Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика геодезия.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Техникалық нивелирлеу

27 мамыр 2015 жыл. Бұл күні нивелирлік жұмыстар жүргізілді.

1. Нивелир түрлері, оларды тексеру және түзету

Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып  шығарылады:

Н-05 – оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, салыстырмалы биіктікті 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден  аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-ЗК, Н-ЗЛ нивелирлері  – дәл, 1 км екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және III және IV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады.

Н-10, 2Н-10Л, Н-І0К, Н-10КЛ нивелирлері – техникалық, 1 км-лік екі мәрте жүрісте салыстырмалы биіктікті 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар кұрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік  шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Қазіргі кездегі  нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейдің  көмегімен тексеріледі немесе авторедукциялық  компенсаторлардың көмегімен өзінен-өзі  жасалады.

Нивелирлерді  қоймадан алғаннан соң оны толық  сыртқы байқаудан өткізеді, жиынтықтығын тексереді, дүрбінің, денгейдің, көтеру, элевациялық және жетекші винттерінің  түзулігіне көз жеткізеді.

2. Нивелирлеудің түрлері, биікайырым өлшеулері. Нивелирлеу тәсілдері

Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың  салыстырмалы биіктіктерін есептеп  шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-аº бірқатар ғылыми есептеулåðäi шешу үшін қолданылады Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлåóäi қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістерi болып бөлінеді.

Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (22-сурет) нүктелерінің дәл ортасындағы С  нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау  осін Горизонталь жағдайына келтіреді  де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп  рейкаларға нысаналайды. Бұдан кейін 3 және П есептеулерін алады,олар нысаналау  сәулесінен А және В нүктелеріне дейін кесінділер болып саналады. Егер  «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П артық болса (3>П), онда салыстырмалы биіктік h оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни В нүктесі А нүктесінен төмен орналасады. Егер А нүктесінің биіктік белгісінің мәні НА белгілі болса, онда келесі В нүктесінің биіктік белгісінің мәні Нв бұрынғы нүктенің биіктік белгісінің мәні НА мен олардын, арасындағы салыстырмалы биіктігінің қосындысына тең болады

         Нивелирдің  нысаналау сәулесінің теңіз деңгейінен биіктігі аспаптың горизонты АГ деп аталып, былайша анықталады:

         Егер  рейканы аралықтағы бір нүктеге (D) қойып, одан d есептеуін алатын болсақ, онда оның биіктігі яғни  кез келген нүктенің биіктік белгісінің мәні аспаптың горизонтымен осы нүктеге қойылған рейкадан алынған есептеудің айырымына тең.

Алға  қарай нивелирлеуде бастапқы А нүктесіне нивелир орнатылады да, ал алдыңғы В нүктесіне рейка  қойылады. Содан кейін рейкадан есептеуді П алады да, А нүктесінен нивелир дүрбісінің окулярының центріне дейінгі вертикаль ара қашықтықты, яғни нивелирдің биіктігі болып саналатын қашықтықты өлшейді.

3. Нивелирлеу – Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау. ивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. Жер пішінін зерттеу, жер қыртысының вертикаль қозғалыстарының шамасын анықтау, теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы басқа ғылыми зерттеулерге қажет мағлұматтар береді.  Геометриялық нивелирлеу

Геометриялық  нивелирлеудің негізгі мәні

Ортадан нивелирлеудің  алға қарай нивелирлеумен салыстырғанда  мынадай артықшылықтары болады: еңбектің өнімділігі 2 есе жоғары; нивелирлеуге әсерін тигізетін кейбір қателіктер жойылады. Едәуір  ара қашықтықта орналасқан А және D нүктелеріні арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау кезінде, егер нивелирдің орналасқан жерінен осы екі нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелі нивелирлеу қолданылады. Ол үшін шеткі нүктелердің ара қашықтығын ортадан нивелирлеуге мүмкіндік беретін бірнеше тең кесінділерге бөледі. Осы байланыстыру нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктіктерді жүйелі анықтап, олардың қосындысын тауып, бастапқы А және соңғы В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктікті анықтайды. Екі нүктенің арасындағы салыстырмалы биіктік байланыстыру нүктелері арасындағы салыстырмалы биіктіктердің алгебралық қосындысы болып саналады. Нивелирдің екі шектес орналасуына ортақ нүктелерді байланыстыру нүктелері деп атайды. Геометриялық нивелирлеу мейлінше дәл тәсіл болып табылады, сондықтан бұл тәсіл еліміздің  барлық территориясында тірек пункттерінің биіктік жүйелерін жасауда және де әр түрлі инженерлік-техникалық есептерді шешуде кеңінен қолданылады.

4. Станциядағы жұмыс тәртібі

Техникалық нивелирлеу 1:500–1:5 000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатымен, сондай-ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалынады.

Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің  ұзьндығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады .

Нивелирлеу  бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты  рейкаларды қолданғанда станциядағы  жұмыс атқару реті төмендегідей болады:

1) артқы рейканың қара және қызыл  жақтарынан есептеулер алу;

2) алдыңғы рейканың қара және  қызыл жақтарынан есептеулер  алу.

Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды да қолдануға болады. Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай  болуы тиіс:

1) артқы рейкадан есептеу;

2) алдыңғы рейкадан есептеу;

3) нивелирдің горизонтын 10 см-ден артық  шамаға өзгерту;

4) қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу;

5) қайтадан артқы рейкадан есептеу.

Қорытынды

Көлденең және ұзына бойы нивелирлеу профилін салу

Нивелирленген трассаның нүктелерінің есептеліп  шығарылған биіктік белгілері бойынша  оның профилі салынады. Профильді  жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пикеттік кітапшаның мәліметтері бойынша сызады. Бойлық профильге көбірек көрнекілік беру мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты  горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]