Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмуны1.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.21 Mб
Скачать

1Web беттерінің сценарийлерін бағдарламалау

Біздің жұмысымызда біз көрнекті және заманға сай жаңа сайттарды құруға мүмкіндікті беретін жетілдірілген технологияларды қолданудамыз.Интерактивті сайт құру үшін html-бетті құру жеткіліксіз, сондықтан да скриптілерді қолданғаны жөн. Скриптілер жазылатын веб-программалау тілдерінің бірнеше түрлері айқындалған.

CGI-программаларды құру үшін программалу тілдерінің кез келгені қолданылуы мүмкін.Олардың ішіндегі біреуі жақсы, біреуі нашар деп айтуға болмайды, олардың әрқайсысы белгілі бір класты есепті шешуде тиімді болып келеді. Сондықтан олардың әрқайсысын қарастырып өтейік.

Java Script – скриптілердің ең қарапайым (және арзан) түрі. Оны қолданған кезінде программа клиент машинасына көшіріліп, сол жердің браузерінде орындалады. Ол online калькуляторлар, есептеудің кішірігім программалары, динамикалық элементтер (сағат, уақыт, т.б.) үшін тиімді.

Артықшылықтары – клиент машинасына көшіріледі, Internet-тен өшірілгеннен кейін орындала алады. Қымбат тарифтік жоспарды талап етпейді.

Кемшіліктері – ескі IE 3.0, Netscape 3 браузерлерін қолдамайды.Күрделі емес программаны жазу қажеттілігі туындаған жағдайларда, әсіресе егер ол UNIX ортасымен жұмыс істейтін болса, сценарийлер немесе қабықшалар тілінде немесе жай Shell тілінде жасайды. Әсіресе осы тілді жүйелік администраторлар қолданады, өйткені олар үшін Shell – «күнделікті әңгімелесу» тілі, сонымен қатар Shell тілінде программалар арасындағы интерфейсті қамтамасыз етуге ыңғайлы[3].

С тілі орындалатын файлдарды орындауға болатын компиляциялау типті басқа тілдер сияқты CGI-программаларды жазуға лайық. С тілінің ең басты артықшылығы – компилирленген программалардың жоғары эффективтілігі. Осынадй программаның орындалуы Perl интерпритаторын жүктеуге кететін уақытынан да аз уақытты алады.

Бірақ бұндай программалау көптеген мәселелерді туындататынын да мойындау керек.Бірінші кезекте, бұл CGI спецификасына байланысты емес программалаудың қарапайым қиындықтары. Компиляциялаушы тіл мен интерпритатор тілімен әрбір салыстыруы кезінде тұжырым бірдей болады.

Интерпритациялаушы тілдердің компилирлеуші тілдерден артықшылығы болады. Олардың біріншісі – бұл программаларды өңдеу шапашаңдығы. Интерпритациялаушы тілдерде әдетте арнайы есептерді орындауға арналған жоғары деңгейлі операторлары бар. Мысалы, Perl тілінде CGI-прораммалаушы үшін мәтіндік файлдармен жұмыс істеудің жоғары дамыған құралдары бар. Мәтіндік файлында электронды пошта адресін іздейтін программа жазу үшін С тілінде Perl-ге қарағанда көбірек операторлар жазу керек.

Екінші жетістігі – өңдеу (отладка) жылдамдығы. Компиляциялаушы тілінде программаны жазу кезінде сіз әрбір өзгерісті енгізген сайын программаны компиляциялауыңыз қажет, яғни сіз программаны жүктеп көресіз және егер ол жұмыс істеп тұрмаса өзгеріс енгізіп қайта компиляциялауыңыз қажет. Интерпритациялаушы тілді қолданғаныңызда сіз уақытты осы кезеңде үгемдейсіз. Сіз өзгерістер енгізісіз де программаны қайта жүктейсіз.

Үшіншісі – үйреніп алу жылдамдығы. Интрепритациялаушы тілдерді, жалпы айтқанда, меңгеріп алу оңай және тез. Сіз тіл философиясы, программаларының құрылымын және мәліметтер типін үйренудің орнына өзіңізге таныс құрылыстарды қолдануыңызға болады. Көптеген интерпритациялаушы тілдер программалардың күрделілігі мен эффективтіліктерін меңгеру дәрежесіне қарай өсіруге мүмкіндік береді, бірақ алғашында сіз тек қарапайым программаларды жаза аласыз.

Бірақ басқа жағынан, осындай тілдердің кемшіліктері де бар немесе компиляцияушы тілдердің артықшылықтары мынадай. Олардың біріншісі – жоғары эффективтілік. Интерпритациялаушы тіл программа орындалуынан бұрын интерпритатордың жүктелуін және орындалатын код генерациясын талап етеді (және бұны әрбір орындау алдында жасау керек). Егер сіз осындай программаларды жиі қолданбасаңыз, онда төмен эффективтілікке көз жұмса болады, бірақ егер сізге сағатын жүздеген сұраныстарды өңейтін болсаңыз, онда жылдамдықтың жетіспеуі шешуші мәнге ие болады.

С типті тілдердің екінші маңызды жетістігі олардың әмбебаптығынан тұрады, немесе кез келген программаларды жазуға қолайлығынан. Интерпритациялаушы тілдердің көбісі белгілі специализацияға ие, яғни есептердің белгілі класын шешуге арналған. Осындай тілдерді проблемаға бейімделген деп аталады. Жалпы тағайындалудың интерпритациялаушы тілдері бар болса да, олардың ешқайсысы С тіліне тән қуаттылық пен иілгіштігі жоқ.

Visual Basic тілі клиент-сервер типті қосымшаларды жазуында кеңінен қолданылады. Microsoft компаниясының айтуынша, Visual Basic тілінде басқа тілдерге қарағанда программалаушылардың көбісі жұмыс істейді.

Бірақ осыған қарамастан Visual Basic тілі CGI-программаларды жазуда өте ыңғайлы.Бірақ осы тілді ұнататын программалаушылар жақсы жаңалық бар – Microsoft компаниясының сервері web-парақ мәтініне тікелей программа логикасын кірістіруге мүмкіндік беретін Active Server Pages (ASP) технологиясын қолдайды. Бұл технология Visual Basic-ң жеңілдетілген версиясы деп атауға болатын VBScript тілінің қолданылуын қарастырады. Сонымен қатар Visual Basic тілінде СОМ-объектілерін жазып, олармен ASP беттері арқылы хабарласуға болады[4].

Python тілі – бұл жаңа операциялық жүйелердің көп бөлігінде жүзеге асырылған объектіге бейімделген интерпритациялаушы тіл. Perl сияқты Python жалпы қолданыс тілі болып табылғандықтан көптеген есептер үшін де пайдалануға болады, сонымен қатар CGI-программалау үшін. Оны таңдаушылар оңайоқылатын программаларды жазу мүмкіндігін аса бағалайды. Ол интерпритациялаушы тілдердің көптеген жетістіктерін иемденген, олардың ең бастысы – программаларды өңдеу ыңғайлылығы. Осы кезде дамыған логика мен программа құрылымы компилирлеуші тілдерге тән.Қазіргі уақытта әлемде қолданыс үшін қолданушы компьютерінде орналасуды қажет ететін программаларға қарағанда ескі қосымшаларды Web-версияларына түрлендіру және Web базасында жаңа қосымшаларды құрудың өспелі тенденциясы байқалуда. Web арқылы қосымшаға қол жетерлік мүмкіндігіне ие болу – тапсырыс берушілер мен қызметкерлер оған әрқашан жүгіне алатынына кепілдік берудің қарапайым тәсілі. Қосымшаға қол жетерлі болу CGI қажеттілігін туындатады.

Perl мен CGI – бір нәрсе деген дұрыс емес ой бар. Perl – CGI емес, ол CGI скриптілерін жазудың кең таралған және қарапайым әдісі, және CGI скриптілерін құрудың «бірінші және дара» тіл болып келмейді, бірақ ол скриптілерді жазу мәселесі туындағанда қорда болуын қажет ететін аса маңызды сайман болып табылады. Басқа PHP, ASP, Tcl және Cold Fusion тілдері сияқтылар CGI скриптілерін құруда қолданылуы мүмкін. Бірақ CGI мен жалпы есептер үшін қолданысқа келгенде Perl тілінің олардан артықшылықтары бар көрінеді.

Біріншіден, Perl түрлі платформаларда қолданыс табады. Win32 үшін, бірнеше басқа Unix, MacOS, BeOS, VMS және т.б. платформаларында Perl тілінде скриптілер жазуға болады. Perl тіліндегі программалар компиляцияланбайтындықтан олар жұмыс істейтін әрбір платформа үшін қайта компиляциялау қажеттілігі туындамайды[5].

Perl басқа тілдерге қарағанда ішкі түзеткіш(отладчик), мәліметтер қорларымен жұмыс істеуга арналған құралдар, желілк функциялар және регулярлы өрнектерді өңдеудің ең жақсы механизмі сияқты мүмкіндіктерге ие.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]