Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FIT_praktika_ekol.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
372.91 Кб
Скачать

Практикалық сабақ №14

Тақырып Табиғатты қорғау және тұрақты даму

Сабақ мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылымымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қорықтар, қорғалымдар, ұлттық саябақтар түсінігімен таныстыру, сондай-ақ осы аймақтарда қорғалатын түрлермен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: кейс-стади, имитациялық және іскерлік ойындар, жеке және топтық презентация, ауызша сұрау, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері

Табиғатты тиімді пайдалану.

Адамның биосфераға әсері.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар. ҚР қорықтары.

ҚР ұлттық саябақтар. ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлер.

1 тапсырма. Төмендегі сұрақтарды талдаңыздар.

1. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері.

2. Қорық территориялары қоршаған ортаны қорғаудың формасы.

3. Ботаникалық бақтар, зоологиялық бақтар, табиғат ескерткіштері, қорықшалар.

4. Эндемик түрлер. Биосфералық резерваттар.

5. Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі.

2 тапсырма ҚР қорықтары, ботаникалық бақтар, зоологиялық бақтар, ұлттық парктер, қорықшалар бойынша презентация дайындаңыздар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері қандай?

  2. Табиғатты тиімді пайдалану дегенімз қандай?

  3. Адамның биосфераға әсері қандай?

  4. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жіктелуін көрсетіңіз.

  5. ҚР қорықтарын сипаттаңыз. ҚР ұлттық саябақтарын атаңыз.

  6. ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерді атаңыз.

  7. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

  1. Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білім мен ағартудың ролі.

  2. Экологиялық білім, экологиялық сана, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет,

экологиялық насихат.

  1. Тірі табиғат ескерткіштері

Әдістемелік нұсқаулар:

Дәріс басында оқытушы қазіргі кездегі планетарлық сипаттағы экологиялық дағдарыс, мысалы Арал теңізінің тартылуы жөнінде айтады. Осыған байланысты оқытушы студенттерге табиғаттың шекарасы жоқ екенін, бір мемлекеттегі мәселе бәріне ортақ екендігіне көз жеткізеді. Оқытушы ары қарай аудиторияны қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына, соған байланысты мемлекеттер бір-біріне экологиялық тәуелді екендігіне назарын аудартады. Соңында мына сөзбен аяқтауға болады: «Біз барлығымыз не өмір сүреміз, не болмаса ешкім өмір сүрмейді»

Практикалық сабақ №15

Тақырып Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Сабақ мақсаты: Студенттерді Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдарымен және тұрақты дамуды қамтамасыз ету механизмдерімен, ҚР экологиялық тәрбиелеу мен білім беру негіздерімен, ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарымен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, әңгіме, конференция, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, т.б.

Сабақ өткізу жоспары:

Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері.

Арал, Семей, Каспий, Балқаштың экологиялық мәселері

ҚР радиоактивтi ластану мәселесі.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар мәселесі.

1 тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі., себептері мен салдары.

2.Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары.

3.Ядролық қару жарақты сынаудың адамзатқа әсері мен салдары.

4.ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары. Невада-Семей антиядролық қозғалысы.

5. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]