Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика геодезия.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Аты: Геодезия пәні практикасына арналған есеп

Пән: Геодезия

Тапсырылған уақыты: 2015 жыл

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Теодолитті тексеру

    1. Штатив орнықтылығын тексеру

    2. Тіреуіштің орнықтылығын тексеру

    3. Деңгейлеуішті орнату дәлдігін тексеру

    4. Көру дүрбісінің жіп торы дұрыс орнатылуын тексеру

    5. Көру дүрбісінің көздеу (визир) осінің орнын тексеру

    6. Бұрыш өлшеуіш аспаптың вертикаль дөңгелегінің (шеңбер) есептеу индексі дұрыс белгіленуін тексеру

    7. Аспапқа орнатылған центрирдің қондырылуын тексеру

    8. Оптикалық көздеу (визир) осінің орнатылуын тексеру

  1. Теодолиттік түсіріс

    1. Жергілікті жерді оқып білу (рекогносцировка)

    2. Теодолиттік жүрістің нүктелерін бекіту

    3. Теодолиттік жүріс арқылы түсіріс жүйесін құрудағы өлшеулер

      1. Теодолиттік жүрісті салу кезінде станциядағы жұмыстар тәртібі

      2. Теодолиттік жүрісті өлшеу лентасымен жүргізу тәртібі

    4. Түсіріс жүйесін магниттік азимутқа пландық байланыстыру

    5. Нәтижелерді камералдық өңдеу

  2. Техникалық нивелирлеу

    1. Нивелирлерді тексеру

    2. Теодолиттік жүрісті салыстырмалы биіктікке биіктік байланыстыру ( Высотная привязка теодолитных ходов к опорной условной отметке)

    3. Нивелирование

      1. Станциядағы жұмыс тәртібі

      2. Нивелирлеу нәтижелерін өңдеу

  3. Жергілікті жердің ауданын координатталар және палетка арқылы есептеу

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша

  1. Бригадир күнделігі

  2. Түсіру жүйесі

  3. Түсіру жүйесінің координаталар каталогы(вариант бойынша мәліметтер )

  4. Теодолиттік жүрісті құру журналы

  5. Теодолиттік жүрістің бұрыштар үйлеспеушілігін үйлестіру ведомосты

  6. Түсіру жүйесіндегі нүктерлер координаталарын шығару ведомостін

  7. теодолиттік түсірістің абрисы

  8. Тахеометрлік түсіріс журналы

  9. Түсіру жүйесі бойынша техникалық нивелирлеу журналы

  10. нивелирлік жүрістің абрисы

  11. теодолиттік-нивелирлік жүрістің жоспары(план)

  12. Жүрістің ауданын анықтауда қолданылған калька парағы

Кіріспе

1 курс 101 топтан 5 студенттен құралған геодезиялық практикада №ІI бригада далалық жұмысқа қатысты. Далалық оқу жұмысына берілген уақыты - 2015 жылдың 25 мамырдан 29 мамырына дейін. Тәжірибелік жұмыс Астана қаласында жүргізілді.

Практиканың тапсырмасы және мақсаты (тапсырма алу, бағытты анықтау, геодезиялық тапсырманы қайта қарастыру)

Теодолиттерді тексеру

1. Штатив орнықтылығын тексеру. Бақылау (тексеру) кезінде штатив, аспаптың тік жазықта және бүйір бағытта қозғалмай тұруын қамтамасыз етуі тиіс.

Тексеру – аспаптың көру түтігі арқылы қандай да бір анық көрінетін қозғалмайтын нүктені байқап көру, бақылау арқылы іске асырылады. Штатив бөліктерінің ығысуы анықталған жағдайда, штатив аяғын (головка) және ұшының аяғымен қосуды қатайту керек.

2. Тіреуіштің орнықтылығын тексеру. Тіреуіш көтергіштің бұрандасы оңай, ол жеңіл бұралуы керек, бұранданың ауытқуына жол бермейді. Бұранданың ауытқуы есебінен тіреуіштің ығысуын, штативті тексеруде сипатталғандай етіп тексереді. Дәлдеу кезінде барлық көтергіш, винттің бірдей айналу сапасын қамтамасыз етіп, реттейтін гайканы шпилькамен (өзек) айналдырады.

3. Деңгейлеуішті орнату дәлдігін тексеру. Аспаптың цилиндрлік деңгейлеуішнің осі оның вертикаль осіне перпендикуляр болуы тиіс. Тексеру үшін деңгейлеуішті екі көтергіш бұранда бағыты бойынша орнатып, солардың көмегімен көпіршікті ортасына салады. Деңгейлеуіш бар аспаптың жоғары бөлігін 180°-қа бұрады. Егер деңгейлеуіш көпіршікті орташа орыннан бірден артық бөлікке ығысса, осы деңгейлеуіштің жөндеу бұрандасымен көпіршікті ампуланың ортасына, ауытқудың жартысына орналастырады. Бұдан кейін тексеруді қайталайды. Дөңгелек қондырғы деңгейлеуіші болған жағдайда, оның осі аспаптың вертикаль осіне параллель болуы керек. Аспапты тексеру үшін цилиндрлік деңгейлеуіш бойынша оны горизонталь орналастырады. Содан кейін дөңгелек деңгейлеуіштің дәлдеу бұрандасымен, оның көпіршігін ортасына салады.

4. Көру дүрбісінің жіп торы дұрыс орнатылуын тексеру. Көру дүрбісі арқылы қандай да бір анық көрінетін нүктені бақылап, тексеру жүргізіледі. Дүрбіні горизонталь және вертикаль жазықтықта ауыстыру кезінде тор штрихының (горизонталь не вертикаль) нүкте бейнесімен үйлестігін тексереді. Тор орнын Геодезиялық аспаптар түзету үшін оның жақтауын қажет бағытта, бейнелейтін түзету бұранда көмегімен бұрайды.

5. Көру дүрбісінің көздеу (визир) осінің орнын тексеру. Нивелирде көру дүрбісінің көздеу осі мен деңгейлеуіш осі арасындағы бұрыш минималь (ең аз), яғни нормативтік құжаттамада белгіленген шектен аспауы керек. Теодолитте дүрбінің көздеу осі горизонталь оське перпендикуляр болуы тиіс. Тексеру үшін нивелирде белгілі әдіспен (мысалы, екі рет нивелирлеу арқылы) i бұрышын, ал теодолитте – коллимациялық қателікті с – 0,5 (КЛ–КП) анықтайды.

6. Бұрыш өлшеуіш аспаптың вертикаль дөңгелегінің (шеңбер) есептеу индексі дұрыс белгіленуін тексеру. Деңгейлеуіш көпіршігі ортасына орнату кезінде, түтіктің көлденең орнына сәйкес есептеу – нөл орны (зенит орны) деп аталады. Бұл шарт деңгейлеуіш немесе тордың дәлдеу бұрандасымен түзетіледі.

7. Аспапқа орнатылған центрирдің қондырылуын тексеру. Оптикалық центрирдің көздеу осі, аспаптың вертикаль осімен сәйкес келуі тиіс. Тексеру үшін аспаптың жоғары бөлігінің үш орында (1200 сайын) центрир торының горизонталь жазықтыққа қиылысу жобасын алу қажет, яғни қателік үшбұрышын анықтау керек. Дәлдеу үшін центрирдің оптикалық бөлшектерінің бірін,тордың қателік үшбұрышының ауырлық центрімен қабысқанға дейін орнын ауыстырады. Кейбір аспаптарда оптикалық центрирді дәлдеу, тек шеберханаларда жүзеге асырылады.

8. Оптикалық көздеу (визир) осінің орнатылуын тексеру. Оптикалық көздеу осі, көру дүрбісінің көздеу осіне параллель болуы керек. Тексеру үшін көру дүрбісін алыстағы нысанаға апарып, содан кейін осы нысананы көздеу (визир) осі арқылы бақылайды. Егер көздеу осінің сызығы нысана бейнесімен қабыспаса, онда көздеу осіне түзету жүргізіледі. Ол үшін көру дүрбісінің қабына орнатылған көздеу осін бекітетін бұрандалары босатылып, көздеуді нысанға бағыттап, бұрандаларды қатайтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]