Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Капитал мен резервтер.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
480.26 Кб
Скачать

2.2 Акционерлік қоғамдардың есеп беруі – халықаралық стандартпен есеп саясатын құру және есеп беру әдістемесі

Бухгалтерлік есеп әдістемесі үшін бухгалтерлік табыстың шамасы мен оның салық салынатын базамен қандай байланысы бар екендігін түсіну және оны түсіндіру маңызды мәселе болып табылады. Оның басты ерекшелігі: кез-кекелген қаржылық қорытынды есеп мемлекеттік салық органдарының мүддесі үшін құрылуға тиіс.

Республикамызда бухгалтерлік есепті реформалау үшін ағылшын-американдық модель таңдалды. Қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі, кәсіпорынды ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын көбірек бұруға мүмкіндік береді.

Акционерлік қоғамдардың есеп беруі: методикасы мен методологиясын халықаралық стандартында Қаржылық қорытынды есеп берудің төмендегі концепциаларымен қарастырамын:

  • Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебін жүргізу мақсаты;

  • Бухгалтерлік ақпараттардың сапалық сипаттамасы;

  • Бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу принциптері;

  • Қаржылық қорытынды есеп элементтері.

Еліміздің бәсекелестікке қабілетті қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосуда экономикада болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі де жатады.

Біріккен сауда ұйымдарға (БСҰ) кіру шеңберіне көшу рәсімін реттейтін құжат 1 «ХҚЕС –ын алғашқы қолдану » ХҚЕС (ІҒRS)болып табылады.БСҰ-на Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары мен ұйымдары Бастапқы Балансты қалыптастыруы қажет, ондағы мақсат бастапқы баланс кейіннен ХҚЕС-ын қолдану үшін бастапқы нүкте болып табылады.

Мұнда ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілікті жасаған кезде қолданылатын есеп саясаты есептік күнгі ХҚЕС талаптарына сәйкес келуі тиіс және есеп беру методологиясы осы стандартта айқындала түседі. 1-ХҚЕС есеп саясатындағы өзгерістер ХҚЕС-на көшкен күннен басталатын кезеңдерге қолдануы тиіс деп нақтылайды.

ХҚЕС1 «ХҚЕС бастапқы қолдану» басты мақсаты жалпы бағыттағы қаржылық есепті ұсыну үшін негізін ашу болып табылады.

Стандарт келесілерді камтиды:

  • қаржылық есепті ұсынудың жалпы ерекшесі;

  • қаржылық есеп құрылымы бойынша ұсыныстар;

  • қаржылық есеп мазмұны бойынша минималды талаптар;

  • қаржылық есептің ХҚЕС-на сәйкестігіне ұсыныстар;

  • қаржылық есептің ХҚЕС-тан мүмкін ауытқулары бойынша ұсыныстар.

Акционерлік қоғамдағы бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік ұсыныстары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне, ҚР Президентінің Заң күші бар « ҚР Ұлттық Банкі туралы »Жарғылығына сәйкес және қаржылық есеп берудің халықаралық стандартымен субъектілердің қаржы- шаруашылық қызметінің Типтік шот жоспары, басқада нормативтік және құқықтық актілер негізіне байланысты жүргізіледі.Осы аталған құжаттардың негізінде ұйымдар өз есеп саясатын құрады.

Есеп саясаты – ол ұйымдардың басқару органдарының бухгалтерлік есеп жүргізі және қаржылық есептемесін ашып көрсету туралы әдістемелер жиынтығы.

Есеп саясатын құру маңызды процедура болып табылады және ол қаржылық есептеме дайындауға әсер етеді. Шаруашылық субъектілері сиақты Қазақстан Республикасының ұйымдары бухгалтерлік есепті және қаржылық есептеме жүргізу үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларына есептік саясат жүргізеді.

2000 жылы Кеңеспен шығарған ХҚЕС-ты үш буклеттер: ХҚЕС, Қорытындылауға арналған негіз және қолдану жөніндегі нұсқама мен шыққан. Осыған байланысты Есеп саясаты ХҚЕС кешенділігіне және әдістемелік қиындығына байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдануға мүлдем келмейді. Олар үшін оңайтылған нысандары жасалуда.

Акционерлік қоғамның есеп саясатын қалыптастырған кезде қабылданған және түсіндірме жазбада ашылуға тиісті бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдеріне мыналар жатады:

  • кірістерді тану;

  • жиынтық қаржылық есеп жасау қағидаттары;

  • материалдық (негізгі құралдар) және материалдық емес активтерді тану және

амортизациясы;

  • заемдар бойынша шығындары және басқа шығындары капиталдандыру;

  • мердігер шығындары;

  • инвестициалық меншік;

  • қаржылық құралдар және инвестициалар;

  • қорлар;

  • салықтар, оның ішінде төлеу мерзімі өткен салықтар;

  • резервтер (күмәнді борыштарға, кепілдіқызмет көрсетуге және т.б)

  • ақша қаражатын және олардың баламаларын айқындау;

  • маңызды қателер, сипаты, ағымдағы кезең үшін және барлық өткен кезеңдерге берілгендер үшін түзету көлемі;

  • есеп саясатындағы өзгертулер.

Өзгертулер туралы ақпаратқа мыналар кіруі тиіс:

а) есеп саясатын өзгертудің себептері;

ә) өзгертулер салдарларының ақшалай көрсеткендегі бағасы;

б) есептік жылға қаржылық есепке енгізілген бұрынғы есептік кезеңдердің тиісті деректерінің түзетілгенін көрсету.

Ретроспективті тәсілдеме егер жаңа есеп саясаты қалайда әрқашан қолданылатын болса, онда солай жаңа Есеп саясаты барлық оқиғалар мен операциаларға қолданылуы керек деген тұжырымға тоқтайды.

Переспективті тәсіл өзгеріс енген күннен бастап болған оқиғалар мен операциаларға жаңа есеп саясатының қолданылуын білдіреді. Мейлі ол бастапқы кезеңде бөлінбеген пайданың сальдосы немесе таза пайда немесе ағымлағы есептік кезеңнің залалы болсын, сол себепті қолда бар сальдо қайта саналмайды.