Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
XI тарау.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
32.81 Кб
Скачать

Қалқанша без

Қалқанша без (glandula thyroidea) кемекейден кеңірдектің басталар (2-4 -інші шеміршек саклналары) түсының сыртқы екі қапталы мен төменгі бетінде орналасқан, қоңыр-қызыл түсті без. Ол пішіні мен кәлемі өр түрлі жануарларда түрліше келген оң және сол бөліктен, оларды езара байланыстыратын мойыншықтан тұрады. Қалқанша без I және II желбезек қалташалары аймағында дамып жетіледі. Қалқанша бездің паренхимасы эмбриондық кезеңде жұтқыншақтың төменгі қабырғасындағы энтодермалық эпителийден, фолликулдармаңы торшаларының нейробласттарынан, без стромасы — мезенхимадан дамиды.

Қалқанша без сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қап- талған. Қапшықтан дәнекер ұлпалық перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелерді диаметрі әр түрлі (0,02- 0,9 мм), пішіні дөңгелек немесе сопақша келген куысты көпіршіктер фол- ликулдар қүрайды. Қалқанша без паренхимасының күрылымдық- қызметтік бірлігі фолликулдар немесе аденомерлер. Без парен- химасының қүрамына аденомерлерден басқа, олардың аралық- тарындағы дәнекер үлпалық аралықтарда орналасқан эпите- лиоциттер аралшықтары және фолликулдармаңы торшалары — кальцитониноциттер (К-торшалар) кіреді. Стромасын бездің дәнекер үлпалық қапшығы мен бөлікшелераралықжәне бөлікшелер ішіндегі аденомерлераралық борпылдақ дәнекер үлпасы түзеді. Строма арқылы қан және лимфа тамырларымен жүйкелер өтеді. Дәнекер үлпалық аралықтарда жекеленген лимфоциттер, плазмо- циттер, шырлы торшалар (үлпа базофилі) кездеседі. Фолликул- дардың қабырғасы мен аралшық эпителийді фолликулалы эндо- криноциттер немесе тироциттер қүрайды. Аденомерлердің қабыр ғаларындағы тироциттер қалыпты жағдайда бірқабатты текше (куб) тәрізді эндокриноциттерден түрады. Олардың сыртқы беті негіздік жарғақпен жанасады. Тироциттердің дөңгелек келген ядролары тор- шалар ортасында орналасады. Фолликулдар қуысын қоймалжың зат интрафолликулалық коллоид толтырып түрады. Тироциттер қүрамында йод элементі болатын тироксин және үшйодтиронин гормондарын бөледі. Бүлар организмдегі зат алмасудың барлық тұріне ықпалын тигізетін тотығу процесін реттейді. Аталған гормон- дардың қалыптан тыс көп белінуі базед ауруының, ал, керісінше, аз мөлшерде бөлінуі миксидема және кретинизм ауруларының өрбуіне әкеліп соқтырады. Өз кезегінде тироциттердің гормон түзу қызметіне аденогипофиздің тиротроптық гормоны әсер етеді. Қалқанша бездің қызметі төмендегенде фоликулдардың диаметрі өсіп, көлемі үлғайып, тироциттердің пішіні жалпақтанады. Ал қызметі қалыпты жағдайдан күшейсе, онда, керісінше, аденомер- лердің көлемі кішірейіп, тироциттер призма тәрізді эндокри- ноциттерге айналады.

Кальцитониноциттер (К - торшалар) фолликулдар қабырғасында тироциттер араларында немесе фолликулдардың аралықтарында орналасады. Олар тироциттерге қарағанда ақшьш боялады. Азотты қышқыл күміспен өңдегенде, керісінше, күңгірт тартады. К — торшалар күрамында йод болмайтын, қандағы кальцийдің сүйекке өтуіне әсер етіп, оның қандағы деңгейін төмендететін кальцитонин гормонын бөледі. Екінші гормоны соматостатин дене өсуінің тұрақтылығын реттейді. К торшаларға гипофиз гормоны әсер етпейді.

Ерекшеліктері. Жылқыда без бөліктерінің беті тегіс, үзындығы 4 см. салмағы 20-25 г, без мойыншығы нашар жетілген.

Сиырда бездің сыртқы беті бүдырлы келеді, үзындығы 7 см, салмағы 30-40 г, жіңішке без мойыншығы болады.

Қой мен ешкіде бездің үзындығы 3-4 см, салмағы 6-7 г, без мойыншығы жетілмеген.

Итте бездің үзындығы 2-5 см, салмағы 1-25 г, без мойыншығы нашар жетілген.

Орналасу орындарына байланысты ішкі және сыртқы қалқан- шамаңы бездері болады. Сыртқы қалқаншамаңы безі қалқанша бездің сыртқы алдыңғы жағында, ұйқы артериясының екіге ажы- райтын тұсында орналасады. Ол үшінші желбезек қалташасы энто- дермасынан дамиды. Ішкі қалқаншамаңы безі қалқанша бездің ішінде жатады. Ол төртінші желбезек қалташасы энтодермасынан жетіледі. Без стромасы мезенхимадан дамиды.

Қалқаншамаңы безінің стромасын, оның сыртындағы дөнекер ұлпалық қапшығы мен паренхима ішіне қарай таралған дәнекер үлпалық аралықтар түзеді. Ал без паренхимасын пішіні әр түрлі торшалар бағандары тармақтарын күрайтын эпителий торшалары — паратироциттер жасайды. Паратироциттер бағандары тармақгарының араларында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер таралатын тым жүқа дәнекер үлпалық аралықтар жатады. Торшалар баған- дарында паратироциттердің екі түрі ажыратылады. Олар: базофилді (негізгі) және ацидофилді паратироциттер. Цитоплазма дәншелері (мөлшері 150-200 нм) көкшіл түске боялған негізгі паратироциттерде белок синтезіне кдтысатын барлық органеллалар (гранулалы эндо- плазмалық тор, полисома, Гольдж кешені) жақсы жетілген. Базофилді паратироциттер кальцийдің сүйектен қанға өтуін қамтамасыз ететін паратирин гормонын (паратгормонды) бөледі. Бүл гормон каль- цитонин гормонының антогонисті, яғни аталған бүл екі гормон организмдегі кальций алмасуын реттейді. Адидофилді паратироциттер ескіріп, қызметін тоқтата бастаған торшалар.

Ерекшеліктері. Жылқыда қалқаншамаңы бездері қалқанша безден бөлек орналасады. Сыртқы бездің ұзындығы 1,0-1,5 см, ішкі без 0,5-1,0 см, салмағы 290-310 мг.

Сиыр мен ұсақ малдарда сыртқы қалқаншамаңы безі қалқанша безден бөлек орналасады. Оның ұзындығы сиырда 0,8-1,2 см, салмағы 300 мг. Қой безінің ұзындығы 0,8 см, салмағы 200 мг.

Шошқада тек ішкі қалқаншамаңы безі болады. Оньщ салмағы 100 мг -дай.

Иттің сыртқы безінің ұзындығы 0,2-0,4 см, ішкі безі 0,7 см, салмағы 50-120 мг.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]