Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны1.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1.4 Html5 тілінің ерекшеліктері

HTML5 (ағыл. Hyper Text Markup Language, version 5 ) – веб торабы ішіндегілерді ұсыну мен құрылымдау үшін арналған тіл. Бұл HTML-дің бесінші нұсқасы, соңғы (төртінші) нұсқасы 1997 жылы стандартталған болатын. 2013 жылдың қазан айына күйі бойынша HTML5 әзірленуде, бірақ іс жүзінде ол жұмыс стандартына жатады (ағыл. HTML Living Standard). HTML5-ті әзірлеудің мақсаты – синтаксистік анализатор үшін анализдің қарапайымдылығы мен қолданушы үшін кодтың ыңғайлы оқылуын сақтай отырып, мультимедиа-технологияны қолдау деңгейін жақсарту.

Веб-торабында HTML 4.01 мен XHTML 1.1 стандарттары ұзақ уақыт аралығында қолданылған, және де веб-парақшалар іс-жүзінде әртүрлі жетілдірумен, яғни программалық өнімдердің жетілдірілуін, мысалы веб-браузерлер, сонымен қатар жиі қолданылатын тәсілдердің пайда болуын қоса алғанда ұсынылатын ерекшеліктер қоспасын қолданып жасалған.HTML мен XHTML синтаксистік нормаларын сәйкестендіре алатын, бірегей белгі тілі ретінде HTML5 құрылған. Ол құжаттардың белгісін кеңейтеді, жақсартады және ұтымды етеді, және де күрделі веб-қосымшалар үшін біртұтас API қосады [18].

HTML5-те көптеген жаңа синтаксистік ерекшеліктер іске асырылған. Мысалы, <video>, <audio> және <canvas> элементтері, сонымен қатар SVG мен математикалық формулаларды қолдану мүмкіндіктері де бар. Бұл жаңалықтар бөтен API –ді пайдалану қажеттілігінсіз, желідегі мультимедиалық және графикалық объектілерді басқару мен құруды жеңілдету үшін жасалған. Басқа да <section>, <article>, <header> және  <nav> сияқты жаңа элементтер құжаттың (парақша) семантикалық мазмұнын молайту үшін жасалған. Элементтер мен атрибуттар қатары алынып тасталғанмен, жаңа атрибуттар осы мақсатпен енгізілген болатын. Кейбір элементтер, мысалы <a>, <menu> және <cite>, өзгертілген , қайта анықталған және стандартталған болатын. HTML5-тің жетілдірудің іргетасы бөлігі ретінде API және DOM болып саналады[19]. HTML5 кейбір қателіктерді өңдеудің ерекшеліктерін анықтайды, сондықтан синтаксистік қателіктер барлық үйлесімді браузерлермен бірдей қаралуы тиіс.

World Wide Web Consortium(W3C) XHTML 2.0-нің келешек нұсқасын әзірлеуге негізделген, ал HTML 4.01 2000 жылдан бері өзгермеген кезде, веб-тегі Гипертекстілі Қолданбалы Технологияны (WHATWG) әзірлеу бойынша жұмыс тобы жаңа стандарт үстіндегі жұмысты 2004 жылы бастады. 2009 жылы XHTML 2.0 жұмыс тобының жұмыс мерзімінің аяқталғанын W3C мойындап, оны қайта іске қоспайды. Қазіргі таңда W3C мен WHATWG HTML5-ті бірге әзірлеуде.

HTML5 веб-әзірлеушілер арасында бірнеше жылдар бойы атақты болғанымен, БАҚ-тың (бұқаралық ақпарат құралдары) басты тақырыбы ретінде 2010 жылдың сәуір айында болады. Осыдан кейін Apple Inc. компанияның басшысы Стив Джобс «Flashке байланысты ойлар» атты ашық хат жазады. Қорытындысына HTML5 әзірлеуімен Adobe Flash көмегімен видеороликтерді немесе басқа да қосымшалардың түрлерін көруге қажеттілігі жоғын айтты. Осы мәселе бойынша веб-әзірлеушілер арасында дебаттар орын алды, тіпті кейбіреулері HTML5 функционалды кеңейтілімді қамтасамыз етсе де, әзірлеушілер браузерлердің айырмашылығын назарларында ұстау керек екендігін және, HTML5 пен Flash арасындағы функционалдық айырмашылықтары сияқты әртүрлі стандарт бөліктерін қолдау қажеттілігін айтады[20].

W3C стандарттау процесі.WHATWG 2004 жылы Web Applications 1.0 атты жетілдіру жұмысын бастады. 2011 жылдың қаңтар айынан Draft Standard (стандарттау жобасы) жетілдіру WHATWG-нда, ал Working Draft (жұмыс проектісі) W3Cте бекітіледі. Google компаниясының мүшесі Ян Хиксон HTML5-тің редакторы.

2007 жылы W3C жұмыс тобымен жаңа HTML жұмысы негізінде HTML5 жетілдіру қабылданды. Осы жұмыс тобы 2008 жылдың 22 қаңтарында бұл жетілдіру жобасын алғаш ашық түрде жариялады. Жетілдіру – бұл бірер жылға дейін қалады деп күтілетін ағымдағы жұмыс, алайда бүкіл жетілдіру «кеңес берілген» атты ақырғы мәртебеге жеткенге дейін HTML5 бөліктері браузерде жүзеге асыруға және аяқтауға жиналады.

2012 жылға дейін Ян Хиксон , HTML5 жетілдіру редакторы, Candidate Recommendation жетістігіне жетуді көздейді. Жетілдіру «W3C кеңес берген» мәртебесін алу үшін, екі 100% аяқталған және толықтай өзара іске асырулар қажет. Хиксон TechRepublic – қа берген сұхбатында 2012 жылы немесе одан кейін болатынын болжайды. Алайда, жетілдірудің көптеген бөлігі тұрақты және өнімдерде іске асырылуы мүмкін :

WHATWG 2009 жылдың желтоқсан айында HTML5 жетілдіру үшін әзірлеудің әмбебап моделіне ауысты. HTML5 жетілдірумен кадрларды W3C әлі де жариялауды жалғастырады.

W3C 2011 жылдың 14 желтоқсанда HTML5 үшін HTML жұмыс тобына аралық есеп берумен жұмыс мерзімін ұзартты. 2011 жылдың мамыр айында жетілдірудің техникалық ақауларының жоқтығын растау үшін жұмыс тобы W3C-пен толықтай байланысқа шақырып, HTML5-ті Last Call болжайды. Содан кейін топ өзінің іске асыру жұмыстарына көшеді. Сонымен қатар Кепілдеме үшін күту мерзімі - 2014 жылы толықтай жетілдіруді кең функционалдық үйлесімділікке жеткізу үшін W3C жан-жақты тексерістерді әзірлеуде.

Белгі. HTML5 заманауи веб-сайттардағы белгінің типті қолдануын бейнелеп көрсететін бірнеше жаңа элементтер мен атрибуттарды енгізеді. Олардың кейбіреуі – әмбебап блокты (<div>) және (<span>) кіші элементтерді пайдалану үшін семантикалық алмастырулар, мысалы, <nav> (сайт бойынша навигация), <footer> (әдетте HTML кодтың соңғы жолына немесе парақшаның төменгі бөлігіне жатады) немесе <object> орнына <audio> және  <video> .

HTML 4.01 –де пайдалануға болатын кейбір ескірген элементтер, каскадты кесте стилі көмегімен орындалатын рәсімдеу әсері бар <font> және <center> сияқты элементтер қолданыстан алынған.

Белгісі ұқсағанына қарамастан HTML5 синтаксисі бұдан былай SGML-де негізделінбейді. Алайда ол HTML-дің ескі нұсқасының қарапайым синтаксистік анализімен кері үйлесімде әзірленген. HTML5-те SGML-дегі құжаттың типін хабарлау рендеринг режиміндегі стандарттарға сәйкес іске қосылатын <!DOCTYPE html> сияқты жаңа жолды қолдануға болады. 2009 жылдың 5 қаңтарында HTML5 WHATWG-нің жеке жетілдіруі болған Web Forms 2.0-ді өзіне қосады[21].

Жаңа API. HTML5 –тің белгі анықтамасына қосымша ретінде скриптік қолданбалы программалау интерфейсі орнатылады (API). DOM интерфейсі кеңейтілген және ерекшеліктері іс жүзінде тіркелген. Сонымен қатар жаңа API бар, мысалы:

  • 2D-да салу әдісі үшін холст-элемент.  Canvas 2D API Specification 1.0 жетілдіруін қараңыз;

  • мысалы, видеодағы субтитрлерді синхрондау үшін медиафайлдардың ойнауын бақылау;

  • оффлайн деректер базасын сақтау;

  • құжаттарды түзету;

  • Drag-and-drop;

  • браузердің тарихын басқару;

  • MIME типі және хаттаманың өңдеушісін тіркеу;

  • микродеректер.

Осы айтылған технологиялардың көбісі WHATWG HTML жетілдіруінде болса да, W3C HTML5 жетілдіруіне қосылған. Бір де бір жетілдіру бөліктеріне жатпайтын азырақ байланысқан технологиялар, т.с.с.W3C олар үшін жеке жетілдіруді жариялайды:

  • геолокация;

  • Web үшін SQL деректер қоры, ішкі дерек қоры(артық қолданбайтын);

  • API индекстелген дерек қоры, кілттік-мағына типі бойынша индекстелген (бұрын WebSimpleDB);

  • API файлы, файлдарды жаңарту дескрипторы және оларды басқару;

  • жүйемен жұмыс. Бұл API деректер қорын басқарусыз клиент жақтан сақталатын ақпаратты қамтамасыз ету үшін арналған;

  • файлға жазба, қосымшадан алынған ақпаратты файлға жазу үшін API-ді пайдалану.

XHTML5.XHTML5 – бұл HTML5 тілінің XML-сериализациясы. XML құжаттары XML Internet Media Type-та жабдықталған болуы тиіс, мысалы, application/xhtml+xml немесе application/xml. XHTML5 XML синтаксисінің қатаң және дұрыс (рәсімделгенін) талап етеді. HTML5 пен XHTML5 арасындағы таңдау MIME типін таңдауға апарады./ішіндегі: сіз таңдап алатын медиа типі, қандай құжаттың типі қолданылу керектігін анықтайды . HTML5 пен XHTML5-те doctype html міндетті емес және жай қалдырып кету болуы мүмкін. HTML мен XHTML-дің техникалық талаптарына сай болуына жазылған, DOM ағаштарды да өндіретін, HTML мен XML-ді талдайтын HTML – көптілді деп аталды[22].

Қателерді өңдеу.HTML5 жетілдіру қолданушы-агентке (браузерге), сол сияқты құжаттарға да талап қояды. Құжаттарда дұрыс синтаксис әрқашан бола бермейді, бірақ HTML5 – үйлесімді браузерлер, олардың негізін салушылары сияқты (DOM) дұрыс объектілі моделді құру үшін құжаттардағы белгілердің қателерін өңдеу алгоритмін қолданады. Қолданушы – агенттерге қойылатын талаптың нақты анықтамасы әртүрлі өндіруші браузерлерінің арасындағы сәйкестікке жету мақсатымен жасалады. Сол сияқты құжаттарды белгілеу синтаксисіне қойылатын талаптың мақсаты әртүрлі браузерлерде дұрыс бейнелеу. Браузерлердің ескі нұсқаларында HTML5-тің жаңа тегтерін елемейді.

HTML5-тің HTML4.01 пен XHTML1.x-тен айырмашылығы.Төменде айырмашылықтар тізімі көрсетілген және бірнеше ерекше мысалдыр:

  • синтаксис өзгертілген;

  • text/html-дегі SVG және MathML салу;

  • жаңа элементтер : article, aside, audio, canvas, command, datalist, details, embed, figcaption, figure, footer, header, hgroup, keygen, mark, meter, nav, output, progress, rp, rt, ruby, section, source, summary, time, video, wbr;

  • енгізудің жаңа элементтері date/time, mail, url, search, number, range, tel,color;

  • жаңа атрибуттар : charset (meta-да), async (script-та);

  • барлық элементтерге қолдануға болатын глобалді атрибуттар: id,tabindex, hidden, data-*(деректердің қолданбалы атрибуттары);

  • алып тасталынатын элементтер : acronym, applet, basefont, big, center,dir, font, frame, frameset, isindex, noframes, strike, tt.

HTML5-тегі толық өзгертулер тізімі жаңартылатын W3C «HTML5-тің HTML4-тен айырмашылығы» жұмыс жобасында көрсетіледі. (соңғы нұсқасы 29 наурыз 2012 жыл).

HTML5 Логотипі.W3C 2011жылдың 18 қаңтарында HTML5-ке қызығушылық тудыру үшін және оны пайдалануды ұсыну мақсатында логотип енгізді. W3C компаниясы бұрын шығарған басқа белгілерге қарағанда, ол нақты бір стандартқа сәйкестікті көрсетпейді. 2011 жылдың 1 сәуірнен бастап бұл логотип ресми болып саналды.

Халыққа алғаш көрсеткен кезде, W3C HTML5 логотипін «HTML, CSS, SVG, WOFF және басқаларын қосқандағы ашық Веб-технологияның кеңейтілген жиыны үшін деректердің визуалды әмбебап идентификациясы» символы ретінде жариялады. Кейбір Веб-стандартты қорғаушылар , The Web Standards Project да бар, бұл анықтаманы жалпылай және айқын емес түсінік деп сынады. Үш күннен кейін бірлестіктің пікіріне W3C жауап беріп, байланысқан технологиялар санын алып, логтип атын өзгертеді. Кейін W3C «заманауи веб қосымшалар үшін негізгі тас ретінде HTML5 ұсынылады» деген логотипті жариялайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]