Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс 32.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
436.93 Кб
Скачать

24 Сурет – Векторлардың симметриялы емес орналасуындағы эқк векторлық диаграммасы.

Егер бірінші катушкада ЭҚК индуктивтенсе

, (57)

онда, екінші катушкадағы ЭҚК бірінші катушкадан 120о - қа қалып отырады

, (58)

және үшінші катушкадағы ЭҚК бірінші катушкадағы ЭҚК-нен 240о - қа қалып отырады

. (59)

Мұнда және– жеке катушкалардағы ЭҚК-нің лездік мәні;

Ем – ЭҚК амплитудасы.

Барлық катушкалар бірдей конструкциялы болғандықтан ЕмА = ЕмВ = ЕмС = Ем болады.

Үшфазалы өндіргіш генератордағы әр орамаға өз жүктемесін қосамыз zA, zB, zC (25 сурет).

Нәтижесінде ЭҚК фаза бойынша 120о бұрышқа немесепериодқа жылжитын үш дербес бірфазалы тізбек аламыз. Мұндай үшфазалы жүйе байланыспаған (немесе тәуелсіз) деп аталады.

Энергияның генератордан қолданушаға берілетін осы жүйесінде алты өткізгіш сым қажет болады, сондықтан бірфазалы токтың энергия беруімен салыстырғанда ол ешқандай артықшылық етпейді.

Өткізгішті және электр энергиясын қабылдағыштарды қоректендіретін генератор орамасын үшфазалы жүйеде фаза деп атайды.

Егер әртүрлі фазадағы тұтынушылардың активті, индуктивті және сыйымдылық кедергілері тең болса, онда IA, IB және IC фазаларындағы ток та тең болады, сонымен қатар өздерінің ЭҚК-не байланысты бірдей шамадағы бұрышқа орын ауыстырады (26 сурет). Бұл жағдайда жүктеме симметриялы немесе бір қалыпты деп аталады (мысалы, үшфазалы қозғалтқыштар).

Негізінде генератор тек қана 3 емес, сонымен қатар т орамаға ие бола алады. Бұл жағдайда т шамасындағы фазасы бар үшфазалы жүйе болады.

Егер барлық конструкция бойында генератордың барлық орамасы бірдей болса (практика шартында әрдайым осындай болады) және өз араларында бұрышқа жылжыған болса, онда осындай генератордан алынған ЭҚК жүйесі симметриялы болады.

Дәріс № 9

Электрлік (асинхронды) машиналар

Айналмалы магниттік өріс алу жолдары.

Асинхронды қозғалтқыш деп айнымалы токтың электрлік энергиясын механикалық энергияға айналдыратын және ораманың айналым жылдамдығы жүктеменің салмағына байланысты болатын машинаны айтады.

Жұмысы айналып тұратын магниттік өрістің қолданылуына байланысты болатын үшфазалы асинхронды қозғалтқыштар неғұрлым жоғары таралымға ие.

Асинхронды қозғалтқыштың толық аяқтаған конструкциясын 1889 жылы айналып тұратын магниттік өріс үшін үшфазалы ток қолданған ойшыл ғалым М.О. Доливо-Добровольский жасап шығарды.

Бір біріне қатысты 120о бұрышта орналасқан үш катушканың үшфазалы айнамалы токпен қоректенуі кезінде, өлшемі бойынша тұрақты және белгілі бір аймақта өзінің бағытын өзгертетін, жиынтықты магниттік өрісі туындайды.

27 суретте ішкі бетінде саңылаулары бар болаттан жасалған цилиндр берілген. Саңылауларда өз арасында 120о бұрышқа жылжыған үш катушка орналасқан С1 – С4; С2 – С5; С3 – С6 .

Егер осы катушкаларды үшфазалы ток желісіне қосатын болса, онда олардың бойымен мынадай ток жүреді;

Біріншіде ;

Екіншіде ;

Үшіншіде .

а t1 уақыт сәті үшін; бt2 уақыт сәті үшін; вt3 уақыт сәті үшін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]