Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Капитал мен резервтер.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
480.26 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады,

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады.

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдын, қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына косқан үлестері бойынша карыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Қосымша төленген капитал дегеніміз -акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5310-ші "Қосымша төленген капитал" шотында жүргізіледі.

5400-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен козғалысы туралы ақпарат жинакталады.

Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда кайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге кұқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді телеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында керсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалып-тастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі "Резервтік капитал" бөлімінің: "Заңмен белгіленген резервтік капитал", "Басқадай резервтік капитал" — деп аталатын шоттарда есептеледі.