Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FIT_praktika_ekol.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
372.91 Кб
Скачать

Практикалық сабақ 8

Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы.

Мақсаты: Студенттерге тұрақты дамудың қоғамдағы алатын ролі туралы білім беру.

Сабақ мақсаты: Студенттерді тұрақты даму тарихымен мақсаты, міндеттері, мәселелері таныстыру. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынастарымен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: әңгіме, талдау, дискуссия және диспут, комментарийлер, реферат, портфолио және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Тұрақты даму дегеніміз не?

Экологиялық мәселелер мен дағдарыстар

Киота хаттамасы, Монреаль хаттамасы.

ХХІ ғасыр күн тәртібі

1 тапсырма: ХХІ ғасыр күн тәртібіндегі мәселерге: Кедейлікпен күрес, Халық және тұрақтылық, Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту, Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация), Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну мәселелріне жеке тоқталу.

2 тапсырма: Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды ролі. Шөлдену мен құрғақшылықпен күресті қалай түсінесіз.

3 тапсырма: Экологиялық мәселелер мен дағдарыстар айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Продуценттер, консументтер, редуценттер дағдарыстары, олардың кезеңдері.

Бақылау сұрақтар:

1. «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы.

2. Рим клубы, Медоуздың (Өсу шектері, 1972) және Форрестердің (Әлемдік динамика, Әлемдік экономика 1972)., Мессерович пен Пестельдің (Адамзат бұрылыс шегінде) еңбектері.

3. БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы. (Стокгольм 1972). Рио-де-Жанейро 1992

4. Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті.

5. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг, Дания 1994).

6. Тұрақты даму факторлары немесе аспектілері: Экологиялық, Экономикалық, Әлеуметтік

7. Киото хаттамасы.

Әдістемелік нұсқаулар:

Дәрістің бас кезінде оқытушы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар экологиялық дағдарыстармен байланыстылығын айтады. Содан соң оқытушы ерте кездегі концепцияның дамуы мен қалыптасу тарихын айтып, қазіргі кездегі Жердегі халық санының өсу қарқыны жылдан жылға қоршаған ортаға салмақ әкелетінін тұжырымдайды. Осы жерде мына нәрсеге көңіл аудару керек: табиғат тек экономикалық дамудың материалды негізі ғана емес, ол адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын эстетикалық ортасы болып табылады. Осыған байланысты оқытушы қазіргі кездегі тұрақты даму концепциясының туындау қажеттілігі жөнінде ойдың туындауына итермелейді. Оқытушы тұрақты даму концепциясының 1992 жылдың 3-14 маусымында Рио-де-Жанейродағы арнайы қоршаған ортаны қорғау жөнінде БҰҰ-ның конференциясының орын алғанын, 2002 жылы Йоханнесбургте болған конференция Риода болған 10-жылдыққа арналған «Тұрақты даму» лозунг атымен болғанын айтады.

Ғылыми пікірталас № 9

Тақырыбы: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.

Мақсаты: Студенттердің тұрақты дамудың стратегисы мен принциптерін жүзеге асырушы халықаралық экологиялық ұйымдар туралы білімдерін жетілдіру.

Оқыту құралдары мен әдістері: әңгіме, талдау, дискуссия және диспут, комментарийлер, және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

  1. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық бірлестіктер

  2. Әлеуметтік-экологиялық дағдарысқа сипаттама

  3. Ғаламдық экологиялық мәселелер

  4. Озон тесігі, қышқылдық жауын, жылу эффектісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]