Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағы

2.16. Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағын I, II және III санатты автомобиль жолдары, сондай-ақ ауылшаруашылық машиналары жүретін және мал айдап өтуге арналған жолдар кесіп өтпеу қажет.

2.17. Ауылдық мекендерде көбiнесе бiр, екi пәтерлi үй-жайлық типтi тұрғын үйлер қарастыру керек, пәтер маңында жер учаскелерi бар көп пәтерлi блокталған, сондай-ақ (тиістi негiздеме бойынша) биiктiгi 4 қабатқа дейiнгi бөліктік үйлерге рұқсат етiледi.

2.18*. Ауылдық мекендерде үй (пәтер) маңындағы жер учаскелерiнiң мөлшерi үй типiне байланысты халықтың демографиялық құрылымын есепке ала отырып, жергiлiктi жағдайлар бойынша, жобалауға деген тапсырмамен анықталады. Жеке тұрғын үй құрылысы мен меншiктi қосымша шаруашылық жер учаскелерiнiң шектеулi өлшемі қолданыстағы заңнамамен белгiленедi.

2.19*. Мал және құстарға арналған қораларды: жалғыз немесе қосарланған түрлерін – тұрғын үй бөлмелерiнiң терезелерiнен 15 м-ден кем емес, 8 блокқа дейiн – 25 м-ден кем емес, 8-ден 30 блокқа дейiн – 50 м-ден кем емес, 30 блоктан астам – 100 м-ден кем емес етiп қарастыру қажет. Қоныстық аумақ шегiнде орналасқан қоралар тобының әрқайсысы 30 блоктан аспауға тиiс.

Бөліктік үйлердiң тұрғындары үшiн малға арналған құрылыстар қоныстық аумақтан тыс көрсетіліп берiледi; бөліктік үйлерде бірге салынған немесе бөлек тұратын ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң ұжымдық жерасты қоймаларын құруға рұқсат етiледi, олардың ауданын аймақтық (аумақтық) құрылыс нормалары, ал олар жоқ болса, жобалау тапсырмасы анықтайды.

Малға арналған блокталған қоралардың құрылысының ауданы 800 м2-ден аспауға тиiс. Қоралар тобы арасындағы қашықтықты мiндеттi 1*-қосымшаның 1*-кестесі бойынша алу қажет.

Ескертулер:

1. Ауылдық мекендерде пәтер маңындағы жер учаскелерiнде, мемлекеттiк, жеке және кооперативтi түрде жүргізілетін құрылыс арқылы тұрғызылатын шаруашылық құрылыс­тарының өлшемдерін ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001-ге сәйкес алу қажет.

2. Үй-жайлық немесе блокталған үйге ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001 талаптарын сақтай отырып, шаруашылық қораларды (соның iшiнде мал және құстарға арналғанын) қоса құруға.

2.20. Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағының қажеттiк мөлшерін алдын ала анықтау үшiн бiр үйге (пәтерге) келесi көрсеткiштердi, га, алу қажет:

келесiдегідей үй (пәтер) маңында жер учаскелерi бар үй-жайлық типтi үйлердiң құрылысында, ауданы, м2:

2000

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,25 - 0,27

1500

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,21 - 0,23

1200

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,17 - 0,20

1000

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,15 - 0,17

800

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,13 - 0,15

600

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,11 - 0,13

400

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,08 - 0,11

пәтердiң қабат саны келесiдей жер бөлiмшесi жоқ бөліктік үйлердiң құрылысында:

2

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,04

3

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,03

4

. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,02

Ескертулер:

1. Төменгi шек iрi және үлкенмекендер үшiн, жоғарғы шек – орташа және шағын мекендер үшiн алынады.

2. Малды айдап өту үшiн оқшауланған шаруашылық өту жолдарын көзделген кезде қоныстық аумақтың ауданы

10%-ке ұлғайтылады.

3. Қоныстық аумақтың ауданын есептегенде құрылыс жүргiзуге жарамсыз аумақтар – сайлар, өр баурайлар, құзды шоқылар, магистральды суғару каналдары, селтүсiргi, мекенаралық маңызы бар қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарының жер учаскелерi шығарылып тасталады.

2.21.** Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағындағы халықтың тығыздығы, адам/га ұсынылған 5-қосымшаға сәйкес алынады.