Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

9**. Объектінің (шаруашылық қызметтің)

қоршаған ортаға әсерін бағалау

9.1.** Елді мекенді дамыту жөніндегі жобалау жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық инженерлік-техникалық және басқа шешімдерді ондағы қалыптасқан экологиялық жағдайды есепке ала отырып, алу қажет.

Мұнымен қатар, осы күнгі және келешекке белгіленген шаруашылық іс-әрекеттің қоршаған ортаға тигізген әсерін байқау үшін жүргізілген бағалаудың (ҚОӘБ) нәтижелерін басшылыққа алу қажет, оған жобалау шешімдерінде мына жайттарды айқындау, талдау, бағалау және ескеру кіреді:

белгіленген шаруашылық-құрылыс қызметінің болжамдалған әсері;

осы әсерлер нәтижесіндегі қоршаған ортадағы өзгерістер;

қоршаған ортадағы өзгерістердің қоғам үшін салдары.

9.2.** Қоныстандыру үшін жаңа аумақтарды таңдағанда қоршаған ортаның ласта­нуының салыстырмалы бағалауы келтірілген жобалау шешімдерінің нұсқалары есепке алы­нуы қажет.

9.3.** Елді мекендерді жоспарлау және құрылыс салу жобаларында ҚОӘБ орындау тәртібі, нысаны құрамы мен мазмұны белгіленген тәртіп бойынша бекітілген және іске енгізілген нұсқаулық-әдістемелік құжаттамамен анықталады.

Жер қорларын қорғау және тиімді пайдалану

9.4.** Жаңа қалалар құрылысы үшін, бұрыннан құрылған қалалық және ауылдық мекендерді дамыту үшін аумақтарды таңдау және пайдалану үшін қолданыстағы қала құрылыстық, табиғатты қорғау нормалары және ережелерін, “Жер кодексін” және Қазақстан Республикасының басқа заң актілерін басшылыққа алу қажет.

9.5.** Қазақстан Республикасының жер заңнама-сына сәйкес қалалық және ауылдық жаңа мекендердің құрылысы мен қазіргі барларын дамыту үшін аумақтарды жер кадастры­ның материалдары бойынша ауылшаруашылығына жарамсыз немесе сапасы төмен ауыл­шаруашылық жерлерінде таңдау қажет.

9.6.** Белгіленген мақсаттар үшін орман қорының жерлерін беру қарастырылса, орманмен жабылмаған аумақтар немесе бұталармен және құны төмен ағаштар өскен ау­мақтар есебінен жүзеге асырылады.

9.7.** Құрылыс салуға арналған жер учаскелері, оның ішінде пайдалы қазбалар шоғырлары аумақ-тарында, Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану ” Заңының талаптары орындалғанда беріледі. Электр тарату, байланыс жолдары және басқа магистральдық жүйе құрылыс-тары қатынас дәліздері – қолданыстағы немесе жобаланған автомобиль және темір жолдары жүретін трассаларды жағалай, сонымен қатар – ауыспалы егіс танаптарының тұрақты шекараларында орналастырылады.

9.8.** Құрылыс салу үшін айырықша бағалы өнімді жерлерді алуға, сонымен қатар қорғауға алынған табиғи және тарихи-мәдени объектілері бар жерлерді алуға тыйым салынады.

9.9.** Құрылыс үшін кадастрлық бағалауы орташааудандық деңгейден жоғары ауылшаруашылық жерлерді алу, сонымен қатар қала маңындағы жасыл аймақтардың жерлерін, ауыл шаруашылық және биологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу және оқу мекемелерінің тараптарын, бірінші топтағы ормандарды алуға тек қана ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.

9.10.** Қорықтардың ұлттық табиғи саябақтардың, ботаникалық бақтардың, қорық­шалардың, (аңшылықтан басқасы), табиғаттың ескерткіштері жерлерінде жаңа құрылыс пен олардың белгіленген мақсаттарына қайшы келетін шаруашылық қызметтерге тыйым салынады.

9.11.** Қорықтарды, ұлттық табиғи парктерді экологиялық жағдаймен қамтамасыз­дандыру үшін олардың маңында 2 км-ден кем емес қорғау аймақтарын ескеру қажет. Осы қорғау аймақтарының аумағындағы құрылыс және басқа шаруашылық қызмет осындай табиғи қорықтар қорларының объектілері үшін бекітілген талаптармен шектеледі.

9.12.** Табиғи емдеу факторлары мен ресурс-тары иеленетін курорттардың жерлері және халықтың денсаулығын сақтандыру мен емдеу мекемелерін ұйымдастыруға арналған қолайлы жер учаскелері ерекше қорғауға жатады. Олардың аумақтарында санитарлық қорғау округтері белгіленеді, олардың өлшемдері сол жердегі қоймаларды, шоғырлаудың аумақтары мен бетке шығуының, емдеу-тынысжайлық ресурстардың бальнеологиялық бағалылығы бо­йынша, сонымен қатар оларды, курорт жерін құратын факторлар ретінде сақтау қажеттілігіне қарай анықталады.

Егер жобаланған объектілер табиғи емдеу тәсіл құралдарын пайдалануымен тікелей байланысты болмаса, ғимараттарды, имараттарды және қатынастарды курорттардың сани­тарлық қорғау округінің бірінші аймағында орналастыруға тыйым салынады.

Санитарлық қорғау округінің екінші аймағында курортттардың пайдаланылуы мен дамуымен және абаттандыруымен байланысты объектілерді орна-ластыруға жол беріледі, сонымен қатар курорт халқына қызмет көрсетуші объектілерді де, егер олар атмосфераның, топырақтың және судың ластануына соқтырмаса, шу деңгейден шықпаса, электромагниттік өрістің кернеуіне әсер етпесе, орналастыруға жол беріледі.

Санитарлық қорғау округінің үшінші аймағында курорттың табиғи-емдеу тәсіл-құралдары мен сани-тарлық жағдайына теріс әсер көрсетпейтін объекті-лерді орналастыруға рұқсат етіледі.

Ескерту: Курорттардың санитарлық қорғау округінің бірінші аймағының құрамына (қатаң тәртіпті аймағы) емдеу-сауықтыру тәсіл-құралдарының жер үстіне шығу шекарасы шеңберіндегі жерлер кіреді, сонымен қатар теңіздің жағалау жолағы мен ені 100 м-ден кем емес, жағажайларға тиіп тұратын аумақтар кіреді.

9.13.** Көпшілік демалысына және туризмге арналған тынысжайлық жерлерде аумақтың мақсаттық пайдаланылуына сәйкес келмейтін объектілердің құрылысы шектеледі.

9.14.** Қолданыстағы объектілер мен имараттарды қайта құрылымдауда және жаңа объектілердің орналастырылуында, жобалауында, құрылысында, мұнымен бірге жерлердің жағдайына теріс әсер ететін жаңа технологияларды енгізуде, “Жер шаруашылығы арналған топырақтың бұзылған қатпарының жарамдылығының номенклатурасы” МСТ 17.4.2.02 “Жер жұмыстары жүргізілген кезінде топырақтың құнарлық қатпарын алу нормаларын анықтауға қойылатын талаптар” МСТ 17.5.3.06 және басқа қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес жерлерді қорғау жөніндегі шаралар ескерілуге және жүзеге асырылуға тиіс.

9.15.** Ғимараттар мен имараттардың келесі-лерде орналасуына жол берілмейді:

органикалық және радиоактивтік қалдықтармен ластанған жер учаскелерінде (Қа­зақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және экология жөнін­дегі Уәкілетті мемлекеттік органдарымен белгіленген мерзім өткенінше);

қауіпті аймақтарда: көмір және басқа шахталардың, байыту фабрикаларының тау-жыныс үңгірлерінде; көшкін ағыны, сел ағыны мен қар көшкіні болатын жерлерде;

бөгеттердің немесе бөгетшелердің бұзылуы нәтижесінде апаттық су басуы мүмкін аймақтарда (апаттық су басу аймақтары болып су басу тереңдігі 1,5 және одан да көп метр болған аумақ саналады және ол ғимараттар мен имараттардың бұзылуына, адамдардың өліміне, кәсіпорындардың құралдары-ның бұзылуына әкелетін болса);

магистральдық өнімқұбыры және гидрометро-станциялардың қорғау аймақтарында.

Сейсмикалық аудандар мен аймақтарда аумақ-тың құрылысын ҚР ҚНжЕ 2.03-04-2001 және ҚР ҚНжЕ 2.03-07-2001-ге сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

Ескерту: Қоныстардың жерлерінде кәсіпорындардың үйінділерін, қожқорларын, қалдық қоймаларын, қалдықтар мен қоқыстардың қорларын ұйымдастыру туралы шешім-дерді ҚР ҚНжЕ 3.01.01-2002*-нің 3.10-т-ын басшылыққа алып, алу қажет.

9.16.** Елді мекендердің шеңберіндегі жерлерді қалпына келтіру олардың қала құрылыстық игерілу-лігінің басымдылығын есепке ала отырып, МСТ 17.5.01-02 бойынша бұзылған жерлердің жіктелуі арқылы ескеріледі.

Бұзылған аумақтар елді мекендерге тікелей жақын орналасқан кезде оларды ұжымдық бақтар, қосымша шаруашылықтар мен демалыс аймақтарына пайдалану мақсатымен қайта қалпына келтіру қарастырылады, сонымен бірге өндірілген кеңістікте су алаптары, байыту қалдықтары мен аршылым кен жұмыстарының үйінділерінде сәндік саябақ кешендерін құруда ескеріледі.

Қалалар мен басқа елді мекендердің жасыл аймақтарының ормандарын құру, қорғау және тиімді пайдалану

9.17.** Қалалардың жасыл аймақтары, мекендер шекарасының сыртында орналасқан мемлекеттік орман қорының жерлерінде, сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғаудың жасыл аймақтарының аумақтары, курорттардың санитарлық қорғау округтері, темір жол және автомобиль жолдары жағалауындағы жасыл қорғау жолақтары, сонымен қатар құнды балықтар кәсіпшілігінің өндіргіштерін қорғайтын орманның тыйым салатын жолақтары көлемдерін есепке ала отырып бөлінеді және құрылады.

9.18.** Қала маңындағы аумақтар шеңберіндегі жасыл аймақтардың жалпы көлемі МСТ 17.5.3.01 бойынша ормандылығының процентіне қарай белгіленеді.

9.19.** Елді мекендік жасыл аймақтардың өлшемдерін нақты санитарлық-гигиеналық және табиғи ауа райы жағдайларына байланысты 15%-тен асырмай көбейтуге немесе азайтуға жол беріледі.

9.20.** Қалалардың жасыл аймақтарын мақсат-ты қызметіне қарай келесідегідей екі түрге бөлуге болады: ормансаябақтық және орман шаруашылығы.

9.21.** Ормансаябақтық бөлігі қаланың жасыл аймағында жататын құнды ландшаф­тары бар орман-дардан бөлінеді.

Жасыл аймақтың ормансаябақтық бөлігінің жалпы ауданы қоныстар үшін м2/адам нормалары бойынша былай есептеледі:

500 мың адамнан 1 млн. адамға дейін 250

250 мың адамнан 500 мың адамға дейін 200

100 мың адамнан 250 мың адамға дейін 150

100 мың адамға дейін 100

орман шаруашылық бөлігінің көлемі мемлекеттік орман қорының жерлерінде ғана құрылған жасыл аймақтар үшін орман шаруашылығы органдарының мәліметтері бойынша ормантұтыну мен орманды қайта қалпына келтіру көлемін есепке ала отырып есептеледі.

9.22.** Жасыл аймақтардың ормандарын қорғау және тиімді пайдалану келесілерді ескеруді қажет етеді:

ормансаябақтық бөлігінде – тынысжайлық мақсаттарға жарамды және ортаның ластануына орнықты әсемдік екпе ағаштарды орналастыру және қалыптастыру;

орман шаруашылығы бөлігінде – қаланың ауа бассейнін сауықтыруға, халық шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыруына ықпал ететін жоғары өндірілімді өсімдіктерді өсіру, сонымен қатар ормансаябақтық бөлігінің ресурстарын кеңейту және орманды қайта қалпына келтіру үшін резервтер құру.

9.23.** Ормансыз, құрғақ аудандарда орналас-қан елдi мекендер үшiн жасыл аймақтардың орнына жел соғатын жағынан мынандай ендерімен (м-де) жасыл екпе ағаштардан қорғау алқаптарын ескеру қажет:

өте iрi және iрi қалалар үшiн 500-ден

үлкен және орта қалалар үшiн 100-ден

кiшi қалалар мен басқа

қоныстар үшiн 50-ден кем етпей.

Қалалар маңындағы аймақтардағы орман-саябақтарында орналасқан ормандар ауданы келесі нормалар бойынша есептеледi:

өте iрi және iрi қалалар үшiн 200 м2 /адам

үлкен және орта қалалар үшiн 100 м2 /адам

кiшi қалалар мен басқа қоныстар үшiн 50 м2 /адам

9.24.** Қалалардың жасыл аймақтарының ормансаябақтарында халық демалатын орындар мен қорғауға алынған табиғи ландшафттар қарастырылады.

Атмосфера ауасын қорғау, санитарлық-қорғау аймақтарын құру

9.25.** Келешекте қоныстық аймақты атмосферлiк ауаның ластану деңгейi сани­тарлық-гигиеналық нормативтерiнен аспайтын аумақтарда орналастыру қажет.

9.26.** Елдi мекендердегi атмосфералық ауаның ластануын бағалау, қала құрылысы мен табиғатты қорғау органдарының қолданыстағы нұсқау құжат-тарына сәйкес бекiтiлген бағдарламалар бойынша орындалатын автоматтандырылған есептердiң қоры-тындылары бойынша жүзеге асырылады.

Iрi өндiрiстiк орталықтардың (қалалардың) жа-нында жаңа қоныстарды жобалағанда атмосферлiк ауаның қазiргi ластануының нақты өлшемдерiн есепке алу қажет.

Ескерту: Ауылдық мекендер аумақтарында атмосфераға зиян заттардың шашырауы­ның есептерi ауа ластану көздерi үшiн орындалады, олар үшін ТБА нормативтерi белгiленген немесе белгiлеу ескерiлген.

9.27.** Қоныстар мен олардың жанындағы аумақтарда өндiрiстiк, ауыл шаруашылық кәсiпорындарын, сонымен қатар жоғары санитарлық қаупi жоғары объектiлердi (улыхи­микаттар, тыңайтқыштар, биопрепараттар, жарылатын заттар қоймаларын, қалдықтарды қайта пайдалану жөніндегі кәсiпорындарды тазалау имараттарын және т.б.) орналастыру қолданыстағы нормалар талаптарына сәйкес ауа атмосферасын ластайтын қазiргi және жобаланатын көздердің зиянды заттар шығарындыларының әсерiн кешендi бағалау нәтижесi бойынша, санитарлық-сақтау аймақтарын құра отырып жүзеге асырылу қажет.

9.28.** Санитарлық-сақтау аймақтары ауа атмосферасын ластау көздерi болып табы­латын және оларға бекiтiлген ТБА нормаларын қамтамасыз етпейтiн барлық объектiлер үшiн ескерiлу қажет.

Осы аймақтардың көлемi қолданыстағы нұсқауларға сәйкес атмосферадағы зиянды заттардың шашылуының есебi бойынша ауа ластануының жобаланған деңгейiнiң есебiмен анықталуға тиіс, сонымен қатар қоршаған ортаны шудан, дiрiлдеткiштерден, электромагниттiк толқыннан және басқа да зиянды факторлардан сақтау талаптарын есепке алу қажет.

9.29.** Өндiрiстiк және басқа кәсiпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандырудың ең минимальды аумағын ластау көзiнен қорғау аймақтарының енiне байланысты алу қажет, % бойынша:

300 м-ге дейiн 60

300 м-ден 1000 м-ге дейiн 50

1000 м-ден 3000 м-ге дейiн 40

Қоныстық аумақ жағынан енi 50 м-ден кем етпей, ағаш-бұта екпелерінің алқабын, ал аймақтың 100 м-ге дейiн болғанда – 20 м-ден кем етпей осындай алқап қарастырылуы қажет.

9.30.** Өндiрiстiк кәсiпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарының екпе ағаш­тарын газға орнықты, шаңды ұстайтын қасиеттерi бар ағаш-бұта жыныстарын қарастырып құру қажет.

9.31.** Қоныстық аумақтардың шеңберiнде зиянды заттар шығармайтын, өндiрiстiк процестерi өртке қауiпсiз және жарылуға қауiпсiз, шуы белгіленген нормалардын аспайтын, темiр жолдарының кiрме жолдарын талап етпейтiн өндiрiстiк кәсiпорындарды орналастыруға жол берiледi. Мұнымен қатар өндiрiстiк объектiлерi орналасқан учаскелердiң шекарасынан тұрғын ғимараттарға, мектепке дейiнгi және мектеп мекемелерiне, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiне дейінгі қашықтығын атмосфераға шашылған шығарынды есебiнiң қорытындылары бойынша тек 50 м-ден кем етпей алу қажет.

Тұрғын және әлеуметтiк-мәдени құрылыстардың шеңберiнде орналасқан кәсiпорын­ның қоршаған ор-таға зияндық әсерiн жоюға мүмкiндiк болмаса, кәсіпорынның қуаттылығын төмендетудi, кәсiпорынды (цехты) қайта пiшiндеу немесе оның қайта қоныстандыру шегiнен тыс базасын жасау қарастырылуға тиіс.

9.32.** Технологиялық процестерi қоршаған ортаға зиянды және иiсi жағымсыз заттарды шығаратын кәсiпорындар, олардың жеке ғимараттары мен имараттары, сонымен қатар жоғары деңгейлi шудың, дірiлдеткiштiң, ультрадыбыстың, элекромагнит толқын­дарының, радиожиiлiктiң, статикалық электртогi мен иондық сәуле шығарудың көздерін, қолданыстағы нормативтерге сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары мен тұрғын үй қоныс­тарынан айыра бөлу қажет.

9.33.** Санитарлық зияндығы І топтағы кәсiпорындардың санитарлық-сақтау аймақ­тарында, сонымен қатар қоныстардан ені 1000 м-ден аспайтын санитарлық-сақтау аймақ­тарымен айыра бөлiнген өндiрiс аудандарында тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарын орна­ластыруға болмайды.

9.34.** Санитарлық-қорғау аймақтарында тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, әлеуметтiк-мәдени бағыттағы объектiлердi, саябақтарды, бақтарды және бақшаларды орна­ластыруға тыйым салынады.

Су резервуарларын қорғау және тиімді пайдалану

9.35.** Мекендерді жобалау кезiнде халықтың, өнеркәсiп пен көліктің қажеттiлiктерi үшiн суды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен су қатынастарын реттейтiн Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптары орындалу қажет.

9.36.** Мекендердi орналастыру, қолданыстағы кәсiпорындарды, имараттарды және басқа объектілерді қайта қалпына келтiру және жаңаларының құрылысы кезiнде, сонымен қатар судың жағдайына әсер ететін жаңа технологиялық процестердi енгiзу кезiнде, халықтың ауыз су және тұрмыстық қажеттiлiктерi және экологиялық қауiпсiздiктi бiрiншi кезекте қанағаттандыру талаптарын ескерiп, барлық су ресурстарының тиiмдi пайдаланылуы қамтамасыз етілу қажет. Бұл жағдайда көздерден алынатын су-ларды есепке алу жөніндегі, беттегi және жер астындағы суларды ластанудан, таусылудан қорғау жөніндегі, сонымен қатар судың жерастындағы құрылыстарға терiс әсер көрсетуiн алдын ала ескерту жөніндегі шаралар ескерiлу қажет. Пайдаланылатын су алабтарында алдын алу тәртiбiмен балық ресурстарын, су құстары мен жануарларын, су өсiмдiктерiн қорғау жөніндегі шараларды жобалау қажет.

Коммуналдық-тұрмыстық пайдалануға арналған судың сапасына бағытталған санитарлық-гигиеналық талаптар елдi мекен шеңберiндегi барлық су объектiлерiнiң учаске­леріне (оларды пайдаланудың түрiне қарамастан) қолданылады.

9.37.** Жүк айлақтарының, кемежайларының немесе басқа порт құрылыстарының орналасуын талап ететiн кәсiпорындарды өзен ағыны бойынша қоныстық аумақтан төмен орналастыру қажет.

9.38.** Қоныстарды жобалау кезiнде су қорғау аймақтарын ескеру қажет. Олардың ені:

су қоймаларының жағасында – ғылыми негiз-делген тұжырымдарға сәйкес бiрақ 500 м-ден кем емес болу қажет;

iрi өзендердiң жағасында – жергiлiктi су қорғау-шаруашылықтық және облыстық өкiлеттi-атқарушы органдарының бiрлескен шешiмдерi бойынша;

кiшi өзендердiң жағасында (ұзындығы 200 км және одан кем) және магистральды каналдарының жағасында – кiшi өзендер аймағындағы суды қорғау Ережесiне және басқа қолданыстағы нормативтi құжаттарға сәйкес болу қажет.

Су қорғау аймағына: жайылма, өзен жайылмасының беткейi, жағадағы сай-жыра жүйесi жатады (оның шекарасын табиғи немесе қолдан жасалған шектермен бiріктіріп жасау қажет: өзен алқабының қабағымен, танаптар мен өрiстердiң контурларымен, басқа да жердегi көрсетiлген геоморфологиялық шектеулер арқылы).

Өзендердiң, магистральды каналдардың су қорғау аймақтарының iшiнде жағадағы, 16-кестедегі өлшемдермен алынатын, су қорғау жолағын бөлу қажет:

16-кесте

Өзеннiң (магистральды каналдың) ұзындығы, км

Жағадағы суды қорғау жолағының өзен жағасынан (магистральды каналдан) енi, м

50-ге дейiн

20

50-100

50

100-200

100

Iрi өзендерде (ұзындығы 200 км-ден жоғары) жағадағы суды қорғау жолақтар суды қорғау-шаруашылықтық және облыстық өкiлеттi-атқарушы органдарының шешiмiмен бекiтiлген жобалар негiзiнде белгiленедi.

Жылғалар жағасында жағадағы су қорғау жолағы әр жағадан 10 м-ден кем етпей белгiленедi.

Таулы алқаптар шеңберінде орналасқан өзендерде (көлденең қимасындағы арна мөлшерi 100 м-ге дейiн) тек су қорғау жағалық жолақтар ғана 16-кестеге сәйкес белгiленедi.

Су қоймаларының су қорғау аймақтарының аумағында жағалық су қорғау жолағының енiн 17-кесте бойынша жағалар баурайларының құламасына және ландшафттың ерекшелiк­терiне байланысты алу қажет.

17-кесте - Суқоймалардың жағалық су қорғау жолағының минимальдi енi

Жағалаудың ландшафтты ерекшелiктерi

Жаға баура­йының құлама­сы, градуста

Жағалық су қорғау жолағы­ның енi, м

1. Жайылымда және пiшен шабуда пайдаланылатын шөп өсiмдiктері өскен

3-ке дейiн

3–16

36

36–50

2. Орман, бұтақтар өскен, егiндiк орналасқан

3-ке дейiн

3–16

35–50

56–100

Өзендердегi (магистральды каналдарда) су қорғау аймақтары мен жағалау бойы жолақтарының нақты мөлшерi елдi мекеннiң әсерi шегiнде солар үшiн әзiрленген және бекiтiлген жобалық құжаттар бойынша қарастырылуы мүмкiн. Аумақтық даму үшiн жер ресурсына тапшы болып отырған қалалардың аумақтарында су қорғау аймақтарының және жағалаулық су қорғау жолақтарының мөлшерін табиғат қорғау және суды бақылау орган­дарының келiсiмімен кемiтуге болады.

Өзендерде (магистральды каналдарда), су алабтарындасуды қорғау аймақтарын құру­мен бірге жерүстi және жерасты суды жинап алу орындарда (ауыз су және техникалық сумен жабдықтандыру көздерi, гидротехникалық, су жинау және қорғау имараттары) айналасында санитарлық-қорғау аймақ-тарын құру қажеттiлiгiн ескеру қажет, оларды «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар” ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001, басқа да ҚНжЕ талаптарына сәйкес белгiлеу қажет.

Жағадағы су қорғау жолақтарының аумақта-рында табиғи ортаға зиян келтiретiн құрылыс, шаруашылық және басқа іс-әрекеттiң барлық түрлерiне тыйым салынады, тек қана табиғатты қорғау органдарымен келiсiлген жобалар бойынша орналастырылатын су жинау имараттарына, демалыс орындарына жол беріледі.

Су қорғау аумақтарында:

тұрғын ғимараттардың және демалыс базаларының құрылысы, инженерлiк қатынас­тарды жүргiзуге табиғат қорғау және сәулет-қала құрылысы органдарымен келiсе отырып жол берiледi;

құрылыс қоймалары мен минералды және органикалық тыңайтқыштардың, пести­цидтардың және басқа улыхимикаттардың, мұнай өнiмдерiнiң сақтау қоймаларын орналас­тыруға және салуға тыйым салынады; техникалық қызмет көрсету орындарын және авто­көлiктi, ауыл шаруашылық техникасын жуу және басқа да табиғи ортаны ластайтын объек­тiлердi қондыруға тыйым салынады;

9.39.** Минералды тыңайтқыштар мен өсімдік-терді химиялық қорғау құралдарының қоймаларын балық шаруашылығы суқоймаларынан кем дегенде 2 км қашықтықта орна­ластыру қажет.

9.40.** Мекен аумағында орналасқан сәндiк суқоймалар мен шомылу үшiн қолда­нылатын суқоймаларда судың әр уақытта күзгi, жазғы кезеңде су айнасы ауданына бай­ланысты суды ауыстырып отыруды қарастыру қажет: су айнасы ауданы 3 га-ға дейiнгi әсемдiк суқоймаларында екi рет ауданы 3 га-дан көбiрек болса бiр рет; шомылуға арналған су-қоймаларда – тиістi түрде төрт және үш рет, ал ауданы 6 га-дан астам суқоймаларда – 2 рет.

Қоныстық аумақтың шеңберiнде орналасқан суқоймалардағы судың тереңдiгi көктемгi-жазғы кезеңде 1,5 м-ден кем болмау қажет, ал жағадағы аймақта, су өсiмдiктерiн әр уақытта жойылатын жағдайда – 1 м-ден кем болмау қажет.

Су алабтарының су айнасы мен жағажайлардың көлемiн МСТ 17.1.5.02 және ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002*-нің 4.21-т.-на сәйкес алу қажет.

Тоғандар мен басқа да су алабтарының жағадағы жолақтары абатталу қажет. Су алабтарының беттегi сулармен ластануына кедергi болатын шараларды ескеру қажет.

9.41.** Ағын сулардың тазалау имараттарын қоныстық аумақтардың жел үдейтін жақтарына және ағын судың ағыны бойынша мекендерден төмен орналастыру қажет. Олар мекендердiң қоныстық аймақтарынан 2 және одан көп қоршаудан тұратын санитарлық-қорғау аймақтарымен (айырмалаумен) бөлiнуі қажет, олардың өлшемдерi ҚНжЕ 2.04.03-85-тің 1-кестесі бойынша анықталу қажет.

9.42.** Қазіргі бар елдi мекендер мен объектiлердi қайта қалпына келтiру және дамыту, жаңаларын жобалау кезiнде беттегi сулардың ластануының қазiргi және болжам­далған деңгейiн анықтап ескеру қажет, су ортасының барлық ластау көздерiн, қалдық су ағындыларының көлемi мен құрамына қарай анықтау қажет.

9.43.** Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су үшін пайдаланылатын су көзiнiң сипаттамасын МСТ 2874 талаптарына сәйкес; мәдени-тұрмыстық мақсаттарына пайдаланылатын су үшiн – МСТ 17.1.5.02-ге сәйкес; балық шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын су үшiн – МСТ 17.1.2.04-ке сәйкес жүргізу қажет.

Гидрологиялық жағдайлардың сипаттамасын су объектiлерiнiң түрлерi бойынша, олардың табиғи өзгешiлiктерiне, МСТ 17.1.1.02 талаптарына сәйкес жүргізу қажет.

Беткi сулар жағдайының (ластану деңгейi) сапалы және санды көрсеткiштерi Қаз­гидромет органдары және ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және экология жө­ніндегі Уәкілетті мемлекеттік орган-дары мәлiметтерi бойынша есептiк келешекке берiледi.

Су объектiсiнiң балық шаруашылығына пайдаланылу санаты балық қорларын қорғау және өндiру органдарымен белгіленеді.

9.44.** Орталықтандырылған су жабдықтаудың жер үстіндегі көздерi пайдаланылу кезiнде судың талап етiлген нормативтi-негiзделген мөлшерін және өзендерде, су қоймаларына арналған қажеттi санитарлық шақтамаларды алуды міндетті түрде қамтамасыз ету қажет және су алабтарының (су ағындары-ның) балық шаруашылық сипаттамаларын бұзбауы қажет.

9.45.** Сумен жабдықтау көздерiнiң және су жүргiзу имараттары аумақтарындағы санитарлық қорғаудың бiрiншi аймағында ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға, егер жобаланған объектiлер көздердi пайдаланумен байланысты болмаса, тыйым салынады.

9.46.** Канализация мен тазалау имараттары жүйесiн жобалау кезiнде ағынды сулардың терең тазалануы мен басқа ресурстарды сақтайтын және табиғатты қорғайтын шараларды ҚНжЕ 2.04.03-85-ке сәйкес ескеру қажет.

Қоршаған ортаны шудан, дiрiлден, электр және магнит өрiстерiнен, сәуле шығарудан және сәулеленуден қорғау

9.47.** Қалалық және ауылдық мекендердi жоспарлау және құрылысы кезiнде сыртқы шудың негiзгi көздерiн есепке алу қажет, оларға жолдардағы көліктің ағыны, темiр жол поездерi, әуе жол көлігінің құралдары, трансформаторлар және тұрғын үй топтары iшiндегi шудың көздерi жатады.

Шудың рұқсат етiлген деңгейiнен асып кету кезiнде халықтың денсаулығын сақтау үшiн тұрғын үй құрылыстары мен шудың көздерi арасында санитарлық айырмалау аймақтарын ескеру қажет. Трансформаторлық көмекші станцияларынан санитарлық-қорғау аймақтарының өлшемдерi қолданыстағы санитарлық нормалармен алыну қажет, ал оларға сәйкес келмегенде Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық органда­рымен келiстiру қажет.

Магистраль жанындағы аймақтардың құрылы-сын, қайта қалпына келтiруiн, қаладағы көліктің шуын төмендетуге арналған ең нәтижелi, тиiмдi және пайдалы сәулеттiк-жоспарлау және басқа тәсілдер негiзiнде жол жүйесiнiң шу карталарына сәйкес орындалған қала ортасының акустикалық бағаланылуы негiзiнде жүзеге асыру қажет.

Жол жүйесi шуының карталарын құрастыру МСТ 20444-85 “Шу. Көлік ағындары. Шу сипаттамаларын өлшеу әдiстерiні” және “Қалалардың көше-жол торабының шу карталарын дайындау жөнiндегi нұсқауға” сәйкес жүзеге асыру қажет.

Қазіргі бар аэродромдар және әуежайлардың жанындағы келешектегi тұрғын үй құрылыстарының аумақтарындағы авиациялық шудың, сонымен қатар жобаланатын аэро­дромдар, әуежайлар айналасын-дағы қала және басқа да мекендердің қоныстық аумақта­рындағы, ұшақтар мен тiкұшақтардың ауаға көтерiлуi, ұшуы және жерге қонғанындағы шудың ең жоғары рұқсат етiлген деңгейi мен және авиациялық шуды өлшеу әдiстерiн МСТ 22283 «Авиация шуы. Тұрғын үй құрылыстары аумақтарындағы шудың рұқсат етiлген деңгейi және оны өлшеу әдiстерiне” сәйкес алу қажет.

9.48.** Елдi мекендердiң аумақтарында және олардың жанындағы аумақтарда радио­техникалық объектiлердi орналастыру кезiнде (радиостанциялар, радиотеледидар таратушы және радиолокация станциялары) ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органының санитарлық нормалары мен ережелерінің” нормативтiк құжатын басшылыққа алу қажет.

Электромагниттi өрістердiң кернеуiнiң есептерi мен өзгеруiн (ағынның тығыздығын, қуаттылығын), радиобайланыс, радиохабар тарату және теледидардың техникалық құрал­дарын орналастыру орынындағы санитарлық-қорғау аймақтары мен құрылыстарды шектеу аймақтарын белгiлеу шекараларын анықтау жүзеге асырылу қажет.

Теледидар және ЧМ-радиохабар тарату құралдарын орналастыру жерлерiнде электро-магниттiк өрістердiң деңгейлерi мен санитарлық-қорғау аймақтардың шекараларын, сонымен қатар құрылыстардың шектерiн анықтау аймақтарын ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң №1.05.032-97 әдiстемелiк нұсқаулары негiзiнде белгiлеу қажет.

Азаматтық авиацияның ауа қозғалысын басқару құралдарының ВЧ-, ОВЧ-, УВЧ- және СВЧ- ауқымындағы элетромагниттiк өрістерiнiң деңгейлерiн ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң №1.05.034-97 әдiстемелiк нұсқаулары негiзiнде анықтау қажет.

Электромагниттiк жағдайды анықтау кезiнде, метеорологиялық радиолокаторларды орналастыру жерлерiнде оны қалпына келтiру шараларын өткiзгенде ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң №1.05.035-97 әдiстемелiк нұсқауларын басшылыққа алу қажет.

9.49.** Жоғарывольтты электр жiберу ауа жолдарын орналастырғанда ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiмен бекiтiлген «Электржiберудiң ауыспалы тогiнiң ауа жолдарының өндiрiстiк жиiлiгiмен құрылған электр өрісінің әсерiнен халықты қорғаудың санитарлық нормалары мен ережелерiн (№3.01.036-97) және 1984 ж. КСРО Энергетика министрлігімен бекiтiлген “Электрқондырғыларын құрудың Ережелерiн” (ЭҚЕ) басшылыққа алу қажет.

9.50.** Тұрғын бөлмелердегі дiрiлдеткiштердiң рұқсат етiлген деңгейлерi және рұқсат етiлген дiрiлдеткiштердiң қолданыстағы (№3.01.032-97 санитарлық нормаларына сәйкес болу қажет. Осы талаптар орындалу үшiн тұрғын ғимараттары мен дiрiлдеткiштер көздерi арасында қажеттi қашықтықты ескеру қажет, осы көздерде дiрiлдеткiштердi нәтижелi төмендететiн материалдар мен құрылымдарды пайдалану қажет.

9.51.** Радиоактивтi заттар мен иондар шығаратын басқа да көздердiң өндiрiсi, өңдеуi, қайта өңдеуi, пайдаланылуы, тасымалдауы және көму кезiнде радиациялық қауiп­сiздiктi қамтамасыздандыруды ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiмен бекiтiлген (1987ж.) радиациялық қауiпсiздiктiң нормаларына (РҚН 99) және радиоактивтi заттармен және басқа да иондар шығаратын көздермен жұмыс атқарудың негізгі санитарлық ережелерiне сәйкес жүзеге асыру қажет.

9.52.** Атом станцияларын орналастыру және адамдарды әрбір нақтылы жағдайда сыртқы сәулеленуден қорғау шешімдерін ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және экология жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органдарымен келiсу жағдайында жүзеге асы­рылады.

Инсоляция шарттары

9.53.** Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды (мектепке дейiнгi балалар мекеме­лерiнен, жалпы бiлiм беру мектептерiнен, мектеп-интернаттарынан басқасы) орналастыруда және бағыттау Қазақстанның аумағындағы ғимараттардың 22 наурыздан 22 қыркүйекке дейiнгi кезеңде күнiне 2,5 сағаттан кем емес уақыт инсоляциясының үзiлмейтiн ұзақты-лығын қамтамасыз ету қажет.

9.54.** Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, мектеп-интернаттарының, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiнiң ғимараттарын орналастыруда және бағыт-тауда, денсаулық сақтау органдарымен бекiтiлген тұрғын құры­лыстары аумағындағы және тұрғын және қоғамдық ғимараттарды инсоляциямен қамта­масыздандырудың санитарлық нормалары мен ережелерiмен қарастырылған ғимараттарда үзiлмейтiн үш сағаттық инсоляцияны қамтамасыз ету қажет.

Ескертулер:

1. IV климат ауданында тұрғын және қоғамдық ғимараттарда бөлменің инсоля­циясының ұзақтылығы тек қана ғылыми негiзделген есептер бойынша 9.53-т. белгiленген нормалардың 30%-іне қысқарылуы мүмкiн.

2. 9 қабатты және одан биiк ғимараттар қоныстары жағдайында тұрғын бөлмелердің инсоляциясының бір реттік үзілуі, күн бойы инсоляциясының жиынтық ұзақтылығын 0,5 сағатқа көбейту шартымен жол берiледi.

3. Меридиандық бағыттындағы, барлық бөлмелер инсоляциямен қамтамасыз етілген тұрғын үйлерiнде, сонымен қатар өте күрделі қала құрылысы жағдайларында бөлменің инсоляциясының ұзақтылығын күнiне 0,5 сағатқа қысқар-туға рұқсат етiледi.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау

9.55.** Қалалық және ауылдық мекендердің жоспарлануы мен құрылысын Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы Заңының” талаптарын, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару органдары ережелерiнiң талаптарын сақтау арқылы жүзеге асыру қажет.

Тарихи, археология, қала құрылысы мен сәулет, монументалды өнер ескерткiштерi үшiн қорғау аймақтары мен құрылысты реттеу аймақтарын белгiлеу қажет.

Осы аймақтардың шекаралары Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра­ларды қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттiк органдарымен келiсiлген жобалар негiзiнде жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен анықталу қажет. Көрсетiлген аймақтардың шеңберiнде жер, құрылыс және басқа жұмыстардың өндiрiсi, сонымен қатар ескерткiштердi қорғауға тиiстi органдардың рұқсатынсыз шаруашылық қызметке жол берiлмейдi.

9.56.** Жобаланған аумақта тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бар екенiн анықтау үшiн:

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дүниежүзiлiк мұра ескерт­кiштерiнiң тiзiмi;

Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiл-ген республикалық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн пайдалану қажет;

жергiлiктi үкiмет органымен бекiтiлген жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiмен пайдалану қажет.

9.57.** Мекендердiң аумақтарындағы iздестiру жұмыстарын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң барлық санаттарын есепке алумен жүргiзу қажет.

9.58.** Елді мекендердi жоспарлау және құрылысын салу кезiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiн бұзуды, орнын ауыстыруды қарастыруды, сонымен қатар олардың жағдайына түрлi өзгерiстер енгiзетiн жобалық шешiмдерді қабылдауға болмайды.

Ерекше жағдайларда, тарих және мәдениет ескерткiштерiне стихиялық апаттар, қауiптi физикалық-геологиялық процестердiң болуы нәтижесiнде бұзылу қауiпi пайда болған жағдайларында, тарих және мәдениет мұрасы объектiлерiнiң орнын ауыстыруын да ескере отырып, ескерткiштердi қорғау органдарымен келiсiлген, оларды қорғау жөнiндегі шаралар қарастырылады.

Жобаланатын аумақтағы дүниежүзiлiк және республикалық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырумен немесе жағдайын өзгертумен байланысты ұсыныстар алғашқы тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жiберiледi.

9.59.** Ескерткiштердiң ансамблi мен кешендерін, елді мекендердегі ерекше тарихи, сонымен қатар ғылыми, көркемдiк немесе басқа мәдени бағалылығы жоғары аумақтарды тарихи-мәдени қорықтарға жатқызу қажет. Олардың қорғауын арнайы Ережелерге сәйкес, кешендік қайта қалпына келтіру әдістерімен қамтамасыз ете отырып және мұнымен қатар аумақ ортасының сипаттамасын бұзбайтын сәулеттiк және мәдени бағалылыққа иелi ғимараттарды жаңғырту, қолданыстағы ғимараттарды қайта қалпына келтiру, жетілдіру және күрделі құрылыс, ішінара жаңа құрылыс салу, инженерлiк құралдар жүйесiнiң дамуын және аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізе отырып, қарастыру қажет.

9.60.** Елдi мекендердi жоспарлау және құрылысын жүргiзу кезiнде көліктік және инженерлiк қатынастарды тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң қорғау аймақтары шека­расының шеңберiнен тыс орналастыру қажет.

Бұл жағдайда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезiнде ортаны қорғайтын арнаулы техникалық шараларды қамтамасыз ету қажет. Ескерткiштерге жақын немесе қорғау аймақтары арқылы өтетiн жолдар бойынша жүретiн көліктің қозғалысы ескерткiштерге қауiп туғызса, осындай көлік қатынастары бойынша қозғалысты шектеу немесе тоқтату қажет.

1*- қосымша

Мiндеттi