Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
XI тарау.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
32.81 Кб
Скачать

Гипофиз

Гипофиз (hypophysis) жануарлар организміндегі көптеген эндо- кринді бездер қызметтерін реттеуге қажет гормондар бөлетін ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі. Ол аралық мидың құра- мына кіріп, гипоталамуспен жалғасып жатады. Гипофиз безді гипо- физден немесе аденогипофизден және нейрогипофизден құралған. Аденогипофиздің езі алдыңғы, аралық және төмпектік (туберальды) бөліктерден тұрады. Аденогипофиз біріншілік ауыз қуысы төбесі шұңқырын, яғни гипофиз қалтасын астарлайтын эктодермалық эпителийден, ал нейрогипофиз ми қалтасынан дамып жетілетін жүйкелік глиядан дамиды. Гипофиз бассүйек сынаша сүйегінің түрік ершігі шұңқырында орналасып, жүйке жүйесі мен эндокринді бездер жүйесінің қызметтік байланысын қамтамасыз етеді. Аденогипофиздің алдыңғы бөлігінің паренхимасы эпителий торшалары (аденоциттер, эндокриноциттер) қүрайтын бағандар тармақтарынан түзілген. Аденоциттер бағандары қойнауша қан капиллярлары қабырғаларына тығыз жанасып жатады. Тым жүқа дәнекер үлпалық без стромасы нашар жетілген. Сондықган, адено- циттер бағандары тармақгарын бір-бірінен қойнауша кдн капиллярлары ғана ажыратып түрады. Торшалар бағавдарын үш түрлі аденоцитгер қүрайды. Бағандардың шеткі жағындағы эпигелий торшалары цитоплазмасында түрлі бояулармен боялатын дәншелері болады. Оларды хромофилді аденоциттер — деп атайды. Ал бағандардың орта шеніндегі эндокриноциттер тым солғын боялады. Оларды хромофобты аденоциттер — дейді. Цитоплазмасындағы дәншелері қышқылдық бояулармен қызыл түске боялатын хромофилді эндокриноциттерді ацвдофилді аденоциттер, ал негіздік бояулармен кекшіл түске боялатын хромофилді торшаларды базофилді аденоцитгер — деп атайды.

Мөлшері кішірек келген, содғын боялған хромофобты аденоциггтер алдыңғы бөліктің барлық эндокриноциттерінің шамамен 60% -ын құрайды. Олар жас камбиальды торшалар. Хромофобты аденоциттерден ацидофилді және базофилді аденоциттер өсіп жетіледі.

Ацидофилді аденоциттердің үлесіне. Эндокриноциттерінің 30- 35% -ы тиеді. Бүлардың цитоплазмасында қызыл түске боялған дөншелер болады. Пішіні дөңгелек не сопақ келген ацидофилді торшалардың мөлшері хромофобты аденоциттерден үлкендеу, ал базофилді торшалардан сәл кішірек келеді. Олардың дөңгелек ядролары торшаның орталығында орналасадьі. Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Гольдж кешені ядроға жақын жатады. Митохондриялары ірі болып келеді, бірақ сан жағынан тым аз. Ацидофилді аденоциттер дәншелерінің мөлшері мен гор- мондар бөлу сипатына қарай үш түрге бөлінеді. Олар: соматотро- поциттер, лактотропоциттер, кортикотропоциттер. Соматотро- поциттер цитоплазмасындағы дәншелердің мөлшері 350-400 нм. Соматотропоциттер өсу гормонын (соматроптық гормон — СТГ) бөледі. Бүл гормон жануарлар организмі үлпаларының өсіп же- тілуін, жалпы организмнің өсуін қамтамасыз етеді. Лактотропо- циттер дәншелерінің мөлшері 500-600 нм. Пролактин (лакто- троптық гормон — ЛТГ) жүмыртқалықтағы сары дененің белсен- ділігі мен сүттену процесін реттеуге қатысады. Пішіні бүрышты келген кортикотропоциттердің тығыз езекті дәншелері сыртынан көпіршікше жарғақгіен қапталған. Олар бүйрекүсті қыртысты заты- ның гормон бөлу қызметінің белсенділігін арттыратын адрено- кортикогроптык гормон (АКТГ) бөледі.

Базофилді аденоцитгердің үлес саны 5-10% -ға тең. Гипофиздің алдыңғы бөлігі торшаларының ішіндегі ең ірі эндокриноциттері. Базофилді аденоциттер гонадотропоциттер және тиретропоциттер болып екі топқа белінеді.Гонадотропоциттер гликопротеидті көкшіл дәншелерінің мөлшері 200-300 нм. Гонадотропоцит цитоплазмасының орталығында орна- ласкдн кең куысты Гольдж кешені ядро және басқа органеллаларды торшаның шетіне ығыстырып шығарып тұрады. Гонадотропоциттер фолликулды жандандырғыш (ФЖГ) және лютеиндеуші (ЛГ) гормондар бөледі. ФЖГ жыныс бездеріндегі (ен, жұмыртқалық) аталық және аналық жыныс торшаларының дамуын, аналықжыныс мүшелеріндегі секрет бөлуді ретгейді. ЛГ жүмырткалы қгағы сары дененің өсіп жетілуін және ендегі паренхимааралық (интерстициялык) эндокриноциттердің дамуын реттейді.

Тиретропоциттер ПІШІІІІ бүрышты келген базофилді аденоциттер. Олардың дәншелерінің мөлшері 80-150 нм. Тиретропоциттер қалкднша бездің қызметін күшейтетін тиретроптық гормон (ТТГ) бөледі.

Аденогипофиздің аралық және төмпектік бөліктерінің қүрылысы үқсас. Цитоплазмасы солғын базофилді боялған көпбүрышты адено циттер (меланотропоцитер) гликопротеидті дәншелерінің мөлшері 200-300 нм. Аралық бөлікті бірнеше қатарда орналаскдн меланотро- поциттер қүрайды. Олар организмдегі пигменттік алмасуды реттейтін меланотроптық гормон (МТГ) және майдың алмасуына ықпал жасайтын липотроптық гормон (ЛТГ) бөледі.

Аденогипофиздің қызметін гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімі ядролары нейроциттерінің нейрогормондары реттейді. Сондықтан, бүлар тығыз кызметтік байланыста болып, гипоталамо- аденогипофиздік жүйені қүрайды.

Гипофиздің артқы бөлігі нейрогипофиз — деп аталады. Нейрогипофиз эпендимоцитгерден жетілген жүйкелік глия торшалары питуицитерден қүралған. Олар өсінділі, не үршық төрізді торшалар. Питуициттердің өсінділері қан капиллярлары қабырғаларымен тығыз жанасып жатады. Гипоталамустың алдыңғы супраоптикалық және паравентрикулалықядролары нейроцитгерінің аксондарынан түзілген жүйке талшықгары нейрогипофизге еніп, қан капиллярлары қабыр- ғаларымен тығыз жанасып жататын соңғы жүйке үштарымен (терми- налдармен) аяқгалады. Оларды жинақгағыш денешіктер (Херринг денешіктері) — дейді. Гипоталамус нейроциттерінде түзілген вазопрессин және окситоцин гормондары үсақ тамшылар түрінде жүйке талшықгары бойымен жылжи ағып, соңғы жинақтағыш дене- шіктерде жиналып, керекті мөлшерде қанға өтіп отырады. Нейроги- пофиз бен гипоталамустың алдыңғы бөлімі гипоталамо-нейро- гипофиздік жүйені құрайды.

Гипофиздің орташа салмағы жылқыда 2,5 г; сиырда 3,8 г; қойда 0,5 г; ешкіде 0,5-1,0 г; шошқада 0,3-0,5 г; итте 0,1-0,3 г.

ЭПИФИЗ

Эпифиз (epiphysis) үлкен ми сыңарлары мен мишықтың аралы- ғында, аралық ми төбесінің артқы жағында орналасып, аралық мидың эпиталамус құрамына кіретін, пішіні шырша бүрі тәрізді тақ без. Ол оң және сол көру төмпектері мен төрттөмпек ара- лығындағы сайға жүгеншік арқылы жалғасып, көру төмпектерімен оңжәне сол аяқшалары арқылы байланысады. Эпифиз үшінші ми қарыншасының артқы қабырғасынан дамып жетіледі. Оның паренхимасы эмбриондықкезенде эктодермалық жүйкелік глиядан, стромасы мезенхимадан дамиды. Қүрылысы жағынан эпифиз паренхималы мүше.

Эпифиз сыртынан жүмсақ ми қабығымен және оның астындағы дөнекер үлпалық қапшықпен қапталған. Кдпшықтан дәнекер үлпа- лық перделіктер бездің ішіне қарай тарала еніп, оның парен- химасын бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ дәнекер үлпасынан қү- ралған қапшықпен перделіктер эпифиз стромасын түзеді. Строіма арқылы қан және лимфа тамырлары өтеді. Бөлікшелер парен- химасы инкреттер бөлетін торшалар пинеалоциттер және глиоциттер құрайды. Олардың аралықтарында жекеленген лимфоцттер, шырлы торшалар және пигментоциттер кездеседі.

Пинеалоциттер эпифиз бөлікшелерінің орта бөлігінде орна- ласқан, үзын өсінділі, қатпарлы ядролы торшалар. Органеллалары жақсы жетілген. Олардың есінділері бөлікшелер шетіндегі дәнекер үлпалық перделіктерге қарай созылып, қан капиллярлары қабырға- ларына жанасып жатады. Пинеалоциттердің екі түрі ажыратылады. Ақшыл негізгі пинеалоциттердің цитоплазмасы біркелкі боялған. Ал кішілеу күңгірт түсті пинеалоциттердің цитоплазмасында қызыл және көкшіл түске боялған дөншелер болады. Пинеалоциттер қан тамырларының қабырғасын тарылтып, қанның қысымын артты- рагын және ішек кабырғасының перистальтикалық қозғалысын күшейтетін серотонин гормонын бөледі. Одан мелатонин (қараң- ғыда көп мөлшерде) түзіледі. Мелатонин аденогипофиздің мелано- троптық және гонодотроптық гормондарына қарсы әсер ететін антогонист гормон. Ол жыныс бездершің қызметін тежейді. Бүлар- дан басқа эпифиз қанның қысымын, су-түздың алмасуын, тамыр- лар кабырғаларының өткізгіштігін, дене қызуын реттейтін және қандағы калийдің деңгейін кетеретін көптеген гормондар бөледі.

Глиоциттер белікшелердің шеткі жағында орналасқан, үзынша ядролы, цитоплазмасы базофилді боялған өсінділі торшалар. Бүлар пинеалоциттер үшін тіректік, трофикалық (қоректендіру), шекара- лық (оқшаулау) қызметтерін атқарады.

Эпифиздің орташа салмағы жылқьща — 1300-4000 мг, сиырда — 70- 150 мг, қой мен ешкіде — 40-100 мг, шошкада — 100-200 мг, итте — 60-100 мг.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]