Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menwikti_kapital.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
228.86 Кб
Скачать

2.Бөлінбеген пайда есебі

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбекен пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» есебі:

  • «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;

  • «Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)»

  • деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)»шотты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шекккен зиян «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының дебитінде жазылады.

Мысылы:

- есеп беретін жылғы шаруашылық субьектісінің шеккен қорытынды зиянның сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Жинақтық кіріс(зиян)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

- ұйым өзінің кіріс есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті сомаға:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі, түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

- Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлекен сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Артықшылығы бар акциялар бойнша есеп айырысу»,

«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванс» және тағы да басқа щоттарының тиісті түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

- Акционерлерге (серіктестерге, қатысушыларға) девиденттерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:

Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,

К – т: «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандайда бір кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмаслмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысынада белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші «кірістер» және сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттары жабу барысында бухгалтерлік есепте жетінші «кірістер» деп аталатын бөлім шоттары дебиттелініп, «жиынтық кіріс(зиян) » деп аталатын шот кредиттелінеді. Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шоттың дебиті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.

Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында

«Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» деп аталатын шот дебиттелініп,

«Жиынтық кіріс (зиян)» - деп аталатын шот кредиттеледі.

Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:

«Жиынтық кіріс (зиян)» - деп аталатын шот дебиттелініп,

«Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» деп аталатын шот кредитінде.

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома

5510

5410

2

Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде артық резервтік капталға бөлінген сома

5510

5410

3

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зиандарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

5410

5510,5520,

4

Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөліндеген табысына жатқызылатын таза табысы сомасы

5510

5510

5

Есепті кезкңтің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы

5510

5510

6

Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

5410

5510

7

Негізгізгі құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация сомасының қайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылғаны

5420

5510

8

Өткен жылғы акционерлерге дивидент төлегеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды

5510

5520

9

Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

5410

5510

10

Кәсіпорын есепті жылы шеккен зиянның сомасы алдағы кезеңде өтелуге қалдырылды

5510

5510

11

Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден, негізгі құралдарды материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және девидент түрінде алған табыстарының сомасына

6010,6210 - 6280,7510,7620

5510

12

Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай - ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына

5510

6020,6030,7010,7110,7210,7310,7410,7430,7470,7710,7620

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]