Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menwikti_kapital.doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
228.86 Кб
Скачать

1.4 Резервтік капитал есебі

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі (оперетивтік) Қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Ризервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Ризервтік капитал жарғылық капиталмен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Ризервтік капиталдың есебі 5410 – ші «Ризервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410 – ші «Заңдармен белгіленген ризервтік капитал» .

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айдылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамының жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің:

«Заңмен белгіленген резервтік капитал»

«Басқадай резервтік капитал»

- деп аталатын шотттарда есептеледі.

Резервтік капитал ұйымының таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:

Д – т: «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы» шоты,

К – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотттар түрінде жазу жазылуы тиіс.

Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:

Д – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиісті,

К – т: «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зияны)»;

«Өткен жылдардағы бөліндеген табыс (жабылмаған зиян)»;

«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағытттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі.

Заңдармен белгіленген резервтік капитал есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай – ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарғылық капиталдың 15% - нан кем болмауы керек.

Резервтік капиталдардың қалыптастырған (құрған) кезде 5510 шоты дебиттеледі де, 5410 шоты кередиттеледі.

Резервтік капитла қаражаттарыи пайдалану 5410 – ші шоттың дебиттінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

3030, 3397 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510 - ші шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зыяны)», 5520 – шот «Өткен жылдаржың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5410 – ші «Басқа ба резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

5410 – шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар кореспонденциясы 5410 – шоттың корреспанденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы

5510

5410

2

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы

5510

 

3

Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты ртықшылығы бар акциялар бойынша девидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы

5410

3030,3397,

4

Кәсіпорын есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

5410

5510,5520,

5

Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

5410

5510

6

Өткен (алдынғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

5410

5520

7

Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субьектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома

5410

5020,5010,5030,

Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз калауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай – ақ қоғамның облигациясын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.

Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.

Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.

Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.

Резервтік капиталдың қолда бар ақшасы мен қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін 5410 «Резервтік капитал» бөлімше шоты пайдаланылады.

Резервтік капиталдың құрылуы:

5510 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шот дебеті

5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал» шот кредиті

5460 «Басқадай резервтік капитал» шот кредит

Резервтік капиталдың құрылуы:

а) Құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал (қатысушылар) есебінен төленген есептелген дивиденттер (үлесақы) сомасына:

5410 «Резервтік капитал » шот дебеті

3030 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырылысу», 3030 «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырылысу»; 3030 «Қатысушылар табысы бойынша есеп айырылысу» шоттар кредиті.

ә) резервтік капиталдың қаражат есебінен жабылған залал сомасына:

5410 «Резервтік капитал» шот дебиті

5510 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) есептік жылдың», 5520 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) өткен жылдың» шоттар кредиті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]