- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Емтихан сұрақтары
- •Білімгерлердің өздік жұмыстарына арналған тапсырмалары
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1 Сабақ Қазақ тілінің қоғамдық рөлі
- •1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.
- •2. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыздар.
- •3. Сұхбаттасыңыздар.
- •4. Төмендегі етістіктер қай шақта тұр, мағынасын ашыңыздар.
- •5. Қайда? деген сұраққа жауап беріп жаттығыңыз.
- •Бөж тапсырмалары
- •6. Сұхбатты жалғастырып, өз ойыңызды қосыңыз.
- •2 Сабақ Қазақ елі – менің Отаным.
- •1.Сөз тіркестермен жұмыс жасаңыз.
- •2. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыз.
- •3. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, ауызша реттік сан есімдер жасаңыз.
- •3. Аудармамен жұмыс жасаңыз, қазақ тіліндегі баламасын анықтаңыз.
- •4 Сабақ Лев Николаевич Гумилев
- •2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыздар.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •4.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •6. Сұхбаттасыңыздар.
- •Бөж тапсырмалары
- •4.Сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Сұхбаттасыңыздар.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Сабақ Бүгінгі баспасөз.
- •2. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.
- •3. Мәтінді оқып, өзара сұрақтар дайындаңыздар.
- •4. Сөздерді жұптастырып, сөйлем құраңыз.
- •5. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •6. Мәтіндерден кезектес шылауларды, қыстырма сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
- •7. Сұхбаттасыңыздар.
- •Бөж тапсырмалары
- •8. Сөйлемдердің тыныс белгісін қойыңыздар.
- •8 Сабақ
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Сұхбаттасыңыздар.
- •5. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •6. Кез келген тақырыпқа жарнама жазыңыз.
- •7.Мәтінді оқып, талқылаңыздар. Ата көрген оқ жонар.
- •Бөж тапсырмалары
- •3. Мәтінді оқып, аударып баяндаңыз.
- •4. Етістіктерден сөз тіркестерін жасаңыз.
- •5. Сөз тіркесіненсөйлем құраңыз.
- •6. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Сөзтіркестерімен жұмыс жасаңыз.
- •4. Сөздермен мәтін негізінде сөйлемдер құраңыз.
- •Бөж тапсырмалары
- •6. Мәтінді оқып, баяндаңыздар. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»
- •7. «Қазақ журналистикасының бүгінгі сипаты» деген тақырыпта баяндама әзірлеңіз.
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. –Лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының қызметі не?
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Мәтінді оқып, пікір алмасыңыздар.
- •5.Мәтіннен шылауларды атаңыз, мағыналарын түсіндіріңіз.
- •6. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойыңыз.
- •Бөж тапсырмалары
- •7. Сөз тіркестермен сөйлемдер құраңыз.
- •14 Сабақ.
- •4. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •4. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
- •5. Мәтінді оқып, талдап, журналистика мамандығына баға беріңіз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
4.Сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.
Диплом, мамандар, сөз сөйледі, тәжірибелі, ондаған, жүз шамалы, бестен бір, жемісті.
Үлгі:Мен журналистика мамандығына диплом аламын.
5. «Мен университет жайлы не білемін?» деген тақырыпта сұхбаттасыңыздар.
6. «Мамандық» сөзін тәуелдеп, сөйлем құраңыздар.
7. Мәтіндегі тұлғалардың есімі мен қызметтеріне талдау жасаңыздар.
БӨЖ тапсырмалары
Өзіңіздің білім алып жатқан оқу орныңызды жайлы «Менің оқу орным» тықырыбына эссе жазыңыздар.
Ағымдық бақылау сұрақтары.
Сіз білім алып жатқан университет қандай университет?
Университетте қандай мамандықтар бар?
Сіз таңдаған мамандық қандай мамандық?
Өз мамандығыңыз туралы айтып беріңіз.
6 сабақ
Публицистика жанры.
Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.
1.Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.
Публицистика жанры, сұхбат, шындықтың көрінісі, көркем очерк, деректілік, оқырман, мадақтау, үнемдеп қолдану, журналист табиғаты, бұқаралық ақпарат, қысқа жазылатын публицистикалық шығармалар.
2. Жаңа сөздерді біліп алыңыздар.
Жалпыәлеуметтік мәселе – общесоциальная проблема
қамту – охватить
әсерлі – влиятельный
арман-зар – мечта
ашу-ыза – огорчение
мақтану – хвалиться
мадақтау – хвалить, наградить
бір мезгілде – одновременно
3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
Публицистикалық шығармалар - өмірдегі ақиқат шындықтың көрінісі. Журналист өмір деректерін тек атап көрсетпейді, оларға өзінің пікірін, көзқарасын қосады. Көркем публицистикалық шығармалар журналист табиғатын ашады, оның айрықша қасиетін, тәрбиелілігін, білімін, дүниеге көзқарасын көрсетеді.
Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын материалдар жаңа заман көрінісін нақты деректермен суреттейді. Оларда іскерлік, адам парасаты, халық үшін еңбек ету, адамгершілік мәселелері қозғалады.
Қысқа жазылатын публицистикалық шығармаларда қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, халықтың тұрмыс-жайы, бейбітшілікті сақтау, елсүйгіштік, өнер, жастар мәселесі жан-жақты жазылады.
(В.Ворошилов,«Журналист»)
4. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Публицистикалық шығармалар нені зерттейді?
Журналистің басты мақсаты не?
Көркем публицистикалық шығармалар журналистің қандай қасиеттерін көрсетеді?
Жаңа заман публицистикасы қандай мәселелерді көтереді?
|
Еске түсіріңіз: Бастауышы бар, жоқ болса, баяндауыштан көрініп тұратын сөйлем жақты сөйлем де, бастауышы жоқ сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Салыстарыңыз: Асқартөртінші курста оқиды. (Ол) – үлгілі студент. Биыл «Болашақ» бағдарламасымен шет елде оқуға емтихан тапсырғысы келіп жүр. |
5. Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыздар.Сөйлемдер жақты ма, жақсыз ба? Жақты сөйлемдерді жақсыз сөйлемдерге айналдырыңыздар.
Мен (нені?) қызыға оқимын. Соңғы кезде (кімдер?) жақсы очерктер жазып жүр. Очерк мақалаларда (қандай қасиеттер?) көрсетіледі. Мақалалар (неге?) үйретеді. Оларда (қандай мәселелер?) көтеріледі.
Үлгі:Мен газетті қызыға оқимын.
