Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
XI тарау.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
32.81 Кб
Скачать

XI тарау. Эндокринді бездер жүйесі

Ішкі секреция бездері немесе эндокринді (грек. endon — іш, ішке; krinos — шығару) бездер (эндокринные железы) биологиялық белсенді заттар — гормондарды (грек. һогшао — қоздырамын) организмнің ішкі сүйық ортасына (қан, лимфа, үлпа сүйығы) бөлу арқылы дене мүшелері мен жалпы органиЗіМдегі зат алмасу процесін, организм үлпалары мен мүшелерінің дамуы мен сомалық өсу және көбею қызметтерін реттеуге қатысатын қомақгы паренхималы мүшелер мен жекеленген торшалар жүйесі. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Сондықган, олар гормондарын (инкреттерін) организмнің сүйық ішкі ортасына бөледі. Осыған байланысты, ішкі секреция бездері микроайналым арнасы кан тамырларымен жоғары деңгейде жаб- дықталған. Гормондар қан және лимфа тамырларындағы сүйық үлпа- лардың ағысымен организмнің барлық мүшелері мен үлпаларына таралып, жалпы денедегі немесе жеке мүшелердегі зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Организм мүшелері мен мүшелер жүйелері қызметтерінің сүйық үлпалар арқылы реттелуін сүйықтық (гумораль- ды — грек. humor — сүйық) реттелуі — дейді. Эндокринді бездер организмнің әр түрлі жерлерінде орналасады. Бірақ, олар бір-бірімен тығыз байланыста үйлесімді қызмет атқарады. Сондықтан, ішкі секреция бездерін біртүтас эндокринді бездер жүйесіне жатқызады. Гуморальды реттелудің нәтижесінде организмдегі әр түрлі мүшелер жүйелерінің кьізметгері бір-бірімен үйлестіріліп, біртүтастық сипат алады. Осыған байланысты ішкі секреция бездерін, тамырлар және жүйке жүйелерімен бірге біріктіргіш немесе интеграциялық мүшелер жүйелері тобына жатқызады.

Жануарлар организміндегі барлық мүшелер мен мүшелер жүйелері қызметтерінің өзара үйлесімді реттелуі гуморальды реттелу мен оны өз кезегінде басқарып, бақылап отыратын жүйкелік (нерв- тік) реттелудің тығыз қызметтік байланысы нәтижесінде іс жүзіне асады. Сондықтан, мүшелер жүйелері қызметтерінің жүйкелік және гуморальды реттелулерінің тығыз байланыста іс жүзіне асуын ией- рогуморальды реттелу, ал тығыз қызметтік байланыстағы осы екеуінің біртүтас жүйесін нейроэидокринді жүйе — деп атайды.

Эндокринді бездер жүйесі гормондары арқылы организмнің ішкі ортасының түрақтылығын (гомеостаз) және оның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді.

Эндокринді бездер паренхималы мүшелер ретінде дәнекер үлпа- лық стромадан және безді паренхимадан түрады. Строма арқылы без паренхимасына керекті қоректік заттарды әкеліп, гормондарын алып кететін микроайналым арна тамырларының жиі торы өтеді. Тамырлармен ағып өтетін қанның массасы без паренхимасы мас- сасынан бірнеше есе артық болады. Демек, бүндай арақатынас эндокринді бездер қызметінің белсенділігін көрсетеді. Эндокринді бездердің паренхимасы эпителий немесе жүйке үлпасынан қүралған. Безді эпителиоциттер гормондарын қан капиллярларына шығаруға ыңғайлы түрлі қүрылымдар (көпіршіктер, бағандар, баулар) түзеді. Бұлардың қызметтерін сыртқы не ішкі тітіркеністерге сәйкес гипоталамус нейроциттері бөлетін нейрогормондар гумо- ральды түрде реттейді. Нейрогормондар нейроциттер аксонда- рының соңғы үштарындағы терминалдары мен қан капиллярлары қабырғалары аралықтарындағы аксовазальды синапс арқылы қанға өтіп, қан арқылы эндокринді бездер эпителиоциттеріне барады да, олардың қызметтерін реттейді. Нейрогормондар бөлетін нейро- секреторлы нейроциттер жүйке жүйесі мен эндокринді бездерді байланыстырып, аралық қызмет атқарады.

Химиялық қүрамына байланысты гормондардың көпшілігі белоктарға. атап айтқанда пептидтерге, олигопептидтерге, глико- иептидтерге және амин қышқылдары туындыларына, қалғандары стероидтарға (жыныс гормондары, бүйрекүсті без қыртысы гормондары холестерин туындылары) жатады.

Эндокринді бездерге гән морфологиялық белгілер: 1) эндокринді бездер тек инкреттер (гормондар) бөлетін соңғы бөлімдерден түрады, 2) олардың шығару өзектері болмайды, 3) олар гормондарын дененің ішкі сүйық ортасына бөледі. Сондықтан, ішкі секреция бездері қан және лимфа тамырларына өте бай келеді, безді бөлімдерінің қабырғалары тамырлар қабырғалары эндотелийімен тығыз жанасып жатады.

Қызметіне байланысты эндокринді бездер: 1) таза ішкі секреция бездері (гипоталамус, гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, бүйрекүсті безі) және 2) қосарлы қызмет атқаратын бездер (айырша без — тимус, үйқы безі, ен, жүмыртқалық, бүйрек, үрық- жолдас — плацента) болып екі топкд бөлінеді. Ал өзара қызметтік байланыстарына байланысты эндокринді бездерді орталықжәне шеткі екі бөлімге бөледі. Орталықбөлімге: гипоталамустың нейросекреторлы ядролары, гипофиз және эпифиз, ал шеткі белімге: қалқанша без, қалқаншамаңы безі және бүйрекүсті безі жатады. Орталык ішкі секреция бездері өздерінің гормондарымен шеткі эндокринді бездердің қызметтерін реттеуге қатысады.Кейбір мүшелерде гормон түзуші жеке торшалар да кездеседі.

Даму тегіне байланысты эндокринді бездер: эпителиальдық, жүйкелік және жүйкеглиальдық болып үш топқа бөлінеді.

Эпигелиальдықбездерге: аденогипофиз, калқанша, қалқаншамаңы бездері, бүйрекүсті безінің қыртысты заты, үйқы безі аралшықтары, тимус; жүйкелік бездерге: бүйрекүсті безінің бозғылт заты, пара- ганглийлер; жүйкеглиальдықбездерге: нейрогипофиз, эпифиз жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]