- •Практикалық сабақ №1 Тақырып: Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде
- •Биоэкология
- •Экология
- •Адам экологиясы
- •Әлеуметтік экология
- •Қолданбалы экология
- •Практикалық сабақ №2 Тақырыбы: Особьтар экологиясы-аутэкология. Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •Дискуссия практикалық сабағы №3.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма.
- •4 Тапсырма.
- •5.Тапсырма.
- •Практикалық сабақ №4.
- •1 Тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •4 Тапсырма.
- •Практикалық сабақ №5
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •4 Тапсырма.
- •5 Тапсырма.
- •Презентациялық сабақ №6
- •4 Тапсырма.
- •Практикалық сабақ 7
- •Практикалық сабақ 8
- •Ғылыми пікірталас № 9
- •1 Тапсырма:
- •Практикалық сабақ 10
- •2 Тапсырма Берілген есепті шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз.
- •Практикалық сабақ №11
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •Практикалық сабақ №12
- •1 Тапсырма
- •Практикалық сабақ №13
- •Практикалық сабақ №14
- •Практикалық сабақ №15
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
4 Тапсырма.
Академик В.Н.Сукачев ұсынған биогеоценоздың «соқыр» моделінің сызбасы. Бастапқы моделін жасақтау үшін бос ұяшықтарға төменде берілген биогеоценоз компоненттерін толтырыңыздар. Ұсынылған түсініктердің бағыныштылығын дәлелдеңіздер:
- атмосфера;
- өсімдіктер жамылғысы;
- топырақ қабаты;
- гидрологиялық жағдайлар;
- экотоп (қосымша, биогеоценоздың өлі компоненттері);
- биоценоз;
- тау жыныстары;
- жануарлар әлемі (зооценоз);
- саңырауқұлақтар (микоценоз);
- микроағзалар(микробиоценоз);
Бақылау сұрақтары:
1.Экожүйе түсінігі.
2.Экожүйедегі зат айналым
3.Экожүйенің қоректік құрылымы
4. Экожүйелердің өнімділігі, Алғашқы және екінші реттік өнімділік
5.Экологиялық пирамидалар. Сандар, биомасса және энергия пирамаидалары
6.Экологиялық сукцессиялар. Бірінші реттік және екінші реттік сукцессиялар
Әдістемелік нұсқаулар:
Тақырыпты оқу кезінде төменгі ағзалық жүйе жөніндегі сұрақ негізгі орын алады. Студенттер экожүйелердің сипаттамасын, анықтамасын, экожүйедегі заттар айналымы және қуат ағынын, қоректік тізбектерді жақсы білулері керек. Қоректік тізбектермен танысу кез-келген экожүйенің құрамдас бөліктері мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Оқытушы орманда мекен ететін өсімдіктер мен жануарлар, саңырауқұлақтар түрлерін атап, олардың экожүйе патшалығында алатын орнын атауды сұрайды. Өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар, микроағзалар, жануарлардың ролін талдау студенттерге экожүйе тіршілігі үшін заттар айналымы қажет екенін, ол олардың органикалық заттарды өндірушілер - өсімдіктер арқылы болатыны, органикалық заттарды тұтынушылар – жануарлар арқылы, органикалық заттарды ыдыратушылар - микроағзалар арқылы жүретіні белгілі. Оқытушы студенттерге экожүйе суреті бейнеленген кестені көрсетіп ондағы қоректік тізбектерді атауды сұрайды.
Практикалық сабақ 7
Тақырыбы Биосфера және оның тұрақтылығы
Сабақ тақырыбы: Биосфера және оның тұрақтылығы
Сабақ мақсаты: Студенттерді биосфера түсінігімен, биосфера және ноосфера жайлы іліммен, биосфера эволюциясы және компоненттерімен таныстыру.
Оқыту құралдары мен әдістері: бейнелеу, сызбанұсқаны талқылау, ауызша сұрау, имитациялық және іскерлік ойындар, презентация және т.б.
Сабақ өткізу жоспары:
Биосфера концепциясының мәні
Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімінің қағидалары
Биосфераның ерекшеліктері
Биосфераның тірі заттарының қасиеттері мен қызметтері
Коммонер заңдарының мәні
Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі
1 тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер
1.Биосфера деген не және Жердің басқа қабаттары: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера?
2. В.И.Вернадский тірі заттар деп нені түсінді және тірі заттардың негізгі қасиеттері.
3. Биосфераның негізгі құрылымдық бірліктерін атаңыздар.
4. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері.
5. Биосфераның шекаралары.
2 тапсырма Тарау бойынша терминдердің глоссарийін жасаңыздар.
3 тапсырма Биосфераның құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера ілімі және тұрақты даму концепциясының негізін қалаушы ретіндегі ролін талдаңыздар.
Бақылау сұрақтары:
1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
2. Биосфераның тірі заттары. Негізгі қасиеттері мен қызметтері.
3. Биосфера шекаралары.
4. Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы:
а) азот айналымы; ә) көміртегі айналымы;б) күкірт айналымы;в) фосфор айналымы.
Әдістемелік нұсқаулар:
Дәрістен алынған материалды жақсы түсінуде В.И.Вернадский қалыптастырған констант заңдарының анықтамасына назар аудару қажет. В. И Вернадский тұжырымдаған константалық заң бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама болып табылатынын, Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік екендігін түсіндіру. Оның ерекшелігі тек химиялық реакциялардың жылдамдығына ғана байланысты емес, кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысымда, ағзадан тыс жүрмейді.
Тақырыппен жұмыс істеу кезінде биосфераның ерекшеліктеріне, ондағы тірі заттардың қасиеттеріне, биосфераның ноосфераға айналуының негізгі маңызына назар аударған дұрыс. Биосферадағы қуат ағыны мен заттар айналымын бекіту үшін оқытушы студенттермен талдау жүргізеді, ондағы өсімдіктер, тұтынушы ағзалар – консументтер және ыдыратушылар (редуцент, деструктор) осы үрдістегі орнын ашуды ұсынады.