Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инж_изыс.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
573.31 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттік пландық тірек торлар.

Мемлекеттік геодезиялық тораптар басқа тораптарды салудың негізі болып табылады да олар пландық және биіктік болып бөлінеді.

Мемлекеттік геодезиялық пландық тораптар 1,2,3,4 кластық болып бөлінеді және олар триангуляция, трилатерация, полигонометриялық әдістермен салынады. Триангуляциалық әдісі жер бетінде бір-біріне жалғасып жатқан үш бұрыштар жүйесін құруға негізделген (сурет 3.2) Үш бұрыштар төбесінің координаталарын анықтау үшін әрбір үшбұрыштардың бұрыштары өлшенеді және бастапқы үшбұрыштың бір қабырғасы өлшеніп, қалған қабырғалары формула бойынша есептеледі. Триангуляция 4 класқа бөлінеді. 1- кластық триангуляция торларының іші 2-кластық триангуляция торларымен толтырылады, 1-ші және 2-ші торлар ішітері 3-ші, 4-ші класты торлармен толтырылады. Мемлекеттік торларды сипаттайтын кейбір көрсеткіштері төмендегідей

  1. Дирекциондық бұрышы 276036/ бағыттың румбысын анықта

83,24

  1. Мемлекеттік биіктік тірек торлар.

Геодезиялық биіктік - жер бетіндегі мәлім нүктеден референц-эллипсоид бетіне дейінгі қашықтық немесе нүктенің геоид бетінен биіктігі. Геодезиялық биіктік нүктенің абсолют биіктігі мен осы нүктедегі биіктіктер аномалиясының қосындысы ретінде анықталады. Барлық инженерлік есептеулер мен құрылмаларда абсолют биіктіктер пайдаланылады. Геодезиялық тор — Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығы.

Геодезиялық тор пункттерінің координаттары астрономиялық немесе геодезиялық әдіспен анықталады. Осылай анықталған пункттердің жиынтығын геодезиялық тіректік тор деп атайды. Олар жиілету немесе толықтыру торларының негізі болып табылады. Пункттердің абсолюттік биіктіктерін геодезиялық биіктіктерді теңіз деңгейі бетіне қатысты анықтайды. Геодезиялық тор пункттерінің пландық координаттары триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен анықталса, биіктіктік жағдайы — геометриялық, тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен анықталады. Геодезиялық тор топографиялық түсірімдер,карталар жасау, сондай-ақ барлау, құрылыс салу жұмыстарының жергілікті жердегі дәлдік есептеулеріне байланысты пландық және биіктік негіз ретінде қолданылады.

  1. Кері геодезиялық есеп.

Тура геодезиялық есеп деп А нүктенің координаталары, dAB мен

αAB беріліп, В нүктеңің координатасын табу есебін айтады.

Кері геодезиялық есеп деп А мен В нүктелердің берілген

координаталары бойынша αAB және dAB шамаларын табу есебін айтады.

Геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда пункттер координаталары, олардың арақашықтықтары мен дирекциондық бұрыштары тікелей немесе кері геодезиялық есептерді шешу арқылы анықталады.

Кері геодезиялық есеп.

Ал бұрыш (румб) 1-2-1 үшбұрышынан анықталады:

 

Дирекциялық бұрыш пен координаталар өсімшелері былайша түзудің жазықтықтағы проекциясы есептелінеді. (23)

  1. Жердің бетіне сызылатын бұрыштың формуласын көрсет. Сызбада көрсет.

  2. Осьтері жоғары жатқан нүктелерге беру қондыру.

  3. Нивелир мен рейканың құрылысы, тексеру, зерттеу.

Нивелирлік рейкалар. Техникалық нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады. Олар ұзындығы 3-4 м, ені 8 см ал қалыңдығы 2 см ағаш тақтайлардан жасалады және де олар бүтін не бүгілмелі келеді. Рейкалардың екі жағында да бір сантиметрлік бөліктер белгіленген. Бұл бөліктер рейканың бір жағында қара, ал екінші жағына қызыл сырмен белгіленген. Рейканың қара жағында көрсеткіштер нөлден басталады және ол негізгі жағы болып есептеледі. Рейканың қызыл жағы тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы 4677 мм не 4787 мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың екі жағынан өлшем көрсеткіштер алынса, онда қызыл жағынан алынған көрсеткіштен қара жағынан алынған өлшем көрсеткіштерін шегергенде әр қашан 4687 не 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан өлшем көрсеткіштерін алудың дәлдігін де, дұрыстығын да көрсетеді. Жұмыс жүргізу алдында нивелирлік рейкалар тексеріліуге тиісті. Ол үшін рейканы тегіс столға жатқызып, үстіне арнайы тексергіш сызғышты салып рейканың әрбір дециметрлері мен метрлерін өлшейді. Тексеру кезінде рейканың дециметрлік бөліктеріндегі кездейсоқ қате 1 мм , ал жалпы ұзындығындағы қате 2 мм-ден аспауға тиісті.