Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сопромат 33 каз. лекции.docx
Скачиваний:
137
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
465.71 Кб
Скачать

ІІ БӨЛІМ:МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ

I Тарауы . Кіріспе

§ 1.1 Материалдар кедергісі ғылымының негізгі түсініктері мен анықтамалары

Инженерлік құрылымдардың элементтерін беріктікке,қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеудің жалпы әдістерін қарастыратын ғылым -материалдар кедергісі деп аталады.

Материалдар кедергісінің зерттеу объекті - сырық пішінді деформациялатын қатты денелер.Сырық деп,бір бағыттағы өлшемі қалған екі бағыттағы өлшемдерден әлде қайда үлкен,денелер аталады.

Материалдар кедергісінің жалпы түсініктері

1Т.Дененің сыртқы күштерге қирамай қарсыласу қабілеті беріктік деп аталады.

2Т. Дененің сыртқы күштерге деформацияланбай қарсыласу қабілеті қатаңдық деп аталады.

3Т. Дененің серпімді тепе-теңдігінің алғашқы түрін сақтау қабілеті орнықтылық деп аталады

4Т. Сыртқы күштер әсерінен зерттелетін дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі деформация деп аталады.

5Т.Күштердің әсері тоқтатылғаннан кейін деформацияланған дененің өлшемдері мен пішіні бастапқы түріне қайтып оралу қасиеті серпімділік деп аталады.

6Т.Материалдың үлкен деформацияларды қабылдап және сол деформацияларды сақтау қасиеті иілімділік деп аталады.

7Т. Материалдың көзге көрінбейтін деформациялар кезінде қирау қасиеті морттық деп аталады.

8Т.Материалдың берілген дененің көлемін қуыссыз толтыру қасиеті тұтастық деп аталады.

9Т.Егер дененің әр нүктесінде дене материалының механикалық қасиеттері бірдей болса,ондай материал біртекті деп аталады

10Т. Егер дененің әртүрлі бағыттарында дене материалының механикалық қаситтері бірдей болса,ондай материал изотропты деп аталады

11Т.Сыртқы күштер әсерінен материал бөлшектері арасында пайда болатын өзара әсерлесу күштері ішкі күштер деп аталады

1.2 Материалдар кедергісі ғылымының негізгі болжаулары

Материалдар қасиеттері,күштер және деформацияларға қатысты ықшамдайтын болжаулар алынбаса, материалдар кедергісінің нақты есептерін шешу мүмкін емес.

Б1.Берілген дененің материалы тұтас және үзілліссіз

Б2. Берілген дененің материалы изотропты және біртекті..

Б3. Сыртқы күштері әсер етпей денеде ішкі күштері пайда болмайды .

Б4. Берілген дененің деформациялары дене өлшемдеріне қарағанда өте кіші.

Б5. Берілген дененің деформациялары абсолюттік серпімді.

Б6. Әсер етуші күш және одан пайда болатын деформация араларында сызықты тәуелдік бар ( Гук заңы ).

Б7. Берілген денеге күштер жүйесінің әсері жеке күштер әсерлерінің қосындысына тең және күштердің әсер ретінен тәуелсіз (күштер әсерінің тәуелсіздік принципі ).

Б8.Дененің деформацияға дейін жазық қималары деформация кезінде және деформациядан кейін жазық болып қалады. (Я. Бернулли гипотезасы).

Б9.Сыртқы күштер әсер ететін қималардан қашықтықта орналасқан дене нүктелеріндегі ішкі күштер сыртқы күштерінің әсерлеу әдісінен тәуелсіз ( Сен-Венан принципі).

§ 1.3 Сыртқы күштердің классификациясы

Берілген денеге бөтен денелерден түсетін күштер сыртқы күштер деп аталады.Сыртқы күштердің түрлері :

а) беттік және көлемдік

б) қадалған және таралған

в) статикалық және динамикалық

г) қайталып - өзгермелі

(а) және (б) түсініктері теориялық механикадан белгілі.

Шамалары және бағыттары өзгеруінің жылдамдығы соншалықты кіші,пайда болған үдеуін ескермеу болатын күштер статикалық күштері деп аталады. Шамалары және бағыттарының өзгеруі үлкен жылдамдықпен өтетін күштер динамикалық күштері деп аталады.Динамикалық күштерге соққы күштері де жатады.Соққы күштері өте аз уақытта шекті шамаға өэгереді..

Күштердің шамалары және бағыттары өзгеріп,өзгеруі белгілі уақытта қайталанып отырса,ондай күштер қайталанып-өзгермелі күштері деп аталады.

Материалдар кедергісінің негізгі нәтижелері статикалық күштері үшін табылған .