Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

Ауылдық мекеннiң өндiрiстiк аймағы

3.16. Ауыл шаруашылық кәсiпорындарын, ғимараттар мен имараттарын орналас­тыруда олардың арасындағы қашықтық санитарлық, мал дәрігерлік және өртке қарсы талаптар мен технологиялық жобалау нормаларына сәйкес тағайындау қажет. Ауыл шаруашылық кәсiпорындары алаңшаларының құрылысының тығыздығы ҚНжЕ II-97-76-дағы көрсеткіштерден кем болмауға тиiс.

3.17. Электр берiлiсi, байланыс желілерiн және басқа да жергiлiктi маңызы бар желiлi имараттарды ауыспалы егіс даласының шекарасына, жолдардың, орман жолақтарының, салынған трассалардың бойына, осы қатынастарға ауыл шаруашылық егiстерiнен бос аумақтардан еркiн қол жеткiзе алатындай есеппен орналастыру қажет.

3.18*. Өндiрiстiк аймақ, қағида бойынша, темiр жолды немесе жалпы тораптық автомобиль жолдарын кесіп өтпеуге тиiс.

Ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен басқа да объектiлердi орналастыруда 3.6*-т.-ның және осы нормалардың 9-тарауының талаптарын ескере отырып, топырақтың, беткі және жерастылық сулардың, беткі су жинағыштар мен суаттардың және атмосфералық ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастыру қажет.

4. Ландшафттық-тынысжайлық аумақ ландшафт сәулетi және бақтық-саябақтық құрылыс

4.1. Қалалық және ауылдық мекендерде, қағида бойынша, көгалдандырылған аумақтар мен басқа да ашық кеңiстiктердiң үзiлмейтін жүйесiн қарастыру қажет. Қала құрылысы шегiндегi әр түрлi мақсаттарға арналған көгалдандырылған аумақтардың үлес салмағы (құрылыс аумағының көгалдандыру деңгейi) 40%-тен кем болмауға, ал тұрғын ауданның аумағының шекарасында 25%-тен кем болмауға тиіс (ықшамауданның көгалдан­дырылған аумағының жалпы ауданын қоса есептегенде).

Ескертулер:

1. Шөл және шөлейт аймақтарындағы құрылыс шегiндегi көгалдандыру деңгейi аймақтық нормаларға сәйкес белгiленуге тиiс.

2. Енi 1 км-ден астам санитарлық-қорғау аймақтарын құруды талап ететiн кәсiп­орындары бар қалаларда құрылыс шегiндегi көгалдандыру деңгейiн кем дегенде 15%-ке көбейту керек.

4.2.** Қалалық және ауылдық мекендердiң қоныстық аумағында орналастырылатын ортақ қолданыстағы саябақтар, бақтар, шағынгүлбақтар, желекжолдар сияқты көгалдан­дырылған аумақтардың ауданын 3-кестеге сәйкес алу қажет.

Өте iрi, iрi және үлкен қалаларда бар қалалық орман сілемдерiн қалалық орманды саябақтарға айналдыру қажет және оларды 5 м2/адам көрсеткішінен аспайтын есеппен 3-кестеде көрсетiлген ортақ қолданыстағы көгалдандырылған аумақтарға толықтырма ретінде қосу керек.

3-кесте

Ортақ пайдала­нылатын көгалданды-рылған

аумақтар

Көгалдандырылған аумақтардың ауданы, м2/адам

өте iрi, iрi және үлкен қала­ларда

орта­ша қала­

ларда

шағын қала­ларда

ауылдық мекен­дерде

Жалпы­қалалық

Тұрғын аудандарда

10

6

7

6

8 (10)*

12

* Жақшалардың iшiнде халқының саны 20 мың адамға дейiнгi шағын қалаларға арналған өлшемдер берiлген.

Ескертулер:

1. Курорт-қалалар үшiн ортақ пайдаланылатын жалпықалалық көгалдандырылған аумақтардың келтiрiлген нормаларын көбейту қажет, бiрақ 50 %-тен аса емес.

2. Мекендердегі жалпы пайдаланылатын жасыл аумақ көлемін шөл және шөлейт үшін 20-30% азайтуға, дала және тоғайлы дала үшін 10-20% көбейтуге жол беріледі.

3. Ормандармен қоршалған, iрi өзендер мен су-қоймалардың жағасында орналасқан орташа, шағын қалалар мен ауылдық мекендерде ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтардың ауданын азайтуға болады, бiрақ 20%-тен жоғары емес.

4.3. Ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтардың құрылымында iрi саябақтар мен енi 0,5 км және одан астам орманды саябақтар кем дегенде 10% құруға тиiс.

Қалалық саябақтарға жету уақыты 20 минуттан аспауға, ал жоспарлау аудандарының саябағына дейiн 15 минуттан аспауға тиiс.

Ескерту. Сейсмикалық аудандарда тұрғын аудандар жағынан қоршау жасауға жол бермей отырып, саябақтарға, бақтар мен басқа да ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарға еркiн жетудi қамтамасыз ету қажет.

4.4. Саябақтар, орманды саябақтар, ормандар, жасыл аймақтар аумағына бiр уақытта келушiлердiң есептiк санын, адам/га, көрсеткіштерден астам етпей алу қажет:

қалалық саябақтар үшiн 100

демалыс аймағының саябақтары үшiн 70

курорт саябақтары үшiн 50

орманды саябақтар (шабындық саябақтар,

гидросаябақтар) үшiн 10

ормандар үшiн 1-3

Ескертулер:

1. Шөлдер мен шөлейттер аймақтарында көрсетiлген нормаларды 20% азайту қажет.

2. Бiр уақытта келушiлер саны 10-50 адам/га болғанда олардың жүруін ұйымдастыру үшiн жол-соқпақтық торабын, ал алқаптардың шетiнде топырақ қорғау екпелерiн қарастыру қажет, бiр уақытта келушiлер саны 10-50 адам/га және одан астам болса – орман ландшафтын саябақтық ландшафтқа ауыстыру шараларын қарастыру қажет.

4.5. Өте iрi, iрi және үлкен қалаларда қалалық және аудандық маңызы бар саябақтармен қатар, өлшемдерi жобалау тапсырмасымен анықталатын арнайы балалар, спорттық, көрмелiк, зоологиялық және басқа да саябақтарды, ботаникалық бақтарды қарас­тыру қажет.

Балалар саябағының болжамды өлшемдерiн 0,5 м2/адам есебiнен алуға жол беріледі, бұл өлшемдерге алаңшалар мен спорт имараттары да қосылады, оларды есептеу нормасы ұсынылған 7*-қосымшада берiлген.

4.6. Эстетикалық және танымдылық құндылығы бар, табиғи ландшафтары сақталу дәрежесi жоғары аумақтарда, ұлттық және табиғи саябақтар қалыптастыру қажет. Ұлттық және табиғи саябақтардың сәулеттік-кеңiстiгін ұйымдастыруда олардың аумақтарын ғылы­ми, мәдени-бiлiм беру және тынысжайлық мақсаттарда пайдалануын қарастырып, қағида бойынша, қорықтық, қорықтық-тынысжайлық, тынысжайлық және шаруашылық аймақтарға бөле отырып пайдалануды ескеру қажет.

4.7.** Саябақтар мен бақтарды орналастыруда егілген өсімдіктері мен суқоймалары бар учаскелердi барынша көп сақтап қалу керек.

Саябақтардың, бақтардың және шағынгүлбақ-тар аумағының ауданыны, (га), келесi көрсеткіштерден кем алуға болмайды: қалалық саябақтар – 15, жоспарлау аудандарының саябақтары – 10, тұрғын аудандардың бақтары – 3, шағынгүлбақтар – 0,5; қайта құрылымдау жағдайында шағынгүлбақтардың ауданы кiшiрек болуы мүмкiн.

Саябақтар мен бақтардың аумағының жалпы балансында көгалдандырылған аумақ­тардың ауданын 70%-тен кем емес етiп алу қажет.

4.8. Су жайылма аумақтардағы саябақтар құрылысында осы нормалардың 8-тара­уының және ҚР ҚНжЕ В. 1.1-10-99 талаптарын сақтау қажет.

4.9. Желекжолдар мен жаяу жүру аллеяларын жүргiншiлердің көпшiлiк ағыны бағыттарында қарастыру қажет. Желекжолдарды орналастыру, оның ұзындығы мен енiн, сондай-ақ оның көшенiң көлденең пішiніндегi орнын, көшенiң және оның бойындағы құрылысының сәулеттік-жоспарлау шешiмiн ескере отырып, анықтау қажет. Желекжолдар мен жаяу жүру аллеяларында қысқа мерзiмдi демалу алаңшаларын қарастыру қажет.

Ұзындықты бойлай жаяу жүру жалғыз аллеясы бар желекжолдардың енiн, (м), келесi көрсеткіштерден кем етпей алу қажет:

көшелердiң орта өзегі бойынша 18

көшенің бір бетінде, (жүргiн бөлiмi мен құрылыс

салынған жағының аралығында) 10

4.10. Ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтар абаттандырылып: фон­тандар мен хауыздар, баспалдақтар, көлбеушелер, тiреу қабырғалары, әсем күрке, шырағ­дандар және т.б. кiшi сәулеттiк пiшiндермен жабдықталуға тиiс. Шырағдандардың жалпы санын аумақтарды жарықтандыру нормалары арқылы анықтау қажет.

4.11. Ландшафттық-тынысжайлық аумақтың жол торабын (жолдар, аллеялар, жалғыз аяқ жолдар) жүргiншiлердің негiзгi бағыттарына сәйкес минимальды еңістікті және аялда­малық орындарға, ойын және спорт алаңдарына ең қысқа қашықтықты анықтай отырып, трассалау қажет. Жолдың енi 0,75 м еселікте (бiр адам қозғалысы жолағының енi) болуға тиiс.

Ландшафттық-тынысжайлық аумақтың шегiндегi алаңшалардың, жол-соқпақтық то­раптардың жабындысын тақталардан, ұсақталған тастардан және басқа да берік минералды материалдардан салу керек, асфальт жабындысын тек айрықша жағдайларда ғана пай­далануға болады.

4.12. Ғимараттардан, имараттардан, сондай-ақ инженерлi абаттандыру объектiлерiнен ағаштар мен бұталарға дейiнгi қашықтықты 4-кестеге сәйкес алу қажет.

4-кесте

Ғимарат, имарат, инженерлiк абаттандыру объектiлерi

Ғимарат, имарат, объектiлерден оське дейiнгі қашықтық, м

ағаш дiңiнің

бұта­лардың

Ғимарат және имараттың сыртқы қабырғасы

5,0

1,5

Трамвай төсемiнiң шетi

5,0

3,0

Жаяужол мен бақ жолының шетi

0,7

0,5

Көшелердiң жүргiн бөлiмiнiң шетi, жол жағасының бекiтiлген жиегi немесе ор жиегi

2,0

1,0

Жарықтандыру торабының, трамвайдың діңгегі мен тiреуi, көпiр тiрегi және эстакада

4,0

Құламаның, террасаның және т.б. табаны

1,0

0,5

Тiреу қабырғасының табаны немесе iшкi қыры

3,0

1,0

Жерасты тораптары:

газ құбыры, канализация

1,5

Жылу торабы (каналдың, тоннельдiң қабырғасы немесе каналсыз салуда қабаты)

2,0

1,0

Суқұбыр, дренаж

2,0

Қуаттылық кабелі және байланыс кабелi

2,0

0,7

Ескертулер:

1. Келтiрiлген нормалар сұлбасының диаметрi 5 м-ден аспайтын ағаштарға қатысты берiлген және сұлбасы үлкен ағаштар үшiн ұлғайтылуға тиiс.

2. Әуе электрлiк торабынан ағаштарға дейiнгi қашықтықты электр қондырғыларын орнату ережелерi бойынша алу қажет.

3. Ғимараттар жанында отырғызылатын ағаштар осы норманың 9-тарауында айтылған талаптардың шеңберiнде тұрғын және қоғамдық бөлмелердiң инсоляциясы мен жарық­талуына кедергi тигiзбеуге тиiс.

4.13. Қалалардың жасыл аймақтарында ағаш және бұта өсiмдiктерінiң көшеттіктерiн және гүл-өсімдікжайлық шаруашылығын қалалық және ауылдық мекендердiң топтарын отырғызу материалымен қамтамасыз етiлуiн ескере отырып, қарастыру қажет. Көшеттік­тердің ауданы 80 га-дан кем болмауы қажет.

Көшеттіктердің ауданын тұрғын халықтың ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтармен қамтамасыз етілуінің деңгейiне, санитарлық-қорғау аймақтарының мөлшерiне, бақ өсiрушiлiк серiктестiктерiнiң дамуына, табиғи-климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлардың ерекшелiктерiне байланысты 3-5 м2 есебiнен қабылдау қажет. Гүл-өсімдікжай шаруашылығының жалпы ауданын 0,4 м2 есебiнен алу қажет.

Демалыс және курорт аймақтары

4.14. Көпшiлiктiң қысқа уақытты демалыс аймақтарын осы аймақтарға қоғамдық көлiкпен, қағида бойынша, 1,5 сағаттан аспай жетудi ескере отырып, қарастыру қажет.

Демалыс аймақтарының аумақ өлшемдерiн бiр келушiге 500-1000 м2 есебiнен алу қажет, соның iшiнде демалыстың белсендi түрлерiне арналған оның қарқынды пайдала­нылатын бөлiгi бiр келушiге кем дегенде 100 м2 құруға тиiс. Көпшiлiктiң қысқа уақытты демалысы аймақтарының ауданын кем дегенде 50 га, шөлдер мен шөлейттер аймақтарында – кем дегенде 30 га етiп алу қажет.

Демалыс аймақтарын санаторийлер, балалардың демалу лагерлері, мектепке дейiнгi санаторийлік-сауықтыру мекемелерi, бақ өсiрушiлiк серiктестiктерi, жалпы тораптағы автомобиль жолдары және темiр жолдардан кем дегенде 500 м, ал демалыс үйлерiнен – кем дегенде 300 м қашықтықта орналастыру қажет.

4.15. Орманды саябақтардың, демалыс аймақ-тарының және курорт аймақтарының шекарасында орналасқан автомобильдер тұрағының өлшемiн жобалауға деген тапсырмамен, ал ол жоқ болған жағдайда – ұсынылған 9-қосымшаға сәйкес анықтау қажет.

4.16. Курорттық аймақ табиғи емдеу факторларына ие, микроклиматтық, ландшафт­тық және санитарлық-гигиеналық жағдайлары өте ыңғайлы аумақтарда орналасуға тиiс. Оның шегiнде жалпыкурорттық орталықты, оның ішіне кіретін курорт саябақтарын және басқа да ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарды, жағажайларды қосып, қоғамдық орталықтарды қалыптастыратын санаторийлік-курорттық және сауықтыру мекеме­лерiн, демалыс және туризм мекемелерiн, емделушiлер мен демалу-шыларға қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын орналастыру қажет.

4.17. Курорттық аймақтарды жобалауда келесi шараларды қарастыру қажет:

шуы рұқсат етiлетiн деңгейдегі аумақтарда ұзақ мерзімдегі демалыс санаторийлік-курорттық мекемелерiн; бiр-бiрiнен енi кем дегенде 100 м жасыл екпе ағаштары жолағымен бөлiнген ересектер мекемелерi мен балалар санаториялық-курорттық және сауықтыру мекемелерiн орналастыру;

емделушiлер мен демалушыларға қызмет көрсетумен байланысы жоқ өнеркәсiп және коммуналдық-қоймалық объектiлерiн, тұрғын үй құрылысы мен қоғамдық ғимараттарын шығарып тастау;

көлiк қозғалысын шектеу және транзит көлiк ағындарына толығымен тыйым салу.

Санаторийлік-курорттық және сауықтыру мекемелерінiң қызметкерлерін қоныстан­дыруға арналған тұрғын үй құрылысын курорттық аймақтан тыс, егер жұмыс орнына жетуге 30 мин. шегінде уақыт шығыны қажет етілетін болса, орналастыру қажет.

4.18. Курорттық аймақ шегiнде орналасқан бiрыңғай және пішіндерi жақын санаторийлік-курорттық және сауықтыру мекемелерiн, қағида бойынша, медициналық, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық қызмет көрсетудi орталықтандыруды бiртұтас сәулет-кеңiстiк шешiмі бойынша қамтамасыз ете отырып, кешендерге біріктіру керек.

4.19. Жаңадан жобаланып жатқан санаториялық-курорттық және сауықтыру мекеме­лердiң жер учаскелерiнiң шекарасынан қашықтықты кем дегенде, былай, м:

коммуналдық шаруашылық мекемелерi мен

қоймаларының тұрғын үй құрылысына дейiн

(қайта құрылымдау жағдайларында

кем дегенде 100 м) 500

автомобиль жолдарына дейiнгi:

I, I, III 500

IV санаттық 200

бақ өсiрушiлiк серiктестiктерге дейiн 300

алу керек

4.20.** Курорттық аймақтардың ортақ қолданыстағы аумағының мөлшерiн, м2 бiр орын есебiнен алу қажет, санаторийлік-курорттық және сауықтыру мекемелерiнде: жалпы­курорттық орталықтар – 10, көгалдандырылғандары – 100.

4.21. Курорттық аймақтар мен демалыс аймақтарында орналасқан жағажайлар аума­ғының мөлшерiн бiр келушiге келесідегіден кем етпей алу керек:

теңiз жағаларында 5

өзен және көл жағаларында 8

теңiз, өзен және көл жағаларында

(балалар үшiн) 4

осы көрсеткіштерден кем болмау қажет.

Ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерде орналасқан өзен және көл жағажайларының өлшемiн бiр келушiге 5 м2 есебiнен алу қажет.

Қозғалу қабiлетi шектелген емделушiлер арналған арнайы емдiк жағажайлардың аумағының өлшемiн бiр келушiге 8-12 м2 есебiнен алу керек.

Жағажайдың жаға жолағының бір келушіге арналған ең аз деген созылымын келесі көрсеткіштерден кем етпей етіп,: теңiз жағажайлары үшiн – 0,2, өзен және көл жағажайлары үшiн – 0,25 м алу керек.

Жағажайлардағы бiр уақыттағы келушiлер санын әр түрлі жағажайлардың бiр уақытта толу коэффициентiн ескере отырып, есептеу қажет:

Санаторийлер 0,6-0,8

демалыс және туризм мекемелерi

үшін 0,7-0,9

балалардың ортақ пайдаланылатын

лагерлерi үшін 0,5-1,0

жалпы жергiлiктi халық үшiн 0,2

жолдамасыз демалушылар үшiн 0,5