Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гулдер сыры.doc
Скачиваний:
170
Добавлен:
19.02.2016
Размер:
3.15 Mб
Скачать

Кіріспе. Гүлдердің маңызы

Гүл өсіру – өсімдік өсірудің бір саласы. Бұл ертеден келе жатқан және қазіргі кезде тез дамыған шаруашылықтың бір саласы. Гүл өсіру Нидерландияда, Германияда, Жапонияда, т.б елдерде жақсы дамыған. Гүл пайдалану мақсатына, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, олардың түр құрамына қарай ашық және жабық жерде өсіріледі. Ашық жерде өсірілетін гүл тұқым беруге тиіс. Бұлар алаңдарда, саябақтарда, парктерде және үй айналасына әсемдік үшін егіледі. Ашық жерде өсіп жетіле алмайтын гүлдер жабық жерде – оранжерея, көшетханада (парниктерде) өсіріледі де, көктем, күз, қыс айларында пайдаланылады. Гүл шоқтарында әсем жапырақты, әдемі гүлдейтін алуан түрлі үй өсімдіктері өсіріледі. Олар бір, кейде екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді. Қызғалдақтаспа, қырмызыгүл, флокс, т.б. бір жылдық; түрік қалампыры, шегіргүл, әсел, құлқайыр, т.б. екі жылдық; раушангүлтаушымылдыққұртқашашбәйшешеклалагүлгладиолусгеоргина, т.б. көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Алтай, Қарағанды, Жезқазған, Маңғыстау, Іле, Бас ботаникалық бақтарында гүлдің мыңдаған түрлері мен сорттары өсіріледі.

Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды,көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатынөсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шайұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады . Олар:Айыр;Алоэ;Аралия;Арша;Асқабақ;Ақшайыр;Аюқұлақ;Бақалақ;Бәрпі;Валериана;Дәрмене;Дермене;Диоcкорея;Долана;Жалбыз;ЖалбызтікенЖалынгүлЖеньшень;Жерқонақ;ЖолжелкенЖөке;Жуа;Жусан;Жүгері;Итбүлдірген;Итжидек;ИтжүзімИтмұрын;Итошаған;Көкшегүл;Қаражоңышқа;Қалақай;Қаражидек;Қасқыржидек;Қырықбуын;Қырыққұлақ;Қыша;Лапыз;Ламинария;Левзея;Меруертгүл;Мия;Наперстянка;Ойраншөп;Олеандр;Өгейшөп;Раувольфия;РауғашСарыағаш;Секуринега;Сенна;Скумпия;Таңқурай;Томағашөп;Шай;Шайқурай;Шалфей;Шәңкіш;Шөпшай;Шытыр;Эвкалипт;Элеутерококк 

Сәнді өсімдіктер көгалдандыру үшін қолданылады.Көгалдандыру ‒ қала, ауыл, т.б. елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мекен жайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, т.б. қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша, белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ке кемиді, 35%-не өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ке азаяды, ал 65%-не өсірілсе, шаң 95%-ке кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны отгегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқьш газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына колайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, т.б. жатады.

Біржылдық сәндік өсімдіктерге:

Жұлдызшешек, левкой (Mattiola) , Арыстанауыз, львиный зев (Antirrhinum) ,Шырайгүл, петуния (Petunia), Қырмызыгүл, календула (Calendyla) Үрмебұршақ, Раушангүлдер (Rosacea).

Көкнәр, мак (Papaver) Далалы көкнәр (самосейка), Флоксылар (Phlox) ,Лалагүл, лилия (Lilium)

Екі жылдық сәндік өсімдіктердің биологиялық сипаттамасы

Қарақошқыл оймақгүл (наперстянка пурпурная),Оймақгүл, наперстянка (Digitalis),Шегіргүл, фиалка или виола (Phylica) ,Қоңыраугүлдер, колокольчики (Campanula) ,Құлқайыр, мальва (Malva).

Бөлме өсімдіктері де қолдан өсіріліп, мәдени түрге айналған. Олар тек сәндік мақсатта емес, өте қажетті қызмет атқару үшін де бөлмеле өсіріледі. Алоэ,кактус,бегония,бальзамин,қазтамақ,қытайлық раушанжәне т. б. биология кабинетінде көбірек өсіріледі. Бұлардың ішіндебальзамин,қазтамақ,қытайлық раушанәдемі гүлдерімен бөлмеге сән береді. Дәрілік мақсатта көбірек қолданылатын түрлері де бар.

Бөлме өсімдігі кактустың жапырақтары түгелдей тікенекке айналған. Бұл оның қоршаған орта жағдайына бейімделу айғағы.Лимон,апельсин,мандарин, пальма, қырықжапырақтарды (папоротник) бөлмеле өсіруге болады. Демек бөлме өсімдіктерінің ішінде шөптекті,бұта, шала бұта қалпында өсетін өсімдік түрлері бар. Бөлме өсімдіктері негізінен алғанда жас өркендерінен (қаламша) көбірек көбейтіледі. Бөлме гүлдерін таңдарда олардың тек әдемілігіне ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңызына да назар аударған жөн. Ауаны шаңнан, микробтар мен токсиндерден тазартатын, жихаздардан бөлінетін формальдегид, фенол сияқты улы заттарға, жылу құбырлары мен көгілдір газдан шығатын ксиллен, трихлорэтилен, бензол тәрізді денсаулыққа зиянды газ бен ауыр металдарға қарсы қауқары бар гүлдерді өсірген абзал. Барлық гүлдерде осы қасиет белгілі бір дәрежеде болады.

Зерттеулер  бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде  лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде  формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің  сәулелерінен сақтануға сіздерге  раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань)  гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен  хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Бөлмеңізге  гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді.

 Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді.  Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен  сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үйішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар  жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.

Дәм-татымдық өсімдіктер – әр түрлі органдарында (тамыр, тамырсабақ, жапырақ, гүл, жеміс) жұпар иісті заттар (глюкозидтер, алкалоидтар, т.б.) жиналатын өсімдіктер.[1] Дәм-татымдық өсімдіктердің көпшілігі едәуір мөлшерде витаминдер: каротин немесе провитамин А (ақжелекаскөкқызыл бұрышпияз), ал кейбіреулері антибиотик типтес заттар түзеді. Мұндай өсімдіктер (мысалы,пиязсарымсақ) тағамның дәмін, иісін жақсартумен қатар, оны сақтағанда бүлінбеуіне де әсер етеді. Дәм-татымдық өсімдіктер жер жүзінде, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Қазақстанда кездесетін Дәм-татымдық өсімдіктер алуан түрлі және олар көбінесе шөптесін өсімдіктер. Мысалы, бәденбалдыркөкақжелкекботташық, аскөк, жалбыз, тасшөп, пияз, сарымсақ, қыша, барқытшөп, т.б. Дәм-татымдық өсімдіктер тамақ өнеркәсібінің көптеген салаларында, сонымен қатар медицина мен парфюмерияда қолданылады. Цитрустің жемісінде витамин көп, бұлардың жемісінен сусын, варенье, джем, цукат жасалады, тәтті сусындарға (ликерлимонад, т.б.) қосады.

Дәнінен сұйық күнбағыс майыалынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімдіпротеинбар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері:сым-құрт,күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары:боз шірік,сұңғыла, т.б.

Парфюмерияда қолданылатын өсімдіктер: қытай Шағаны (F. chіnensіs) ақ балауыз бөліп шығарады, сондықтан оны шырақ жасау және медицинада, парфюмерияда, тоқыма өнеркәсібінде пайдалану үшін өсіреді. [2] Бозаршаның ағашы жұмсақ әрі мықты. Отанымызда одан шпал, жиһаз, бағана жасайды. Ағашында хош иісті сары түсті эфир майы бар. Оны парфюмерияда (шаш және денеге арналған жуғыш заттар, фитобальзамдар мен хош иісті майлар) және медицинада кеңінен қолданады. Лавр тұқымдасының жапырағы дәмі үшін асқа салынады. Діңінен, жапырағынан эфир майыкамфора алынады, дәріжасалынады; парфюмерияда, кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады.  Күжіт майы тағам өндірісінде, сабын қайнату үшін, парфюмерияда қолданылады. Сондай-ақ Күнжіт дәнін шығыстың тәтті тағамы – халуа жасау үшін пайдаланылады. Қайнатқандағы шығатын майының күйесінен жоғары сапалы қытай тушы (сурет салатын бояу) жасалады.

Жазда гүлдеген гүлдердің түрлерімен танысу

Сәлбен (лат. Salvia), шалфей – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. 

Барқытшөп , барқытгүл (Tagetes) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның 35 түрі белгілі. Барқытшөп табиғи жағдайда тек Мексикада өседі.Қазақстанда ұсақ барқытшөптік арқытшөпауытқы арқытшөп деген түрлері қолдан өсіріледі. Биіктігі 10 – 150 см-дей. Сабағы тік, оған қауырсынды, тілімденген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Сары, қызғылт сары, қоңыр түсті гүлдерісебет гүлшоғырына топтасқан. Қорғаныш қызметін атқаратын 5 орамжапырағы жұмыр білікше тәрізді бірігіп өседі. Оның сыртында майлы зат (эфир майы) бөлетін бездері болады. Қос жынысты, тұқымынан көбейеді. Шілдеден қазан айына дейін гүлдеп тұрады. Жемісі – қара түсті, ұзынша келген тұқымша. Барқытшөп жарық сүйгіш, шөл мен суыққа төзімді өсімдік болғандықтан алаңдарды, гүлзарларды,саябақтарды, көшелерді көгалдандыру мақсатында өсіріледі.

Кливия - амариллис тұқымдасына жататын пияз тектес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Африка. Шылбыр тәрізді қошқыл жасыл қалың жапырағы бар, аласа, сабағы жуан 6—12 гүлі болады. Бөлме де өсетін кливияның жапырағы сарғыш жолақты болып келеді. Ақ гүлді кливия да кездеседі. Қайта отырғызу кезінде бөлектел кесіп алатын қалемшелерден өсіріледі. Құм қосылған сазды шым және шіріген жапырақ аралас топырақта жақсы өседі. Бұрыннан келе жатқан кливияны 2—3 жылда, ал жаңа өскенін жыл сайын қайта отырғызады. Өніп келе жатқанда және гүлдегенде қандыра суарыл әрі қоректендіру отыру қажет.

Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майыалынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулиттіемдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.

Ақсәуле , агератум (Ageratum) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.[1]Мексикадан тараған жалғыз түрі – гаустон Ақсәулесі (А. haustonіanum) Қазақстанда да кездеседі. Ол республиканың жазық аймақтарында әсемдік ретінде өсіріледі. Сабағы тік, бұтақты, сыртын түк жапқан. Жапырағы сағақты, пішіні үшбұрыш, төменгі жағы ойма тәрізді. Себеттері домалақ 8 – 10 мм, қалың қалқаншаға топталған. Күлтесі көк түсті, айдаршасы 5 жапырақшалы. Қазан – қараша айларында гүлдепжемістенеді.

Гардения (GARDENIA) отаны – Оңтүстік АмерикаҚытай және Үндістан. Табиғаттамәңгіжасыл бұтақты өсімдік болып табылады. 250-ден астам түрлері бар. Бөлме өсімдігі ретінде гарденияның Gardenia jasminoides деген түрі кең таралған. Бойының биіктігі 45-50 см жетеді. Жапырақтары жылтыр жасыл түсті, ұзындығы 10 см болады. Гүлдері сабақ басына 4-6 данадан жинақталған, диаметрі 5-7 см, жай және гүлпарлы. Гүлдерінің керемет хош иісі бар. Жазда немесе күзде гүлдейді. Гүлдеу кезеңінің басында гүлінің түсі аппақ болады да, біртіндеп сарғыштанып кетеді. Негізінен гарденияның күтіміне көп шыдамдылық пен еңбек қажет. Ол қышқыл топырақта молынан гүлдейді.Көктем, жаз кездерінде қалемшесі арқылы көбейтеді.

Настурция – капуциналар тұқымдасына жатады. Отаны – Колумбия. Таралған аймақтары Оңтүстік және Орталық Америка. Отанында біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы өсімдік. Қазақстанда біржылдық бойы аласа және шырмалып өсетін түрлері қолданылады. Биіктігі 30-50 см-лік және қысқа 15 см-ліктері бар. Шырмалып өсетіндері 3 м-ге дейін барады. Гүлі жай күлтелі, жартылай гүлпарлы және гүлпарлы болып келеді. Диаметрі 7см. Гүлдерінің хош иісі араларды ғана емес, жеміс-жидектерді тозаңдандыратын басқа да пайдалы жәндіктерді өзіне тартады. Түсі сары, қызғылт сары, ашық қызыл, күлгін және барқытқа ұқсас түрлері бар.

Нәркес – бір үйлі, амариллис тұқымдасына жататын көпжылдық пиязшық өсімдік. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер тобындағы нәркестің табиғатта 20 шақты түрі бар. Еуропаданшығып, Қытай мен Жапония арқылы Азияға кең тараған. Алғашында бақша гүлі ретінде өсірілсе, кейін келе гүлінің әдемілігіне қызыққан бағбандар ерте гүлдету мақсатында оны үй жағдайында да өсіретін болған. Наурыз, сәуір айларында гүл ашады, гүлдеуі 20-25 күнге дейін созылады. Гүлдері жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Нәркес пиязшық гүлдердің ішінде ерте және ұзақ гүлдеуімен қатар, бір түбінен бірнеше гүл жаруымен ерекшеленеді. Мысалы, сүмбілшаш секілді өсімдіктер бір пиязшықтан бір гүл ғана жаратын болса, нәркес үш-төрт гүлсабақ шығарады. Гүлдері төменге қараған, түсі қанық болып келеді. Ақ, сары, қызыл-сары, ала түсті болып келетін нәркестің биіктігі 30-40 см аралығында. Хош иісті, әдемі, нәзік гүл болғандықтан, оны гүлшоғыр жасауда да жиі пайдаланады. Нәркестің 10 см-ден аспайтын ергежейлі, аласа бойлы түрлері де бар.

Күзде гүлдейтін гүлдер

Қашқаргүл (кейде астра) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшаларда, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі.Қазақстанда Алтай қашқаргүлі, альпі қашқаргүлі, Америка қашқаргүлі, кермек-жапырақты қашқаргүлі, попов қашқаргүлі, шөл дала қашқаргүлі, бурыл қашқаргүл, таролман қашқаргүлі деген түрлері бар.

Қашқаргүл – көптеген түрлері бар біржылдық немесе көпжылдық, шөптесін және жартылай бұтақты өсімдік. Халық арасында «қырқүйекгүл» деген атпен танымал. Гүлі кішкентай, түсі әр алуан ақ, күлгін, көк, сиякөк, қызғылт болып келеді. Көгалдандыруда 80-ге жуық түрі қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі сұрпына қарай 15 см-ден 1 метрге дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлық түрі қыркүйек-қазан айларында гүлдейді. Сондықтан да ол күзгі гүлдердің патшайымы болып саналады. Қашқаргүлдің сұрыпты түрлері де бар. Олардың гүлдеу мерзімі мамыр айына сәйкес келеді. Сондай-ақ кейбір біржылдық түрлері елімізде гүлдеп үлгермейді. Себебі, гүлдері өте кеш пайда болатындықтан алғашқы суыққа ұрынып қалады. Бір ерекшелігі, қашқаргүлді бір жерде бірнеше жыл өсіруге болмайды. Себебі, бір жерде бірнеше жыл қатарынан өскен қашқаргүл ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан көгалдандыруда ауруға төтеп бере алатын сұрыптарын отырғызған жөн. Олардың қатарына Ostrich Plume, Starlight Rose, Milady жатады. Көгалдандыруда қашқаргүлді түріне қарай альпі шоқысына, гүлзарларға және жол жиегіне шарбақ ретінде өсіреді. Ең әдемі түрлеріне ағылшындық және испандық қашқаргүлдер жатады. Қашқаргүл де бақытгүлі сияқты күзде гүл ашатын санаулы гүлдердің бірі болғандықтан, оны мектеп аулаларына еккен тиімді. Күзде жаңа оқу жылы басталғанда қашқаргүлдер құлпырып, мектеп ауласын ерекше көрікке бөлеп тұрары сөзсіз.

Бақытгүл , хризантема (Chrysanthemum) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы. Олар негізінде ЕуропаАзияАфрикада таралған, 200-дей түрі белгілі. Қазақстанда бау-бақшалардасаябақтардагүл шаруашылықтарында шеңберше тәрізді Бақытгүл (C. coronarіum) түрі қолдан өсіріледі. Бақытгүл биіктігі 0,5 – 1,5 м-дей, көп сабақты бұта. Жапырақтары күңгірт жасыл, шеті тегіс не тілімденіп келеді, сабақта кезектесе орналасады. Аққызылкүлгін түсті гүлдері ірі гүлсебетіне топтасып, күрделі гүлшоғырын құрайды. Қазан – қараша айларында жаппай гүлдейді. Бақытгүлді көктем айларында арнаулы жылыжайдакөшетханада қалемшелеу әдісімен көбейтеді. Кесіліп, суға салынған Бақытгүл 20 – 25 күнге дейін сақталады.

Бақытгүлі – көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келе жатқан көпжылдық, шөптесін бақша гүлі. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі. Биіктігі мен гүлдеу уақыты сұрыптарына байланысты әртүрлі боп келеді. Ол жаздың күзге ауысқан мезгілінен қар жауғанға дейін молынан гүлдейтін бірден-бір өсімдік. Сондықтан да оны мектеп, балабақша аулаларына еккен тиімді. Үш айлық демалыстан соң білім нәрін игеруге құлшына кіріскен оқушылардың көңіліне мектеп ауласында құлпырып тұрған бақытгүлі ерекше қуаныш сыйлары сөзсіз. Бақытгүлін әсіресе, жапондар қатты қадірлейді. Жапон елінде бақытгүліне қатысты жыл сайын тойланатын дәстүрлі “Бақытгүлі” мерекесі бар.

Гүлшоғын, гүлдестелер жасау әдістері

Қытай гүлдестесі

Гүлдесте мен гүл шоқтарын салуға ваза, түрлі сауытта себеттерді пайдалануға болады. Гүлді әдемілеп орнықтыру үшін мүктен тығыздан жасалған және сыртынан жіңішке сымтемірмен шандылған «жастықшаға» бекіту керек. Сондай-ақ керамика,пластмассадан жасалған түрлі бекіткіштерді, металл істікшелерді пайдалануға болады. Кейбір жағдайларда биік вазалардағы гүлдер дұрыс тұруы үшін оның түбіне аздап құм себеді, сосын қарағай немесе шырша бұтағын салып айқастыра байлайды да, сабағы жіңішкелеу гүлдерді (қалампыр, қызғалдақ) соған бекітеді. Гүлдестені құрастырғанда оның қандай болып шығатыщлн алдын-ала ойластырған жөн. Гүлшоғы шатырай немесе тек бір жаққа бағытталуы мүмкін. Ас столына және мерекелік дастарқанға қоятын гүлдестені барлық жағынан бірдей жақсы көрінетін аласа вазаларға салған дұрыс. Ал интерьердің жекеленген бұрыштарын әсемдеуге бір жаққа бағытталған гүлдесте мен композициялар қолайлы гүлдестелердің туған күнге, қалыңдыққа, мүшелтойға, қаралы күнге арналған түрлері болады.

Сәбидің туған күніне арналған гүлдесте

Сәбидің туған күніне арналған гүлдесте шағындау болады және ашық түсті гүлдерден жасалады. Балаларға сыйлайтын гүлдестеге әдемі ойыншықтар мен тіл үйіретін тәтті конфеттер қосса тіпті жақсы. Үлкен кісінің туған күніне оның өзі жақсы көретін гүлден немесе сабағы ұзын әсем гүлдерден (қызғалдақгладиолусқалампыр) жасалған гүлдесте сыйлаған жөн.

Қалыңдыққа арналған гүлдесте

Қалыңдыққа арналған гүлдестені ашық түсті (қызғылт, ақ, ақшыл сары) гүлдерден жасайды. Оған раушан, қызғылдақ, қалампыр, сирень гүлдерін пайдалануға болады. Аспарагус, сүмбіл өсімдіктерінің майда бұтақшалары мен ашық түсті лента мұндай гүлдестенің ажарын аша түседі. Қалыңдыққа гүл таңдағанда оның бойын, көйлегінің түсін, қоршаған ортасын да ұмытпаған жөн. Мүшелтойға арналған гүлдестелер ірі, кәдімгі мерекелік гүлдестелерден әлдеқайда салтанатты болып келеді. Оны раушан, лала, гладиолус гүлдерінен жасаған абзал. Қаралы оқиғаға арналған гүлдестелер күңгірт, қоңырқай түсті гүлдерден (қызылқоңырраушан, гладиолус, нарғыз гүл) жасалады.

Үзілген гүлді күту

Үзілген гүлді ұзақ уақыт сақтау үшін бірқатар ережелерді білген дұрыс. Қай мерзімде үзудің керектігін білудің маңызы ерекше. Фрезия, көкнәр гүлі, нарциссамариллисқызғалдақ және раушан гүлінің бірқатар сорттарын қауызы жартылай не толық ашылған кезде үзеді. Аквилегияанемон, гладиолус, ирис, лала, лущш, монтбреңия, таушымылдық гүлдерін қауызын енді жарып келе жатқанда үзген дұрыс. Темекішөп гүлін, гербер, дельфиниум, сепкілгүл, рудбекия, хош иісті бұршақгүл, барқытшөп гүлін, роза гүлдерінің бірқатар түрлерін қауызын жартылай және толық жарған кезде үзген орынды.

Нарғыз гүл, хризантемафлокс, біржылдық астра, ноготкацинния, львиный зев гүлдерін толық ашылған кезде үзген абзал. Гүлдерді таңертең ерте немесе кешке күн батқан кезде үзеді. Үзілген гүлдің артық жапырақтарын қиып тастау керек. Гүлдің сабағын су құйылған ыдысқа (тегеш, үлкендеу кастрюль) батырыл тұрған күйі пышақпен (қайшымен емес) қиғаштау етіп кеседі. Сабағы қатты гүлдерді (раушан, астра т. б.) ұзыншалау етіп қиғаштан қырқалы. Сабағы ағаш тәріздестерді қабығының біраз бөлігін артып, ұзын (5—10 ем) кесіп, жұқартады (мәселен, сирень, форзңция гүлдерін). Сүттіген шырынды сабағы бар гүлдерді (көкнәр, сүттіген гүлдері т. б.) екінші рет қайта кесіп, ұшын ыстық суға (-{-950-қа дейін) салады немесе 3—5 секунд отқа ұстап күйдіреді. Сосын ұйыған сүттіген шырынын қырып тастайды. Үзілген гүлді вазаға салып, толтыра су құяды (герберден басқасын, оның 1/3 бөлігін ғана суға батырады, өйткені оның жұқа түк бас қан сабағы суда тез шіриді). Үзілген гүлге құбырмен келетін онша суық емес суды пайдалануға болады. Мимоза гүлінің сабағьш ыстық суға салғанмен, қауызына суық су шашу керек. Көптеген гүлдердің суын күн сайын ауыстырыл отырған дұрыс. Үсті-үстіне еселеп су құйын отырған жағдайда да гүлдің суын 2—3 күнде толығымен жанарлан жөн.

Ұзағырақ сақтау

Үзіп алынған гүлді ұзағырақ сақтау үшін суға қоректік заттар қосуға да болады. 2—5 процент қант қоспасьш пайдалану жақсы нәтиже береді. Мұндай қоспала раушан, қызғалдақ, қалампыр, сирень, хош иісті бұршақ гүл фрезия гүлдері жақсы сақталады. Ал цикламен, амариллис, кестежусан, клематис (ләмәнос) гүлдерін мұндай қоспала ұстауға болмайды. Бактерия дамуының алдын алу үшін бактерицидгі заттар: марганец қышқылды калий (бірнеше түй ірілен), аспирин (1 литр суға 1 таблетка), лимонқышқылы (1 литр суға 2—3 грамм), спирт (1 литр суға 10 мл., клематис гүлі үшін) қосуға да болады. Әр түрлі гүлдерді бір вазада ұстауға болмайды. Кесілген кезде кейбір гүлдерден бөлінетін заттар екінші біреулеріне зиянды әсер етеді. Раушан гүлі өзімен бір вазадағы басқа гүлдерді тез солдырады, тіпті қызыл қоңыр және сарғыш түсті раушан гүлдерін бір вазаға қойса, соңғысы бірден сола бастайды. Дала, қалампыр, нарциссті бөгде гүлдермен бірге сақтауға болмайды. Душистый горошек, резеда, сары примулдар басқа гүлдердің солуын тездетеді. Қызғалдақ пен ботакөз гүлдеріне ландыш қосса бірден солады, сары иримулдар — басқа түсті примулдарға, лаламаргариткалар мен көкнәр гүлдеріне әсер етеді.

Аулада өсетін гүлдердің тұқымын жинау

Қырмызгүлінің тұқымын жинау.

Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын қыркүйек айынан бастап жинауға болады.

Наструция гүлінің тұқымын жинау.

Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айынан бастап жинауға болады.

Барқытгүлдің тұқымын жинау.

Ұзақ, әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айынан бастап жинауға болады.

Гацания гүлінің тұқымын жинау

Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айынан бастап жинауға болады.

Сәлбен гүлінің тұқымын жинау.

Ұзақ әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда, жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айында жинайды.

Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау

Бадана , пиязшықжуашық– өсімдіктің топырақ астындағы өркені. Лалагүл және амариллис тұқымдастары сияқты дара жарнақты өсімдіктер де болады. Бадананың пішіні әр түрлі келеді, оның дамып жетілмеген ішкі сабағында (түбіршегінде) бір немесе бірнеше вегетативті (өсу) және генеративті (гүл) бүршіктері болады. Жапырақтары түссіз, қабаттасқан сыртқы қабығы құрғап, қатайып қабыршаққа айналған. Бұл қабық ішкі шырынды қабыршақтарды кебуден және зақымданудан қорғайды. Бадананың жапыраққа ұласар тұсы – жалған сабақ немесе мойынша деп аталады. Ол піскен кезде солып, қурап қалады. Бадананың түбіршегінен тамыр сабақ өседі де, кішкене бүршік шығарып, тамырланады. Бадана кейбір өсімдіктердің гүлшоғырларында (пияздаастық тұқымдастарында) немесе жер бетіндегі өркеніндегі жапырақ қойнауында (тісшөптелалагүлділерде) орналасады. Бадана бір немесе бірнеше жылда (жауқазынданарцисте) жетіледі. Өсімдіктердің Баданасында су және басқа да қоректік заттар жиналады. Бадана арқылы олар көбейеді.

Гладиолусты гүлдеген соң 45-50 күннен кейін қазып алады.н солмайды. Гладиолус терең жыртылған (25 – 30 см) саздақ және құмдақ топырақты жерлерге егіледі. Гладиолус дұрыс өсуі үшін жарық, желден таса орын қажет. Күзгі суық түскенше түйнек-бадананы қазып алып, кептіреді де, ауасының ылғалдылығы 70%, температурасы 4–5С қоймада сақтайды.

Нарғызгүл – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика жәнеКолумбияның таулы аймақтары. Табиғатта нарғызгүлдің 24-ке жуық түрі болса, бүгінде гүлпаз мамандардың сұрыптауы нәтижесінде 15 мыңға жуық түрі қолданысқа енген. Нарғызгүлдің гүлі себет секілді, мол гүлдейтін өсімдік. Биіктігі 20-200 см аралығында болады. Түріне қарай бір түбі 10-25 данаға дейін гүл жарады. Тамыртүйнекті нарғызгүлдердің гүлдеу уақыты шілде айының соңынан бастап, күздің ортасына дейін жалғасады. Мол гүл жаруы үшін гүлдеп кеткен гүлдерінің басын қырқып отыру керек. Гүлдерінің көлемі үлкен, бойы биік болғандықтан, көбіне оны гүлзардың ортасына егеді. Нарғызгүлді қырқып алып, суға салып қойса, оншақты күнге дейін өңін жоғалтпайды. Осы ерекшелігіне орай оны гүлдестелер жасауға қолданады.

Кез-келген түрі ашық күн астында өскенді ұнатады. Тамыртүйнегі қысқы суыққа шыдамайтындықтан, қыркүйек айының соңына таман қазып алып, қағазға орап, жертөледе сақтайды. Сәуір айының екінші жартысында тұрақты орнына егіп, күтім жасау қажет. Биік түрлерінің сабағын байластырып қоймаса үлкен гүлінің салмағына шыдамай майысып немесе сынып кетуі мүмкін.

Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату

Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады. Эухарис (амазон лилиясы) — амариллистер тұқымдасына жататын әсем гүлді пияз тектес өсімдік. Отаны тропиктік Америка. Жапырақтары эллипс тәрізді, ұзын шыбық шаларға орналасқан, гүлдері ақ, өткір хош иісті, 3-тен, 6-ға дейін ұзын гүлсидамда пайда болады. Бөлмеле көбінесе ірі гүлді эухарис және сандера эухарисі өсіріледі. Эухарис көп су ара бергенді ұнатпайды, алайда оған уақтылы су бүркіп тұру керек. Эухаристі (баданасын) ыдысқа топтал отырғызса, жақсы гүлдейді, сондықтан оны бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып көшіре бермей, жайпақ, кең ыдысқа отырғызу керек. Оныорганикалық және минералды тыңайт - қыштармен жиі тыңайту қажет. Топырақ қоспасы құрамының 2 бөлігі шым топырақтан, 2 бөлігі жапырақ аралас қарашіріктен және құмнан тұрады. Өзен құмынан және қмыртық тастан жасалған жақсы дренаж қажет. Дұрыс күтілген эухарис екі рет (октябрь айынан бастап қыс ортасына дейін және көктемде) гүлдейді.

Хлорофитум – бөлменің ауасын тазартуда ең басты орын алатын ғажайып гүл. Ол оттегі, фитонцид бөлуімен бірге, ауадағы зиянды бактериаларды жояды. 10-12 шаршы метрлік ас бөлмесінде  газ окисі мен жағымсыз иістерді керемет деген ауа тазалағыш құралдардан жақсы әрі тиімді тазалайды.  Антибактериялық қасиеттері жоғары болғандығынан болар, хлорофитум ешқашан зиянкестермен зақымданып ауырмайды. Күтімі, көбейтілуі өте жеңіл. Хлорофитум бізге осындай пайдалы қызмет жасауы үшін, жапырақтарына күнделікті су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұру керек. Суды топырағын  кептіріңкіреп  барып, молынан суғару керек.  Алакөлеңкеде өседі. Мұртшаларының ұшындағы  балапандарын ылғалды топыраққа батырыңқырап қадап қойса, тез тамырланып кетеді.

Фикус. Фитонцидтік қабілеті өте жоғары. Ауаны токсиндерден жақсы тазартады, сондықтан да оныас бөлмеге немесе терезесі автокөліктер көп жүретін жол жаққа қараған бөлмеге қойған  дұрыс. Жапырақтары ауадағы зиянды заттарды, шаңды бойына сіңіріп алуымен бірге бөлмені ылғалдандыра  алатындығымен ерекше бағалы. Ол бізге жақсы қызмет етуі үшін күнделікті  су бүркіп немесе жұмсақ матамен жуып, сүртіп жапырақтарын таза ұстау керек. Үлкен, жылтыр, жалпақ жапырақтары еш қиындықсыз жуып, сүрткенге ыңғайлы. Күннің көзі тік түспейтін жарық немесе алакөлеңке жерде жақсы өседі. Суды  топырағын кептіріңкіретіп барып, молынан суғару керек. Қыста күнделікті су  бүркіп тұрған жағдайда,  айына бір рет суғарса жетеді.

Қазтамақты  жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын  пайдалы  қоспалар мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Ауаны стафилококк, стрептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Оны тексеру үшін ғалымдар  стафилококк бактериясының 1-2 тамшысын  қазтмақтың жапырағына  тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман  иістерден тазартады. Сондықтан ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор.Күтімі жеңіл. Жарықсүйгіш. Жазда молынан, қыста суғаруды азайтады.  Күшті бактерицидтік қасиетінің арқасында, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.

Дәмжапырақ    мәңгіжасыл   бұталы өсімдік. Жапырағының   құрамындағы эфир майының    иісі    адамдардың  көңіл-күйі   көтеріңкі   болуына  әсер  етеді. Дәмжапырақтың антисептік, бактерицидтік, вирусқа қарсы қасиеттері инфекциялы тыныс ауруларына қарсы көмектеседі. Тәбет ашатын қасиеті үшін, жапырақтарын тағамға қосады. Күтімі жеңіл, шыдамды, ауруларға шалдыға бермейді. Ағаш секілді үлкен болып кететіндіктен, сабақтарын кесіп, бойының биіктігін белгілі бір қалыпта ұстап тұруға болады.

Жүзжылдық. Түнде оттегін бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді, сондықтан оны жатын бөлмеге орналастырған абзал. Ауадағы зиянды бактерияларды жүзжылдық бөлетін фитонцидтер, сарымсақтың бөлетін фитонцидтерінен қарағанда тезірек жойып, бөлме атмосферасын тез арада  залалсыздандырады. Шырынында бактерицидтік қасиет жоғары  болғандықтан, медицинада үлкен қолданыста. Күтімі өте жеңіл. Суккулентке жататындықтан, артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар.

Традесканция — коммелина тұқымдас мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық шөптесін өсімдік. Отаны — Америка. Оның бірнеше түрі өсіріледі, бұлардың жапырақтары көк болып келеді де, сабақтары тік немесе жайылып өседі. Жапырағының формасыжұмыртқа тәрізді сопақша болады. Сабағы жайылып өсетін традесканцияны және ол тектес коммелинаны аспалы өсімдіктер сияқты бөлмеле өсіреді. Традесканция жылы бөлмеле де, салқын бөлмеле де жақсы өседі. Бұл өсімдіктерді ең жарық жерге қойған жөн. Жаз айларында жиірек, ал қыста көп суармау керек. Традесканцияныкөктемнен күзге дейін бірнеше данадан отырғызып көбейтеді. Оны жапырақ араластырған қара-шірікке отырғызады. Өсімдік тез тамырлануы үшін оның бетін жауып көлеңке түсіреді. Бұдан кейін өсімдікті қайта отырғызудың қажеті жоқ.[1]

Традесканцияның (TRADESCANTIA ТРАДЕСКАНЦИЯ) отаны – Солтүстік Америка. Ол ерекше күтімді талап етпейтін үй гүлі ретінде танымал. Гүлдің атауы атақты саяхатшы Традесканттың құрметіне қойылған. XVII ғасырда саяхатшы осы гүлге ең бірінші болып сипаттама берген екен. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, қысқа сабақты. Гүлдері ақ түсті, үй жағдайында сирек гүл жарады. Гүлдері бір күн ғана гүлдеп тұрады. 30-дан астам түрлері бар. Сабақтары ұзын, шырмауық тәрізді болғандықтан көбінесе аспалы түбектерге отырғызылады. Тез өседі. Сондықтан жылына бір рет түбегі мен топырағын ауыстырып тұру керек.Жарық сүйгіш өсімдік. Тіке түскен күн сәулесіне төзімді.Температураның бірқалыпты болуын ұнатады. Қыс айларында 10-12ºC төмен болмағаны абзал.Көктемнен күзге дейін мол суғару керек. Қыста аз суғарылады, дегенмен топырағының үнемі ылғалды болуын қамтамасыз ету керек.Су бүрку арқылы ылғалдандырып және жапырағын шаңнан тазалап отыру керек. Құрғақ ауада нашар өседі.Наурыздан тамыз айына дейін әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіру қажет.Ауа қатты құрғап кетсе өрмекші, кене секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.Қалемше арқылы оңай көбейтіледі. Қалемшесі бір-екі аптада жақсы тамырланып кетеді.

Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері

Жарық сүйгіш өсімдіктер

Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы — кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер)— сүттігенсенециостапелиялитопсафаукариятолстянкакаланхоэ,очиткааталасансевиериязониум т. б..; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллисжасминкливияпанкрациум,пеларгония); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген теңбіл жапырақты өсімдіктер (мысалы, колеускротон,сеткреазиякордилинастробилантес) жатады.

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге — парагус , бегонияглоксиниясенполияфуксияэухариспенеромия, Американың тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер — маранттархкалатеястромантектенанте және фиттония, бром ел ия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі — эпифиттер (топырақта өспейтін өсімдіктер; басқа өсімдіктердің бұтақтарының, діндерінде өсетін — эхмеяфризиябильбергияарегелиякриптантус) және Бразилияның батпақты ормандарында өсетін өсімдіктер —питкарния, пуйя жатады.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер — қырық құлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстерфилодендронсингониумсциндапсус,спатифиллюмруэллияаспидистрашырмауық , традесканциязебринасаркококкафикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер. Өсімдіктерді өсіруде үй температурасының маңызы ерекше.

Жылылықты сүйетін өсімдіктер

Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропиктік өсімдіктер жатады, мысалы, бегонияпеперомияароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдераглаонемдердиффенбахиясингониум), кордилиндердрацендербромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі. Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып , жапырағы түсіп қалады.

Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу

Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал немесе жұмыс столына бекітілетін ағаш не пластмассажәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлан өсіру аз орын алады, оларды баптап, күту қолайлы. Сондықтан шоғырлан отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампельөсімдіктерін (хельксинапилейпеперомияфикусшырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды — тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр-түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әр түрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумдысциндапсусты,пеперомияны, немесе цереуссүттігенэхинопсисоскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді (пальма, монстерлер, фикусдрацендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сор ел ерле және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді. Жылыжайда өсірілген өсімдіктер алғашында( түрлі кеселге шалдығуы мүмкін (қурайды, жапырағы түседі), бірақ жақсылап күтіп-баптаса қайта түзеліп, өсе бастайды. Көшет отырғызу үшін жас өсімдіктерді сатып алған дұрыс, сондай-ақ өсімдіктерді өз ұрығынан немесе сабағынан өсірсе тіпті жақсы, себебі олар тез өсіп-өніп жаңа жағдайға оңай көндігеді.

Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері

Негізінен, үй жағдайларында өсетін өсімдіктерге арнап топырақ дайындау әр гүлдің түріне, тұқымдасына, тамыр жүйесіне, биологиялық ерекшеліктері мен суды қажетсінуіне, ауа режиміне қойатын талаптарына сай орындалады. Бөлме гүлдеріне арналған топырақ қоспаларының негізін шымтезек, компост, ірі қараның көңі, саз, саздақ, қарашірік, құм және мүктің түрлі пропорциялары құрайды. Әр өсімдікке сәйкесінше дұрыс дайындалған топырақ қоспасы сол өсімдіктің дұрыс дамуын, ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ететін факторлардың ең маңыздысы болып табылады. Жақсы топырақ қоспасы ең біріншіден өсімдік тамырына ауа еркін өтетіндей борпылдақ болуы, кіншіден, ылғал мен қоректік заттарды уақытылы өсімдік тамырына беріп тұра алатындай болуы үшін оны бойында жинай алуы керек. Сонымен қатар топырақ қоспасының құм және саз теңгермесі сақталып, қышқылдығы (рН) 5-6,5 аралығында болуы және ауру қоздырғыштарынан, зиянкестердің дернәсілдерінен, ұрықтарынан және арам шөптердің тұқымдарынан таза болуы керек.

Бөлме гүлдеріне арналған топырақ қоспасының кеуктілігін қамтамасыз ету үшін оған шымтезектің ірі түрін қосады. Бөлме гүлдерінің топырағын жас ерекшеліктеріне байланысты ауыстырғанда, жас гүлдерге жеңіл топырақ қоспасы дайындалса, өсімдіктің жасы өскен сайын ол ауырлай береді, ал кейбір топырағы аз ауыстырылатын түрлердің ыдысына ішін-ара көң мен күлді араластырып беткі қабатына салып отырады. Өсімдіктің тамыр жүйесіне байланысты, жуан, жақсы жетілген тамырлыларға ауырлау, ал нәзік тамырлыларға жеңіл топырақ қоспасын дайындайды.

Бөлме гүлдеріне арналған жерді шымдық , жапырақты, қылқан жапырақты, қарашірікті, шіріген көңді топырақтардан және құмнан дайындайды. Шымдық топырақтар түгелдей дерлік бөлме гүлдеріне арналған топырақ қоспаларында кездеседі. Ол кеуекті, әрі қоректік заттарға бай болғанымен нығыздалып қалуға бейім тұрады. Саздақ жерлерден алынған шымдық топырақ ауыр болып келсе, құмдақ жерлерден алынғаны жеңіл болады.

 Топырақ қоспасының физика-химиялық қасиеттерін жақсартатын шіріген көңді топырақ әсіресе жаңа көңді көтере алмайтын гүлдерге жақсы. Көңді жинап, бастырып қою арқылы алынатын бұл топырақ қоспасын қолданар алдында електен өткізіп алған жөн.

Топырақ қоспаларының тағы бір түрі қылқан  жапырақты топырақ сәйкесінше қылқан жапырақты  шіріту арқылы алынады.Бұл қоспаны дайындау үшін аршаның, қарағайдың, шыршаның жапырақтарынан құралған үйіндіні 2-3 жыл шірітеді.

          Ағаштық топырақ шіріген бөренелерден, діңдерден жалпы ағаштардың шірінділерінен тұратды. Қасиеттері жағынан жапырақтық жерге ұқсас болғанымен оған қарағанда жиі қолданылады.

         Жоғарыда келтірілген компоненттерге қоса топырақ қоспасын дайындағанда оны борпылдақ қылу мақсатында құм, жеңілдету мақсатында мүк қосып жатады. Тағы бір айта кететін жәт, гүлге арнап топырақ қоспасын дайындағанда ыдыс ішінде сүзгіш (дренаждық) қабаттың бар болуы міндетті екенін назардан таса қылмаған жөн.

         Бөлме гүлдерін өсіру саласында топырақ қоспасының  негізгі үш түрі қолданылады. Олар: жеңіл, орташа , ауыр. Жеңіл топырақ қоспасының 1 бөлігі  жапырақты жерден, 3 бөлігі  шымтезекті жерден және  1,5 бөлігі құмнан  тұрады, ал орташа ауырлықтағы топырақ қоспасының 2 бөлігі шымды жерден, 1 бөлігі шіріген көңді жерднен, 1,5 бөлігі құмнан тұрады. Ауыр топырақ қоспаларына келер болсақ 3 бөлігі жапырақты жерден, 2 бөлігі шіріген көңді жерден, 2 бөлігі құмнан тұрады.

Топырақ қоспасының жеңіл түрінде аглонема, алоказия, врезия, гибискус (қытай раушаны), капсикум (сәндік бұрыш), пеларгония, хедера және т.б. Осы гүлдердің ішінде қоректік ортаға, ауаға, суға және температураға көп талап қоймайтын, қалемшелері арқылы оңай көбейетін, көп күтім тілемейтін, жыл бойында түгелдей дерлік гүлдеп тұратын «пеларгонияның» өзге бөлме гүлдерінің арасынан алар орны ерекше. Пеларгонияға арнап дайындалған топырақтың қышқылдығы бейтарап немесе әлсіз болып, келесідей компонеттерден тұруы қажет: кәдімгі бақшалық жер, жапырақты жер және құм.Дайын қоспа ауа мен суды жақсы өткізе алатындай борпылдақ болуы қажет. Жеңіл қоспада өсірілетін, көп таралған гүлдердің тағы бірі «гибискус». Халық арасында «қытай раушаны» деген атпен танымал болған бұл гүлге арналған топырақ қоспасының 2 бөлігі сазды-шымды топырақтан, 2 бөлігі жапырақты топырақтан,  1 бөлігі құмнан  және 1 бөлігі шымтезектен тұруы қажет.

Орташа ауырлықтағы топырақ қоспасында маранта, молочай, пассифлора сияқты гүлдер жақсы өседі. Біздің бөлмелеріміздің сәнін келтіріп қоймай, оның құрғақ ауасын жақсы көтеретін молочайлардың  2 жүзден астам түрі белгілі болғанымен бізде «Молочай Милия» деген түрі көп өсіріледі. Молочай Милияға арнап дайындалған топырақ қоспасы  қоректік заттарға айтарлықтай бай болып, құрамында міндетті түрде құм мен аз ғана мөлшерде ағаш көмірі болғаны жақсы.

Топырақтың ауыр қоспасында жақсы дамып жетілетін гүлдерге колеусты, пахираны, пеперомияны, традесканцияны және т.б. гүлдерді жатқызса болады. Аты аталғандардың ішінде көп күтім қажет етпейтін қасиетімен атақты болған традесканцияны алып қарайтын болсақ, оның есімі ХVІІ ғасырда өмір сүрген әкелі-балалы  бағбандар, Традескантовтардың құрметіне берілген. Көбінесе шырмалып өсірілетін традесканцияның ондаған түрі бар. Осы гүлдерге арнап дайындалған топырақ қоспысының  3 бөлігі жапырақты жерден, 2 бөлігі шіріген көңді жерден, 2 бөлігі құмнан тұрады.

Келесі маңыздылығы алдыңғылардан кем емес жапырақты топырақ күздігүні түскен жапырақты шіріту әдісімен дайындалады. Жеңіл әрі кеуекті жапырақты топырақ шымды топырақпен қосылып көптеген бөлме өсімдіктерінің топыраққа деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, мұнымен қоса жапырақты топырақ шіріген көңді көтере алмайтын өсімдіктеріне өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болып табылады.

Өзінің кеуектілігі мен жеңілділігі арқасында басқа топырақ қоспаларының қасиеттерін жақсарту үшін қолданылатын тағы бір компоненті-шымтезекті топырақ.Жиналған шымтезекті екі-үш жылдың көлемінде  шіріту арқылы дайындалған топырақ шымдық және жапырақтық топыраққа қарағанда аз қышқылданады.

 Минералдық және органикалық қосылыстарды 1-2 жыл ішінде шіріту арқылы алынған топырақ қоспасының құрамындағы компост қоректік заттарға өте бай болады, дегенмен жақсы дайындалмаған компост гүлдерге зиянын тигізуі де мүмкін екенін де ескерген жөн. Кейбір жекелеген жағдайларда компос арқылы өсімдікке аурулар жұғуы да мүмкін, сондықтан да компостпен жұмыс жасағанда өте мұқият болу керек.

Бөлме  гүлдерінің тұрақты өсіп дамуында жетекші орынды оған арнап дайындалған топырақ қоспасы алғанымен, өзге де оның өсуіне ықпал жасайтын шарттар мен талап-тілектерді қамтамасыз етіп отырғанымыз  жөн. Әр бір өсімдіктің түрінде оның жай-күйі жазылып тұрады, мысалға жарық шамадан тыс көбейіп кетсе жасыл жапырақтар сарғаяды, ауа тым ыстық әрі құрғақ болып кетсе жапырақтардың ұштары үйе бастайды. Сол сияқты топырақ қоспасының құрамындағы қоректік заттар таусылғанда, оған ауа жетпегенде, бойында су шамадан тыс мөлшерде қалып қойғанда, өсімдіктің тамыры қысылғанда және топырақты ауыстыратын кез келгенде гүл оны өзінің түр-әлпетімен бізге білдіріп тұрады. Ал біздің тарапымыздан тек оларды түсініп, қажетті жағдаймен қамтамасыз етуіміз ғана талап етіледі.

Жапырақ араласқан топырақ

Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурай түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2—3 рет күрекпен қопарыстырады. 2—3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды.

Шымтезек топырағы

Шымтезек топырағын ми батпақты саз-қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1—2 жыл ашық жерде ұстайды.

Жылыжай қарашірік топырағы

Жылыжай қарашірік топырағын жылы қорада жатып, жақсы шіріген (әдетте 2 жыл) көңнен алады. Саздық топырақты шабындықтың сазды жерлерінен алады. Мұндай топырақтарды қыс түсерде бір жерге жиып үйеді де, көктемде бірнеше рет қотарыстырып, араластырады.

Шым топырақты былай дайындайды: жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10—15 см және ұзындығы 30—35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады) ауыр немесе шым топыраққ а (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл. топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады.

Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі

Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құнды, соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5—70 жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын-ала ыдысқа құйыл, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аңқай суын сол бойда, ал жеңіл топырақтық артық суын 30 минуттай немесе 1 сағаттап кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп те суару қажет. Өсімдік жапырақтарын таза ұстау үшін жылы суға малын алынған мақтамен не губкамен екі жағын бірдей сүртіп отырады; ал науа жапырақтарды — жұмсақ кистімен сүртеді. Түкті жапырақтарды сумен жууға болмайды (бегонияглоксиния), мұндай жапырақтардың шаңын щеткамен немесе кистімен тазартады. Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып отырады, өйткені жапырақты, көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады, сонымен бірге зиянкестер зақымдан, өсіп-өнуіне кедергі жасайды.

Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында (суккуленттерден басқасын) кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмыр адай топырағымен қоса қопарыл алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырыл отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің көлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс. Көшеттеп отырғызу жұмысын, әдетте, көктемде (март-апрель) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Кішкене қыш тост ақтық түбіне дөңес жағын жоғары қаратыл шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе ұсақ тас салады. Оның үстіне тур алған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалуын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды.

Бөлме өсімдіктерін үстеп қоректендіру жолдары

Өсімдіктердің қоректік заттар жөніндегі қажетін қанағаттандыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде енгізіg, олардың топырақтағы қорын толықтырып отыру керек. Тыңайтқышты (ерітілген) бірнеше рет (1—2 аптадан кейін) өсімдіктің өсу және гүлдену кезеңінде енгізу керек. Жаңа ғана көшеттелген немесе ауруға шалдыққан өсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Тыңайтқыш ерітіндісін қолдалудан 2 сағат бұрын топырақтың түйіршіктері толық жібуі үшін таза су құю керек. Минералды тыңайтқыштар ретінде калий тұзы және суперфосфат қолданылады. Өну кезінде өсімдікке аммиак селитрасықоспасын (21 /2 ас қасық), суперфосфат (1 ас қасық), калий селитрасын 1/2 ас қасық) 10—12 л суға ерітіп құю керек. Ал өсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак селитрасы қоспасын ( /2 ас қасық), суперфосфат (2 ас. қасық) және калий селитрасын 10 л суға ерітіп құяды. Дайындалған тыңайтқыш ерітіндісін де (оның ережесі ұсынылады) қолданған жөн. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өніп, өсуіне жақсы ықпал жасағанымен, бірақ оларды үй жағдайында дайындау өте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып табылады.

Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдарымен танысу

Үй өсімдіктерін олардың өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесіндісінен (сабағының, жапырағының немесе тамырының) өсіреді, ол үшін оларды сабақ, түйнек, бадана, тамыр өркендеріне бөледі.

Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту

Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту (вегетациялық жолмен) үй жағдайында тұқымын егіп көбейтуге қарағанда жиі қолданылады, өйткені аз уақыт ішінде тез өсіп жетіледі. Кесінділерді жас, ауруға шалдықпаған, жақсы өсіп жетілген өсімдіктерден қиғаштан жапырақтың сабаққа біткен жерінен кесіп алады, жас өркеннің жапырағы 1—3-тен аспауы керек. Кесіндіден 1—2 жапырақты қияды немесе жапырақтың жартысын (булануды азайту үшін) кесіп тастанды. Содан кейін шым тезекке немесе оның қосындысы мен құмға онша тереңдетпей отырғызып, маңайындағы топырақты нығыздайды. Кесінділер тамырлануы үшін ылғалды ауа қажет. Сондықтан кесінділер отырғызылған жәшіктерді немесе қыш ыдыстарды әйнекпен не пленкамен жауып, су құйып жарық жерге қояды. Есте болатын бір жағдай, кесінді тамырланғанша оны күн сәулесінің тіке түсуінен сақтау керек. Әйнекті күніне бірнеше рет тазалан сүртіп, кесіндіге күніне 2—3 рет су бүркеді. Ол өсе бастаған кезде әйнекті аздап көтеріп қояды да, кейін мүлдем алып тастайды. Өсімдіктердің түріне қарай, олардың тамырлануы 3 күннен 2 айға дейін созылады. Кейбір өсімдіктердің кесінділері (мысалы, Узамбар қоғажайысциндапсусшырмауық) суда жақсы тамырланады.

Кей өсімдіктерді (мысалы, бегонияның әр түрі) жапырақтарының кесінділерінен өсіріп көбейтуге болады. Ол үшін жапырақты ылғал құмға отырғызады да, ағаш таяқшаларға байлап, әйнекпен жабады. Тез тамырлану үшін жапырақ өзегінің жуаңдау жерінің астыңғы жағынан тілік жасайды. Тамырлану үшін ең қолайлы температура 25°С жылылық.

Тамырынан бөліп көбейту

Тамырынан бөліп қырыққұлақ секілді көп жылдық шөптесін өсімдіктерді (аспидиструциперус) көбейтеді. Көктемде өсімдіктерді қыш тостақтан алып, тамырын өткір пышақпен бірнеше кесіндіге бөледі. Ал түйнек тәрізді, жуан тамырларды әрқайсысында енетін көздері болатындай етіп бөлу керек. Тамыр өркенін беретін өсімдіктерді көшеттегенде оларды бөліп алып, жеке қыш ыдыстарға отырғызады. Өсімдіктердің барлығыда тұқым арқылы өсіп, енеді. Өсуі жай тұқымдарды (пальмалавр) қаңтар-ақпанда, ал қалғандарын наурыз-сәуірде себеді. Тұқымды бұдан кеш себуге болмайды, өйткені жас өркен күзге дейін тамыр жайып, бекімейді. Өсімдік отырғызуға арналған ыдыстың топырағы жақсы дайындалуы тиіс. Су ағатын тесіктерін бітелмейтіндей етіп жауып, түбіне майда тас салу керек. Оның үстіне еленген шымтезек пен құмның, топырақ қосындысын салады. Егу алдында топырақты жақсылан ылғалдайды. Ірі тұқымдарды атыздың жоғары жағына сеуіп, бетін жұқалап топырақпен жабады. Ал майда тұқымдарды топырақтың бетіне шашып, бүріккішпен су себеді. Өсімдік отырғызылған ыдыстың бетін әйнекпен жауып, жылы жерге қояды. Анда-санда әйнекті алып, желдету отырады. Өркендегеннен кейін жарық жерге шығарып, әйнекті мүлде алып тастайды. Кей өсімдіктердің көктеуі өте ұзақ—2 аптадан 8 айға дейін созылады, сондықтан олар бір мезгілде өніп шықпайды. Өсіп шыққаннан кейін көшетін құм аралас топырақ салған шағын қыш ыдыстарға, жайпақ тәрелкеге немесе жәшіктерге бөліп-бөліп отырғызады. Көшеттерді сиреткенде сиреткіш істікшелерді пайдаланған жөн. Отырғызғанда топыраққа тұқым жарнағына дейін көміп, айналасын нығыздайды. Одан кейін су бүркіп бетін әйнекпен жабады. Ірі өскен көшеттерді қыш тостақтарға бір-екіден жеке отырғызу керек. Жан-жағындағы тамырлары қаулап өсуі үшін өсімдіктердің негізгі тамырын шырпып тастау керек. Топырақсыз өсетін гидропоника деп аталатын үй өсімдігін өсіру тиімді. Өсімдікті өсірудің бұл тәсілінде топырақтың орнына арнаулы қоректік ерітіндімен ылғалдандырылып, стерильдендірілген Субстрат (құм, шағыл, керамзит) пайдаланылады.

Бөлме өсімдіктерінің ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері

Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтық жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіру — өсімдікті әлжуазданырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады. Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекңияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы да мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Үй өсімдіктеріне ең көп зиян келтіретін жәндіктер — өсімдік биті,кенелер т. б.

Өсімдік биті

Тұрқы 2 мм болатын ашық көк немесе сары түсті жәндіктер. Олар өсімдіктің жапырағына, сабағына, қауашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды, гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктем мен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді.

Күресу шаралары: фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен дәрілейді. Ол үшін жазда тагатестің, қызанақтың, петунияның, дельфиниумның, пиретрумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіріл алады. Пиретрумның тұнбасын: 10 г ұнтаққа 1 л су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10 г сабынға 1 л су) қосады. Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады: темекінің (махорканың) үгіндісіне су құйып (1:10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбаны сумен араластырып (1:3), оған иісті сабын немесе кір сабынын (1 л-ге 10 г) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының, сарымсақтың, қызанақ жапырақтарының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8—10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.

Өсімдік кенесі

Тұрқы 0,3—0,4 мм бітімі сопақша ақшылсары түсті, денесін әредік түк басқан жәндіктер. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдікке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптал жабысып алады да, доп-домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскен өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады. Өсімдік нашар жетіліп , сәнін жоғалтады. Үй жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жер арылығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелеразалияпальмагортензияаспидистрарайхан гүлінгелиотропфуксияорхидеякактустер т. б. өсімдіктерді зияндайды.

Күресу шаралары: суға ерітілген пиретрумды арасына 7 күн салып, 5 рет (1 л суға 2—3 г) бүркеді. Өсімдікке су бүркін алып, оған пиретрумның немесе күкіртті ұнтағын себуге, сондай-ақ пияздың немесе сарымсақтық бір тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған бір ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құнды) бүркуге де болады. Ал бүркіп дәрілеуге келмейтін өсімдіктер үшін төмендегідей тәсіл ұсынылады: туралған сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып, полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады.

Трипстер

Ұзындығы 1 —1,5 мм денесі сопақша, қара немесе қоңыр, личинкалары ақ ұсақ жәндік. Жапырақтық астыңғы жағына өзегін бойлай орналасады. Залалданған жапырақтардың астыңғы жағында қоңыр, қызыл қоңыр, ал жоғары бетінде ақшыл даудақ пайда болады. Кейін, жапырақтар қоңырланып түсіп қалады. Трипстердің дамуына жоғары температура мен құрғақ ауа қолайлы әсер етеді. Жәндіктер аралияныазалиядрацендераспидистерфикустерцикламендерділимондар мен т. б. өсімдіктерді залалдайды.

Күресу шаралары: кенеге қарсы қолданылатын шаралардың бәрі трипстерге де жарайды.

Аққанат

Ұсақ ұшпа жәндіктер, тұрқы 1 — 1,5 мм, денесі сарғыш, қанаты ақ. Личинкалары сопақша келген, ашық көк түсті. Әдетте жапырақтың төменгі жағын сағалайды. Олар әсіресе жаз айларында райхан гүлін, фуксияны, пеларгонияны, жасминді көп залалдайды. Аққанат уға төзімді келеді.

Күресу шаралары: Иіс сабын ерітіндісін (1 л суға 10—15 г) арасына 6—7 күн салып, жапырақтың астыңғы жағына 3—5 рет бүркеді.

Сымырлар

Тұрқы 5 мм-ге дейін жететін, денесі сопақтау біткен жәндіктер. Денесін сирек түк басқан. Мақта тәрізді ақ түсті жұмыртқа салады. Жұмыртқасын жапырақтың астыңғы жағынан оңай байқауға болады. Сымырлар жабысқақ сұйық — саңырауқұлақ тарайтын шіре бөліп шығарады, олар өсімдіктерді залалдайды. Көпшілігінде жер бетіне өркен жалтыл жатаған өсімдіктерді (сабақ-бұтақшаларын, жапырақтарын, шанақтарын), кейбіреулері тамыр жүйелерін зақымдайды. Сонымен бірге пальмаларды, азалияны, акалифті, аспарагустерді, лимондарды т. б. көптеген өсімдіктерді зияндаңды.

Күресу шаралары: жұмсақ дымқыл щеткамен өсімдіктерді сымырлардан, олардан бөлініп шығатын мақта тәрізді личинкалардай тазартады. Одан кейін өсімдікті жуады. Сонымен бірге жапырақтар мен сабақтарды 7 күнде 1 рет сабынды сумен, апельсин немесе мандарин қабықтарының бір-екі тәулік тұрған тұнбасымен жуып тазалайды.

Шитовкалар және жалған қалқандылар

Тұрқы 1,5—4 мм, денесін қатты қабық жапқан жәндіктер. Түсі өзгермелі (сарыдан қызыл қоңырға дейін) болып келеді. Жапырақтардың екі жақ бетіне бірдей жабысады, соңдай-ақ өсімдіктердің бұтақтары мен сабақтарын да сағалайды. Өсімдік жалған қалқандылармен залалданғанда жапырағы (өзегінің бойына) мен сабағында дақ пайда болады. Залалданған өсімдіктер баяу өседі, жапырағы сарғайып, түсіп қалады. Сымырлар жабысқақ сұйық шіре бөледі, шіреден саңырауқұлақ өсіп шығады да, ол өсімдікті одан әрі әлсіретеді. Пальманы, олеандраларды, аспарагустерді т. б. өсімдіктерді зақымдайды.

Күресу шаралары: өсімдіктерді зиянкестерден тазарту керек (жұмсақ тіс щеткасымен) залалданған жеріне спирт немесе пияздан жасалған ботқаны жарады. Сондай-ақ өсімдікті керосин мен сабын қосындысы ерітіндісін пайдалануға болады. Ол үшін 25 г иіс сабынды немесе 40 г кір сабынды 1 л суға езіп, оған 5 тамшы керосин қосып, жақсылан шайқап араластырады. Онымен өсімдіктің залалданған жерін сүртеді немесе бүріккішпен бүркеді. Дегенмен өсімдіктің жапырағында күйген дақ қалатындықтан бүрку тиімсіз саналады.

Аяққұйрықтылар және подурлар

Тұрқы 1 — 2 мм, қанатсыз, ақ түсті насекомдар. Топырақта өсіп-өнеді. Шіріген немесе жас өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Аяққұйрықтылар өсімдікке суды жиі құйғаннан пайда болып, көбейеді. Олар гүл өсіргіштік түбіндегі су ағатын тесікке жиналып, су құйғанда судың бетіне қалқып шығады. Күресу шаралары: подурды болдырмау үшін суды өлшеусіз, көп құймау керек. Егер олар көп болса, онда топыр ақтық үстіңгі қабатын (2—3 ем) алып тастайды.

Ақұнтақ — өсімдік клеткаларында паразиттік өмір сүретін, саңырауқұл ақтан тарайтын ауру. Өсімдіктердің жасыл бөліктерінде (жапырақтарда, жас өркендерде, шанақтарда) біртіндеп қоңыр түске енетін ақұнтақ пайда болады. Онымен залалданған жапырақтар бүрісіп, тез солады, өсімдік бойлай өспейді, өркендері мен шанақтары жетілмейді. Инфекция көпке созылады да, ауа ағыны, кесінділер мен топырақ арқылы ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге тарайды. Ақұнтақ ауруы райхан гүлдерін, гортензия, бегония, примула, хризантемалар т. б. үй өсімдіктерін қатты залалдайды.

Күресу шаралары: өсімдіктің зақымданған жерін кесіп алып тастау керек. Ақұнтақ пайда болғаны белгілі болса бұлтсыз ашық күні 20°С температурада таза су бүркіп, күкірт ұнтағын себеді. Ақұнтаққа қарсы мыс пен сабын қоспасы ерітіндісін қолдануға болады. 1 л ерітінді дайындау үшін 22 г мыс купоросын шағын ғана жылы суда еріту керек, ал иіс немесе кір сабынды (1 л суға 10 г иіс немесе 40 г кір сабынын) жеке езіп алады. Сабын толық еріп болған соң мыс купоросын сабын ерітіндісіне қосып, жақсылап шайқап араластырады. Дайындалған ерітіндіні сақтап қоюға болмайды.

Боз шірік

Жетілмеген саңырауқұлақтан тарайды. Өсімдіктің боз шірікке шалдыққан жері қоңырқай тартады, жұмсай, ақырында шіриді. Аурудың тарауына ауаның ылғалдығы көп әсер етеді. Сенполияны, примуланы, цикламенді, бегонияны залалдайды. Өсімдік тамырлары, баданалар мен сабақ өзегінің шіруі әр түрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар арқылы болады. Гүлдері бүрісіп, өсімдік солады, ақырында сарғайып қурайды. Өсімдік сабағының өзегі қара қоңыр тартып босайды. Тамырлар мен бадана қоңырқайланып, шіриді. Соның салдарынан сенполия, азалия, антуриума, кактустер, цикламен т. б. кей өсімдіктер өспей, солады. Шіри бастаған өсімдіктерге мыс купоросы мен әктің ерітіндісін бүркеді немесе жарады. У қолданғанда өте сақ болу керек. Өсімдікгі балаларға дәрілетуге болмайды. Қыста өсімдікті дәрілегенде желдеткішті ашып қояды, ал жазда бұл жұмысты дал ада жүргізу керек. Дәрілеп болғаннан кейін қолды сабындан, мұқият жуу керек.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі

«Гүлдер сыры»

Оқушыға арналған жұмыс дәптері

2014-2015 оқу жылы

Жұмыс дәптері – оқушылар пайдаланатын құрал. Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жағдай туғызады.

Бұл құралда жинақталған оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарына арналған тапсырмалар «Гүлдер сыры» курсының бағдарламасына сәйкестендіріп жасалған.

Дәптерге енген сұрақтар, кестелер, сызбалармен жұмыс сияқты тапсырма түрлері берілген. Жұмыс дәптерінде гүлді отырғызу, баптау, суару, тұқымын жинау, гүлдердің адам өміріндегі маңызы, пайдалану жолдары туралы алған білімдерін тәжерибемен ұштастырып, қолдана алатын тапсырмалар жиынтығы енгізілген. Бұл оқушының осы пәнге деген қызығушылығының артуына, білімдерін бекіте түсуіне септігін тигізеді. Бұл тапсырмаларды орындау оқушының бойында белгілі бір практикалық білімдерінің қалыптасуына, еске сақтауды, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Мұғалім бұл дәптердің көмегімен оқушылардың түрлі мәлемет көздерімен жұмыс істеу барысында дағдыларының даму қарқынын бақылай алады және алған білімдерін шынайы бағалау мүмкіндігіне ие болады.