Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
XI тарау.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
32.81 Кб
Скачать

Бүйрекүсті безі

Бүйрекүсті безі (glandula suprarenales) шығу тегі мен қүрылысы және қызметі әр түрлі қыртысты және бозғылт заттардан күралған, пішіні бүйрекке үқсаған, сопақша келген қоңыр-қызғылт түсті жүп без. Бүйрекүсті безі бүйректің медиальды бетінде орналасады. Без паренхимасы бір-бірінен анық ажырап көрінетін сыртқы қыртысты және ішкі бозғылт заттардан күралған. Эмбриондық кезенде бүйрекүсті безінің қыртысты заты шажыркдй түбірінің екі қапталындағы қуыстық (целомалык) мезодермадан, ал бозғылт заты симпатикалық ганглий- лермен бірге жүйке тарақшаларынан дамып жетіледі.

Бүйрекүсті безі сыртынан тығыз дәнекер үлпалық қапшықпен қапталған. Оның ішкі беті борпылдақ дәнекер үлпасынан түрады. Қапшықтан без паренхимасының ішіне қарай қан және лимфа та- мырларымен бірге тым жүқа дәнекер үлпалық аралықтар өтеді. Қапшық астында майда эпителиоциттер қабаты болады. Бүлар қыр- тысты заттың эндокриноциттері жетілетін камбиальды торшалар. Бүйрекүсті без қапшығының астында, бездің сыртқы жағында қыртысты зат, ал орталығында бозғылт зат орналасады.

Қыртысты затты безді эпителиоциттер (эндокриноциттер) құрайды. Олар бір-бірінен жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар мен олардағы қан капиллярлары арқылы ажырайтын эндокриноциттер бағандарын түзеді. Қыртысты зат өз кезегінде бір-бірінен анық ажырайтын ұш аймақтан құралған. Олар: сыртқы шумақты (доғалы) аймақ, аралық шоғырлы аймақ және ішкі торлы аймақ.

Шумақгы аймақгы жіңішке келген призма тәрізді эндокриноцит- терден түзілген торшалар бағандары қүрайды. Бағандар аралығында жүқа дәнекер ұлпалық аралықгар мен қан капиллярлары болады. Эндокриноциттерде барлық органеллалар бар. Әсіресе, агранулалы эвдоплазмалықтор жақсы жетілген. Эндокриноциттер су-тұз алмасуын реттейтін минералокортикоидты (альдостерон, дезоксикортикостерон) гормондар бөледі. Бұлар стероидты гормондарға жатады. Шумақгы аймақгың қызметіне аденогиофиз гормондары әсер етпейді. Шумақгы және шоғырлы аймақтар аралығында майда жетілмеген жас эпителиоцитер қабаты болады. Бұлардан шоғырлы және торлы аймақгардың эндокриноциттері дамып жетіледі.Шоғырлы аймақгы пішіні текше немесе призма тәрізді негізінен ақшыл боялған эндокриноциттер бағандары құрайды. Бір-бірімен параллелді орналасқан бағандар аралықгарын дәнекер ұлпасындағы қан капиллярлары бөліп тұрады. Ақшыл эндокриноциттер цитоплаз- масында көптеген май тамшылары болады. Олардың аралықтарында кейде күңгірт боялған торшалар да кездеседі. Бұлардың цитоплаз- масында май тамшылары аз, рибонуклеопротеидтер көп болады. Күңгірт эндокриноциттерде кортикостероидты гормондарды түзуге қажет ферменттер синтезделеді. Торша цитоплазмасында стероидты гормондар жиналған соң, күңгірт торшалар ақшыл эндокриноцитгерге айналады. Эндокриноциттердің қан капиллярлары қабырғасымен жанасатын бетінде микробүрлер болады. Шоғырлы аймакта көмірсу, май, белок алмасуларын (метаболизмін) реттейтін глюкокортикоидты гормондар (кортикостерон, кортизон, гидрокортизон кортизол) түзіледі. Аталған гормондар белоктан глюкозаның түзілуін күшейтіп, оның бауырда, жүрек миокардында қор ретінде жиналуын кдмтамасыз етумен кдтар, кдбыну процесі мен аллергиялықреакцияларды тежейді.Торлы аймақга эндокриноциттер бағандары бір-бірмен қосылып ажырап, торшалар бағандары торын жасайды. Бағандарды пішіні дөңгелек немесе текше тәрізді не бүрышты эндокриноциттер қүрай- ды. Ақшыл торшалардың саны азайып, күңгірт торшалар көбейеді. Эндокриноциттер андрогенстероидты гормон бөледі. Бүл гормон- ның табиғаты еннің тестостерон гормонына жақын.Бозғылт зат қыртысты заттан жұқа дәнекер үлпалық аралық ар- қылы бөлінген. Бозғылт затты топтасып орналасқан дөңгелек пішінді ірі эндокриноциттер (хромаффинді торшалар) құрайды. Олардың аралықтарымен қойнауша (синусоидты) қан капиллярлары өтеді. Хромаффинді торшалар боялу сипатына байланысты ақшыл боялған эпинефроциттер және күңгірт түске боялған норэпинефроциттер болып бөлінеді. Эпинефроциттер адреналин, норэпинефроциттер норадреналин гормондарын бөледі. Адреналин жүректің соғуын жиілетеді, қан тамырларының қабырғалары етті қабықтарының жиырылуын күшейтіп, қанның қысымын арттырады, ішектер қабырғаларының перистальтикалықжиырылуын баяулатады, бауыр мен бұлшық еттерде қорланған гликогендерді глюкозаға ыдыратады. Норадреналин қан тамырларының арналарын тарылтып, қанның қысымын арттырумен қатар, гипоталамустың нейросекреторлы қызметіне әсер етеді. Бүйрекүсті безінің қыртысты заты мезодермадан, ал бозғылт заты эктодермадан дамып жетіледі.

Ерекшеліктер. Жылқы бүйрекүсті безінің салмағы 20- 44 г, сиырда — 25-35 г, қойда — 2,6 г, ешкіде — 1,7 г, шошқада — 6,5 г.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]