Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гулдер сыры.doc
Скачиваний:
170
Добавлен:
19.02.2016
Размер:
3.15 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі

«Гүлдер сыры»

5-сынып

(Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау) Саудакент ауылы

Жамбыл облысы Сарысу ауданы

Саудакент ауылының Байқадам

Қашқынбаев атындағы орта

мектебінің биология пәнінің

мұғалімі Қ.Асылханованың

«Гүлдер сыры» авторлық

бағдарламасы

ПІКІР

«Гүлдер сыры» атты бағдарламаны құрастыруда биология пәнінің

мұғалімі Қ.Г.Асылханова жан-жақты ізденген.Курс оқушылардың

қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, танымдық қабілеттерін

дамытуға, кәсіптік бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға

мүмкіндік береді. Курсты оқу барысында оқушылардың шығармашылық

қабілеттері дамиды, білімдерін жан-жақты толықтырып тереңдетуге

мүмкіндік алады. Жас ұрпақтың жаңа әлеуметтік-экономикалық өмір

жағдайында өзін сенімді сезіну үшін, алған білімдерін пайдаланып өз

көзқарасын көрсете білуі үшін бұл курстың тигізетін ықпалы зор.

Жамбыл облысы Сарысу ауданы

Саудакент ауылының Байқадам

Қашқынбаев атындағы орта

мектебінің биология пәнінің

мұғалімі Қ.Асылханованың

«Гүлдер сыры» авторлық

бағдарламасына

ПІКІР

«Гүлдер сыры» бағдарлы курсы 7-сынып оқушыларына арналып 34 сағатқа жасалған.

Бұл қолданбалы курс бағдарламасы оқу үрдісін қамтамасыз ететін оқу-«дістемелік кешеннің жинағынан тұрады. Бағдарлама мектепбағдарламасында қамтылған гүлдер тіршілігін оқып үйрену қарастырылған.

«Гүлдер сыры» бағдарлы курсы оқушылардың білім аясын кеңейтеді, өсімдік тіршілігіне қызығушылығын оятады және табиғатты аялай білуге тәрбиелейді.

Жеке тұлға тәрбиелеуде, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретуде бұл курстың тигізетін ықпалы зор.

Түсінік хат

Биология пәнін негізге ала отырып, гүл түрлері, сәндік және үй өсімдіктерін өсіру, баптау, күту,гүл ерекшеліктері, гүл сыйлай білу туралы мағлұмат беру. Гүлдердің көктемде, жазда және қоңыр күзге дейін гүлдейтін түрлері жайлы мағлұмат алып қана қоймай өсіру тәсілін үйренеді. Бұл курс оқушылардың биология пәнінен қызуғушылығын арттырады, яғни жасыл желек патшалығының төресі – гүлдер жайлы мағлұмат алып, табиғат таңғажайыбының бізге әкелер пайдасы да ұшан теңіз мол екеніне көз жеткізеді. Сонымен қатар бөлмеде өсетін гүлдердің ерекшеліктерімен танысып оларды өсіре отырып әр бөлмеде орналастыра біліп, адамға маңызын айқындайды. Курс оқушылардың білім аясын кеңейтеді, табиғатты аялай білуге тәрбиелейді. Қосымша білім, білік және дағдыларды қалыптастыра отырып, өзінің кәсіптік бағдарын таңдауға бағыт береді. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады, 34 сағатқа жасалған, оның ішінде 14 лекция сағат, 19 практикалық сағат, 1 қорытынды сабақ қамтылған.

Лекция сабақтарында оқушыларға гүлдердің тіршілік құбылыстарын түсінуге бағытталған жаңа ақпараттар беріледі. Практикалық бөлімінде гүлді өсімдіктерді егу, жинау, орналастыру, жабу, топсеруенге шығу, гүлдестелер жасау өзіндік жұмыстары қарастырылады. Қорытынды бөлімінде шығармашылық жұмыстар қорғалады.

Оқушылар гүлдер тіршілігін оқып-үйрену арқылы гүлдердің адамзат үшін қандай зор маңызы бар екендігін түсінеді.

Бағдарламаның базалық білімнен ерекшелігі:

Бірінші кезекте оқушылар тірі гүлдердің түрлерімен (табиғатта, аулада, бөлмеде) жақын танысып, теориялық білімдерін молайтады. Бағдарламаның бірнеше бөлімінде, биология пәнін негізге ала отырып гүлдерді қандай мүшесімен көбейтуге болатынын, қалай баптап өсіруге болатынын практика жүзінде үйренеді. Адам өмірінде гүлдердің алатын орны, тигізетін пайдасы, маңызымен танысып, көз жеткізеді.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқытуды белгілі дәрежеде дағдыландыру, әрбір оқушының жеке қабілетінің және қызығушылығының дамуына жағдай жасау.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Гүл өсірудің қыр-сырын үйрету арқылы жаны нәзік, қайырымды, рухы биік, іскер, табиғатқа жанашыр салауатты адам тәрбиелеу;

  • Ой өрісін дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру;

  • Оқушылардың шығармашылық, танымдық жұмыспен айналасуына жағдай жасау;

  • Оқушылардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, ынтасын арттыруға, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуге ықпал ету;

  • «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлестерін қосуға тәрбиелеу;

  • Оқушыларды өз қызығушылықтарымен күз кезінде гүлдердің түұымын жинауға, гүлшоғын, гүлдестелер жасай білуге үйрету;

  • Осы бағдарламадан алған білімін өз өмірінде пайдалануға үйрету;

Күтілетін нәтиже:

Өздігінен білім ала алатын, шығармашылық аппараты қалыптасқан, өз-өзіне сенімді, құзіретті тұлға қалыптастыру.

Оқушыларға дайындық денгейіне қойылатын талаптары:

Атау керек:

  • Гүлдерді түріне қарап ажырату;

  • Гүлдердің қай мүшесімен көбейтуге болатынын білу;

  • Жарық сүйгіш, көлеңкеде өсетін гүлдерді;

Анықтау керек:

  • Біржылдық гүлдердің тұқымын қай айларда жинау керек;

  • Пиязшығымен, тамырсабағымен көбейетін гүлдерді қай айларда көшіріп көбейтуге болатынын анықтай алу керек;

Құрастыру керек:

- Гүлдердің тұқымын жинақтап, материалдық база құру;

- Гүлдер жайында материалдар жинақтап, кітапшалар жасау;

- Гүлдерді суретке түсіріп, слайдтар жасай білу;

«Гүлдер сыры» курсының тақырыптық мазмұны

Тұжырымдамалық бөлім -1сағат

(1с. лекция)

Кіріспе. Гүлдердің адам өмірінде маңызы. Курстың мазмұнымен таныстыру, гүлдердің түрлеріне тоқталып, сипаттама беру және гүлдердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

1-бөлім. Аулада өсетін жазғы, күзгі гүлдер -8 сағат (қыркүйек, қазан)

(6с. лекция, 2с. практика)

Жазда, күзде гүлдейтін гүлдердің түрлерімен танысу. Гүл шоғын, гүлдестелер жасау әдісін үйрену. Гүл мерекесін өткізу. Аулада өсетін гүлдердің тұқымын, пиязшығын жинау. Тұқымдарды ажырата білу. Тұқымдарды арнайы қалталарға салып сақтау. Аулада қыстайтын гүлдердің тамырсабақтарын жабу.

2-бөлім. Бөлме өсімдіктері -12 сағат (қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)

(5с. лекция, 7 с. практика)

Бөлмеде өсіп тұрған тірі гүлдер тек әдістемелік символ ғана емес. Олар көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, оттекті бөледі, яғни бөлмедегі ауаны тазартып, ондағы вирустарды жойып отырады. Сонымен қоса, адамның жүйкесін тыныштандырып, тез ұйықтауға көмектесетін розмарин, мелисса, пеларгония өсімдіктері жатады. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырата білу. Олардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу. Бөлме өсімдіктері үйді тек шаңнан тазартып қана қоймай, жиһаздардан және еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлетін улы заттарды(бензол, формальдегид) бейтараптандырып отырады. Бұл тұрғыда шырмауық (плющ), фикустың Бенджамин түрі және фелодендрон мен кәдімге алоэ өсімдіктері өте пайдалы.

Бөлме өсімдіктерін өсіру үшін дұрыс таңдап алу керек. Олардың өсуіне қажетті жағдайларды жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген дұрыс. Өсімдіктер өсіп өну үшін жарық, температура, ылғал қажет. Өсімдіктердің жарық сүйетін (кактустар,сүттіген, кливия, пеларгония), көлеңкеге төзімді (қырыққұлақтар, монстер, фелодендрон, траденсканция), сондай-ақ жарықтың шашырап түскенін қажет ететін түрлері (аспарагус, бегония) болады.Әр бөлме өсімдіктер тобы үшін әр түрлі топырақты қажет етеді. Оларға қорда, қарашірік, шымтезек, шым, күлгін құм араласқан топырақ дайындалады. Отырғызылатын ыдыстарын да таңдап алу керек.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Көбейту жолдарымен таныстыру. Көшіріп, аударып отырғызу жолдарын жасау. Бөлме өсімдіктерін кабинетте жарық түсуіне байланыстырып орналастыру. Үстеп қоректендіру жолдарын көрсету. Зиянкестермен, аурулармен күресу жолдарымен таныстыру. Суғару уақыты мен жиілігі туралы мағлұмат беру.Дәрілік өсімдіктермен таныстыру.

3-бөлім. Аулада өсетін көктемде гүлдейтін гүлдер -12 сағат (наурыз, сәуір, мамыр)

(2с. лекция, 10с. практика)

Көпжылдық гүлдерді сирету жұмыстарын жүргізу. Көктемде гүлдейтін алғашқы гүлдермен таныстыру (құртқашаш, наурызгүл, қызғалдақ, нәркес). Біржылдық гүлдердің тұқымын отырғызуға дайындау (қырмызгүл, дәрілік түймедақ, үлпек). Алдынала ерте көктемде бөлмеде көшет дайындап өсіру түрімен (жұлдызгүл, петуния) таныстыру. Екі жылдыққа – қоңыраугүл, дәстүргүл т.б жатады. Ал көпжылдыққа морфологиялық ерекешліктеріне қарай: тамырсабақты-шоғыргүл, ұияқ, інжугүл, таушымылдық; пиязшықты-лалагүл, нәркес, қызғалдақ, баршынгүл; түйнекті-нарғызгүл, ләйләгүл т.б жатады. Гүлдерді күтіп баптау, суару, арамшөптерден тазарту, үстеп қоректендіру, зиянкестерінен қорғау жолдары. Көктемгі гүлдерден гүлшоғын жасау. Ауланы гүлдендірудің маңызы. Қазіргі заманға сай ауланы гүлдендірудің түрлерімен таныстыру.

Гүлдестені бір жылдық, көпжылдық және үй гүлдерінен жасайды.

Гүл, гүлшоғын сыйлағанда, гүлшоғын жасағанда гүлдің түрі, түсін, саны – гүл сыйлайтын адамның жасы, жақындығы, мерекеге байланысты таңдап алынады.

4-бөлім. Қорытынды -1сағат

(Шығармашылық жұмыстар қорғау)

Мазмұны

Сағат саны

Жүргізілу түрі

Білімділік қазынасы

Барлығы

Теориялық

Практикалық

1.

Кіріспе. Гүлдердің маңызы

1

1

Слайд, суреттер

Маңызын білу

І.Аулада өсетін гүлдер (күзде)

2.

Жазда гүлдеген гүлдердің түрлерімен танысу

1

1

Көрсетілім

Түрлерін ажырата білу

3.

Күзде гүлдейтін гүлдердің түрлерімен танысу

1

1

Көрсетілім

Түрлерін ажырата білу

4.

Гүлшоғын, гүлдестелер жасау әдістері

1

1

Гүлдестелер жасау

Жасай білу

5.

Гүл мерекесін өткізу

1

1

Кеш

6.

Аулада өсетін гүлдердің тұқымын жинау әдістері

1

1

Өзіндік жұмыс

Тұқымды ажыратабілу

7.

Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау әдістері

1

1

Практикалық жұмыс

Пиязшықтарды жинай білу

8.

Гүлдердің тұқымын сақтау тәсілдері

1

1

Практикалық жұмыс

Тұқымдарды сақтай білу

9.

Аулада өсетін гүлдерді қыстауға дайындау әдістері

1

1

Гүлдерді жабу

Гүлдерді жабуды үйрену

ІІ. Бөлме өсімдіктері (қыста)

10.

Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату

1

1

Практикалық жұмыс

Түрлерін ажырата білу

11.

Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері

1

1

Ерекшеліктерін білу

12.

Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері

1

1

Топырақ дайындау

Топырақпен жұмыс жасай білу

13.

Ыдыстарды таңдап алу

1

1

Ыдыстарға гүл отырғыза білу

14.

Көбейту жолдарымен танысу

1

1

Гүлдерді көбейте білу

15.

Көшіріп аударып отырғызу әдістері

1

1

Гүлдерді көшіре білу

16.

Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу

1

1

Орналастыру

Гүлдерді орналастыра білу

17.

Үстеп қоректендіру жолдары

1

1

Практикалық жұмыс

Гүлдерді қоректендіре білу

18.

Ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері

1

1

Аурулармен күресе білу

19.

Тазалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі

1

1

Кеңес беру

Гүлдерді суара білу, тазалай білу

20.

Адам өміріне маңызы

1

1

Мағлұмат беру

Маңызын білу, өмірлік жағдайларда қолдана білу

21.

Дәрілік қасиеті бар дәрілік өсімдіктердің түрлерін білу

1

1

Дәрілік өсімдіктерді ажырата білу

ІІІ. Аулада өсетін гүлдер (көктемде)

22.

Көпжылдық гүлдерді сирету, көшіру жұмыстары

1

1

Практикалық жұмыс

Гүлдерді сирете білу

23.

Көктемде, жазда гүлдейтін гүлдермен танысу

1

1

Слайд, көрсетілім

Гүлдерді ажырата білу

24.

Екі жылдық гүлдердің түрлерімен танысу, сирету

1

1

Практикалық жұмыс

25.

Біржылдық гүлдердің тұқымын отырғызуға дайындау

1

1

Практикалық жұмыс

Тұқымдарды отырғыза білу

26.

Біржылдық гүлдердің тұқымын, көшеттерін отырғызу

1

1

Практикалық жұмыс

Көшеттерді отырғыза білу

27.

Көктемнің алғашқы дала гүлдері

1

1

Топ серуен

Көктемнің алғашқы гүлдерін ажырата білу

28.

Гүлдерді күтіп, баптау жолдары

1

1

Практикалық жұмыс

Гүлдерді күтіп, баптау жолдарын білу

29.

Суғару, арамшөптерден тазарту, зиянкестермен жұмыс

1

1

Практикалық жұмыс

Гүлдерді дұрыс суару жолдарын білу

30.

Үстеп қоректендіру жолдары

1

1

Практикалық жұмыс

Қоректендіре білу

31.

Көктемде гүлдеген гүлдердің түрлерімен танысу

1

1

Практикалық жұмыс

Гүлдердің түрлерін ажырата білу

32.

Көктемгі гүлдерден гүлшоғын, гүлдесте жасау

1

1

Гүлшоғын жасау

Гүлдерден гүлшоғын жасай білу

33.

Гүл сыйлай білу жолдары

1

1

Практикалық жұмыс

Гүл сыйлау мәдениетін білу

34.

Қорытындылау

1

1

Шығармашыл-ық жұмыс қорғау