- •Құрылыстың нормалары және ережелерi
- •Мазмұны
- •1. Қалалық және ауылдық мекендердiң аумақтарын дамыту концепциясы және жалпы ұйымдастырылуы
- •2. Қоныстық аумақ
- •Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағы
- •3. Өндiрiстiк аумақ
- •3.5.** Шығарылсын
- •Ауылдық мекеннiң өндiрiстiк аймағы
- •4. Ландшафттық-тынысжайлық аумақ ландшафт сәулетi және бақтық-саябақтық құрылыс
- •5. Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындары
- •6. Көлiк және көше-жол торабы
- •Сыртқы көлiк
- •7. Инженерлiк жабдықтау
- •8. Аумақты инженерлiк дайындау және қорғау
- •9**. Объектінің (шаруашылық қызметтің)
- •Өртке қарсы қойылатын талаптар
- •Объектілерді аэродромдар ауданында және басқа аумақтарда, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ескере отырып, орналастыру келiсiмiнiң талаптары
- •Жер учаскелерінің өлшемдері
- •Тұрғын аудан мен ықшамаудан аумағындағы халықтың есептiк тығыздығы
- •Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағындағы халықтың есептiк тығыздығы
- •Қоймалардың жер учаскелерiнiң ауданы мен өлшемдері
- •1 Мың адамға алынған өлшемдері
- •Қызмет көрсету мекемелері мен кәсiпорындарын есептеу нормалары және олардың жер учаскелерiнiң өлшемдерi
- •Қалалардың қала маңындағы аймақтарының және жаңа жерге орналастыру жүйелерінің автомобиль жолдарының санаттары мен параметрлерi
- •Автомобильдердің тұрақтарын есептеу нормалары
- •Көлiктік құралдардың гараждары мен парктерiнiң жер учаскелерiнiң нормалары
- •11**-Қосымша
- •Тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормалары
- •Электр тұтынудың iрiлендірілген көрсеткiштерi
- •Сілтемелік жасалған нормативтік-техникалық құжаттар тізімі
Объектілерді аэродромдар ауданында және басқа аумақтарда, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ескере отырып, орналастыру келiсiмiнiң талаптары
Келiсiмi қажет кәсiпорындар мен ұйымдарды өзiнiң жауапкершiлiк аумағында құрылыс жүргiзетiн әскери округтің ӘӘК бiріктіру штабы анықтайды. Штабтың мекен-жайын жобалау құжаттамасы тапсырыс-шыларына немесе жобалау ұйымдарына республи-калық немесе жергілікті өкiмет органдары бередi. Келесі объектілер, имараттар, қондырғылар орналас-тыру барысында келісімдерді талап етеді.
Келесiдегідей орналастыру келiсiмдердi талап етедi:
1) аэродромдарға әуе арқылы жету жолақта-рының шеңберiндегi барлық объектiлер, сондай-ақ осы жолақтардың шеңберiнен тыс аэродромның бақылау нүктесінен (АБН) 10 км радиустағы барлық объектілер;
2) биiктiгi аэродромның деңгейiнен 50 м және одан көп, АБН-нен 30 км радиустағы объектілер;
3) кез келген жерде орналасқан, жер бетiнен 50 м және одан көп биіктіктегі объектiлер;
4) байланыс, электр берiлiсi желiлерi, сондай-ақ радио-техникалық құралдардың қалыпты жұмысына кедергi болуы мүмкiн радио- және электрмагниттік сәуле объектілері;
5) қопарылыс қауіпті объектiлер;
6) шығарылатын газдардың1 апаттық өртелуiне арналған алау құрылғылары;
_____________
1 Алау құрылғыларының биіктігін белгілегенде шығарылатын алаудың ең жоғарғы деңгейге көтерілу мүмкіндігі ескеріледі.
7) қызметі аэродром ауданында көру-байқауды нашарлататын өнеркәсiптiк және басқа да кәсiпорындар мен имараттар.
3-7-т.т-да көрсетiлген объектiлердi орналастыру, олардың орналасу орнына байланыссыз, әскери округтiң штабымен және ӘӘК бірлігінің штабымен келiсiлуге тиiс.
Аэродромның бақылау нүктесінен 15 км-ге жақын жерге құстардың қалдықтарын тастайтын орындар, аңдардың фермасы құрылысын салу, қасапхана және басқа объектілер орналастыруға жол берілмейді.
Ескертулер:
1. Көрсетiлген келiсiмдер, егер үш жылдың iшiнде тиістi объектінің құрылысы басталмаса, өз күшiн жояды.
2. Аэродромдардың бақылау нүктесін аэродромның геометриялық орталығының жанында мынандай реттерде орналастыру қажет:
- бiр ұшу-қону жолағы (ҰҚЖ) болғанда – оның орталығында;
- екi параллельдi ҰҚЖ болғанда – олардың орталықтарын қосатын түзу сызықтың ортасында;
екi параллельдi емес ҰҚЖ – ҰҚЖ орталықтарынан тұрғызылған перпендикулярлар қиылысқан нүктеде.
3. Биiк имараттардың орналасуына келiсiлуі үшiн ұсынылатын құжаттарда барлық жағдайларда жобаланатын имараттардың координаттарын көрсету қажет.
3**-қосымша
Ұсынылатын
ҮЙ-ЖАЙ МАҢЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ПӘТЕР МАҢЫНДАҒЫ
Жер учаскелерінің өлшемдері
Жеке үйге немесе пәтерге арналған тұрғын үйлердің жанында бөлінген жер учаскелерінің өлшемдері қолданыстағы үйлердің типтеріне, қалыптасушы құрылыстардың (ортаның) сипатына, оның әр түрлі шамадағы қала құрылымында түрлі орналасуына байланысты, мынадай:
600-800 м2 және онан көп (құрылыс алаңын қосқанда) – үй-жай типтегі құрылыста;
400-600 м2 (құрылыс алаңын қосқанда) – коттедж типіндегі құрылыста;
80-120 м2 (құрылыс алаңынсыз) – блок типтегі құрылыста көп пәтерлі, бір-екі-үш қабатты үйлерде;
30-60 м2 (құрылыс алаңы жоқ) – көп пәтерлі бір-екі-үш қабатты блокталған үйлер немесе күрделі көлемді-кеңістікті құрылымды екі-бес қабатты (соның ішінде тек қана бірінші қабаттың пәтерлері үшін).
4**-қосымша
Ұсынылатын