Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны1.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2 Web бетті жүзеге асыруға арналған программалық қамсыздандыруды талқылау және таңдау

Егер мекеме серверді үй беті (домашняя страница) ретінде емес, профессионалды деңгейге жеткізіп шығарғысы келсе, онда ол мекеме өз Web-серверін жасау қажет. Қазіргі таңда олардың көптеген түрлері бар.

Web-серверлер нарығының зерттеу аумағында беделді атаққа ие Netcraft компаниясы (http://www.netcraft.com/survey/) мынадай көрсеткіштерді анықтады(кесте 7).

Кесте 7

Серверлер нарығын салыстыр

Сервер

Сайттар саны

Нарық үлесі, %

Apache

20497607

56.50

Microsoft

11156732

30.75

Iplanet

1302788

3.59

Zeus

792530

2.18

7 кестеден көрініп тұрғандай, Web-серверлер нарығы Apache және Microsoft Information Server (IIS) болып екіге бөлінген. Олардың үлесінде нарықтың 87%, ал iPlanet мен Zeus бәсекелестерінде не бары-ақ 3%. Сондықтан Web-серверді таңдау – бұл Apache мен Microsoft Information Server (IIS) арасындағы таңдау.

Қазіргі кезде Apache сервері IIS-тен екі есе артық үлесімен алда келе жатыр (Apache-ң 20 млн. сервері IIS-ң 11 млн. серверіне қарсы).

Apache HTTP-сервері түрлі платформалар мен түрлі орталарда бейім болып жұмыс істей алатын қуатты және иілгіш веб-сервер ретінде жасалынған. Түрлі платформалар мен орталар түрлі мүмкіндіктерді талар етеді немесе сол бір мүмкіндіктің жүзеге асырылуына түрліше эффективті жолдарды ұсына алады. Apache компиляцияланатын немесе қосылатын модульдер көмегімен компиляциядан кейін сервермен жүзеге асырылатын барлық қажетті қызметін вебқұраушыға таңдауға мүмкіндік беретін өзіндік модульдік сәулетінің арқасында әрқашанда түрлі қоршаған орталарда жұмыс істей алатын. Сервердің кейінгі версияларында модульдік архитектура веб-сервердің жалпы функцияларымен кеңейтілген еді. Енді сервер компьютердің желілік порттарымен қосылуына және сұраныстарды қабылдау мен олардың балалық процестермен өңделу координациясына жауапты мультипроцесті модульдер жиынымен әкелінеді. Осы деңгейге дейін модульдік архитектурасының кеңейтілуі екі негізгі жетістікті береді:

  • Apache тиянақты және эффективті түрде түрлі операциондық жүйелерде жұмыс істей алады. Әсіресе Windows-қа арналған Apache версиясы енді эффетивтірек жұмыс істейді, өйткені МП-модуль POSIX деңгейінің желілік функцияларының орнына Windows-тың өзіндік желілік функцияларын қолдана алады. Бұл басқа операциондық жүйелерге де тән;

  • сервер нақты бір сайт қажеттіліктері үшін тиімдірек бапталған болуы мүмкін. Сонымен қатар, түрлі қолданушылар привилегиялары бар процестермен түрлі хосттарға қызмет көрсету сияқты арнайы мүмкіндіктері ұсынылады.

Қолданушы деңгейінде МП-модульдері Apache-нің басқа қалған модульдерінен мүлдем ажыратылмайды десек те болады. Негізгі ажырау белгісі – сервермен тек бір Мп-модуль компиляцияланады.

Apache серверінің көптен таралу себептерін екі топқа бөлуге болады: бәсекелесушілерден техникалық жетістіктермен байланысты технологиялық себептер және технологиялқ емес себептер.

Технологиялық көшбасшылық. Өз тарихының алғашқы кезеңінде Apache нарықтағы технологиялық көшбасшы – өндіргіштігі өте үлкен, ал ресурстар қажеті аз еді. Сонымен қатар, программа бәсекелестерге қарағанда модульдерді қосу жолын оңай кеңейту мүмкіндігі жақсы жүзеге асырылған еді.

Технологиялық консерватизм. Мәлім программаларынң авторлары қолданушылардың сұраныстарына тап болады. Программмалар қолданушылардың азына қажет көп қызметтерімен күрделеніп, код қиындығы мәселелер санымен және т. б. өседі. Apache авторлары осы аумақта қажеттті балансты сақтап қалған, олармен өңделінетін ПӨ тұрақты және жобалана алатын беделге ие.

Өңдеу процесінің ашықтығы. Оны өңдеу процесі барлық көрушілерге бақылау мен комментарийлер үшін ашық және жорияланған болып келеді. Бұл жаңа версияларға қосымша модульдерді шығаруға мүмкіндік береді.

«Демократиялық» өңдеу. Apache жобасында өңдеудің уникальды схемасы жүзеге асырылған – әр өзгерістер бойынша дауыс берулер жүргізіледі, нақты өзгерістер өңдеушілер тобының кез келген мүшесінің дауысымен тоқтатылуы мүмкін, ал нақты емес өзгерістер “иә” дауыстарынан “жоқ” дауысына қарағанда көбірек жинауы керек. Осындай схема технологиялық консерватизмді қолдап, күдікті технологиялық шешімдерді қабылдамауға мүмкіндік береді. Демек, осындай схема кез келген жобада қолданылмайды, өйткені өңдеушілер тобының барлығына жауапкершілік артады, ал бұл барлық жағдайларда бола бермейді.

Қолданушыларды қолдау. Үлкен қолданушылық базаға және коммерциялық емес статусына қарамастан Apache қолдауы сапа жағынан жақсы еді және сол сапаға әлгі күнге дейін ие.

Лицензиялау. Apache-ң ең негізгі себебі болып еркін лицензілеу табылады. Apache License кең таралған OpenSource GNU GPL ортасына қарағанда туынды жұмыстардың еркін таралуын міндеттемейді, тек аталуына құқықтың сақталуын – туынды жобаның Apache Group өңдеген кодын қолданатынын көрсетуді талап етеді. Лицензиялаудың осындай схемасын қолдану кезінде коммерциялық компаниялар өнімнің дамуына өз ресурстарын салуды ұнатады, мысал ретінде Apache 2.0 өңдеуінде IBM компаниясының қатысуы және Apache-ң Windows платформасына ауысуын атап кетуге болады.

Apache-ң осы аталған жетістіктері маңызды болып келеді, олардың біреуінің болмауы өнімді қолданушылар немесе бөлім алдында беделі нашар болар еді.

Web-серверлер келесідей тұтынушылық сапаларға ие болады:Қол жетерлік (доступность) – қолданушылар үшін Web-сервердің үздіксіз қол жетерлігі. Бұл жерде веб-сервердің оның қайта бапталуына, апаттар (авариялар), қолданушылардың көптен іске қосылуна, т.б. жағдайларға қарамастан тоқтаусыз жұмыс істеуі критерий негізі болып табылады.

Қорғаныс дәрежесі – сервердің рұқсат етілмеген қол жетерліктен қорғанысы. Осы түсінікте сервер хакерлер мен вирустардың бұзғыштық әсерлеріне және веб-сервер арқылы коммерциялық ақпараттың ұрлануынан қорғанысқа тұрақтылығы жатыр.

Администрлеу және басқару – сервер басқаруының қарапайымдылығы және эффективтілігі.

Өндеу (разработка) – сервер үшін Web-қосымшаларды өндіру қиындығы.

Өндіргіштік – сервердің тезәрекеттілігі.

Өзінің тестілеінде беделді Zdnet компаниясы Web-серверлерге бес балдық баған бойынша келесідей бағалар қойып шықты. Осы зерттеулерде Microsoft IIS и iPlanet алдыңғы орындарға ие болды(кесте 8)[28].

Кесте 8

Web-серверлер сапасы бойынша тестілеудің нәтижесі

Сервер

Жалпы

Қол жетер-лік

Қорға-ныс дәре-жесі

Админи- стрирлеу және басқару

Өңдеу

Өндір-гіштік

Microsoft IIS’імен Microsoft Windows 2000 Advanced Server

5

4

5

5

5

5

NetWare Enterprise Web Server’імен және IBM WebSphere’імен NetWare

4

4

5

5

4

4

Apache Web Server’імен Solaris

3

4

3

3

2

4

Жалпы осы нәтижелермен келісуге болады, бірақ IIS мен Apache салыстыруы қосымша комментарийлердің болуын талап етеді, әсіресе егер Web-сервер Microsoft SQL Server 2000-мен әрекеттесу қажетін ескеретін болсақ.

Қол жетерлік үзіліссіздігі. IIS 5.0, Windows 2000 Server, MS SQL 2000 шығарылмайынша Microsoft өнімдерін конфигурацияның өзгергенінен кейін серверлердің қайта жүктелуін талап ететін қажеттілігі (нәтижесінде серверлер ұзақ уақыт бойы қол жетерсіз болды) үшін сынады. 2000 жылы Microsoft өзінің барлық серверлерін «жүру» кезінде конфигурациясына өзгеріс енгізу мүмкіндігімен жабдықтады. Сонымен қатар, Microsoft Web-серверлер үшін кластарлерді (серверлер тобын) ұйымдастыру құралдарын ұсынды. Кластер Web-серверлерге апат кезінде де жұмыс істеуге мүмкінідік береді.

Apacheде жағдайлардың көбісінде сервердің қайта бапталуы кезінде оны қайта жүктемеуге мүмкіндік береді, бірақ Apache үшін апатқа төзімді жүйелерін сатып алып бөлек таңдау қажет.

Қорғаныс дәрежесі. IIS-ге қарағанда ApacheWeb-серверінің жоғары қауіпсіздікті болуы Apache-ні таңдаудың негізгі себепшісі болып келеді.

Web-сервер қауіпсіздігі келесі аспектілерден тұратын көпқырлы түсінік:

  • сервердің істен шығудан қорғаныс;

  • ақпараттың ұрлануынан қорғаныс;

  • SQL Server-де мәліметтер қорының қорғанысы.

Сервердің істен шығуынан қорғаныс. Сервер хакерлер шабуылы мен вирустар әсеріне істен шығуы мүмкін. 2001 жылы ApacheсияқтыIIS де Denial of service (DoS) хакерлік шабуылдың жаңа түрлеріне және Code Red класты вирустарына дайын емес еді. Осы кезде IISApache-ге қарағанда әлсіз болды. Бұның себебі мынада, IIS қарапайым Web-сервер емес, ол түрлі типті 20 Web-сервистерден тұратын дайын бизнес-шешім. Кейде вирус не хакер IIS қызметтерінің бірін бұза алады, бұл деген сервердің жалпы тоқтап қалуына әкеліп соғады. Ал Apache-де бизнес-шешімді құру үшін басқа фирмалардың өнімдерін қолдану қажет, олардың жүйе қауіпсіздігінің бұзылуы Apache-ң істен шығуы ретінде саналмайды.

2.1РНР және Арасне локалдісерверін орнату

Локальды серверлерді пайдаланудың себебі көп – бізге РНР - ды үйрену керек болды өзіңіздің хостингіңізде Web қосымшалары тестілеу қымбатқа түседі және бұндай мүмкіндік мүлдем жоқ. Бұл жағдайда сізде локалды машинада Apache+PHP байланыстары қажет болады.

Ең алдымен Apache және РНР дің архивін шығарып алу керек. Apache http://www.apache.org/dyn/closer.egi. ресми сайтындағы келтірілген беттен алуға болады. Іздестіруде мынаны есте сақтаған жөн. Apache өзінің UNIX тегі демонының аты бойынша httpd деп те аталуы мүмкін. әдетте сайт бетінде әртүрлі файлдар көп, мысалы httpd-2.0.49-win 32-src.zip httpd-2.0.49. tar. Gz, apache 2.0.50-win 32-x86-no ssl-exe.

Ескерту : Apache тасымалдаушыларының бинарлы кодтары әртүрлі нұсқада таралады. Мысалы *ехе және *msi кеңеюімен және де httpd версия win 32 *msi түріндегі атауға ие болуы мүмкін. Шатасып қиналмау үшін оны алуға болатын ресурс мынадай: http://apache.rin.ru/dist/httpd/binaries/win32/. Екінші және үшінші версия сан версияда келтірілгендерден айырмашылығы болуы мүмкін-бұл жерде ең соңғы версияны таңдаған абзал. Өйткені онда алғашқы версиядағы кездескен қателектер жойылған.

РНР 5-ті http://www.php.het/downloads.php сайтынан табуға болады. Сайтта РНР екі формада мүмкін болады. Алғашқы кодта (Complete Source Code) және компилицияланған нұсқада (Windows Binsries). Бізді ек нұсқада таралатын компиляцияланған версия қызықтырады: орнату түрінде (php-5.0.0-installer exe) және zip архив түрінде (php-5.0.0-Win 32. zip). Орнатушы орнатуда ыңғайлы, бірақ РНР версиясы шектеулі. Оның үстіне автоматты инсталляторды пайдалану бізді Арасһе серверінің конфигурациялаушы файлын құру қажеттілігінен арылтпайды. Сондықтан да zip –архивті жүктеу ұсынылады. Сіз РНР сайтында бола тұрып РНР –ге құжатитаманы алуыңызға да болады. Windows-ты пайдаланушылар үшін сhm-формат әлдеқайда ыңғайлы[29].

2.2 Веб-парақтардың оптимизациясы

Веб-парақтардың оптимизациясы дегенде, біз қолданушыға максимальды тез болатын яғни, браузерде парақтарды жүктеуге мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдерді қолдану деп түсінеміз.

Оптимизацияның басты ойы – бұл файлдар көлемін әртүрлі құралдармен кішірейту, бірақ мұнда да белгілі бір әдістер қолданылады, олар парақта басқа элементтер пайда болмайынша контентті жүктеуге мүмкіндік береді. Төменде, осы мақсатқа жетудің кейбір әрекеттері сипатталған.

Маңызды ақпаратты парақ үстіне орналастырыңыз.Веб-парақтар жоғарыдан төменге қарай жүктеледі, ал төмен орналасқанға қарағанда парақтың жоғарғы жағындағы ақпарат ертерек пайда болады. Сондықтан, қолданушы үшін аса маңызды материалдарды парақтың басына қарай орналастырыңыз.

Бір кескінді көп мәрте қолданыңыз.Беттен – бетке қайталанатын графикалық элементтерді қолданыңыз яғни, логотиптер, навигация элементтері сияқтылар. Суреттің алғашқы жүктелуінде, кескіні бар файл браузер кэшіне орналасады және берілген суретті қайта-қайта қолдану оның ол кездесетін басқа парақтарда пайда болуын тездетеді.

(CSS ) стильдерінің каскадты кестелерін қолданыңыз. Форматтау атрибуттары тобына бірден барлығына бір әрекетті қолдану арқасында стильдер НТМL кодын айтарлықтай ықшамдайды. Стильдер көмегімен мысалға , барлық тақырып жолының түрін өзгертуге болады. Бірақ үш тәсілмен тақырып жолын форматтамаудың орнына яғни, оның өлшемі басында берілсе, кейін қаріп берілсе және ең соңында орталық бойынша түзету болса, оны бір уақытта анықталған тегке стильді қолдану арқылы тура соны іске асыруға болады.[12].

Кестелер ерекшеліктерін ескеріңіз.Әдетте веб-парақтар көрінбейтін шекаралары бар кестелерді қолдану арқылы беттеледі. Сол кестелердің ерекшелігі – егер соңғы сөз кестенің ең төменгі жағына жүктелмесе , экранда ұяшықтардың құрамы бейнеленбейді. Браузерлер мұндай қадамды өзінің құрамындағыларын форматтау үшін, кесте туралы бүкіл ақпаратты алуда қолданады. Алайда, егер кесте биіктігі бойынша үлкен болса, біз қажетті ақпаратты тапқанымызша елеулі уақыт өтіп кетеді. Осыны ескеру, сізге веб-парақтың құрамындағылардың шығуын тездету мүмкіндігін береді. Жүктеуді тездетудің тағы бір әдісі – бұл кестелер орнына қабатты қолдану.

Графиканы оптимизациялаңыз. Веб-параққа графикалық кескіндер тез жүктелуі үшін, сапаларын сақтауда суреттер файлдарының өлшемін кішірейту керек. Графиканы оптимизациялау үшін, файлдар форматын ескере отырып, әртүрлі параметрлермен басқаруға мүмкіндік беретін арнаулы программалар бар. Мысалы, Adobe Image Ready, Ulead SmartSaverPro, MacromediaFireWorks және т.с.с.

Қажет жерлерде тырнақшаларды қолданыңыз. Тегтер параметрлерінің мәнін анықтауда тырнақшалар қолданылады. Мысалы, парақтағы фон мәтінінің және сілтемелерінің түсін өзгерту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]