Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Капитал мен резервтер.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
480.26 Кб
Скачать

1.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Төленбеген капиталдың есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдын, қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына косқан үлестері бойынша карыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5110 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол езінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары — 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Артықшылықты акциялар" (акционерлік коғамдарда) және 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлеріңде) шоттары кредитгеледі. Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110 -ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шотгары дебеттеледі:

-материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде — 2730 шоттары;

- жерді, негізгі кұралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде телеу кезінде — 2410 шоттары;

- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310, 1320, 1330 шоттары;

- ақшалай қаражаттарды жарғылық корға жарна ретінде аударған кезінде — 1010,1010, 1030, 1040 шоттары дебеттеледі.

Егер де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

ә) Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы келемін қысқарту жөнінде шешім кабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 5210-ші шоты арналған, ол 5010 және 5020 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.

5210 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5210 шоты дебеттеледі де және 1040,1030,1010, 1060 шоттары кредиттеледі.

Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:

1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: 5210 шоты дебеттеледі де, және 1040, 1030, 1010 шоттары кредиттеледі.

2. Сатып алынған акцияның құны номиналдық күннан төмен болған жағдайда:

- сатып алу кұнына:

5210 шоты дебеттеледі де және 1040,,1030 , 1010 шоттары кредитгеледі;

- сома айырмасына, яғни акциялардың құны номиналдық құннан аз болған жағдайда:

5210 шоты дебеттеледі де және 5510 "Есептік жылдағы таратылмаған табыс" шоты кредиттеледі (яғни ақша қаражатгары жеткіліксіз болған жағдайда оларға қосымша қаражаттарды қосады).

3. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық құннан жоғары болған жағдайда:

- сатып алу құнына:

5210 шоты дебеттеледі де, 1040, 1010, 1030 шоттары кредиттеледі;

- сома айырмасына, яғни акцияның құны номиналдық құнынан артық бағаға сатып алынған жағдайда:

5510 "Есептік жылдағы таратылмаған табыс" шоты дебеттеледі де, 5210 шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар айналыстан шығарып алу үшін акционерлерден қайтып сатып алынса, онда олар мынадай шоттар корреспонденциясымен беріледі: 5010, 5020 шоттары дебеттеліп шоты кредиттеледі.

Егер де акциялар одан әрі сату мақсатында қайтып алынса, онда олардың номиналдық құны 5210 шоттың кредитінен 7410 "Бағалы қағаздарды сатудан алған шығыстары бойынша" шотының дебетіне жатқызылады.

Акциялардың сатылатын құнына, олардың номиналдық құнының мөлшеріне 6210 "Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша" шоты кредиттеледі де, 1280 "Басқа да" шоты дебеттеледі. Егер де акцияның кұны номиналды құнынан жоғары болса алынған айырма сомасына 1280 шоты дебеттеледі де, 5310 "Қосымша төленген капитал" шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.

Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құкығы жоқ:

- қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;

- қоғамның шығарылған (төленген) жарлық капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген) жарлық капиталының минималды деңгейінен кем болса;

- қоғам акцияны кайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;

- акцияны сатып алатын кезінде коғамның меншік капиталының келемі қоғамның жарлық капиталына шығарылған (төленген) капиталдан кем болса.

Қайтып сатып алынатын акцияның саны бүкіл қоғамның шығарған акциясының 25%-нен немесе қоғамның меншік капиталының 10%-нен аспауы керек.

Қоғамның акциясын сатып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіледі, осындай шешім шыққан соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестріне енгізеді.

б) Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз -акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 5310-ші "Қосымша төленген капитал" шотында жүргізіледі.

Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5310 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебетгеледі: 1040,1030,1010

Сатылған акциялар бойынша шоттарды телеуге ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 1240-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

в) Қосымша төленбеген капиталдың есебі. Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 5400 -ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің катарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді:

5420-шот "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал"; 1010-шот "Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал"; 1030-шот "Басқа да қосымша төленбеген капитал". 5400-ші "Қосымша төленбеген капитал" бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен козғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Негізгі құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда кайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге кұқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410, 2510,5,2520 шоттары дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты дебеттеліп, 2420 шоттары кредиттеледі.

Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі кұралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына кешіріледі.

Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 5430-ші "Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал" шотының кредиті бойынша көрініс табады:

Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын және басқа да шаруашылық серіктерінің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына

2210-2310

5440

Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан қайта бағалаудан түскен сомасына

2030

5430

Есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы

5430

5510,6210

Кесте 1. Инвестицияны қайта бағалау операциялары

5430 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының темендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

- ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1140 шоттары кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі;

- инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2210-2310 шоттары кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары ұшін 5440-ші "Басқа да қосымша төленбеген капитал" шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция-неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде 6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430 шотгың дебеті бойынша керініс табады.

Егер де доллар бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғаны ретінде бағаланады және ол 5440 "Басқа да" шотының дебеті бойынша көрініс табады, ал егер де керісінше болса, онда 5440 шотының кредитінде көрсетіледі.