Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны1.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе 8

Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web]. Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi бағдарламалар арқылы көру мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор], Mozilla[Мозилла], Opera[Опера]. Бұл бағдарламалардың артықшылығы сайтты сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Сайт даяр болғаннан кейін оны алдын-анықтап алу қажет[1]. 8

Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт құруға арналған бірнеше программалар шықты. Атап айтар болсақ: 9

1Web беттерінің сценарийлерін бағдарламалау 11

1.1 HTML тілінің негіздері 13

1.2 HTML тілінін атқаратын қызметі 14

1.3 НTML тілінің қосымша мүмкіндіктері 15

span class="select">function putLayer() { 23

widthBrowser = getWidth() - 100; 24

if(IE) eval('document.all["xyz"].style.left = widthBrowser'); 24

if(NC) eval('document.layers["xyz"].left = widthBrowser'); 24

if(Opera) eval('document.getElementById("xyz").style.left = widthBrowser'); 24

setTimeout('putLayer()', 1000); 24

} 24

1.4 HTML5 тілінің ерекшеліктері 38

1.5 JavaScript тілінің негіздері 42

1.6 JavaScript тілінде сценарийлерді бағдарламалау 46

Скриптерді шақыру және іске қосу 48

2 Web бетті жүзеге асыруға арналған программалық қамсыздандыруды талқылау және таңдау 50

2.1РНР және Арасне локалдісерверін орнату 53

Ескерту : Apache тасымалдаушыларының бинарлы кодтары әртүрлі нұсқада таралады. Мысалы *ехе және *msi кеңеюімен және де httpd версия win 32 *msi түріндегі атауға ие болуы мүмкін. Шатасып қиналмау үшін оны алуға болатын ресурс мынадай: http://apache.rin.ru/dist/httpd/binaries/win32/. Екінші және үшінші версия сан версияда келтірілгендерден айырмашылығы болуы мүмкін-бұл жерде ең соңғы версияны таңдаған абзал. Өйткені онда алғашқы версиядағы кездескен қателектер жойылған. 54

2.2 Веб-парақтардың оптимизациясы 54

3 JQuery арқылы Web бетінің интерфейсін құру 56

3.1 JQuery кітапханасы 56

3.2 Jquery-де анимация 61

Қорытынды 62

Қолданылған әдебиеттер тізімі 64

Қосымша 65

Кіріспе

Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі - ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда.

Біздің өмір сүру ғасырымыз – жоғары технологиялар ғасыры адамзат тұрмысына көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі таңда біреуді «Интернет» және «Мәліметтер қоры»(МҚ) терминтерімен таң қалдыра алмайсың. Компьютерлік мәліметтер қорын, мәліметтер қорын басқару жүйелерін қолданып, басқа ұйымдармен мәліметтермен алмасушы ұйымдар көбеюде. Күн сайын Интернет желісін қолданушылар саны және локальды компьютерлер мен желілерде МҚ-ң саны артып жатыр. Қолданушылар web-түйіндерде желі мүмкіндіктерін МҚ ресурстарымен байланыстыруда.

Глобальді Интернет желісінің қарқынды дамуы адамзат әрекетінің көптеген салаларына аса зор әсерін тигізеді. Интернет программалық қамсыздандыру индустриясына жаңашыл өзгерістер әкелді. Интернет үшін арнайы өңделген және Web серверлерінің ерекшеліктерін ескеретін қосымшалардың жаңа категориясы шығарылды. Web серверлерінің ерекшеліктерін ескеретін қосымшалар негізгі рөлді атқарады, сондықтан да Интернетке арналған программаларды кеңінен Web қосымшалары деп атайды. Бұл көптеген Интернет-дүкендер, нақты уақыттағы Интернет-телефониясы мен хабарламалармен алмасу үшін іздеуге арналған және анықтамалық жүйелер, Интернет арқылы видеоны жіберу жүйелері.

Әрекетіне байланысты web қосымшалар статикалық HTML парақтарға мүлдем ұқсамайды. Web серверінің қатысымен олар түрлі активті объектілерге, сервистерге және жүйелерге қатынаса алады, мысалға мәліметтер сияқты. Сөйтіп, браузер терезесінде қолданушымен жіберілген сұранысқа web сервер есеп беруді даярлап, оны сол терезеде бейнелей алады. Мұнда мәліметтерді алу үшін web сервер мәліметтер қорында сұранысты өңдейді.

Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web]. Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi бағдарламалар арқылы көру мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор], Mozilla[Мозилла], Opera[Опера]. Бұл бағдарламалардың артықшылығы сайтты сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Сайт даяр болғаннан кейін оны алдын-анықтап алу қажет[1].

Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт құруға арналған бірнеше программалар шықты. Атап айтар болсақ:

  • HTML тілі (Hyper Text Markup Language);

  • PHP1-PHP5;

  • Python;

  • Java;

  • JavaScript.

HTML-тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу, гипермәтінге белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі жасай алмайтын мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау жолын ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша таныс болмаған мен қазір оның құдыреті кез келген сайт құру тілдерінен асып түседі. PHP тілі жылда дамып отыр оның алғашқы нұсқалары 1994 жылдары PHP болса қазір оның PHP5 нұсқасы шығып үлгерді.

Интерактивті сайт құру үшін html-бетті құру жеткіліксіз, сондықтан да скриптілерді қолданғаны жөн. Скриптілер жазылатын веб-программалау тілдерінің бірнеше түрлері айқындалған.Соның ішіндегі біздің қазіргі таңда Web программалауда улкен сұранысқа ие JavaScript тілі. JavaScript тілінде сценарийлерді, яғни скриптілер құру біздің Web бетімізге қолданушы интерфейсінің күрделілігін қамтама етеді[2].

Жұмыстың өзектілігі:JQuery қолданбалы кітапханасының көмегімен объекті бағытталған программалау әдістерін қолдана отырып, қолданушыға ыңғайлы қазақ тіліндегі күрделі интерфейсті Web бетін құру. JQuery кітапханасының толық мүмкіндіктерін Web бетте көрсету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Javascript тілінде жазылған JQuery қолданбалы кітапханасын пайдалана отырып объектіге бағытталған бағдарламалау әдістерін жүзеге асыру.Соның нәтижесінде күрделі интерфейсті Web бетін құру.Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:

  • Javascript программалау тілін терең оқып үйрену;

  • CSS,PHP технологияларымен танысу;

  • Apache2.2 Web серверімен танысу,сервермен жұмыс жасау және жергілікті желіге баптаулар жасау;

  • Арнайы оқулықтармен танысу;

  • Web дизайн негіздерімен танысу;

  • Photoshop CS6,Corel Draw x6 графикалық редакторларымен жұмыс жасауды толық оқып уйрену;

  • JQuery кітапханасымен танысу;

  • Dreamweaver CS6 бағдарламасымен танысу,бағдарламада Web беттердің интерфейсін өңдеу;

  • Күрделі интерфейсті Web бетін құру.

Жұмыстың жаңашылдығы: Javascript тілінде жазылған JQuery кітапханасының қазіргі таңдағы толық мүмкіндіктерін пайдалана отырып күрделі интерфейсті, қазақ тіліндегі Web бетін құру.

Жұмыстың құрылымы:Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден және екі қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімде Web бетті бағдарламауға арналған тілдер, Web бағдарламау жөнінде мәліметтер келтірілген.

Екінші бөлімдежергілікті серверлер,Web дизайн жөнінде мәліметтер келтірілген.

Үшінші бөлімде JQuery арқылы Web бетінің интерфейсін құру жөнінде, JQuery кітапханасы және ондағыанимациялар мен эффектілер жөнінде мәліметтер келтірілген.

Қорытындыда жұмыстың нәтижелері баяндалған. Қосымшада Web беттерінің скриншоттары мен Web бетінің листингі көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]