Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
240.66 Кб
Скачать

2.3 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының синтетикалық есебі

Ұйымдар меншікті және қарыздық ақшаларды (кассадағы ақшаның қалдығынан басқа) банктегі шоттарда сақталуы тиіс.

Заңды тұлғаның банкте бірнеше шот ашуға құқығы бар.

Есеп айрысу шотын және басқа шоттарды ашу үшін банкке анықталған тәртіпте шот ашу туралы өтініш. Ұйымның құрылуы, тіркелуін куәландыратын құжаттар, бекітілген жарғының көшірмесі, төлем құжаттарына қол қоюға құқысы бар тұлғалардың қолдарының үлгілері бар карточка,мөрдің үлгісі, зейнетақы және басқа да бюджеттік емес қорларда тіркелгендігі туралы анықтама,салықтық есепке тұрғандығын растайтын анықтама беріледі. Шоттар бойынша операцияларды жүргізу мен рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің ережелерімен реттелінеді.

Қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банк пен ұйымның (клиенттің) арасындағы қарым-қатынастарды анықтайтын негізгі құжат –олар арасындағы келісім болып табылады.

Әр ашылған шотқа осы шоттағы ақшаның қозғалысымен байланысты барлық құжаттарда көрсетілетін нөмір беріледі.

Есеп айырысу шотындағы ақшалардың қозғалысы төлем құжаттарымен рәсімделеді, оларға ақшаны кіріс етуге хабарлама,чектер, төлем тапсырмалары және басқалары жатады.

Ақшаны кіріс етуге хабарлама банкте қолма-қол ақшаларды беру кезінде қолданылады.

Мекемелер материалдарды жеткізіп, қызмет көрсетушілермен есептесу кезінде қаржылардың мақсатты түрде пайдалануын, аккредитивтер, есептесу чектері, банкілік карточкалар және .т.б. арқылы бақылап отыру үшін, банктерде арнаулы шоттар ашады.

Олар ұлттық валюта (теңге) түрінде, сонымен қатар шетелдік валюталар түрінде де ашылады.

Шоттардың типтік жоспарының 1000 бөліміндегі бірнеше шоттар тобы осы мақсатта пайдаланылып, қолданылады:

1040- «Карт-шоттағы ақша қаражаттары», ақша қаражаттарының ұлттық және шетелдік валюта түріндегі қозғалысын есепке алады;

1050- «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаттары», ақша қаражаттарының ұлттық және шетелдік валюталар түрінде сақтау шоттарындағы қозғалысын есепке алады,1000 бөлімдегі шоттар тобында көрсетілмеген басқа да ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алады.

Бұл шоттар ағымдағы және басқа да банкілік шоттардағы, еліміздегі және шет елдегі аккредитивтерде, чек кітапшаларында, басқа да төлем құжаттарында (вексельдерден басқа) ұлттық және шетелдік валюта түріндеге ақша қаражаттары туралы ақпараттарды топтастырып, сараптау мақсатында пайдаланылады.

Аталған шоттар тобындағы қалдық сомалар, олардың мақсатты түрде толық пайдаланылмағанын көрсетеді. Дебет бойынша айналымы- қаржының толыққынын, кредит бойынша-мақсатты түрде пайдаланылғанын немесе қалдық соманың ұйымның есептесу шотына аударылғанын көрсетеді [26].

Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің есеп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.

Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.

Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Жедел төлем өнім тиелгенге дейін және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін бірден төленеді.

Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың қаржылық жағдайына зиянын тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.

«VIP-ГТ» ЖШС-де есеп айырысу нысаны төлеушімен алушынаң арасындағы өзара келісім шарт арқылы анықталады. Ал аванстық төлемдермен есеп айырысу мәміледе қарастырылған мерзімде және мөлшерде ақша қаражаттарын кезеңдік аудару жолымен жүзеге асырылады.

Барлық банктік құжаттар бүлінбей, түзетілмей толтырылып, ұйымның басшысымен және бас бухгалтермен қол қойылуы керек.

Ұйыммен келісілген мерзімде банк оған есеп айырысу ( ағымдық) шотынан көшірмелерді растаушы құжаттармен бірге береді немесе беріп жібереді.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары» активті шотында жүргізіледі, оның дебетінде ақша қаражаттарының келіп түсуі, ал кредитінде олардың шығыс етілуі көрсетіледі.

  1. ының дебеті мына шоттардың кредитімен корреспонденттеледі.

1210-1240-көрсетілген жұмыс пен қызмет көлемі шотының сомасын төлеу;

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» -кассадан қолма-қол салынған сомаға;

3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» банктен алынған қысқа мерзімді несиелер сомасына;

3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» -тапсырыс берушілерден алынған аванс сомасына

1030 шотының кредиті мына шоттардың дебетімен корреспонденттеледі.

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» - чек бойынша алынған ақша сомасына;

1610 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» -тауарлы-материалдық қорларды жеткізу, жұмыстар атқару мен қызметтер берілген аванстар:

3010 «Қысқа мерзімдік банктік қарыздар» -қарыздарды төлеу;

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы қарызды өтеу;

3110-3190 «Бюджетпен есеп айырысу» -бюджет алдынғағы салықтар, алымдар бойынша міндеттемелер» зейнетақы қорына аударымдарды аудару;

3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» зейнетақы қорына аударымдарды аудару

3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер» зейнетақы қорына аударымдарды аудару;

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» -ағымдық жал бойынша қарыздарды өтеу және т.б.

1030 шоты бойынша операцияларды көрсетудің негізі осы шоттан алынған көшірмелер болып табылады. Банктен алынған көшірмелерді тексеру барысында анықталған ағымдық шоттың дебетіне немесе кредитіне қателесіп жазылып қойған сомалардың себебін анықтағанға дейін 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотына апарады.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың синтетикалық есебі №2 журнал ордерде (1030 шотының кредиті бойынша) жүргізеді. Компьютерлік өңдеу кезінде 1030 шотының карточкасы мен 1030 шотының талдауы жүргізіледі.

Бұл шотта, сонымен қатар кәсіпорынның шетел валютасындағы ақша қаражаттары да есептелінеді. Республикадағы валюталық операциялардың есебінің тәртібі «Шетел валютасындағы операциялардың есебі» халықаралық бухгалтерлік есеп стандартымен анықталады. Халықаралық бухгалтерлік есептің базалық валютасы қазақстандық теңге болып табылады. Бұл дегеніміз, валюталық операциялар бойынша барлық есептік жазбалар валюта түріне байланыссыз теңгеде жазылу керек дегенді білдіреді. Егер операция қандай да бір шетел валютасында жасалынған болса, онда бухгалтерлік есеп үшін нақты соманың теңгелік баламасы қолданылады. Шетел валютасын теңгеге қайта есептеу валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде және басқа елдерде филиалдары мен өкілдіктері бар ұйымдар қаржылық есептіліктерін дайндауы кезінде жүргізіледі. Мұндай бөлімшелер есеп үшін өздері орналасқан елдің ұлттық валютасын қолданады. Сондықтан, отандық ұйымның қаржылық есептілігіне осындай филиалдар мен өкілдіктердің қызметінің мәліметтерін қосу үшін шетел валютасын теңгеге қайта есептеу қажет. Дәл осындай жағдай ұйымның ортақ қаржылық есептілігін дайындау кезінде туындайды: бұл жерде ұйым, сонымен қатар еншілес ұйымдардың мәліметтерін де қосады. Бухгалтерлік есепте шетел валютасын теңгеге қайта есептеу үшін валюта айырбастаудың нарықтық курсы қолданылады. Валюта айырбастаудың нарықтық курсы – белсенді нарықта белгілі бір валютаға сұраныс пен ұсыныстан туындайтын бір валютаны екінші валютаға айырбастаудың арақатынасы. Валюталық курс көптеген факторлардың әсерінен жиі өзгеріп отырады.

Бастапқыда бухгалтерлік есепте шетел валютасындағы операциялар операциясыны жасау күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсын қолданып теңгеде танылады және көрсетіледі. Операцияны жасау күні қаржы есептілігіндегі операцияны тану күні болып саналады.

Жекелеген азаматтардың тиісті ақшаларын төлеуді (зейнетақы, алимент, жолсапар шығындары, қаламақы) ұйым байланыс мекемелері арқылы орындай алады.

Салық төлеушілердің төлем тапсырмасы негізінде бюджетке төлемдерді аудару банкке ұсынылған күні алдыңғы кезекте жасалынуы тиіс. Аталған тапсырманы кешіктіріп орындауға банктің құқығы жоқ. Сондай – ақ есеп айырысу тәртібін бұзған ұйымдар мен банктерге Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айып пұл салу туралы нұсқауда қарастырылған шаралар қолданылады.

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылармен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, ұйымның есеп айырысу шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Ұйымның есеп айырысу шотынан төлемдерді беру кезегін ұйымның жетекшісі белгілейді.

«VIP-ГТ» ЖШС-тің операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп берулерде ұсынады.

Операциялық қызмет ретінде өнімдерді өткізуден түскен ақшалар, пайыздар мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сипаттайды.

Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар, ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта акцияларды шығару жатқызылады [27].

Ақшаның қозғалысы туралы есеп беруді жасаудың екі әдісі – тікелей және жанама ажыратылады. Ұйымда осы есеп беруді тікелей әдіспен дайындайды.

Шаруашылық жүргізуші ұйымдар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес ақшасын банк мекемесіндегі есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері арқылы ұйымдар арасындағы есеп айырысу қолма-қол ақшасыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер ұйымдар арасында төлемдік және келісім - шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Банктердегі есеп айырысу шоты келесі құжаттардың негізінде ашылады:

  • Бекітілген нысандағы өтініш;

  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

  • Төраға мен бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалдық кеңсемен расталған ұйым мөрінің бейнесі;

  • Төлеуші ретінде тіркелгені жөніндегі салық комитетінің анықтама қағазы;

  • Ұйым жарғысының көшірмесі.

Бірінші қолды қою құқығы ұйым жетекшісіне, ал екіншісі бас бухгалтерге беріледі.

Есеп айырысу шотына нөмір беріліп. Ұйымға хабарландырылады және операциялар рәсімделетін барлық құжаттарға сол нөмір қойылады.

Банк пен шот иесі арасындағы қатынас ҚР Ұлттық банкісінің және нормативті актісімен реттеледі.

Банктегі есеп айырысу шотын ашу кезінде жоғарыдағы құжаттарды негізгі ала отырып, банк пен шот иесі келісім шартқа отырады. Келісім шарт бойынша банк шот иесінің пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, оның ақшаны аудару (беру) туралы тапсырмасын орындауға міндетті.

«VIP-ГТ» ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «БанкЦентрКредит » филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.

Банк есеп айырысу шотынан ұйымның нақты ақшасыз тәртіпте жүргізілетін міндеттемелерін, шығындары және тапсырмаларын төлейді. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуге және ағымдағы қажеттіліктер үшін қаражаттар береді. Ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялар қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі және шоттағы бос ақша қаражаттарының қалдығы шегінде одан ақша аудару немесе есеп айырысу шотынан ақшаны алу ұйым төрағасының жазбаша бұйрығының негізінде (ақша чектері, қолма – қол ақшалық салымдарға хабарлама, төлем тапсырмасы) жүргізіледі. Шот иесінің келісімімен (акцепт) жеткізушілермен және мердігерлердің төлемдік талап – тапсырмасы бойынша ақша қаражаттарын аудару жүзеге асады. Ал шот иесінің келісімінсіз банк оның есеп шотынан бюджетке, міндетті зейнетақы қорына төлемдер бойынша айыппұлдар мен қалдық сомаларды сот,салық және қаржылық органдарының өкімімен есептен шығаруға құқылы [28].

«VIP-ГТ» ЖШС шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі (төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу бойынша операциялар банкпен дер мерзімде дұрыс толтырылған төлем құжаттарының – төлем тапсырмасы, чек, шотқа қолма қол ақша салуға хабарландырулар негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының мазмұнына қойылатын талаптарды ҚР Ұлттық банкі анықтайды.

Ұйымда егер есеп айырысу бойынша қателіктер туындағын болса, шоттан ақшаны шығарудың дұрыстығына қойылатын талаптар бойынша шағындар қызмет көрсететін банкке жіберіледі.

«VIP-ГТ» ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады. Чекте ұйымның атауы, есеп айырысу шотының нөмірі, сомасы, алушының төлқұжаттық мәліметтері, төраға мен бас бухгалтердің қолдары, ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс. Алынған ақшаның жұмсалатын мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіліп, бір данада сиямен жазылады. Онда түзетулер жасауға тиым салынады. Чектер берілген күнін есептемегенде он күнге дейінгі мерзімге жазылады.

Ұйым қолма – қол ақшамен банктегі шотына салынатын өткізуден түскен түсім, депонирленген жалақы және басқа да сомаларды өзінің шотына қабылдау үшін шотқа қолма – қол ақша салуға хабарламаны толтырады. Онда есеп айырысу шотының нөмірі, жарнаның сомасы мен мерзімі қойылады. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады. Ақшаны тапсырғаннан кейін кассирге банк қабылдаған ақшаны растайтын түбіртек беріледі, ол кассалық шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

«VIP-ГТ» ЖШС-і төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын ұйым қорларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ақша қаражаттары бар болған да ғана орындалады.

Ұйым орындалған жұмыс, өткізген өнім, көрсетілген қызметі үшін ақшасын алуға төлемдік талап – тапсырмасын жазып, өзінің қызмет көрсететін банкісіне инкассоға өткізеді. Бұл құжатты қызмет көрсетуші банк төлеуге тиіс ұйымның банкісіне жібереді. Төлеуші оны үш күн ішінде акцепке алуға немесе бас тартуға міндетті. Талап тапсырмасы босатылған қорлар, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысулар кезінде қолданылады.

«VIP-ГТ» ЖШС – де есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі үшін 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты арналған. Шоттың дебеті бойынша Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына түсуі, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан қаражаттардың жұмсалуы көрсетіледі.

Есеп айырысу шоты бойынша жазулардың негізі – банк көшірмесі болып табылады. Ұйымның ақшалай қаражаттарын сақтай отырып, банк өзін оның борышкері санайды, сондықтан ақшаның қалдығы мен олардың түсуін шоттың кредиті бойынша, ал есептен шығарылуын дебеті бойынша көрсетеді [29].

Күн сайын немесе ұйымдағы арадағы келісім шарқа сәйкес белгіленген мерзімде банк оның есеп айырысу шотынан көшірме қағазын беріп отырады. Оған айғақ ретінде банк көшірме қағазға есеп айырысу шотына ақшаны тіркеу және есептен шығару үшін негіз болған анықтамалық құжаттарды қоса салады. Көшірме қағазда есеп айырысу шотындағы бастапқы және соңғы қалдық операциялар сомасы көрсетіледі. Бухгалтерия көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексеріп, қате кеткен жағдайда банкке оны хабарлайды. Келіспеушілік сомасы көшірмені алғаннан бастап он күн ішінде қабылданады. Банк көшірмесі тексерілген кезде сомалардың қасына корреспонденцияланатын шоттың нөмірі қойылады.

Көшірме қағаздар өңделіп болғаннан кейін, оның мәліметтері шаруашылық операцияларын тіркеу журналына, одан тікелей журнал – ордерлерге түсіріледі.

«VIP-ГТ» ЖШС-не көрсетілген банк қызметтері үшін банк аударым жасалған соманың 1 пайызы мөлшерінде комиссиондық пайыз ұстайды. Оны мемориалдық ордерде көрсетіп ұйымға ұсынады.

Көшірме қағаз және есеп айырысу құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялардың заңдылығын тексеру кезінде қате тіркелген сомалар анықталса, онда бұл тіркелген сома 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 3210 «басқадай кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша, ал қате есептен шығарылған сома 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының кредиті және 1430 «Басқадай дебиторлық қарыздар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Кейінгі көшірме қағазда банк түзету енгізіп, ал бухгалтерлік есепте қарыз есептен шығарылады.

Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 1030 шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №2 журнал – ордерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Есеп айырысу шотының жабылуы ұйым төрағасының арызы бойынша жүзеге асырылады:

  • ұйым қызметінің сипаты өзгерген жағдайда;

  • ұйымды құрған органның шешімі бойынша;

  • шотта үш ай ішінде жазулар болмаған жағдайда [30].

4 кесте – Есеп айырысу шотындағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелінетін

Кредиттелінетін

1

Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

1210

2

Еншілес серіктестіктерден жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

1220 – 1240

3

Жолдағы деп есептелінген ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

1040

4

Есеп айырысу шотына ұйымның жарғылық қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома

1030

5020

5

Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома

1030

1010

6

Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома

1030

1410

7

Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кіріс етілді.

1030

3010

8

Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шотынан келіп түскен сома

1030

1070

9

Есеп айырысу шотына келіп кірісітелген банктен тыс мекемелердің несиесі

1030

3020

10

Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына қайтарылды

1030

3110-3190

11

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған материалдық емес активтер

2710-2730

1030

12

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған негізгі құралдар

2410

1030

13

Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер есепайрысу шотынан қайтарылды

3010-3020

1030

14

Заңды тұлғаның есептелген табыс салығы бойынша қарыз сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды.

3110

1030

15

Ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын табыс салығы сомасы бюджетке аударылды

3190

1030

4-ші кестенің жалғасы

16

Әлеуметтіу салық сомасы есеп айрысу шотынан бюджетке аударылды

3150

1030

17

Еңбекақы, зейнетақы және тағы басқа төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу шотынан аударылды

1010

1030

Ескерту - «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

«VIP-ГТ» ЖШС-ның ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі.Ұйымдар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивке көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

  • Жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

  • Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

  • Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

  • Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі [31].

Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

Сонымен, ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша есеп беру әдістері жоғарыда айтылған шоттарда ашылып көрсетілген. Осыдан соң «VIP-ГТ» ЖШС ақша қаражаттарының опрациялары қойылған талаптарға толығымен сай жүргізілуде деген пікірге келуге болады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп принциптері мен бухгалтерлік есеп анықтамаларын қолдануда.

Кассадағы операциялар есебі активті типтік шоттардың бөлімдерінде жүргізіледі:

Қолма-қол ақша төленген негізгі құралдар, материалдық емес активтер сатып алынды және кіріске алынды:

2420 “Негізгі құралдар”,

2700 “Материалдық емес активтер” шоттарының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Кассадан есеп шотқа ақшалай қаражат тапсырылды:

1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Кассадан еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді:

3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Жабдықтаушылардың шотына кассадан қолма-қол ақша төлеу:

3310 “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Қорлар жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін берілетін аванстар сомасы:

1610 “Берілген қысқа мерзімді аванстар” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Алынған аванстың қайтарылуы:

3510 “Алынған қысқа мерзімді аванстар”,

4410 “Алынған ұзақ мерзімді аванстар” шотарының дебеті,

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Түгендеу кезінде анықталған ақшалай қаражаттың кем шығуы:

2180 “Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Анықталған кем шығу кінәліге қойылды:

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының дебеті;

2180 “Өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” шотының кредиті;

Кінәлі кем шығуды өтеді:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті [32];

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдік фирмалардың және бірлескен ұйымдардың валюталық кассалар ашуына рұқсат етілген. Валюталық кассада кассир валюталардың әрбір түрі бойынша шетел валютасымен және теңгемен валюта қаражаттарының аналитикалық есебінің карточкаларын және касса кітабын бөлек жүргізеді. Карточкаларда және касса кітабында шетел валютасының түсуі мен шығуы және бағамдағы айырмашылықтарды есептеу бойынша барлық операциялар жазылады, бағам айырмашылықтары шетел валюталарының қалдықтарында есептеледі. Қызметкерлердің шетелдерге баратын іс-сапарлары жағдайында Қазақстандық ұйымдар мен ұйымдар қолға берілетін валютамен валюталық операциялар жасауы мүмкін.

«VIP-ГТ» ЖШС-де валютамен операция жасайтын субъектілер 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотын ашады. Валюталық касса есебі субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жргізіледі, бар айырмашылығы, кіріс және шығыс кассалық ордерлерде және касса кітабында қаражаттар сомасы шетелдік валюталарда және теңгемен алғандағы эквивалентінде (баламасында) көрсетіледі.

Валюталық касса үшін бөлек касса кітабы ашылады. Валюталық операциялардың көлемі үлкен болған жағдайда бөлек машинограммалар немесе өзге есеп тізімдері жүргізілуі мүмкін.

Валюталардың түсуі кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты дебеттеледі, келесі шоттардың кредитіне:

Банктегі валюта шотынан кассаға түскен қолма-қол шетелдік валюта сомасына:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Тиісті шетел валюталарына қатынасы бойынша теңге бағамының түсуі кезіндегі бағамдар айырмашылығынан алынған кіріс:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

6250 “Бағамдық айырмадан түскен кірістер” шотының кредиті;

Есеп беруге тиісті тұлғалардың кассаға тапсырған валюта сомасынан алынатын кіріс:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

Валюталардың шығуы кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты кредиттеледі келесі шоттардың дебетіне:

Есеп берілетін валюталық қаражаттың кассадан берілуі:

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Шетелдік валютамен валюталық шотқа тапсырылған ақшалай қаражат:

1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Тиісті валюталарға қатынасы бойынша теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде құралған бағамдардың айырмашылық сомасына:

7430 “Бағамдық айырма бойынша шығыстар” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Кассаға ақша кірістелген кезде 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты», шоты дебеттеледі, онда кассадағы ұлттық және шетел валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады, төмендегі шоттары кредиттеледі:

1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1250-“Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің: активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іс сапарлар мен басқалар, кызметкерлерге берілген карыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу талан таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөнінде есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі,

Ақша кассаға түскен кезде 1010 - «Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі және келесі шоттар кредиттеледі:

6010-«Өнімді сатудан және қызметтер керсетуден түсетін кіріс» және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

1210-«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі [33];

«VIP-ГТ» ЖШС-нің кассасына түскен түсімді өткізгенде –1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» субшоты кредиттеледі.

5 кесте - «VIP-ГТ» ЖШС кассасына ақша қаражатының кіріске алынуы:

Шаруашылық операция мазмұны

Д

К

Сома, тг

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім кассаға келіп түсті

1010

6010

3067200

2

Сатып алушылар мен тапсырушылар берешегін кассаға тапсырды

1010

1210

6847000

3

Ағымдағы банктік шоттан келіп түсті

1010

1030

4000000

4

Қызметкер түгендеу кезінде жетпеген немесе пайдаланбаған соманы кассаға қайтарды

1010

1250

780000

5

Құрылтайшыдан салым ретінде кірістелді

1010

5110

85000

5-ші кестенің жалғасы

6

Қайтарымсыз заңды тұлғадан келіп түсті

1010

6220

64000

7

Аванс ретінде сатыпалушылардан кассаға кірістелді

1010

3510/4410

57500

8

Пошта бөлімінен жолдағы ақша қаражаты алынды

1010

1020

1000000

9

Өз акцияларының сатылғаннан түскен түсімі кірістелді

1010

5210

3404500

10

Оң бағам айырмашылығы анықталды

1010

6250

875000

11

Валюталық шоттан кассаға түсті

1010

1012

682000

Барлығы

29862200

Ескерту - «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және келесі шоттары дебеттеледі:

6 кесте - «VIP-ГТ» ЖШС кассасынан ақша қаражатының шығысталуы:

Шаруашылық операция мазмұны

Д

К

Сома

1

Жеткізушілер мен мердігерлерге төленді

3310/4110

1010

2108200

2

Банктік қарыз қайтарылды

3010/4010

1010

300800

3

Есептелген сыйақылар аударылды

3380

1010

983400

4

Корпорациялық табыс салығы төленді

3110

1010

300672

5

Бюджетке айып төленді

7210/7470

1010

212000

6

Ағымдағы банктік шотқа босатылды

1030

1010

2640000

7

Теріс бағам айырмашылығы анықталды

7430

1010

308000

8

Еңбекақы төленді – төлем ведомос бойынша

3350

1010

200850

9

Пошта бөліміне тапсырылды

1020

1010

645200

6-ші кестенің жалғасы

10

Түгендеу барысында сома кем шықты – кінәлі адам белгісіз

1280

1010

145600

11

Жетпеген сома жауапты тұлғаның мойнына жүктелді

1250

1010

145600

12

Жеткізушілерге аванс берілді

1610

1010

74320

Барлығы

7889042

Ескерту - «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

3350-«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы телеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;

2150-«Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар.

1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады [34] ;