Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

Тұрғын аудан мен ықшамаудан аумағындағы халықтың есептiк тығыздығы

Тұрғын ауданның аумағының халқының есептiк тығыздығын, адам/га, 1-кестеде келтiрiлген көрсеткіштерден, ал ықшамаудандыкін – 2-кестеде келтiрiлгеннен кем етпей алу керек. Аумағындағы қала құрылыстық құндылықтың дәрежесi әр түрлi аймақтардың саны және олардың шекаралары қаланың (облыстың, өлкенiң) бас сәулетшiсiмен келiсе отырып, жер құнын бағалау, инженерлiк және көлiк магистральды тораптарының тығыздығы, қоғамдық объектiлермен толықтырылуы, аумақтың инженерлiк дайындығына қаржы салынуы, тарихи-мәдени және сәулеттік-ландшафттық құндылықтардың бар болуы есепке алына отырып анықталады.

1-кесте

Аумақтың қала

құрылыс

тық құндылығы­

ның дәрежесi

әр түрлi аймақ

Тұрғын аудан аумағының халқының тығыздығы, адам/га, тұрғындарының саны, мың адам, қалалар топтары үшiн

20-ға дейін

20-50

50-100

100-250

250-500

500-1000

1000-нан

жоғары

Жоғары

130

165

185

200

210

215

220

Орта

-

-

180

185

200

210

Төмен

70

115

160

165

170

180

190

Ескертулер:

1.** Аумақтың инженерлiк дайындығы үшін күрделi шараларды талап ететiн алаңша­ларда халықтың тығыздығын 20 %-тен арттырмай көбейту қажет.

2. Тарихи қалалардың орталық бөлiмдерiнде салынған құрылысты қайта құрылымдау жағдайларында, сондай-ақ басқа бөлiктерінде тарихи-мәдени және сәулеттiк-ландшафттық құндылықтар бар болса, халықтың тығыздығы жобалауға деген тапсырма бойынша анық­талады.

3. Жеке үй-жайлық құрылыс аудандарында және орталықтандырылған инженерлiк жүйелер құрылысы жоспарланбаған мекендерде халықтың тығыздығын азайтуға болады, бiрақ оны 40 адам/га-дан\ кем етпей алу қажет.

4*. Сейсмикалық аудандарда халықтың есептiк тығыздығын республикалық құрылыс нормаларына сәйкес алу қажет.

2**-кесте

Аумақтың түрлi дәрежелі қала құрылыстық құндылық аймағы

Ықшамаудан аумағындағы халық тығыздығы, адам/га, климаттық қосалқы аудандар үшiн

IВ с.к. солтүстігінде 500 -тен

Бәрi, тек с.к. 500 -тен солтүстiгiнде IВ -ден басқа

Жоғары

420

400

Орташа

350

330

Төмен

200

180

Ескертулер:

1. Ықшамауданның есептi аумағының шекараларын магистральді және тұрғын үй көшелерiнiң қызыл сызығы бойынша, өткел және жаяу жүру жолдарының осьтерi бойынша, табиғи шекаралар бойынша, ал олар жоқ болса – құрылыс салу сызығынан 3 м қашықтықта белгiлеу қажет. Есеп бойынша анықталған аумақтан аудандық және жалпы қалалық маңыз­дылығы бар объектiлердің учаскелерiнiң ауданы, тарихи-мәдени және сәулеттiк-ланд­шафттық құндылығы бар объектiлерiнiң ауданы, сондай-ақ нормаланған жету радиусындағы (қызмет көрсетiлетін халықтың санына байланысты пропорциямен алғанда) шекаралас ықшамаудандардың тұрғын халқына қызмет көрсететін күнделiктi пайдаланылатын объек­тiлер учаскелерінің ауданы шығарылып тасталуы қажет. Есеп бойынша анықталған аумаққа есептелетін халыққа қызмет көрсететiн күнделiктi пайдаланылатын объектiлердің учас­келерiнiң ауданы, сондай-ақ шекаралас аумақта, сонымен қатар жер астындағы және жер үстiндегi кеңiстiкте орналасқан барлық объектiлерiнiң аудандары кiредi. Құрылыс салынған жерлерді қайта құрылымдау жағдайларында ықшамауданның есептiк аумағына квартал­дарды бөлетiн және ықшамаудан iшiнде жүргіншілердің немесе ғимараттарға жету үшiн сақталатын көшелер де кiредi.

2. Құрылыс салынған жерлерді қайта құрылымдау жағдайларында халықтың есептiк тығыздығын тек 10%-тен арттырмай, көбейтуге немесе азайтуға жол беріледі.

3. Iрi және өте iрi қалаларда тығыздығы жоғарыланған 2-, 3-, 4-, (5)-қабатты тұрғын үй құрылысында халықтың есептiк тығыздығын орташа қала құрылысы құндылығы бар аймақтан кем емес етiп алу қажет: аумағында инженерлiк дайындық үшін күрделi шараларды қажет ететiн құрылыс алаңшаларында – қала құрылысы құндылығы жоғары аймақтан кем етпей алу қажет.

4. Сейсмикалық аудандарда халықтың есептiк тығыздығын республикалық нормаларға сәйкес, бiрақ 300 га/адамнан арттырмай алу қажет.

5. Ықшамауданда оқушылар мен халыққа арналған бiртұтас денешынықтыру – сауықтыру кешенін қалыптастыруда және осы нормалардың 2.13-т. келтiрiлген дене шынықтыру жаттығуларына арналған алаңшалардың меншiктi үлесiн қысқартуда халықтың тығыздығын тиісінше көбейту қажет.

6. Ормандар мен орманды саябақтарға түйісіп жатқан немесе олардың қоршауындағы құрылыс салынған аумақтардың көгалдандырылған аумақтарының жиынтықты ауданын кiшiрейтуге, бiрақ 30%-тен арттырмай, халықтың тығыздығын тиісінше көбейту арқылы жол берiледi.

7. Тығыздылық көрсеткiштерi есептiк тұрғын үймен қамтамасыз ету 18 м2/адам деген есептеліп келтірілген. Басқаша көрсеткіште тұрғын үймен қамтамасыз етілген жағдайда есептік нормативтiк тығыздық Р, адам/га, мынадай формула бойынша анықталуы қажет:

,

мұнда Р18 — тығыздық көрсеткiшi 18 м2/адамға тең жағдайда;

Н — есептiк тұрғын үймен қамтамасыз ету, м2.

5-қосымша

Ұсынылатын