Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инж_изыс.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
573.31 Кб
Скачать
  1. Геодезиялық түсірістердің түрлері.

Тахеометрлік түсіріс

Теодолиттік түсіріс

Мензулалық түсіріс

Нивелирлік түсіріс

Теодолиттік түсіріс -өлшеу аспабы теодолиттің атына байланысты аталған.Егерде өлшеу кезінде тек горизонталь бұрштар мен қашықтықтар өлшееніп,ситуация ғана түсірілсе,онда оны контурлық теодолит түсірісі дейді.Ал,егер теодолиттік түсірісте горизонталь бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеумен қатар,вертикаль бұрыштар өлшеніп,өзара биіктіктер анықталса және ситуациямен қатар рельеф түсірілсе, ондай түсірістібиіктік –теодолит түсірісіне жарқызамыз.

Тахеометриялық түсіріс-тахеометр аспаптарымен жасалынады.Ол аспаптармен горизонталь және вертикаль бұрыштар,өзара биіктіктер және горизонталь қашықтықтар өлшенеді.Топографиялық планды алу үшін инжинерлік практикада тахеометрлік түсіріс жиі қолданылады.Бұл түсірістің орындалу технологиясы биік –теодолит түсірісіне ұқсас.

Мензулалық түсіріс-мензула мен кипрегель аспаптарымен орындалады.Мензулалық түсірістің құндылыңы-түсіріс кезінде жер бетінің бейнесін сызба түрінде алуға болады және оны түсірілген жердің элементтерімен және контурларымен тікелей салыстыруға болады.

Жер үсті фототопографиялық түсіріс-жер бетіндегі фототүсірістің және содан алынған фотосуреттерді арнайы өңдейтін жұмыстардың жиынтығын қарастырады.Жердің бетін фотокамераман н/ефототеодолиттеу арнаулы фотокамерамен н/е фототеодолитпен орындалады.Сондықтан бұл түсірісті кейде фототеодолит түсірісі деп те атайды

  1. Іргетастың биіктігін есепте, егер НR=100 м, аR=1980 мм, віргетаста=1080 мм.

  2. Нивелирдің типтері және атқаратын жұмыстары.

Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.

Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады.[1] Қалаларды пландауда, темір жолдар салуда, су жүретін трубаларды жүргізуде де ниверлеудің маңызы өте күшті. Ниверлеу көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыс, сол себепті бұл жұмыс автоматтандырылды