен туристік орталықтары;

2) демалыс орнында туристерге және жергілікті халыққа тұрмыстық,

мәдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар

көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар және

т. б.);

3) туризмнің материалдық-техникалық базасын құру мен пайдалануды

қамтамасыз ететін өнеркәсіп мекемелері және оларға еңбек құралдарын,

шикізат, жабдықтау жеткізетін кәсіпорындар, сондай-ақ туризм сферасына

біліктілігі жоғары мамандарды дайындайтын мекемелер.

Ресей халықаралық туризм академиясы шығарған «Менеджмент туризма»

оқу құралындағы (М., 1996) туризм индустриясының анықтамасы мынадай:

«Туризм индустриясы – бұл функциялары бос уақыттағы демалыс пен көңіл

көтеру түрлеріне деген әралуан және үнемі өсіп келе жатқан сұранысты

қанағаттандыру болып табылатын салалар мен кәсіпорындар топтарынан

тұратын ірі дербес шаруашылық кешені».

Туризм индустриясына туризмсіз болмайтын тауарлар мен қызметтерді

өндіретін кәсіпорындар кіреді:

- қонақ үй кәсіпорындары;

- тамақтандыру кәсіпорындары;

- көлік кәсіпорындары;

- экскурсиялық, туристік бюролар мен агенттіктер;

- сувенирлерді шығаратын кәсіпорындар;

- туристік оқу орындары;

- ақпараттық және жарнамалық қызмет;

- туристік ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары;

- туристік тауарларды өндіретін кәсіпорындар.

Сөйтіп, құрылымы жағынан туризм индустриясы туризмнің өзінің

жүйесінен (сферасынан) және туристерге қызмет көрсетуге қатысы бар халық

шаруашылығының басқа салаларынан (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,

қызмет көрсету аясы және т. б.) тұрады.

Сонымен, туризм индустриясының жүйесіне мынадай мамандандырылған

кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар кіреді: 1) түнеу қызметін ұсынатын

кәсіпорындар (қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер, пансионаттар, меншікті

пәтерлер мен үйлер; туристік базалар, паналар, санаторийлер, демалыс

үйлері, басқа орналастыру орындары); 2) тамақтандыру кәсіпорындары

(мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар, аспаздық фабрикалар және т. б.);

3) көлік қызметін көрсететін мекемелер (авто-, әуе кәсіпорындары, темір жол,

теңіз және өзен флотының кәсіпорындары және т. б.); 4) туристік өнім

әзірлеу және өткізу фирмалары (туристік бюро, экскурсиялық бюро, туристік

фирмалар, туристік агенттіктер, жолдама сату бюролары); 5) жарнамалық-

ақпараттық туристік кәсіпорындар (жарнамалық агенттіктер, жарнамалық

бюро, ақпарат агенттіктері); 6) өндірістік туристік кәсіпорындар (туристік

сувенирлер фабрикалары, туристік құрал-жабдықтар өндірісі, туристік жиһаз

жасайтын фабрикалар және т. б.), 7) сауда кәсіпорындары (туристік құрал-

жабдықтар дүкендері, туристік сувенирлер дүкендері, жалдау пункттері және

т.с.с.); 8) туризмдегі көңіл көтеру кәсіпорындары (киноконцерт залдары,

клубтар, ойын автоматтары залдары және т.б.); 9) өзіндік туризм мекемелері

(туристік клубтар, альпинистік клубтар, туристік велосипед клубтары, су

туризмі клубтары және т. б.); 10) туризмді басқару органдары (туризм

комитеттері, басқармалары мен департаменттері, қоғамдық туристік ұйымдар

мен бірлестіктер және т. б.); 11) туристік оқу орындары (жоғары және орта

арнайы туристік оқу орындары, біліктілікті жоғарылату мен қайта даярлау

институттары, оқу курстық комбинаттар және т. б.); 12) ғылыми-зерттеу және

жобалау мекемелері (ғылыми-зерттеу туристік институттары, орталықтары,

зертханалары, жобалау институттары, туристік зерттеу полигондары және

т. б.). Әрине, бұл толық тізім емес: туризм индустриясына, сонымен қатар

жанама түрде теңіз, өзен, әуе, қала көлігі және көліктің басқа түрлері, жол

және қалалық коммуналдық қызметтер, байланыс, сауда ұйымдары,

өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және тұрмыста қызмет көрсетудің

басқа кәсіпорындары да кіреді.

Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді:

біріншіден, туристік мекемелердің орналасуы ресурстарға бағытталады;

екіншіден, туристік қызмет көрсетудің маусымдық қасиеті; үшіншіден

инфрақұрылымының даму деңгейіне қойылатын жоғарғы дәрежедегі

талаптар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]